Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
mater.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
233.04 Кб
Скачать

21.Жейделік бұйымдарға арналған материалдарды конфекционерлеу.

Жейделер қыстық және жаздық, күнделікті және спорттық болып келеді. Олар кавбойка, украинка,сыртқа шығарып киетін жейделер болып бөлінеді.Сондай-ақ ерлер және балаларға арналған болып бөлінеді. Жейділік маталарға олардың түрі мен тағайындауына байланысты маңыздылығы таблицада көрсетілгендей талаптар қойылады.Адамдардың жасы мен жыл мезгіліне байланысты қойылатын талаптар өзгеріп отырады.Гигиеналық талаптарға сай күнделікті әсіресе, балалар жейделеріне маталардың гигроскопиялық қасиеті жоғарыболуы керек.Сондай – ақ киім астындағы кеңістікті желдетіп тұру үшін күнделікті жаздық жейделердің ауа өткізгіштік және су сіңіргіштік қасиеті жоғары болуы керек.Жууға, үйкеліске және де басқа деформацияларға кедергісінің жоғары болуыжейделік маталарға қойылатын маталардың маңыздысы болып табылады.

Мақта маталары мұндай қасиеттерді иірім жіпті ширату арқылы мерсерлеу арқылы береді.Жейделік бұйымдардың тозуға төзімділігінен тігістің конструкциясы мен тігін жіптерінің дұрыс таңдап алуына байланысты тігістің беріктілігі әсер етеді. Сән бағыты мен матаны көркемдеуге байланысты қойылатын эстетикалық талаптарға сай оларды түп нұсқалы тоқыма және баспа суретімен өңдейді. Бояудың беріктіліг бойынша олар берік және өте берік топқа жатқызылуы қажет. Жақсы мерсерленген және өте жоғары дәрежеде ағартылған болуы қажет. Түкті маталар біртегіс, тығыз біркелкі түктелген болуы қажет. Ал синтетикалық маталар пилингтенбеуі қажет.

22.Жүн маталарының ассортименті және қасиеті

Тоқыма өнеркәсібінде өндірілетін жүн маталары ,құрылымы тағайындалуы және сыртқы дайындамасы бойынша әртүрлілігімен сипатталады.Жүн маталарының ассортиментінің ерекшелігі болып,жылусақтағыштық қасиеті есептелінеді,бұл оның жылы және қыстық киімдерге арналуын айқындайды.Өңдеу тәсіліне және талшықтық құрамына байланысты жүн маталарының ассортименті алты топқа бөлінед:1-тарақты таза жүнді,2-тарақты жартылай жүнді,3-жұқа шұғалы таза жүнді,4-жұқа шұғалы жартылай жүнді,5-дөрекі шұғалы таза жүнді,6-дөрекі шұғалы жартылай жүнді.

1)тарақты таза жүнді маталардың тобы маталардың көпшілігінде екі қабатта ширатылған ,жұқа тарақты иірімжіптен өндірілген маталардың ассортиментін біріктіреді.Бұл жаймалық,саржалық,крептік және аралас өрімнің суреттері жақсы көрінетін ,жұқалау жүн маталары.

2)Тарақты жартылай жүнді маталардың тобына таза жүнді маталар ассортиментіне ұқсас ассортименттер жатады,кейде тіпті олардың атауларымен бірдей,бірақ матаның құрылымында жүн талшығынан басқа,жүнмен араласқан басқа талшықтардың немесе жүн иірімжібінің болуымен ерекшеленеді.

3)Жұқашұғалы таза жүн маталарының тобы білікшеге оралған және жұқа шұғалы иірімжіптен өндірілген мата ассортиментін біріктіреді.Бұл маталар түкті немесе киізтүрді беттікті,жұмсақ,көбне борпылдақ,қалың болып келеді.Әртүрлі өріммен және тығыздық материалдың тағайындалуын анықтайтын ,маталардың әртүрлі құрылымын қамтамасыз етеді.Осы маталардың ассортименті олардың құрылымының ерекшелігі болғандықтан барлық топшаларды сипаттамайды.

4)Жұқа шұғалы жартылай жүн маталарының тобы олардың құрылымына байланысты әртүрлі тағайындалған едәуір көп мата санымен көрсетіледі.Ассортиментке осы маталардың белгілі қасиетіне әсер етуші ,әртүрлі талшықтардан құралған маталар кіреді.Осы топтың барлық маталары міндетті түрде білікшеге (әлсіз немесе күшті)оралады,нәтижесінде олардың беттігі түкті киізтүрді болады.Маталардың ассортименті оның тағайындалуын анықтайтын,материал құрылымына байланысты топшаға бөлінеді.Жұқа шұғалы жартылай жүн маталарының тобы мақтамен немесе штапельді талшықпен жүннің қоспасынан алынған ,жоғары сызықтық тығыздықты шұғалық иірімжіптен өндірілгенматалардың ассортиментін біріктіреді ,осы топ пальтоға арналған үш топшадан тұрады.Бұл маталар қатты ұйысқан,киізтүрді бетткті болады және үлкен қаттылықпен ,массамен,қалыңдықпен сипатталады және киім ассортиментінің аз түрінде қолданылады.

5)Дөрек шұғалы таза жүнді маталардың тобы үш топшадан тұрады.Маталар дөрекі жүннен өндіріледі,сол үшін олар үлкен қаттылықпен,қалыңдықпен және дөрекілікпен сипатталады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]