
36 Билет
1. Азаматтық құқықтағы талап қою мерзімінің түсінігі мен маңызы. Талап қою мерзімі — адам құқығының немесе заңмен қорғалатын мүдденің бұзылуынан туындайтын талаптың қанағаттандырылуы мүмкін болатын уақыт кезеңі. Талап қоюды реттеу нормалары өктем (императивті) сипатта болады. Яғни тараптар талап қоюшылықты келісіммен өзгерте алмайды, бекітілген талап қою мерзімі мен оны есептеу тәртібін бұрмалауға жол берілмейді. Талап қою мерзімдері жалпы және арнаулы болып бөлінеді. Талап қоюдың жалпы мерзімі үш жыл болып белгіленеді. Талап қою мерзімі Азаматтық құқық қатынастарында заңда қаралған мынадай жағдайлардан басқасының бәрінде қолданынады, яғни 1) заң құжаттарында көзделгеннен басқа реттерде материалдық емес игіліктер мен мүліктік емес өзіндік құқықтарды қорғау туралы талаптарға; 2) салымшылардың банкіге банктік салымдарды беру туралы талаптарына; 3) азаматтың өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянның орнын толтыру туралы талаптарға қолданылмайды. Алайда, талап қою мерзімі өтіп кеткеннен кейін қойылған талаптар талап қойылған соң үш жылдан асырмай қанағаттандырылады; 4) егер меншік иесінің немесе өзге заң иеленушінің өз құқығының кез келген бұзылуы иеліктен айыруға байланысты болмаса, олардың осы құқық бұзушылықты жою туралы талабына; 5) заң құжаттарында белгіленген реттерде басқа талаптарга да қолданылмайды.Талап қою мерзімінің өтуі адам құқық бұзушылық туралы білген немесе білуге тиіс болған күннен басталады. Тап осы сәттен бастап жәбірленушінің әрі материалдық әрі азаматтық іс жүргізу тұрғысынан талап-арыз беру құқығы пайда болады.
2. кепіл болушылық және кепіл міндеттемені қамтамасыз етудің тәсілдері ретінде.Кепiл болушылық бойынша кепiл болушы басқа жақтың (борышқордың) несие берушiсi алдында осы жақтың мiндеттемесiнiң орындалуына толық немесе iшiнара қосалқы жауап беруге мiндеттенедi.Кепiлдiк берушi, несие берушiнiң талаптарын қанағаттандырғанға дейiн бұл туралы борышқорға ескертуге, ал егер кепiлдiк берушiге қуыным жасалса, борышқорды iске қатыстыруға мiндеттi. Олай болмаған жағдайда борышқор өзiнiң несие берушiге қоймақшы болған қарсылықтарын кепiлдiк берушiнiң қайтарып қойған талабына қарсы қоюға құқылы.Мiндеттеменi орындаған кепiлдiк берушiге несие берушiнiң осы мiндеттеме жөнiндегi барлық құқықтары және кепiл ұстаушы ретiнде несие берушiге тиесiлi құқықтар кепiлдiк берушi несие берушiнiң талабын қанағаттандырған көлемде көшедi. Кепiлдiк берушi, сондай-ақ, борышқордан несие берушiге төленген соманың айыпақысын және сыйақысын (мүддесiн) төлеудi және борышқор үшiн жауапкершiлiкке байланысты шеккен өзге де залалдардың орнын толтыруды талап етуге қақылы.Кепiлдiк берушi мiндеттеменi орындағаннан кейiн несие берушi борышқорға қойылған талапты куәландыратын құжаттарды кепiлдiк берушiге тапсыруға және осы талапты қамтамасыз ететiн құқықтарды беруге мiндеттi. Кепiл болушы дәл осындай құқықтарға борышқордың несие берушi алдындағы мiндеттемесiн өзi орындаған бөлiгiнде ие болады.
3. бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бұлдіру үшін қылмыстық жауаптылық. Бөтеннiң мүлкiн едәуiр зиян келтiру арқылы қасақана жою немесе бүлдiру ғана қылмыстық iс-әрекет деп танылады. Осы қылмыстың затына кез келген мүлiк: қозғалатын немесе қозғалмайтын, оның iшiнде азаматтық айналымнан алынған мүлiктер де жатады. Бөтеннiң мүлкiн жою деп оны мақсатты пайдалануға мүлдем жарамсыз етiп тастауды, нәтижесiнде ол түкке жарамсыз болып өзiнiң шаруашылық-экономикалық құндылығын толық жоюын айтамыз.Бөтеннiң мүлкiн бүлдiру деп оны iшiнара жарамсыз ету, соның нәтижесiнде мүлiк өзiнiң мақсатты пайдаланылуының бiр бөлегiн жоғалтады, сөйтiп ол өз қалпына келтiрiлмесе немесе толық жөнделмесе пайдалануға жарамсыз болады.Бұл қылмыстың субъектiсi болып 16-ға толған, есi дұрыс азамат танылады, ал ауырлататын мән-жайлар негiзiнде мүлiктi қасақана жойғаны немесе бүлдiргенi үшiн қылмыстық жауаптылыққа 14 жасқа толған адам тартылады.Субъективтiк жағынан қылмыс кiнәлiнiң қасақаналық нысаны арқылы жүзеге асырылады. Бұл ретте қасақаналық тiкелей немесе жанама да болуы мүмкiн.Кiнәлi адам бөтеннiң мүлкiн құқыққа қайшы қасақана жою немесе бүлдiру арқылы өз iс-әрекетiнiң қоғамға қауiптi екенiн ұғынып, оның меншiк иесiне едәуiр мүлiктiк зиян келтiруi мүмкiн екенiн алдын ала бiледi және осы зардаптардың болуын тiлейдi немесе осы зардаптардың болуын тiлемесе де, оған саналы түрде жол бередi. Қылмыстық ниет және мақсаттың iстi саралауы үшiн, яғни осы қылмыс құрамын өзiне ұқсас немесе жақын, қоғамға қауiптi iс-әрекеттерден жiктеу үшiн маңызы зор.