Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
mater.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
233.04 Кб
Скачать

1.Астарлық материалдар ассортименті

және қасиеттері

Киімде астар өте маңызды роль атқарады: ол киімнің эксплуатациялық және эстетикалық қасиеттерін жақсартып, тозудан және кірлеуден сақтайды. Астар маталар салмағы бойынша жеңіл, жууға төзімді, үйкелуге, терге және химиялық тазалауға бояуы берік, негізі бойынша аз отыратын болуы керек. Киімде астар өте маңызды роль атқарады: ол киімнің эксплуатациялық жэне эстетикалық қасиеттерін жақсартып, тозудан және кірлеуден сақтайды. Астар маталар салмағы бойынша жеңіл, жууға төзімді, үйкелуге, терге жэне химиялық тазалауға бояуы бері негіз бойынша аз отыратын болуы керек.Астар маталарды көбінесе саржалы, сәтенді және атласты айқаспамен, сирек жаккардты, тегіс боялған, сирек жолақ түрінде баспа суретті және ала маталы болады, ені 80-15Осм, сызықтық тығыздығы 105-180г/м2, матаның отыруы негіз бойынша- 3,5-5%, арқау бойынша 1,5-2%.

Сыртқы бетінің тегістігінің арқасында бұл маталар үйкеліске төзімді, бірақ сырғанақ болып келеді, сондықтан астарды пішкенде төсем кезінде қабат санын азайтып, арнайы қысқыштарды қолданады.

Астар маталар тозуға төзімділігі, салмағы және сыртқы түріне бай- ланысты киімде қолданылатын сырт матаға сэйкес болуы керек.

Астарға арналған маталар негізінен химиялық жіптерден ол негіз және арқау бойынша сызықтық тығыздығы 11-16,6 текс вискозлы. негіз және арқау бойынша сызықтық тығыздығы 6,7 текс капронды, негіз бойынша сызықтық тығыздығы 13,3 текс вискозды жэне арқау бойынша сызықтық тығыздығы 6,7 текс капронды, негіз бойынша сызықты тығыздығы 13,3-16,6 текс вискозды жэне арқау бойынша сызықты тығыздығы 18,5-25 текс мақта иірімінен, негізі бойынша сызықтық тығыздығы 16,6 текс вискозды жэне арқау бойынша сызықтық тығыздығы 25 текс вискозды иірім, негіз бойынша сызықтық тығыздығы 13,3 текс вискозды жэне арқау бойынша сызықтық тығыздык 16,6 ге ацетатты болады.

Астар маталардың ассортиментін кеңейтудің перспективалы бағыты,

олардың беттік тығыздықтарын азайту және сызықтық тығыздығы 13,3 текс аспайтын вискозды жіптерді қолдану керек.

Ацетатты жіпті құрамдас маталар тозуға төзімділігі аз және ұзақ киюге арналмаған киімдер үшін қолданылады.

Негіз бойынша сызықтық тығыздығы 15,4 текс және арқау бойынша 11,8 текс иірімнен жасалған мақталы-лавсанды маталы (мақталы 33% жэне лавсанды 67%) талшықтар қүрамынан дайындалатын саржлы айқаспалы 1/3 астар кұрылымы өңделеді. Беттік тығыздығы -135г Тэжірибелі эксплуатациялау кезінде ол үйкеліске төзімді: киіс мерзімі-1500 күн болады.

2. Аралық материалдар ассортименті. Аралық материалдардың ассортименті көп түрлі.Оларға маталар,бейматалар,трикотажды жайма және комплексті материалдар жатады.Табиғи және химиялық талшықтарының әр түрлі тәсілімен өндіріледі.Аралық материалдар киім бөлшектерінің форма тұрақтылығын созылудан сақтауда,желден және төменгі темперетурадан қорғауда қолданылады.Тігін өнеркәсібінде аралық материалдардың тағайындалу.талшықтың құрамы,құрлымы бойынша көп түрі қолданылады.Тігін бұйымдарының бөлшектеріне қаттылық беруге қызмет етеді;флизелин,синтепон,дублерин,бартовка. Флизелин (нем. Vlieseline ) – желімделген және желімделмеген, модификацияланған және модификацияланбаған целлюлозды талшық негізіндегі беймата материалдардың қағаз типті классы.Қасиеті:боялмаған флизелин – ақ, кейде сарғылт түстегі қағаз типті беймата материал. Әртүрлі түстегі флизелин болды.Флизелин- өндірісте, киімнің өңірінде, жағасында, белдікте, жармада, қалта қақпашасында, жапырақшасында, патада, хлястикте қолданылады. Дублерин –тоқылған желімдік аралық мата.Оны сырт киімдерге ойындысының,қолтық яғни артқы бойдың мойын ойындысының созылудан сақтау үшін қолданылады. Флизелинге қарағанда тігін өнеркәсіптерінде жиі пайдаланылады.Дублерин созылмайды,ол негізгі және қалың маталардан дайындалған бұйымдарға аралық мата ретінде қолданылады.Мысалы,былғарыдан жасалған бас киімдерде. Дублерин әйелдер костюмында,блузкалар, көйлектерінде сырт пішімдерін жаксы сақтайды.Дублерин тоқылған және пальтолық маталардың,сонымен қатар ерлер және әйелдер костюмдарының ұсақ түктер мен желімдердің шығып кетуінен сақтайды

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]