
37Билет
1.субъективтік азаматтық құқық ретіндегі меншік құқығының түсінігі.Азаматтардың меншік құқығы жеке меншік құқығы түрлерінің бірі болып табылады. Азаматтардың меншік құқығы азаматтар меншігінің экономикалық санатын көрсетеді. Біз меншікті иемденуді алып қоғамдық қатынастар ретінде қарастырып отырғандықтан, азаматтардың меншіктері жеке иемдену тұрғысынан алғанда қоғамдық қатынастар болып табылады. Сонымен, азаматтардың меншіктері экономикалық санат ретінде жеке дара иемденудің барлық формаларын қамтиды. Азаматтық заңнама мүлікті азаматтар меншігіне айналдыру, олардың бұл мүлікті иемдену, пайдалану, оған билік ету және сол мүлікті қорғау жөніндегі қатынастарды реттейді. Қатынастардың бұл түрін реттейтін нормалар жиынтығы азаматтардың меншік құқығын құрайды, басқаша айтқанда бұл –объективтік мағынадағы меншік құқығы. Субъективтік мағынадағы меншік құқығы дегеніміз, ол- азаматтың өзіне тиесілі мүлікті өз қалауы бойынша иемдену, пайдалану және билеу жөніндегі, заңнамамен танылған және қорғалған құқығы. Тиісінші, қатаңырақ формада алғанда, азаматтардың меншік құқығы дегеніміз- материалдық игіліктерді жеке дара иемдену тұрғысынан алғандағы құқық нормаларымен реттелген қоғамдық қатынастар.
2.азаматтық құқықтық жауаптылық жүйесіндегі кездейсоқ жағдай және еңсерілмейтін күш түсініктері. Азаматтық-құқықтық жауаптылық құқық бұзушының мүлкінен айыру, не алу, немесе кәсіпкерлікпен айналысуға тыйым салумен, занды тұлғаны мәжбүрлікпен жою, не қайта құрумен байланысты, жағымсыз нәтижелі, құқықтық жауаптылықтың бір түрі. Азаматтық-құқыктық жауаптылықтың бірнеше түрі бар.Шарт бойынша және шарттан тыс жауаптылық. Шарт бойынша жауаптылық дегеніміз несие берушінің алдындағы борышын өтемеген, не оның толық ыждақаттылықпен орындалмағаны үшін шарт, не басқа да құқықтық негіздер бойынша борышқорға мүліктей зиян әкелетін жағымсыз салдарлар. Шартта белгіленбеген, бірақ бір тұлғаның құқыққа карсы әрекетінің нәтижесінде, екінші бір тұлғаға келтірілген зиян бойынша күшіне енетін жауаптылықты шарттан тыс жауаптылық деп атаймыз.
3.ерекше құнды заттарды ұрлағаны үшін қылмыстық жауаптылық. ерекше тарихи, ғылыми, көркемдiк немесе мәдени жағынан құнды заттар мен құжаттарды талан-таражға салу, талан-тараждың жасалу тәсiлiне қарамастан осы қылмыс құрамын құрайды. Талан-тараждың осы түрiнiң заты болып ерекше тарихи, ғылыми, көркемдiк немесе мәдени жағынан құнды заттар мен құжаттар танылады. Бұларға археологиялық қазбалар нәтиже-сiнде табылған ерекше заттар, көркемдiк маңызы ерекше заттар (картиналар, скульптуралық шығарма, әр түрлi нәрселерден жасалған көркем бұйымдар), көне кiтаптар, сирек қолжазбалар, архивтер, сирек кездесетiн коллекциялық байланыс маркалары, көне мәнеттер, ордендер, ғылым немесе мәдениет үшiн аса құнды құжаттар жатады.Заттар мен құжаттардың ерекше тарихи, ғылыми, көркемдiк немесе мәдени жағынан құндылығы, олардың ақшалай бағасымен бiрге тарихи, ғылыми немесе мәдениет үшiн және бар немесе жоғына байланысты сарапшылық қорытындысы арқылы анықталады.Қылмыс объективтiк жағынан ерекше тарихи, ғылыми, көр-кемдiк немесе мәдени жағынан құнды заттар мен құжаттарды талан-таражға салу, талан-тараждың тәсiлiне (ашық, жабық, күш қолдану арқылы, алдау немесе сенiмге қиянат жасау) қарамастан жүзеге асырылады. Мұндай әрекеттердi iстеу ұрлық, алаяқтық, иеленiп кету немесе ысырап ету, тонау я болмаса қарақшылықпен жасалуы да мүмкiн. Ерекше құнды заттар мен құжаттарды талан-таражға салу сол заттарға кiнәлi адам толық иелiк еткен уақыттан бастап аяқталған деп саналады. Осы көрсетiлген қылмыс құрамын — ұрлық, тонау немесе қарақшылық нысандары арқылы iстеген 14-ке толған адам осы қылмыстың субъектiсi болып танылады, ал талан-тараждан басқа нысандармен осы қылмысты iстеген жағдайда — қылмыстың субъектiсi болып — 16-ға толған азаматтар танылады.Көрсетiлген қылмыс құрамы субъективтiк жағынан тiкелей қасақаналықпен және пайдакүнемдiк мақсатпен жүзеге асырылады. осы қылмыс құрамының мынадай ауырлататын түрлерi көрсетiлген:а) адамдар тобы алдын ала сөз байласып немесе ұйымдасқан топ жасаса;б) бiрнеше рет жасалса;в) осы баптың бiрiншi бөлiгiнде аталған заттардың немесе құжаттардың жойылуына, бұзылуына немесе бүлiнуiне әкеп соқса.