
- •Мазмұны
- •1. Адамгершілік тәрбие туралы түсінік
- •2. Курстық жұмыстың мақсаты
- •1. Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу – басты мақсат
- •2. Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеу
- •3. Адамгершілік тәрбиесінің әдіснамалық негізі
- •4.Ы.Алтынсарин, әл-Фараби, т.Б. Ұлы адамдар мен педагогтардың адамгершілік тәрбиесі туралы ойлары
- •3. Қорытындылау.
- •IV. Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер
3. Адамгершілік тәрбиесінің әдіснамалық негізі
«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» деген ғұлама ғалым Әбу Насыр Әл-Фарабидің көрегендік сөзі егемен қазақ елі үшін де тәрбие саласындағы бағдарламаларды мемлекеттік тұрғыдан қайта көз үшін де тәрбие саласындағы бағдарламаларды мемлекеттік тұрғыдан қайта көз сүзіп қараудың қажеттілігін алға тартып отыр. Қуана айтар жайт, Республика бойынша оқушылардың мектеп, оқу орындарында білім алуы, мектептердің ішкі жағдайының жақсаруы техникамен, көрнекі құралдармен, жиһаздармен жабдықталуы біршама шешілген мәселе. Дегенмен тілімізге, дінімізге қайта мойын бұрған кезде ұлы көшке тосқауыл болар көп кедергі пайда болғаны анықталып отыр. Олар: болашақ ұрпағымыздың ана тілін білмеуі, салт-дәстүрді қадірлемеуі, әке-шешесін, баласын тастап кетуі, арақ ішу, наша тарту, ұрлық сияқты жағымсыз қасиеттердің етек алуы. Сондықтан еліміздің ертеңгі ұлт тізгінін ұстар жастарымыздың тәрбиесіне аса мән беру негізгі мақсатымыз.
Қазақ энциклопедиясында, «адамгершілік тәрбиесі – тәлім-тәрибенің ықпалды әсері мен моральдық сананы қалыптастырудың, этикалық білімділікті, адамгершілік сезімді дамытудың сара жолы»,- деп ұғындырылады. Кейбір еңбектердегі анықтамалар адамгершілік тәрбиесінің негізгі бөліктерін атап көрсетумен шектелген. Мәселен, В.В.Макаев адамгершілік тәрбиесі мынадай негізгі бөліктерден тұрады дегенді айтады:
а) адамгершілік түсініктерді, ұғымдарды, идеяларды қалыптастыру;
ә) адамгершілік сезімдерді қалыптастыру;
б) адамгершілік сенімдерді қалыптастыру;
в) мінез-құлық дағдылары мен әдеттерді қалыптастыру;
г) өзін-өзі тәрбиелеу;
д) жағымсыз ықпалдарға, теріс әсерлерге қарсы тұра білу іскерлігін қалыптастыру.
Адамгершілік тәрбиесі оқшылардың нақты жас ерекшелігіне қойылатын талаптардың көлемі, мазмұны, тізбегі жөніндегі түсінік негізінде анықталады.
ХХІ ғасырға аяқ басқан Қазақстан күрделі тарихи бетбұрыстар мен қоғамдық жаңартулар тұсында дамып келеді. Бұл кезеңде рухани адамгершілік дамудың жаңа бағытын айқындау көзделіп отыр. Сондықтан да бүгінгі таңда барлық әлемде, сонымен қатар біздің елімізде де жеке тұлға дамуының қалыптасуына жаңаша көзқараспен қарау айқындалуда. Осыған байланысты дүниежүзілік өркениеттілік қауымдастықта қазіргі адамгершілік тәрбиесінің негізіне оқушылардың және ересектердің тұлғалық дамуына ықпал жасайтын принциптер мен әдістер алынған. Атап айтатын болсақ, оларға: байқау, әңгімелесу, шығарма, сұрақ-жауап, тест жүргізу, сауалнама алу т.б.б әдістер жатады. Әрбір мұғалім Қазақстан Республикасының үшінші мыңжылдықтағы жаңа әлеуметтік мәдени жағдайына орай, адамгершілік тәрбиесінің мақсатына, мазмұнына, түрлеріне, әдіс-тәсілдерінің ауқымды өзгерістеріне байыптап қарап, бағамдау үшін оқушыларға тәрбие берудің тарихи-философиялық, педагогикалық проблемаларына аса зор мән берген жөн.
Балада адамгершілік нышаны тым жас кезінен бастап-ақ пайда бола бастайтындығы белгілі. Адамгершілік сезімдері мен сананың алғашқы белгілері баланың мектепке дейінгі жасынан-ақ оянып, дами береді. Бұл қасиеттер баланың топта, ұжымда басқа балалармен бірігіп істейтін істерінде, түрлі ойын үстіндегі бір-біріне қамқорлық жасауы мен қарым-қатынасынан көрінеді де, дамып отырады. Бала бойында бірте-бірте қалыптаса бастаған адамгершілік дағды мектеп жасына келгенде белгілі ұйымдасқан ұжым ішінде оқу арқылы әлеуметтік өмірмен, Отан алдындағы өз борышын өтеумен келіп ұштасады.
Балаларды мектепте оқытудың алғашқы күнінен-ақ, бірінші сыныптықтардың қоршаған өмір туралы әртүрлі түсінікпен келетіндігі, мораль туралы ұғымдары да, мінез-қырлары мен әдептері де әр басқа екендігі анықталады. Кейбір балалар құрбылармен тату-тәтті ойнайды, керек болса, ойыншықтарын беруге де даяр. Ал енді біреулері сырттап жүреді.
Мектепті бітіргеннен кейін адам мінездің жаңа сапаларын игермейді, қайта бұрынғыларын шыңдай түседі немесе түзетеді. Сол себепті балалардың мектептегі адамгершілік тәрбиесі өте шеңберлі болуы керек. Мектеп балаларын адамгершілікке тәрбиелеу міндетін шешуде тәрбиеші мен сынып жетекшілері аса зор роль атқарады.
Адамгершілік тәрбиесі күрделі де қайшылыққа толы процесс. Тәрбие ісінде тұқым қуалаушылық, орта және тәрбиешілер талаптары арасындағы қайшылықтармен есептесуге тура келеді. К.Д.Ушинский: «Біз табиғи бейімділігімізге сәйкес келетіннің бәрін жеңіл де оп-оңай меңгереміз, ал оған қайшы немесе жат нәрселерді қиыншылықпен қабыылдаймыз, ойда нашар сақтаймыз, тек ұзақ уақытқа күш-жігердің арқасында ғана өз табиғи мінезімізге айналдырамыз» деген болатын. Бұл ойдың дұрыстығына әрбір тәрбиеші өз тәжірибесінен көз жеткізеді. Мінез-құлықтағы қалыптасқан дағдыларды жоғары жаңа талаптар негізінде қайта құру әрқашан қиындықпен іске асады. Адамгершілік тәрбие процесінде мектеп оқушыларының мұраттары мен моральдық тәрбиелілік дәрежесі арасындағы қайшылықты есепке алудың маңызы зор. Алайда, қушының моральдық мұқтажы мен оны қанағаттандыру мүмкіндіктері мен тәсілдері арасындағы қайшылық негізгі қайшылық болып табылады. Егер бала жақсы өнегеге еліктесе, оның дамуы жемістірек болады. Тәрбиеленушінің қолданған әрекеті мен қажеттік арасында сәйкессіздік – оқушыны кездескен қиындықты жеңуге, сөйтіп мақсатқа жетуге мәжбүр ететін күшті туғызады.
Педагогика ғылымы өзін-өзі тәрбиелеудің аса маңызды жолдарын көрсетіп берді. Ол өзін-өзі білуден, өз басын жақсартуға ұмтылып, тілек білдіруден басталады. Оқушылардың өзін-өзі білуден, өз басын жақсартуға ұмтылып, тілек білдіруден басталады. Оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеу тілегін туғызу, бұл әлі оларды өзін тәрбиелеудегі белсенді жұмысқа қосқандық болып есептелмейді, өзін-өзі тәрбиелеудің дұрыс жолдарын белгілеуде тәрбиеші балаларға көмектесуі қажет. Өзін-өзі адамгершілік тұрғыдан тәрбиелеуде өзіне-өзі бұйыра білудің маңызы зор. Оқушылар өз басын тәрбиелеудің бұл әдісін қызыға қабылдайды және қуана қолданады. Олар тұрғысы келмеген кезде де, өзіне-өзі төсектен тұруға, барып душ қабылдауға, ойынды қойып, сабағын орындауға бұйрық бере алады. Алайда кейде оқушылар өзіне-өзі бұйыру әдісін қолданғанымен, одан тез қол үзіп кететіні де болады. Сондықтан тәрбиеші балалар өзінің жеке басын жетілдіруде бұйрық беру әдісін қолданып жүргенін мезгіл-мезгіл қадағалап отыру қажет.
Мектеп оқушыларында қалыптастырылатын моральдық қасиеттер бір-бірінен бөлек емес. Олар бірімен-бірі тығыз байланыста және біріне-бірі өзара тәуелділікте қалыптасып дамиды. Ұжымшылдық достық пен жолдастық сезімдерін туғызады. Олай болса бұл қасиеттік сапаларды бір-бірінен бөліп тастауға болмайды екен. Мұның мәнісі – адамгершілік қасиеттер бәрі дерлік бір мезгілде қалыптасады деген сөз.