Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
mater.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
233.04 Кб
Скачать

41.Маталардың сортын анықтау

Сорт-нормативті құжаттарда бекітілген,бір немесе бірнеше сапа көрсеткіштері бойынша белгілі бір өнім түрінің градацисы.Мата сортын физика –механикалық көрсеткіштері және сыртқы түр ақауларына байланысты анықтайды.

Мақта ,зығыр және жүн маталары үшін екі сорт қабылданған(1-2),жібек маталары үшін-үш сорт (1-3).Шектелген белгілері бойынша көптеген физика-механикалық көрсеткіштер (мысалы,үйкеліске тұрақтылығы,қыртыстанбауы,ақтық дәрежесі,түстің тұрақтылығы)стандарттағы талаптарға сәйкес барлық сорттар үшін бірдей тағайындалған.Бұл көрсеткіштер бойынша дифференциалды әдіспен алынған нақты сынақ көрсеткіштерін стандарт нормаларымен салыстыру арқылы өнімнің сапасын бағалайды.Мұндай бағалаудың нәтижесі ретінде альтернативті шешім қабылдау болып табылады.Физика – механикалық өасиеттеінің көрсеткіштері бойынша (мысалы,үзу жүктемесі,ені,арқау және негіз бойынша тығыздығы,беттік тығыздығы)сорттылығын анықтау стандарттарында 2 сортты маталарға 1 сортты маталардың осындай көрсеткіштері бойынша минимальды мөлшерлерден шектік ауытқулар белгіленген.

Әртүрлі маталарға арналған шақтамалы ауытқулар

Мақта ,жүн және жібек маталары үшін 2 сортты маталардың ауытқу нормалар деңгейінде болғандықтан оларға қосымша айыптық баллдар қарастырылған. Мақта, жүн және жібек маталарының сортын физика –механикалық көрсеткіштерінің және сыртқы түр ақаулардың ауытқуымен белгіленетін айып баллдардың қосындысы бойынша анықтайды.Матаның шартты ұзындығы матаның сортын анықтайтын стандарттарда көрсетіледі және олардың еніне байланысты болады. Физика-механикалық көрсеткіштер және сыртқы түр ақаулары үшін зығыр маталардың сортын анықтағанда айыптық баллдар берілмейді.Бағалауды барлық физика-механикалық көрсеткіштер бойынша диференциалды түрде жүргізеді,ал сыртқы түр ақауларын шектейді: Бірінші сортты матада таралған ақаулар болмауы қажет,ал жергілікті ақаулар матаның 30м2 шартты ауданында сегізден аспауы қажет ,екінші сортты матада кең таралған ақау бірден аспауы керек немесе шартты ауданға келетін жергілікті ақаулар 22 аспауы керек,егер екінші сортты матада таралған ақау болатын болсы ,онда шартты ауданға келетін жергілікті ақаулар 17 аспауы қажет.

42. Мақта маталарының прейскурант бойынша жіктелуі. Прейскурант бойынша мақта маталардың ассортименті 17 топқа бөлінеді. Түрмыстық қолданыстағы маталардың көбі бастапқы 6 топқа кіреді: шыт, бөз, ішкиімдік маталар, сатин, киімдік, көйлектік маталар. Мақта маталардың артикулы екі, үш немесе төрт саннан тұратын нөмірмен белгіленеді.

Шыт мақта материалдарының ішіндегі айтарлықтай үлесті салмағының принципі бойынша ерекшеленген жеке топты қүрайды (шығарылатын мақта маталарының ассортиментінің шамамен 10-12% құрайды). Шыт ассортиментінің спецификалық ерекшелігі бар: оның негізіне қалың иірілген жіп колданылады, ол болса матаның негізгі тірегін, матаның қажалу әсерлеріне төзімділігін қамтамасыз етеді. Мүндай қүрылым мақта маталардың ассортиментінде тек шытқа ғана тән.

Шыт - басылған суреті бар немесе ашық түстерге боялған мата. Ол кардты иірілген жіпті өру арқылы өңделеді. Шыттың ені - 62-95 см.

Шыт муслинді, қатты және жылтырлы өңдеумен, өшпейтін аппреттермен және қысылған - жартылай мерсеризациямен алынған бүдір бетпен шығарылады.

Шыт матасы әйелдер мен балалар бұйымдарының ассортиментінде, ерлердің жейдесінде, ішкиім және төсек орын жабдығында қолданылады.

Ішкиім тобы. Барлық мақта-матаның шамамен 25% ішкиімдік маталар еншісіне жатады, шамамен 150 артикулы шығарылады.

Ішкиім тобы киетін киімдер мен төсек жабдығы бұйымдарын біріктіреді. Ішкиімдік маталардың ерекшелігі - олардың ақ түсте немесе ашық түстерде боялып өндірілуі болып табылады. Соңғы жағдайда алынатын маталарға бояудың жууға, құрғақ және ылғалды үйкелуге, қайнату мен терге тұрақтылығы бойынша қатаң талаптар қойылады. Ішкиімдік маталар бір-бірінен құрылымы бойынша өзгешеленеді, сондықтан үш топшаға бөлінеді.

Шытқа қарағанда бөз қалың әрі ауыр мата. Бөз кездемелік айқаспамен шыттың жібіне қарағанда жуандау карда жібінен тоқылады. Типтік бөздердің арқауындағы жібі 29 текс, негізі бойынша - 25 текс. Бөздің сызықтық толысуы негіз бойынша шыттыкіндей, ал арқау бойынша біршама жоғары. 1м2 бөздің массасы 138-143г, ені 61-120см. Бөздердің өңделуі қатты, жылтыр, күміс түстес болуы.

Миткальды шағын топқа өңделмеген кезде миткаль деп аталатын маталар кіреді. Бөзден айырмашылығы - қалыңдығы мен массасы азырақ келеді. Ішкиімдік миткальдар 18,5-15,3 текс карда жібінен ағартылып немесе ашық боялып шығарылады. Өңделуіне қарай миткальдар әртүрлі аталады. Жұмсақ өңделген миткаль-муслин, жартылай қатты өңделгені -ішкиімдік миткаль, дөрекі өңделгені -мадаполам деп аталады.

Арнайы шагын топша екі түрлі өрім жолымен өңделетін, қалың және салмақты ақ маталардан тұрады, бұл топшаға бұрмаланған саржа (гринсбон) және атлас (тик-ластик) жатады. Осы өрімдер матери- алдарды үлкен тығыздықпен, салмақпен және тозуға тозімділікпен қамтамасыз етеді. Сүлгілер үшін вафельді жэне түкті өрім маталары шығарылады; бет орамалдар үшін мата және аралас өрім арқылы кард жэне тарақты, мерсеризделген, ағартылған, шұбарланған және сурет басылған маталар шығарылады.

Көйлек тобы әйелдер мен балалар көйлегін, жейделігін, ерлер жейдесін және басқа да тігін бұйымдарын дайындауға арналған мақта-мата материалдар ассортиментін біріктіреді. Сондай-ақ оның ерекшелігі - маталардың арналуы болып табылады. Ассортиментте тарақтық немесе кардалық жіптерден полотнолык және әртүрлі құрама ұзын жолақты айқаспалармен, жолақ және торкоз өрнектері бар алатоқылған маталар басым.

Ассортименттің колданылуына байланысты топ топшаларға бөлінеді, оларға жылдың белгілі бір мезгілінде қолданылатын, бұйымдарға арналған белгілі бір құрылымды және киімге кажетті қасиеттермен сипатталатын маталар жатады.

Маусымдық топша әр жыл мезгілінде киюге лайық киім-кешекке арналған көйлек, жейде маталарын біріктіреді. Бұл маталар жоғары тығыздығымен, салмағымен және жылу қорғағыштық қасиеттермен ерекшеленеді. Бұл топшаға әр түрлі өрімдегі маталар жатады: мата өрім - гарус, зефир жэне зефирина, лионезы, поплины, саржалық өрім - шотландка, көйлек маталарының кейбір артикулы, крептік өрім — креп, мақта мата.

Маусымдық топшалардың маталарының безендірілуі әр түрлі. Олар тегіс боялған, ақ, толтырылған, шұбарланған, меланжды болуы мүмкін. Бүл маталарды қолдану мен безендіру ерекшелігі, кейбір матаға мер- серизация, суөткізбейтін астарлық, өшпейтін аппрет тәрізді өңдеудің түрінен өтуін қамтамасыз етеді.

Жазгы топша жазғы киімдерді дайындауға арналған көйлек маталарының ассортиментін ортақтастырады. Маталардың арналуы олардың қажетті қасиеттерін анықтайды. Бүл маталар қалың емес, жіңішке, салмағы аз жэне жақсы ауа- және буөткізгіш болады, яғни жазғы киімге сай барлық қасиеттермен сипатталады.

Жазғы койлек матасының негізгі бөлігі маталарға мықтылық жэне мыжылмайтын қасиет беретін маталық өрімнен жасалады. Жаздық маталар топшасы жеңілдікпен, салыстырмалы аз тығыздықпен жэне қалыңдықпен ерекшеленеді. Олар көбіне жіңішке тарақты иірілген жіптен, маталы өрім немесе аз оюлы өрімді қолдана отырып шығарылады. Безендірілуі бойынша олар алуан түрлі - тегіс боялған, толтырылған, көбіне ашық түстерге боялған, жэне ағартылған. Көп маталарды мерсериздеп шығарады, кейбірін гофре, қысу, күміс жібек тәріздес етіп әрлейді.

Типтік маталар: бәтес, маркизет, вуали, майя, бүл топшадағы маталардың көбінің аты - түрлі көйлек мата атаулары.

Бәтес - жеңіл, жүмсақ жібек мата, ол жіңішке, тарақты, бір жіпті иірілген жіптен (5,9-10текс) және мерсеризация әрлеуі арқылы алынады. Маталы өріммен өңделеді. Оларды тегісбоялған, толтырылған және ағартылған түрде шығарады. Жұқалығына қарамастан, бәтес матасының тозуға төзімділігі жоғары. Ол жазғы көйлектер, жейдешелер, ішкиім жэне басқа да бұйымдарды дайындауда пайдаланы- лады.

Жаздық топшадағы көйлек маталарының көбін аз оюлы етіп, кейде маталық және жаккард өріммен жасайды, түрлі иірілім тәсілдері қолданылады.

Жаздық мақта-матаға ажурлы өрім маталары жатады, ол матаға ерекше әсер береді. Барлық жаздық маталар мерсеризациядан өтеді, олардың беті тегіс жэне жылтыр болады. Ажур маталар тек тегіс боялған емес, ақ түсті де бола алады. Кейбір маталар жаккардты өріммен, орта- ша өлшемдегі суретпен жасалып шығарылады. Берліген ассортимент- ке шұбарланған маталар енбейді (бірнеше артикул ғана бар).

Қыстық топша бір немесе екі жақты таралған түгі бар мақта мата ассортиментінен тұрады. Бұл маталар үлкен тығыздықтағы кардалы иірілген жіптен, ал кейбір жағдайда аппараттық иірілген жіптен жасалады, аппараттық иірілген жіп маталарға үлкен салмақ жэне қалыңдық, ал таралған түкке жақсы жылу қорғағыштық қасиет береді.

1 м2матаның салмағы 170-428 гр дейінгі өте кең шекте тербеледі, бүл қыстық мақтадан жасалған матаны жылы көйлектен, жейдеден, халаттан, ерлер жейдесінен бастап, жоғарғы киімдерге дейінгі эртүрлі киімдерді, соның ішінде спортгық киімдердің, өндірістік киімдердің кейбір түрлерін дайындауға мүмкіндік береді.

Қыстық мақтадан жасалған матаның ассортименті матаның негізгі үш түрімен көрсетіледі. Өте жұқа жэне жеңіл мата бомазея саржалы немесе репсті өріммен жасалады жэне теріс жағымен бір жақты түкпен сипатталады. Қалыңырақ жэне ауыр мата фланель сол өріммен жасалады, бірақ ол екі жақты түкті болады. Матаның осы екі түрі өңделуі бойынша ақ, тегіс боялған жэне бедерленген болуы мүмкін. Матаның үшінші түрі байка алдыңғы маталардан жоғары қалыңдығымен жэне салмағымен (428 г дейін), қою екі жақты түгімен жэне жоғары жылу сақтағыш қасиетімен ерекшеленеді. Ол тегіс боялған болуы мүмкін.

43. Материалдарды конфекционерлеу тапсырмалары. Конфекционерлеу – тігін бұйымдарының пакетіне материалдарды жинақтауды, материалдарға қойылатын талаптар мен олардың ассортиментін оқып үйренетін ғылыми пән болып табылады.Жоғары сапалы кйім біріншіден қолданылатын материалдардың сапасына, оларды таңдап негіздеуіне, бұйымның моделі мен конструкциясын нақты ойластыруға, өңдіру технологиясына байланысты. Бұйымды дайындауға арналған материалдарды екі топқа бөлуге болады: тоқылған және тоқылмаған. Тоқыма материалдар – бұл иірілген, тоқылған және де басқа бұйымдар: маталар, трикотаж, беймата жаймалары, иірімжіп пен жіптер, жасанды былғары мен елтірі және комплексті материалдар.Тоқыма емес материалдарға – табиғи елтірі мен былғары, пленкалы материалдар, әртүрлі фурнитура және басқа да бұйымдар жатады. Әртүрлі материалдардың 90 %-тен жғарғы көлемін текстиль бұйымдары құрайды. Ассортимент (фр. –жинақтау, іріктеу) – материалдарды түріне, аталуына, тағайындалуына, сортына және қолданылған шикізатына байланысты іріктеу және материалдар тізімі болып табылады.Артикул – белгілі бір материалға, бұйымға тағайындалатын бұйымның типі, шартты номері.Конфекция (нем. – дайындау) – алғашқы қажетті бұйымдар, дайын киім, іш киім, жейделер, шалбар, свитерлер және жаппай өндірістегі басқа да бұйымдар.Конфекционерлеу – тігін өндірісінің технологиялық процессінің ерекшеліктерін және сән бағытын және материалдардың қасиеттерін ескере отырып, киім пакетіне немесе бұйымға материалдарды ғылыми түрде негіздеп, дұрыс іріктеу б.т. Киім пакеті – жағымсыз климаттық әсерлерден қорғайтын, эстетикалық функцияларды орындайтын  адамның киетін бұйымдар жинағы. Ол киімдердің комплексінен тұрады: корсеттік бұйымдар,  іш киімдер, жеңіл көйлек және жоғарғы бұйым, бас киімдер, аяқ киім, шұлық, қолғаптар. Бірге киілетін бұйымдардың мөлшері мерзімге және климаттық жағдайларға байланысты.Тігін өндірісінде киімді жаппай шығару кезінде модельдерді негізгі және астарлық матамен, фурнитурамен жинақтау немесе комплектеуді конфекционерлеу деп аталады. Мұндай комплектеудің негізіне материалдың органолептикалық бағалануы да жатады. Бірақ кейбір жағдайларда өндіріс орындарының қоймаларында материалдардың болуын да жатқызуға болады. Конфекционерлеу деген термин неміс тілінен «konfection»- дайын көйлек немесе көпшілік тұтынушылардың сән бағытын білдіреді. Ал латын сөзінен «confectio» өндіру деген сөзді білдіреді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]