Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
referattar.kz_122381694.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
160.26 Кб
Скачать

Мазмұны

I. КІРІСПЕ БӨЛІМ............................................................................................3

  1. Адамгершілік тәрбие туралы түсінік.......................................................3

II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ............................................................................................

  1. Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу – басты мақсат......................

  2. Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеу...................

  3. Адамгершілік тәрбиесінің әдіснамалық негізі.......................................

  4. Ы.Алтынсарин, әл-Фараби, т.б. ұлы адамдар мен педагогтардың адамгершілік тәрбиесі туралы ойлары....................................................

III. ІС ТӘЖІРИБЕ..............................................................................................

IV. ҚОРЫТЫНДЫ.............................................................................................

V. ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..................................................................................

.

I. КІРІСПЕ БӨЛІМ

1. Адамгершілік тәрбие туралы түсінік

Адамның адамгершілік атты асыл қасиетті игерген мәдениетті, нағыз адам болып өсуі, әр халықтың ғасырлар бойы дамып, қалыптасқан ұлттық тәлім-тәрбиесін бойға сіңіруіне байланысты.

Адам баласы қоғамда өзінің адамгершілік қасиеттерімен, әдептілігімен, қайырымдылығымен, адалдығымен ардақталады. Халқымыздың ғасырлар бойы сақталып келген ұлттық дәстүрін жас ұрпақтың бойына сіңіру, оларды имандылыққа, адамгершілікке, ізеттілікке, инабаттылыққа тәрбиелеуді мақсат етіп қойған. Адамгершілік тәрбиесі дегеніміз – мақсатты және жүйелі түрде тәрбиеленушінің санасына, сезіміне және тәртібіне қоғамдық мораль талаптарына сәйкес адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру.

Адамгершілік тәрбиесі жеке адамды қалыптастыруда ерекше орын алады. Ол отбасына, Отанға, халықтар достығына адал, кіршіксіз көзқарасы, қарым-қатынаста болуды талап етеді.

Адамгершілік тәрбиесі оқушыларды адамгершілік ұғымды, принциптерді, мінез-құлық нормаларын ұғу жайындағы біліммен қаруландырады. Сонымен қатар, ол адамның ішкі жан-дүниесінің әсемділігінен бастап, оның сыртқы келбеті, ой әсемдігі мәселелерін қамтиды. Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеудің мазмұны: тәртіптілік пен ұйымшылдық, достық пен жолдастық, шыншылдық пен әділдік, еңбек пен өз мінез-құлқына сын көзбен қарай білу сияқты қасиеттерді қамтиды.

Мектептегі адамгершілік тәрбиесі біздің өміріміздің тек осы кездегі талаптарын ғана емес, болашаққа да бағытталуы тиіс. Оқушы қаншалықты білімді болғанымен, оның адамгершілік қасиеті жетіспей жатса, оның жолдастары арасында болмағаны былай тұрсын, жақсы азамат та бола алмайды. Олай болса, мектеп қабырғасында оқушыларға берілетін адамгершілік дағдыны бірер жылдың ішінде оқушылардың бойына сіңіре қоюға болмайды. Ол – ұзақ жылдың жемісі.

Оқушылар бойында жалпы адамзаттық қалыптармен гуманистік, моральдық (қайырымдылық, ізгілік, өзара түсінушілік, ізеттілік, кішіпейілділік, адалдық және т.б.) тәрізді жасампаз қасиеттерді сіңіріп, олардың өзара қарым-қатынас мәдениеті мен зерделік-танымдық қасиеттерін дамытуға ерекше мән беруіміз керек. Жалпы адамзатқа тән ізгілік қасиеттер өз әке-шешесін, ауылын, отанын, сүюден, ұлттық өнер мен мәдениетке, ана тіліне деген сүйіспеншілігінен туындайды. Осыларды ескере келіп, тәрбие ісінде оқушыларды өзін қоршаған әлеуметтік ортаға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеуден бастап, әлемдік өркениетті мәдениетті меңгеруге, бағалауға тәрбиелеу оқу-тәрбие ісінің басты міндеті болып саналады.

Оқу мен тәрбие тығыз байланысты. Жас ұрпақ тәрбиесі сабақ барысында және сыныптан тыс уақытта жүргізіледі. Бастауыш сынып оқушыларын сабақ барысында тәрбиелеу - өзіндік ерекшеліктері бар, күрделі үрдіс.

Бастауыш сынып оқушысының рухани-адамгершілік даму деңгейінің жетілуі немесе өзгеріссіз қалуы ұстаздың ізденімпаздығына және тәрбие теориясы мен әдістемесін орынды пайдалана білуіне байланысты. Көптеген жағдайда, әсіресе бастауыш мектепте оқушы ұстаздың адамгершілікке баулуға құрылқан тәрбие міндетіне дұрыс жауап бергенімен, оның рухани-адамгершілік даму деңгейі өзгеріске ұшырамайды. Өйткені оқу материалы оның адамгершілік сапасының жетілуіне тиісті түрткі тудыра алмайды. Оқу үрдісінде оқушы өз бойында бұрынна қалыптасқан адамгершілік сипатын ғана көрсете алады.

Республика білім және ғылым қызметкерлерінің ІІ съезінде Елбасы Н.Ә.Назарбаев білім және ғылым саласындағы түйінді мәселелерді шешудің төте жолдарын ұсынып, тәрбиенің үш өзекті бағытын айқындады:

- Бүгінгі жастар осы заманның сыншысы да, тарихшысы да болатындықтан жастармен жүйелі жұмыс жүргізілуіне баса назар аударды;

- Қазақстанда жүріп жатқан осы ауқымды өзгерістерге байланысты педагогикалық кадрлар дайындау жүйесін құру қажеттігін көрсетті, ең алдымен бүгінгі мұғалім кәсіби білімімен, шеберлігімен қатар, жастарға өзінің бойындағы адалдық, адамдық, тазалық, гуманистік және өз Отанын сүйе білу, ең жоғары адамгершілік қасиет сапаларымен ықпал жасай отырып, тәрбиелеуі керектігіне мән беру қажеттігін айтты;

- Жастарды адамгершілікке тәрбиелеу сапасын көтеруге негіз болатын мәселе – ол білім мен тәрбие беру саласындағы ғылымның дамуымен байланысты. Бүгінгі таңда реформаның тиянақты жедел жүзеге асырылуы мұғалім, тәрбиеші, оқушылардың адамгершілік тәрбиесі туралы ғылыми-теориялық білімі болу керектігіне және өзін-өзі дамытудың субъектісіне айналу қажеттігіне назар аударды.

Жоғарыда айтылғандарға байланысты әрбір мұғалім Қазақстан Республикасының үшінші мыңжылдықтағы жаңа әлеуметтік мәдени жағдайына орай, адамгершілік тәрбиесінің мақсатына, мазмұнына, түрлеріне, әдіс-тәсілдерінің ауқымды өзгерістеріне байыптап қарап, бағамдау үшін оқушыларға тәрбие берудің тарихи-философиялық, педагогикалық мәселелеріне аса зор мән берген жөн.

Қазіргі таңда әсіресе, көп көңіл бөлінетін мәселе – адамгершілік тәрбиені күшейту.

Зерттеудің өзектілігі. Жаңа заман өз талабына сай жаңа адамгершілік тұжырымдар мен нормаларды қалыптастырады. Әрине, бұл міндетті түрде оқушылардың адамгершілік қалыптасуына әсер етпей қоймайды. Оқушылардың адамгершілігі, саналылығы оның қоршаған адамдармен, отбасы мүшелерімен дұрыс қарым-қатынас орнатуға ықпал ететін елеулі фактор. Оқушылардың тұлғалық қалыптасуында адамгершілік қалыптасуы негізгі, шешуші роль атқарады. Осыған орай, адамгершілік санасы «нормадан» ауытқып қалыптасқан жасөспірімнің басқалармен қарым-қатынасы өзге механизм желісінде қалыптасады. Ата-аналар дер кезінде балаға адамгершілік тәрбие беріп, баланың қате ұстанымдырын уақытында дұрыстап отырса, соғұрлым жасөспірімнің тұлғалық қалыптасуы тиімді жүзеге асып, адамгершілік саналылығы да жоғары болады. Ал адамгершілік тұжырымдары мен саналылығы жоғары жасөспірім өз алдына қоғам дамуына елеулі үлесін қосады деп болжай аламыз. Бұл жұмыста адамгершілік тәрбиесінің маңыздылығын анықтаумен қатар, жасөспірімнің тұлғалық адамгершілік қалыптасуындағы отбасы мүшелерінің маңызды, шешуші ролі көрсетіледі.

Тәрбиедегі адамгершілік идеясын жүзеге асыру, мектепте оқытудың педагогикалық жағдайын жасауға бағдарлау, тәрбиеленушінің жеке даму субъектісі ретінде өз бетінше жүру жолын таңдауы тәрбиелеу мен оқыту процесін ұйымдастырудың қазіргі негізі болып табылады.

Еліміздің болашақ жастарын адамгершілік тәрбиесіне ұлттық және жалпы адами құндылықтарды, адамгершілік идеяларды бойына сіңірген қоғамның демократиялық көркеюі негізінде жаңа қырынан келу қажеттігі анық.

Қазақстандық зерттеушілердің еңбектерінде педагогика ғылымының әдіснамалық мәселелері қарастырылған. Н.Д.Хмель, А.Қ.Рысбаеваның зерттеулерінде «Табысты іс-әрекет» педагогиканың категориясы ретінде дәлелденген. «Табысты іс-әрекеттің» педагогиканың негізгі «тәрбиелеу», «білім беру», «оқыту», «педагогикалық үдеріс» және «әлеуметтендіру» категорияларымен өзара байланысты екендігі айқындалған.

Бүгінгі таңда Қазақстанда халықтық педагогика арқылы оқушыларға адамгершілік тәрбие беру мәселелері Р.К.Төлеубекова,Ж.Б.Сәдірмекова, А.Е.Дайрабаева , А.Қ.Қисымова, Г.А.Мұратбаева, Р.Ә.Сқақова, Ұ.Т.Төлешова және т.б. зерттеу еңбектерінде қарастырылып, тың нәтижелер алынғандығы белгілі.

Адамгершілікке тәрбиелеу мәселесі қай заманда болмасын ойшылдардың, ағартушылардың, ғалым-педагогтардың назарынан тыс қалмағандығы белгілі. Классикалық педагогиканың өкілдері Я.А.Коменский, К.Д.Ушинский, Н.К.Крупская , С.Т.Шацкий, А.С.Макаренконың еңбектерінің негізгі өзегі адамгершілігі мол саналы азаматты тәрбиелеу болып табылады. Қазақ ағартушылары Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин , А.Құнанбаев , М.Жұмабаев , А.Байтұрсынов т.б. өздерінің саяси-қоғамдық, ғылыми және әдеби еңбектерінде балалар мен жастардың адамгершілік тәрбиесі туралы пікірлер айтып, ғылыми құндылығы жоғары мұралар қалдырған

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]