
- •Мазмұны
- •1. Адамгершілік тәрбие туралы түсінік
- •2. Курстық жұмыстың мақсаты
- •1. Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу – басты мақсат
- •2. Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеу
- •3. Адамгершілік тәрбиесінің әдіснамалық негізі
- •4.Ы.Алтынсарин, әл-Фараби, т.Б. Ұлы адамдар мен педагогтардың адамгершілік тәрбиесі туралы ойлары
- •3. Қорытындылау.
- •IV. Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер
2. Курстық жұмыстың мақсаты
Қазақ халқының жас ұрпақты инабаттылыққа, әдептілікке үйрететін тәлімі мен рәсімдері көп.
Ұлттық тәлім-тәрбиенің негізгі мақсаттарының бірі сыпайылылыққа, кішіпейілділікке, ізеттілікке, мейірімділікке, қайырымдылыққа баулу.
Қазақстан Республикасының «Ұлттық энциклопедиясында» адамгершілік ұғымына былай деп анықтама берілген: «Адамгершілік – адам бойындағы гуманистік құндылық, әдеп ұғымы. «Кісілік», «Ізгілік», «Имандылық» тәрізді ұғымдармен мәндес». Халықтық дүниетанымда мінез-құлықтың әртүрлі жағымды жақтары осы ұғымнан таратылады. Мінез-құлық пен іс-әрекеттерде көзге түсетін төмендегідей адамгершілік белгілерін атап өтуге болады: адамды қастерлеу, сыйлау, сену, ар-ұятты сақтау, имандылық пен рақымдылық, ізеттілік пен кішіпейілділік, әділдік, қанағатшылық, т.б.
Осы негізде, курстық жұмысымның тақырыбына байланысты жұмысымның мақсат - міндеті төмендегідей:
бастауыш сынып оқушыларында сыпайылылық, қайырымдылық, мейірімділік қасиеттерін қалыптастыру;
оқушылардың рухани-адамгершілігін қалыптастыратын салауатты өмір салтын құруға көңіл бөлу.
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу – басты мақсат
Адамгершілік тәрбиесіне мақсатқа негізделге көзқарасты, сенімді, парасатты, мінез-құлық дағдылары мен әдеттерді қалыптастыруға және адамгершілік сезімді, ұлттық сананы, қарым-қатынасты дамытуға, құндылықты тиімді пайдалануға бағытталған жалпы адамзаттық тәрбиенің құрамдас бөлігі,- деген анықтама берілген.
Мораль нормалары баланың оларды сезім арқылы меңгеруі арқасында ғана адамгершілік субъектісіне айналады.
Л.Х.Салимованың айтуынша: «адамгершілік тәрбие жеткіншектердің адамгершілік нормалар мен ережелерді меңгеруге, оларда адамгершілік сезімдерді дамытуға, адамгершілік сана мен сенімдерді қалыптастыруға, мінез-құлық дағдылары мен әдеттерді, іскерліктерді шыңдауға бағытталған педагогикалық үрдіс. Бұл үрдістің негізгі мақсаты – жеке тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеуі, өзін-өзі жетілдіру деңгейіне өтуі».
Адамгершілікке тәрбиелеу жеткіншектер үшін маңызды және тартымды. Оның нәтижелі болуы мұғалімнің даярлық деңгейіне, іс-әрекеттер барысында мынандай шарттарды орындауына байланысты:
Оқушылардың жас ерекшеліктерін, қызығушылықтарын ескеру;
Іс-әрекеттің қоғамға пайдалы болуын ескеру, ұжымның бірлесіп әрекет етуіне мән беру;
Белгілі нәтижеге жету ұжымның көңіл-күйіне байланысты екенін ескеру;
Оқушылардың бір-бірін түсінуіне қамқорлық жасау.
Қазіргі педагогикада жеке тұлғаның адамгершілік тәрбиелігінің өлшемдерін анықтауда бірнеше көзқарастар бар. Мәселен, Е.В.Бондаревская, И.С.Мариенко, Б.Т.Лихачевтың еңбектерінде адамгершілік тәрбиелігінің өлшемі ретінде жеке тұлғаның қоршаған шындыққа (әлеуметтік орта, еңбек іс-әрекеті, ұжым және т.б.) қарым-қатынасы саналады.
Н.И.Монахов, Н.И.Болдырев болса, оқушының адамгершілік тәрбиелілігін жеке тұлғаның белгілі бір адамгершілік сапаларының жиынтығы ретінде қарастырады. Өйткені, адамгершілік қасиеттердің құрылымдық түрлері: адамгершілік сана, сенім, мінез-құлық дағдылары мен әдеттері болып табылады.
Е.С.Богданова, Н.А.Каировтар оқушылардың адамгершілік деңгейін адамгершілік сана, сезім және мінез-құлық деңгейі ретінде қарастыруды ұсынады.
Адамгершілік тәрбиенің бастауы баланың алуан түрлі практикалық іс-әрекетінің барлығына енгізілуі керек. Сонымен қатар, олардың эмоциялық және интеллектуалдық жағын да қамтыған жөн.
Адамгершілік тәрбиесі – адамгершілік мінез-құлық, сезімдер мен түсініктерді тәрбиелеу.
Адамгершілік тәрбиенің түп қазығы балалардың бір-біріне қарым-қатынасын мақсатты түрде қалыптастыру.
Тәрбие баланың адамгершілік мінез-құлық нормаларына сәйкес балалар ұжымында өздігінен шешім қабылдау мүмкіндігіне ие бола алатындай дәрежеде құрылу керек.
Жеке тұлғаның адамгершілік дербестігі кең түрдегі қарым-қатынас арқылы қалыптасады. Тәрбие оқушылардың өз мінез-құлқының адамгершілік жақтарын саналы түсінуін қамтамасыз етеді.
Адамгершілік тәрбиесі оқушылардың нақты жас ерекшелігіне қойылатын талаптардың көлемі, мазмұны, тізбегі жөніндегі түсінік негізінде анықталады.
Жалпы әлеуметтік тәрбие үш түрлі функционалдық-әлеуметтік, теориялық және практикалық салада қарастырылады. Адамгершілік тәрбиенің әлеуметтік қызметі жеткіншек ұрпаққа жинақталған тәжірибені жеткізуден көрінеді. Ал оның теориялық аспектісі білім саласын теориялық жағынан дамытуды қамтамасыз етеді.