
- •Мазмұны
- •1. Адамгершілік тәрбие туралы түсінік
- •2. Курстық жұмыстың мақсаты
- •1. Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу – басты мақсат
- •2. Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеу
- •3. Адамгершілік тәрбиесінің әдіснамалық негізі
- •4.Ы.Алтынсарин, әл-Фараби, т.Б. Ұлы адамдар мен педагогтардың адамгершілік тәрбиесі туралы ойлары
- •3. Қорытындылау.
- •IV. Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер
3. Қорытындылау.
Осы тәрбие сағаты арқылы оқушылардың бір-біріне деген құрмет сезімдері арта түседі, жалпы адамзаттық: сөйлесудегі ізеттілік, бір-біріне деген мейірімділік, қайырымдылық, татулық сияқты қасиеттерді бойына сіңіруге ықпал жасайды.
IV. Қорытынды
Мектеп оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеу ең алдымен – оқыту үрдісі барысында жүзеге асады. Түрлі пәндерді оқу кезінде бастауыш сынып оқушыларының достық, жолдастық, өмірге белсенді көзқарасы, Отан туралы ұғымдары қалыптасады. Үлкенді сыйлауға, ата-аналарды құрметтеуге, еңбектенуге, ізеттілік сақтауға үйренеді. Бұл жаста балалар сапалы тәртіпке, жолдастық өзара көмекке, адамның көңіл-күйін түсінуге дағдыланыд. Бастауыш сыныптарда осы мақсаттарды шешуге бағытталған сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралар жиі өтіп тұруы қажет деп ойлаймын. Соның нәтижесінде бастауыш сынып оқушыларының дербес және қоғамдық мінез-құлқы мен адамгершілік қарым-қатынасы байиды.
Тәрбиелік міндеттердің қойылымына байланысты адамгершілік қасиеттердің кейбіреулерін қалыптастыру бірінші орынға қойылуы мүмкін. Мысалы, сыныптағы тәртіптілік, шыншылдық, жолдастық өзара көмек сезімін тәрбиелеуді алдыңғы қатарға қоюға болады. Бірақ бұл дағдылар адамгершіліктің басқа қасиеттерінен бөлек қалыптаспайды. Мұғалімнің оқушыларға жаңа білім берерде олардың білім қорына сүйенетіні сияқты, адамгершілік жаңа қасиетті қалыптастыруда бұрын қалыптасқан қасиеттерді еске алу қажет.
Мектеп жас ұрпаққа білім беретін, үлгі-өнеге үйрететін, адамгершілікке баулитын, өмірге алғашқы жолдама беретін алтын ұя. Сондықтан да сол ұядағы ұжымға жүктелер міндеттің абзалдығына орай, ауырлығы да, қиындығы да бар. Оның қиындығы сол, шәкірттерді жан-жақты адамгершілік рухта тәрбиелеу – күрделі де үздіксіз еңбек етуді керек ететін жұмыс.
Бастауыш сынып оқушысының рухани-адамгершілік даму деңгейінің жетілуі немесе өзгеріссіз қалуы ұстаздың ізденімпаздығына және тәрбие теориясы мен әдістемесін орынды пайдалана білуіне байланысты. Көптеген жағдайда, әсіресе бастауыш мектепте оқушы ұстаздың адамгершілікке баулуға құрылқан тәрбие міндетіне дұрыс жауап бергенімен, оның рухани-адамгершілік даму деңгейі өзгеріске ұшырамайды. Өйткені оқу материалы оның адамгершілік сапасының жетілуіне тиісті түрткі тудыра алмайды. Оқу үрдісінде оқушы өз бойында бұрынна қалыптасқан адамгершілік сипатын ғана көрсете алады.
Мектепті бітіргеннен кейін адам мінездің жаңа сапаларын игермейді, қайта бұрынғыларын шыңдай түседі немесе түзетеді. Сол себепті балалардың мектептегі адамгершілік тәрбиесі өте шеңберлі болуы керек.
Адамгершілік тәрбиесі оқушыларды адамгершілік ұғымды, принциптерді, мінез-құлық нормаларын ұғу жайындағы біліммен қаруландырады. Сонымен қатар, ол адамның ішкі жан-дүниесінің әсемділігінен бастап, оның сыртқы келбеті, ой әсемдігі мәселелерін қамтиды.
Қорыта айтқанда, мектептегі адамгершілік тәрбиесі біздің өміріміздің тек осы кездегі талаптарын ғана емес, болашаққа да бағытталуы тиіс. Оқушы қаншалықты білімді болғанымен, оның адамгершілік қасиеті жетіспей жатса, оның жолдастары арасында болмағаны былай тұрсын, жақсы азамат та бола алмайды.