Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
OTVETY_GOS_2-2.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
136.38 Кб
Скачать

39Билет

  1. Мүлікті ұлт меншігіне алу, реквизициялау және тәркілеу олардың құқықтық ерекшеліктері.Меншік құқығын және өзге заттық құқықтарды мәжбүрлеп тоқтатудың негіздеріне мыналар жатады: меншік иесінің міндеттемелері бойынша өндіртіп алуды мүлікке аудару; заң актілеріне сәйкес сол адамға бола алмайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен алу; реквизиция ; тәркілеу; жер учаскесін алып қоюға байланысты қозғалмайтын мүлікті иеліктен алу; күтімсіз ұсталған мәдени және тарихи қазыналарды сатып алу;Меншік иесіне тиесілі мүлікті реквизициялау табиғи апат, авария, эпизоотия, эпидемия және төтенше сипаттағы өзгедей мән-жайларда, заң актілерінде көзделген тәртіпте және басқару органының шешімі негізінде жүзеге асырылады.Тәркілеу жасалған қылмыс және өзге құқық бұзушылық үшін санкция түрінде, тек сот тәртібінде ғана жүзеге асырылады. Реквизициялағанда және тәркілегенде бір адамның құқығы тоқтайды, екіншісінікі пайда болады. Ал осы құқықтар қай кезде тоқтап, қай кезде пайда болады деген сұрақ туындайды. Жылжымайтын мүлікті реквизициялағанда және тәркілегенде құқық уәкілетті органның шешімі негізінде ол құқықтық кадастрде тіркелген кезден бастап тоқтайды.

2.Азаматтық құқықтық шарттың түсінігі мен белгілері.Шарт көне құқықтық құрылымның бірі. Шарттың ғасырлар бойы пайдаланылуы құқықтың икемді түрі екендігін көрсетеді, ол арқылы әртүрлі қоғамдық қатынастарды реттеуге болатындығы дәлелденген. Шарттың негізгі міндеті заң шеңберінде адамдардың әрекетін реттеу. Ал оларды бұзу заң талаптарын бұзушылықты білдіреді.Шартты (contractus) рим құқығы үш түрлі мағынада: құқық қатынастарының туындауы ретінде; құқықтық қатынастың өзі ретінде; ең соңыңда тиісті құқықтық қатынастың нысаны ретінде қарастырады.Екі немесе одан көп адамның Азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келісімі — шарт деп танылады. Шарт еркіндігі. Азаматтық заңның негізгі бастауларының бірі Азаматтық кодекс айқындаған шарт еркіндігі болып табылады.Азаматтық құқықтың субъектісі шарт жасауда еркін болады. Ол атап айтқанда: 1) шартты жасау не жасамау; 2) шарт бойынша серікті жақты таңдау; 3) шарттың түрін таңдау; 4) шартқа белгілі бір не басқа жағдайларды өзінің қалауынша енгізу.

3.Жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау немесе сату үшін жауаптылық. Қылмыстың объектiсi Қазақстан Республикасының ақша қаражат жүйелерi болып табылады. Қылмыстың заты — Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi-нiң банкноттары мен мәнеттерi, мемлекеттiк бағалы қағаздар, Қазақстан Республикасының валютасындағы басқа қағаздар, шетел валютасы, шетел валютасындағы бағалы қағаздар. Бұлар Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 24 желтоқсандағы «Валюталық реттеу туралы» заңымен реттеледi.Объективтiк жағынан iс-әрекеттер мынадай екi нысан арқылы сипатталады:1) жалған ақша немесе бағалы қағаздарды дайындау; 2) жал-ған ақша мен бағалы қағаздарды сақтау; 3) жалған ақша мен бағалы қағаздарды өткiзу. Дайындау әрекеттерi қолдан немесе техника құралдарын пайдалану арқылы (баспаханалық тәсiл-мен, ротапринт, ксерокөшiрме арқылы суреттерiн қолдан жасау т.б.) жүзеге асырылады. Сақтау деп дайындалған жалған ақша мен бағалы қағаздарды өткiзгенге дейiн өз иелiгiнде ұстап тұруды айтамыз.Өткiзу — жалған ақша немесе бағалы қағаздарды төлем құралы ретiнде пайдалану, айырбастау, сыйға беру, атқарылған жұмыс немесе қызмет көрсету ақысы ретiнде төлеу әрекеттерiн жүзеге асыру арқылы көрiнiс табуы мүмкiн. Осы көрсетiлген әрекет-тердiң бiреуiн iстеу арқылы жалған ақша немесе бағалы қағаздардың бiреуiн өткiзсе қылмыс аяқталған деп табылады.Қылмыс тiкелей қасақаналықпен және арнаулы мақсатпен iстеледi. Қылмыстың субъектiсi — жалпы субъект. 16-ға толған, есi дұрыс кез келген адам.Қылмыстың ауырлататын белгiлерi: iрi мөлшерде жасалған; не жалған ақша мен бағалы қағаздарды дайындағаны немесе өткiзгенi үшiн бұрын сотталған адам жасаған әрекеттер болса.

  1. билет

1.Ортақ меншіктің түсінігі мен түрлері.Бір затқа меншік құқығы бірнеше меншік иесіне қатысты болуы мүмкін, ал мұндай жағдайда ортақ меншік қатынасы пайда болады. Мұндай жағдайда меншік құқығы бірнеше меншік иелеріне бөлінеді. Ортақ меншік екі немесе бірнеше адамның меншігіне мүлік түскен кезде пайда болады, оны өзінің мақсаты өзгертілмейінше бөлуге болмайды (бөлінбейтін заттар), өйткені, ол заңға сәйкес бөлінуге жатпайды. Мысалы, шаруа (фермер) қожалығы мүшелерінің бірі одан шыққан кезде, шаруашылықтың өндіріс құрал-жабдықтары бөлінуге жатпайды.Ортақ меншіктің субъектілері жеке және заңды тұлғалар, оның ішінде шетел азаматтары.Ортақ меншік құқығы әртүрлі заңдық фактілер, атап айтқанда, шарттар, келісімдер, заңда кезделген өзге де реттер негізінде де жүзеге асады Ортақ меншіктің түрлері. Ортақ меншік бірлескен (үлесі белгіленбеген) және үлестік меншік болады.Әрбір меншік иесіне ортақ меншіктің үлесі тиесілі. Мұндай үлес тең және тең емес дәрежеде бөлінеді. Бірақ та үлестің көлемі мүлікті иелену, пайдалану және билік етуге байланысты мәселелердің шешіміне әсер етпейді. Сондықтан да олар ортақ келісім негізінде бірлесіп шешіледі.Мүлікке ортақ меншік үлестік меншік болып табылады, бұған мүлікке ортақ меншік құру заңда көзделген реттер қосылмайды. Ортақ бірлескен меншік: 1) ерлі-зайыптылардың ортақ меншігі; 2) шаруа (фермер) қожалығының ортақ меншігі; 3) жекешелендірілген тұрғын үйге ортақ меншік түрінде болады. Заң құжаттарында ортақ бірлескен меншіктің басқа да түрлері көзделуі мүмкін.Басқа жағдайлардың бәрінде үлестік меншік түрінде көрінеді.Бірлескен ортақ меншікте оған қатысушылардьщ үлесі болады, бірақ олардың жалпы мүліктегі көлемі алдын-ала айқындалмауына байланысты оны да тең деп есептейді.Мұндай тәртіп ерлі-зайыптылардың некеде тұрған кезінде бірлесіп тапқан мүліктеріне де қатысты Демек, неке шартында олар мүлікті бірлесіп немесе жекелей пайдалануына болады.Келісімге келе алмаған жағдайда әрбір меншік иесі сотқа жүгінуіне құқылы.

2.Шарт жасасудың негіздері мен сатылары. Шарт әр жақтың келісімі болып табынатындықтан, ол бір жақтың келісім жасауға ұсынысы мен екініш жақтың ондай ұсынысты қабылдау нәтижесінде жасалады. Шартты жасау тәртібі.Бір жақтың шарт жасауға ұсынысы оферта арқылы шарт жасау (бірінші кезең) және Екінші жақтың ұсынысын қабылдауы (екінші кезең) оның акцептісі болады.Жолданған офертаны алған тұлға оны қабылдауға келісім бергенде, яғни, акцепт болғанда шарт жасалды деп есептеледі. Заңға сәйкес шарт жасау үшін әр жақтың келісімімен басқа мүліктерді де тапсыруы керек, мүліктер тапсырылған сәттен бастап шарт жасалды деп есептеледі.Оферта шарттың елеулі жағдайлары енгізілуі тиіс және шарт жасау үшін сол елеулі жағдайлармен келісуі жеткілікті.оферта оны жіберген жақ пен алушының қолына тигеннен бастап оларды өзара байланысты етіп қояды. Шарт жасасудың екінші кезеңі — акцепт. Акцепт оферта жолданған жақтың оны қабылдағаны туралы жауабы Акцепт толық әрі бұлтарыссыз болуға тиіс. Офертаны алған жақтың оның акцепті үшін белгіленген мерзімде онда көрсетілген шарт ережелерін орындау жөнінде жасаған әрекеттері акцепт деп есептеледі.Офертада акцептіге арналған мерзім көрсетілген жағдайда, егер оферта жіберген жақ акцепті онда көрсетілген мерзім ішінде алса, шарт жасалған болып есептеледі.Шарт жасасуға міндетті тарап оны жасасудан жалтарса, екінші тарап шарт жасасуға мәжбүр ету туралы талап қойып сотқа жүгінуге құқылы. Шарт жасасудан негізсіз жалтаратын тарап екінші тарапқа шарт жасасудан бас тарту арқылы туғызған залалдың орнын толтыруға тиіс.

3.Бұзақылық үшін қылмыстық жауаптылық. Бұзақылықтың қоғамдық тәртiпке, азаматтардың тыныштығына зардабын тигiзетiн, қайсыбiр жағдайларда, одан гөрi ауыр қылмысқа итермелейтiн қауiптi құқық бұзушылық екенiне дау жоқ. Бұзақылық жасаған адам қоғамдық тәртiптi, адамгершiлiк салтты өрескел бұзатын, көбiнесе себепсiз немесе болар-болмас себептi пайдаланып қоғамды мейлiнше сыйламаушылықтан көрiнетiн, қоғамдық тәртiпке ашық қарсыласуымен, өзiн айналасындағыларға қарсы қоюымен, оларға немқұрайды қарым-қатынасымен әдейi жасалған әрекеттерi арқылы көрiнiс табады. Бұзақылық — тұрмыс салты мен қоғамдық тәртiптiң бiрден-бiр жауы.Қылмыстың тiкелей объектiсi — қоғамдық тәртiп, ал қосымша объектiсi — адамның денсаулығы, ар-намысы немесе меншiгi болып табылады.Осы қылмыстың жәбiрленушiсi кез келген адам болуы мүмкiн. Объективтiк жағынан бұзақылық қоғамды анық құрметте-меуiн бiлдiретiн, азаматтарға қарсы күш қолданумен не оны қолданамын деп қорқытумен, сол сияқты бөтеннiң мүлкiн жоюмен немесе бүлдiрумен не ерекше арсыздықпен ерекшеленетiн әдепсiз iс-әрекет жасаумен ұштасқан қоғамдық тәртiптi тым өрескел бұзушылық әрекеттер арқылы сипатталады. Адам өз әрекеттерi арқылы қоғамдық тәртiптi өрескел бұзып, қоғамды көрiнеу құрметтемегендiгiн бiледi және осы әрекеттердi iстеудi тiлейдi.Бұзақылықтағы қылмыстың ниетiне қоғамды көрiнеу сыйламаушылықтан туындаған эгоистiк көзқарастар, бостандықты терiс түсiнушiлiктен болған жағдаяттар жатады. Бұзақылық ниетке — қоғамды көрiнеу құрметтемеушiлiктi бiлдiретiн әр түрлi дөрекi-лiктер, өктемдiктер, қатыгездiктер, тентектiк пен арсыздық, ұятсыздық көрiнiстерi жатады.Бұзақылықтың мақсаты қоғамдық тәртiптi өрескел бұза отырып, жәбiрленушiге күш көрсету, қорқыту, оның бойына қорқы-ныш туғызу, мүлкiн жою, бүлдiру болып табылады. Қылмыстың субъектiсi – жалпы, 16-ға және 14-ке (толған есi дұрыс адам.Бұзақылықтың ауырлататын (кәнiгi) түрi үшiн жауаптылық белгiленген. Олар: а) адамдар тобы, алдын ала сөз байласқан адамдар тобы немесе ұйымдасқан топ жасаған; б) өкiмет өкiлiне не қоғамдық тәртiптi қорғау жөнiндегi мiндеттi атқарушы немесе қоғамдық тәртiптi бұзуға тыйым салушы өзге де адамға қарсылық көрсетумен байланысты болса; в) бiрнеше рет жасаса

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]