Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
referattar.kz_122381694.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
160.26 Кб
Скачать

2. Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеу

Бастауыш сынып оқушыларын тәртіптілікке, шыншылдыққа, адалдыққа, ұстамдылыққа, еңбекті сүюшілікке тәрбиелеуді мақсат еткенде олардың бойына қалыптасқан қасиеттерді – сынып оқушыларының ұйымшылдығы, белсенділігі ескеріледі. Өз тәжірибемде «Оқушыларға арналған ережелермен» жете таныстырып, шәкірттерімді мынадай талаптармен таныстырар едім:

  1. Киімдерді өздері күтіп, ұқыпты киіне білу;

  2. Әрдайым кішіпейіл, ілтипатты болу;

  3. Бірін-бірі сыйлау, құрметтей білу;

  4. Қыз балалармен достық қарым-қатынаста болу.

Осы талаптарды оқушы бойына қалыптастыруда оқушылармен әңгіме жүргізіп, төмендегідей талаптарды ескеруге тырысамын:

  1. Адамды жақсы көру;

  2. Адамға деген қайырымдылық, ақ жүректілік;

  3. Адамды құрметтей білу;

  4. Әдептілік;

  5. Жақсылықты бағалай да, қайыра да білушілік;

  6. Өзара сынды қабылдау;

  7. Кемшілікті түзете білу.

Осындай сезімдерді қалыптастыру үшін оқушылардың өздеріне тапсырмалар беремін:

  1. Оқыған әңгімелерің мен кітаптарыңдағы, көрген киноларыңдағы кейіпкерлердің жағымды қасиеттері туралы айтып бер;

  2. Өзің білетін жақсы адамдар: туысың, жолдасың, досың т.б. туралы айт.

Осындай сыныптан тыс жүргізілген жұмыстың барысында оқушылардың ішкі жан дүниесін білген соң, оқушыларда адамгершілік дағдыларын қалыптастырудың бірыңғай жолын белгілей бастаймын.

  1. Бірыңғай ұжым болып жеке балаға ықпал ете білу;

  2. Сендірудің жеке әдістері: әңгіме, әңгімелесу, өзара пікір, кеңес т.б.;

  3. Моральдық тақырыптарға тәрбие сағатын өткізу;

  4. Оқушылар үшін міндетті адамгершіліктің нормасын орындауды үнемі талап ету, есіне салу, оған жаттықтыру.

Мектепте оқушыларда адамгершілік дағдыларды қалыптастыруда сендіру немесе олардың санасына әсер ету әдістерінің алатын оры орасан зор.

Балалардың көзін жеткізіп сендіру – оларды қандай іс адамгершілікке жататындығын, ал қандай іс адамгершілікке жатпайтындығын бағдарлай білуге және өздерінің іс-әрекеттерін дұрыс бағалай білуге себі тиетін негізгі әдіс болып саналады. Балаға адамгершілік тәрбие берудің алғашқы қадамы күнделікті тұрмыстағы ұсақ нәрселерден басталады. Отбасы педагогикасын жоғары сатыға көтерген А.С.Макаренко ата-аналарға арналған лекцияларының бірінде: «Тәрбиені баламен сөйлесу немесе ақыл айту, я болмаса оған әмір ету деп қарауға болмайды. Өз өміріңіздің әр кезеңінде, тіпті үйіңізде жоқ уақытыңызда да балаңызды тәрбиелеп жүресіз. Сіздің қалай киінетіндігіңіз, сіздің басқа адамдармен қалай сөйлесетіндігіңіз, сіздің қуануыңыз немесе қайғыруыңыз, сіздің күйінгеніңіз, газет оқитындығыңыз, міне, осының барлығы да балаңыз үшін толып жатқан үлгі, өнеге»,- деген. Мектеп жас ұрпаққа білім беретін, үлгі-өнеге үйрететін, адамгершілікке баулитын, өмірге алғашқы жолдама беретін алтын ұя. Сондықтан да сол ұядағы ұжымға жүктелер міндеттің абзалдығына орай, ауырлығы да, қиындығы да бар. Оның қиындығы сол, шәкірттерді жан-жақты адамгершілік рухта тәрбиелеу – күрделі де үздіксіз еңбек етуді керек ететін жұмыс. Балада адамгершілік бейнесін жақсы қалыптастыруда педагогтар ұжымының ізгілікті, ынтымақты болуының, сонымен қоса, сыпайылылығы, көрегенділігі жеткілікті болуларының маңызы өте зор.

Өсіп келе жатқан жас буындарды адамгершілік рухта тәрбиелеу ісінде үлгі, өнеге көрсету әдістерінің аса зор тәрбиелік мәні бар. Балалар өте сезімтал келеді. Әсіресе, жас балалар көбінесе, ненің жақсы, ненің жаман екендігін айырмастан көргенінің бәріне еліктей береді. Сондықтан, балалардың тым еліктегіштігін ескере отырып, мұғалім-тәрбиешілер ұжымы оқушыларға өз мінездеріндегі жақсы сапаларды ғана дамытатын үлгі-өнеге көрсетуі керек. Бұл үшін мұғалімдердің өзі адамгершілік рухта тәрбиеленген болып, барлық жағынан да оқушыларға үлгі болуға тиіс. Ол үлкендердің шәкірттер алдында беделді болудың негізгі шарты болып табылады.

Адам бойындағы бар игі қасиет мектеп қабырғасында қаланады. Бүгінгі таңдағы мектептер балаларға жекелеген ғылыми пәндерді терең оқытуға тырысса да, адамгершілік құндылықтар арқылы тәрбиелеуге мән бермей келеді. Соның салдарынан жастарымыз жағымсыз қылықтарға бой алдырып, имандылық деген не екенін білмей өсуіне әкеліп соғуда. Жағымсыз қылықтар, зиянды әдеттер – бастауыш сынып оқушысының мінез-құлқына, оның дене және психикалық дамуына кері әсерін тигізеді. Ересектер үшін баланың зиянды әрекеттерінің ең қауіп төндірерлігі – темекі тарту, қазіргі таңда мектеп оқушылары арасында етек жайған әрекеттерінің бірі. Мектеп жасындағы баланың темекі тартуға құмарлығының астарында, оның жеке тұлға ретінде қалыптасу үрдісіндегі үлкен бір кемшіліктің болуы. Сол себептен де, темекі тартудың өзіне емес, басты назар аударатын жайт – бала психологиясының ауытқуы, оны ойландыратын мәселелер. Тек ата-ана арасындағы жылы қарым-қатынас бір-біріне деген сенім ғана, зиянды әдетті қалыптастырмаудың бірден-бір себебі. Бүгінгі балалар – темекі тартудың потенциалды құрбандары. БҰҰ-ның баяндамасына сүйенсек, қазіргі балалардың 250 миллионы болашақта өз өлімін темекіге әуестіктің бірден-бір себебі – жарнама болып табылады.

Еліміздің болашақ азаматы – қазіргі балалар. Яғни, егеменді елімізді дамытып, гүлдендіре түсетін санасы таза және дені сау ұрпақ. Сондықтан көпшілік болып балалардың тәрбиесіне кері әсерін тигізетін келеңсіз жағдайларға қарсы күресуіміз тиіс. Балалардың рухани-адамгершілігін қалыптастыратын салауатты өмір салтын құруға көңіл бөлуіміз қажет.

Адамгершілік құндылық тәрбиесінде ұлттық тәрбие маңызды роль атқарады. Мысалы, бастауыш мектепте баланың барлық танымдық және психологиялық мүмкіндіктерін жетілдіріп, білім алудың керек екендігіне оның көзін жеткізу керек. Бұл кезеңде гуманитарлық-эстетикалық бағыттағы пәндер оларға жақсы ықпал етеді. Оқушыларға ұлт қаһармандарының бейнесі мен тіршілік әрекеттері әрқашан үлгі. Олардың еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін, айтқан тәлім сөздерін баяндау арқылы бала бойына ата-бабалардың адамгершілік құндылықтарының көрінісін сіңіру мұғалімнің шеберлігіне байланысты.

Бастауыш сынып оқушыларының тебіреністері, олардың қуаныштары мен реніштері, ең алдымен оқуға байланысты. Оқу кітаптарынан мақалалар, әңгімелер, өлеңдер, ертегілер оқу және талдау адамдардың жағымды қылықтарын балалардың түсінуіне және бағалай білуіне көмектеседі. Балалар оларға түсінікті түрде әділеттілік, адалдық, жолдастық, достық, қоғамдық борышқа адалдық, гуманизм, патриотизм мен интернационализм мәселелері жөнінде баяндалатын мақалаларды оқып талқылайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]