Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
OTVETY_GOS_2-2.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
136.38 Кб
Скачать

22. Билет

1.ҚР қылм-қ құқығы бойынша қылмысқа бірігіп қатысу.Қылмыстық əрекет адамның кез келген əрекетi сияқты жалғыз жасалуы немесе бiр топ адам болып жүзеге асырылуы мүмкiн. Əрине, бiр адамның жасаған қылмысына қарағанда бiр топ адамның жасаған қылмысы қоғамға қауiптiлiк сипаты мен дəрежесi өзгешiлiгiмен сипатталады.Екi немесе одан адамның қасақана қылмыс жасауға қасақана бiрлесiп қатысуы қылмысқа қатысу деп танылады.Қылмыстық əрекеттiң ерекше нысанын құрай отырып, қылмысқа қатысушылық бiрқатар обьективтiк, субьективтiк белгiлермен сипатталады немесе кейде оларды сандық жəне сапалық белгiлер деп те атайды. Қылмысқа қатысушылықтың обьективтiк белгiлерiне мыналар жатады:а). Қылмысқа кемiнде екi немесе одан да көп адамның қатысуы,б). Қылмысқа қатысушылардың əрекеттерiнiң бiрлескен түрде болуы немесе бұл əрекеттердiң бiр-бiрiмен байланыста болуы.Қылмысқа қатысушылықтың субьективтiк белгiлерiне мыналар кiредi:а). Қатысушылардың қылмыс жасауға қасақана бiрiгуi,б). Тек қасақана қылмыстарды жасауға бiрiгуi. Белгiлi бiр қылмысты жасауға қасақана бiрiгу деген əрбiр қылмысқа қатысушы өз iс - əрекетiнiң жəне қатысушылардың iс-əрекетiнiң қоғамға қауiптi екендiгiн ұғынатындығын, сонымен бiрге бiрлескен əре кетінен туындайтын қылмыстық зардаптың болатынын алдын ала бiлуi жəне зардаптың болуын тiлеуi немесе саналы түрде оған жол беруiн бiлдiредi.

2.коммерциялық ұйымның банкрот болуы оның қызметін тоқтату-ң негіздемесі ретінде.Заңды тұлғалар өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде табысын келтіруді көздейтін ұйым-коммерциялық ұйым б/т.Комм-қ ұйым б/т-н з.т. мемл.кәсіпорын,шаруашы-қ серіктестік,АҚ,өндірістік кооператив нысандарында ғана құрылуы мүмкін. Заңды тұлғаны таратудың жеке жағдайы оны банкрот жариялау болып табылады. Банкроттық -борышқордың соттың шешімімен танылған оны таратуға негіз болып табылатын дәрменсіздігі. Демек, заңды тұлғаның банкрот деп танылуы оның дәрменсіздігіне қатысты, яғни борышқордың несие берушілердің талаптарын өзіне тиесілі мүлік есебінен өтеуге мүмкіншілігінің болмауы. Заңды тұлғаның банкротқа ұшырауы оның тарауына негіз болады. Дәрменсіздігі заңды тұлғаны таратудағы негізгі мақсат оған несие берушілер мүлделерін қамтамасыз ету. Банкроттык, рәсімдердің мейлінше маңызды рәсімі борышқорға төлем қабілеттілігін қалпына келтіруге мүмкіндік жасау және оны таратудан аман алып қалу болып табылады. Бұл орайда бұған тек борышқордың өзі ғана емес, көп жағдайда несие берушінің өзі, тіпті қоғамның өзі ынталы болады.Борышкорға төлем қабілеттілігін қалпына келтіру мақсаты үшін оңалту рәсімі қолданылуы мүмкін.Оңалту рәсімі деп дәрменсіз борышқорға оны таратылудан сақтап қалу мақсатымен борышқордың төлем қабілетін қалпына келтіруге бағытталған сот не соттан тыс рәсім арқылы қолданылатын кез келген қайта құрушылық, ұйымдастыру-шаруашылық, басқарушылық, инвестициялық, техникалық, қаржы-экономикалық, құқықтық және заңдарға қайшы келмейтін өзге де шараларды айтады.Оңалту рәсімі тек коммерциялық ұйымдарға қатысты ғана қолданылады және екі жылдан аспауы керек. Аталған рәсімді қолдануға борышқордың өзі өтініш жасауы мүмкін, және оның мүлкінің иесі (Мемлекеттік кәсіпорынға қатысты) немесе несие беруші де сондай құқыққа ие болады.

3. қайырымдылық және өзге де қорлардың меншік құқығы.Жалпы пайдалану мақсатында затты немесе құқықты сыйға тарту қайрымдылық деп танылады.Қайрымдылық азаматтарға, емдеу, тәрбие беру мекемелеріне, әлеуметтік қорғау мекемелеріне және басқа да сол сияқты мекемелерге, қайрымдылық ғылыми және оқу мекемелеріне, қорларға, мұражайлар мен басқа да мәдениет мекемелеріне, қоғамдық және діни бірлестіктерге, сондай-ақ мемлекетке өзге де субъектілерге жасалуы мүмкін. Қайырымдылықты алуға ешкім-ң рұқсаты н/е келісімі талап етілмейді. Егер мән жай-ң өзгеруі салдары-н қайырмалдыққа берілген мүлік-ң қайрмалдық беруші көрсеткен мақсатқа сәйкес пайдаланылуы мүмкін болмаса,ол басқа мақсатқа қайырмалдық беруші-ң келісімі-н ғана, ал қайырмалдық беруші азамат қайтыс болған н/е қайырмалдыө беруші заңды тұлға таратылса-сот-ң шешімі б/ша пайдаланылуы мүмкін.

24-билет

1.Азаматтық құқықтағы заңды фактілердің түсінігі мен түрлері.Азаматтық заңдылықтағы құқықтық нормалар өздігінен азаматтық құқықтық қатынастарды туғызбайды, өзгертпейді және тоқтатпайды. Ол үшін құқықтық нормаларда қарастырылған жағдайлар тууы қажет, олар азаматтық заңды фактілер деп аталады. Сондықтан заңды фактілер құқықтық норма мен азаматтық құқықтық қатынас арасындағы байланыстырушы звено ретінде қызмет атқарады. Заңды фактілерсіз бір де бір азаматтық құқықтық қатынас орнатылмайды, өзгертілмейді және тоқтатылмайды.Осылайша, азаматтық заңды фактілер дегенде түсінетініміз – қандай да бір жағдай, онымен нормативтік актілер заңды салдарларды байланыстырады: азаматтық құқықтық қатынастардың тууы, өзгеруі немесе тоқтатылуы.Заңды фактілер ағымы сипатына байланысты азаматтық құқықта оқиға және әрекет деп бөлінеді. Оқиғаға жататын әрекеттер, адамның еркінен тыс болатын әрекеттер. Мысалы, дүлей апат, адамның тууы мен өлуі, қандай да бір уақыттың өтуі және т.б. Ал әрекет адамның еркіне байланысты болады. Мысалы, келісімшартқа отыру, міндеттеменің орындалуы, шығарма жазу, мұрагерлікті қабылдау және т.б.Әрекет, өз кезегінде, заңды әрекет және заңсыз әрекет болып бөлінеді. Заңсыз әрекеттер заңның талаптарына немесе басқа да нормативтік актілерге қайшы болып келеді. Сондықтан заңсыз әрекет жасау құқық бұзушыға азаматтық заңнамада қарастырылған санкцияларды қолдануға әкеліп соғады.Ал заңды әрекеттер азаматтық заңнаманың талаптарына сәйкес келеді. Азаматтық құқық экономикалық айналымның дұрыс дамуын жанамалау ететіндіктен, заңды фактілердің көпшілігі азаматтық құқықта заңды әрекеттер құрайды. Бірақ заңды әрекеттің азаматтық құқықтағы заңды мағынасы, маңызы біркелкі емес. Заңды актілер бұл – сәйкес заңды салдарды арнайы шақыру ниетімен жасалынатын жағдайда ғана тудыратын заңды әрекеттер. Заңды актілердің қатарына әкімшілік актілер мен келісімдер де жатқызылады. Әкімшілік актілер әрқашанда сәйкес әкімшілік-құқықтық салдарды шақыру ниетімен жасалады. Әкімшілік актілерден ерекшелігі келісімдер тек қана азаматтық-құқықтық салдарды шақыру мақсатында жасалады.

2. Меншік құқығын қорғаудың тәсілдері. Меншік құқығын және өзге заттық құқықтарды қорғау дегеніміз- азаматтық заңнамада бекімін тапқан меншік құқықтары мен өзге заттық құқықтарды қорғаудың нақты ерекше шаралары.Қорғаудың заттық –құқықтық тәсілдерінің ерекшелігі мынада: бұл тәсілдер меншік құқығы мен өзге де заттық құқытарды абсолюттік құқық ретінде қорғауға бағытталған, яғни олар нақты шарттық немесе шарттан тыс міндеттемелермен байланысты емес және бұзылған құқықтарды мына жолдармен қалпына келтіруді мақсат тұтады: 1) заңсыз тартып алған заттарды қайтару; 2) бүлінген заттарды жөндеу; 3) затты пайдалануға кедергіні жою. Меншік құқығын, қорғаудың заттық –құқықтық тәсілі ретінде тану дегеніміз – меншік иесінің мүлікті қайтару немесе басқа кедергілерді жою туралы, иеліктен айырумен байланысты емес нақты талаптар қойылмаған даулы мүлікке меншік құқығының өзіне тиесілі екендігін басқа адамдардың алында түсіндіру керектігі туралы шарттан тыс талабы. Сонымен қатар меншік иесінің және өзге заттық құқық иесінің құқытарын қорғаудың кейбір ерекше міндеттемелік –құқықтық тәсілдері бар, олар заттық-құқықтық тәсілдермен қатар меншік құқғын және өзге заттық құқықты қрғаудың міндеттемелік – құқықтық (міндеттемелік) тәсілдеріне жатады. Мысалы, меншік құқығын немее өзге заттық құқықты қорғаудың міндеттемелік-құқықтық тәсілдеріне қорғаудың мемлекеттік басқару органдары мен лауазымды адамдардың меншік иесінің немесе өзге заттық құқық иесінің құқығын бұзатын актілерін заңсыз деп тануға және мұндай актілерден келген шығынның орнын толтыруға бағытталған тәсілдері жатады.

3. Терроризм үшін қылмыстық жауаптылық. Теорроризм, жарылыс жасау, өрт қою немесе адамдардың қаза болуы, елеулi мүлiктiк зиян келтiру не қоғамға қауiптi өзге де зардаптардың туындау қаупiн төндiретiн өзге де iс-әрекеттер жасау, егер осы iс-әрекеттер қоғамдық қауiп-сiздiктi бұзу, халықты үрейлендiру не Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының, шет мемлекеттiң немесе халықаралық ұйымның шешiм қабылдауына ықпал ету мақсатында жасалса, сондай-ақ аталған iс-әрекеттердi дәл сол мақсатқа жасаймын деп қорқыту» болып табылады.Қылмыстың тiкелей объектiсi – қоғамдық қауiпсiздiгi қамтамасыз ететiн, реттейтiн қоғамдық қатынастар. Азаматтардың өмiрi, денсаулығы, меншiгi, мүлiктiк немесе сезiм мүдделерi осы қылмыстың қосымша тiкелей объектiсi болады.Қылмыс объективтiк жағынан: 1) адамдардың қаза болуы, елеулi мүлiктiк зиян келтiру не қоғамға қауiптi басқа зардаптардың болу қаупiн төндiретiн жарылыс жасау, өрт қою немесе өзге iс-әрекеттер жасау; 2) аталған iс-әрекеттердi жасаймын деп қорқыту арқылы сипатталған. Жарылыс жасау, өрт қоюдан басқа өзге де iс-әрекеттерге көлiктердiң апатқа ұшырауын, күйреуiн, ғимараттардың, мәдени және дiни құрылыстардың қиратылуын сондай-ақ радиоактивтi, химиялық, бактериологиялық немесе басқадай-ақ радиоактивтi, химиялық, бактериологиялық немесе басқадай жолмен уландыруды тарату, қоймаларға, тұрғын-жайларға, құрылыстарға, алаңдарға су жiберiп, толтыру сияқтылар жатады.Терроризмнiң объективтiк жағынан ерекшелiк белгiсi – осы баптың диспозициясында көрсетiлген (қылмыс зардаптардың нақты орын алуы емес) зардаптардың болу қаупiнiң тудырылуы жеткiлiктi болып табылады. Яғни өрт қою, жарылыс жасау немесе өзге де әрекеттердi жүзеге асыру арқылы iс-әрекет iстелгенi-мен, заңда көрсетiлген зардап орын алмаса да, қылмыс аяқталған деп табылады, өйткенi мұндай әрекет адамдардың қаза болуы, елеулi мүлiктiк зиян келтiру не қоғам үшiн қауiптi басқа зардаптардың болу қаупiн тiкелей төндiрiп тұр. Қылмыстың субъективтiк жағының қажеттi белгiсiне заң – қоғамдық қауiпсiздiктi бұзу, халықты қорқыту не мемлекеттiк органдардың шет мемлекеттiң немесе халықаралық ұйымның шешiм қабылдауына ықпал ету арнаулы мақсатын қосып көрсеткен.Қылмыстың субъектiсi – 14-ке толған, есi дұрыс кез келген адам.

25-билет

1.Азаматтық құқық объектілерінің түсінігі мен түрлері.Азаматтық құқықтың нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар азаматтық құқық объектісі деп аталады. Мүліктік және жеке мүліктік емес игіліктер, сондай-ақ құқықтар азаматтық құқық объектілері бола алады. азаматтық құқық объектілеріне кеңінен тізбе келтірілген: а) мүліктік игіліктер мен құқықтарға (мүлікке) жататындар: заттар, ақша, соның ітттінде шетел валютасы, құнды қағаздар, жұмыс, қызмет, шығармашылық-интеллектуалдық қызметтердің объектіге айналған нәтижелері, фирмалық атаулар, тауарлық белгілер және бұйымды дараландырудың өзге де құралдары, мүліктік құқықтар мен басқа да мүлік жатады; ә) жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтарға мыналар жатады: жеке адамның өмірі, денсаулығы, қадір-қасиеті, абырой, игі атақ, іскерлік бедел, жеке өмірге қол сұқпаушылық, жеке құпия мен отбасы құпиясы, есім алу құқығы, автор болу құқығы, шығармаға қол сұқпаушылық құқығы және басқа материалдық емес игіліктер мен құқықтар.

2. Виндикациялық талап түсінігі.Меншік құқығын қорғау, егер меншік құқығы бұзылса немесе бұзылуы мүмкін болса онда меншік иесі өз құқығын қорғауға жүгінеді. Меншік құқығы екі жолмен бұзылуы мүмкін: меншік иесінё өз мүлкін қолдануына және иелік етуіне кедергі жасау. Бірінші жағдайда, меншік иесі құқық бұзушыға бөтен біреудің иелік етуінен өз мүлкін алу туралы виндикациялық талап кояды. Екінші жағдайда, меншік иесі өз мүлкін қолдануға және иелік етуге тосқауыл болатын заңсыз кедергілерді жою туралы заң бұзушыға негаторлық талап қояды. Виндикациялық талапқа сай меншік иесі өз мүлкін бөтен біреудің заңсыз иелік етуіне қарсы талап қоя алады. Виндикациялық талап қойылғанда, мүліктің жаңа иесінің (иеленуші) адал немесе адал емес екендігі анықталады. Егер мүлікті иеленуші мүліктің заңсыз алынғанын білмесе және білуге мүмкіндігі болмаса, онда ол адам адал деп есептелінеді. Керісінше, егер мүлікті иеленуші мүліктің заңсыз алынғанын білсе жәнө білуге тиісті болса, онда ол адам адал емес деп есептелінеді.Егер виндикациялық талап қойылған кезде талап қоюшы жауап берушінің заңсыз иелігіндегі затқа иелік етпесе, негаторлық талапта талап қоюшы өз мүлкіне иелік етеді, бірақ та жауап беруші өзінің құқыққа қарсы мінез- құлқымен талап қоюшыға өзінің меншік құқығын дұрыс жүзеге асыруға кедергі жасайды.

3. Теңіз қарақшылығы үшін қылмыстық жауаптылық.Теңiз қарақшылығы – ертеден белгiлi және қауiптi қылмыс-тардың бiрi. Қылмыстың бұл түрi үшiн халықаралық құқық нормасы да жауаптылық белгiлеген. Қылмыстың тiкелей объектiсi – теңiзде жүзудiң халықаралық қауiпсiздiгi және бөтеннiң меншiгi. Қосымша тiкелей объект — адамдардың өмiрi. Қылмыстың заты — бөтеннiң меншiгi (жүк, кеме, жанар май, отын, т.б.).Объективтiк жағының қылмыс теңiз немесе өзен кемесiне бөтеннiң мүлкiн басып алу мақсатында күш қолданып немесе күш қолданамын деп қорқытып, шабуыл жасау әрекетiмен сипатталады.Қылмыс құрамы формальдық. Ол шабуыл жасаған уақыттан бастап аяқталған деп танылады. Осы қылмыстың объективтiк жағының тағы бiр белгiсi қылмыстың жасалу орны болып табылады. Теңiз қарақшылығы ашық теңiзде немесе көлде, не өзенде, я болмаса өзен, көл жағалауында жасалуы мүмкiн.Субъективтiк жағынан қылмыс тiкелей қасақаналықпен жүзеге асырылады. Қылмыстың субъектiсi — 16-ға толған кез келген адам.Осы қылмыстың ауырлататын түрлерi көрсетiлген. Олар бiрнеше рет қару немесе қару ретiнде пайдаланылатын заттарды қолданумен жасалған әрекет. Осы қылмыстың аса ауырлататын түрi үшiн жауаптылық белгiленген. Олар егер теңiз қарақшылығы ұйымдасқан топпен жасалса не абайсызда кiсi өлiмiне не өзге ауыр зардаптарға әкелiп соқса.

26-билет

1.Заттар азаматтық құқықтың объектілері ретінде. Зат дегеніміз, Азаматтық құқық тұрғысынан алып қарағанда, физикалық дене ретінде және оның адам еңбегімен жасалған, сол сияқты табиғи күйінде де кездесетін (болатын) сыртқы материалдық дүниенің бір бөлігі болып табылады. заттардың өзі қозғалатын және қозғалмайтын болып екіге бөлінеді. Затты қозғалмайтындар қатарына жатқызу екі жағдайға, яғни материалдық жағынан затты жерден айыруға болмайтындығына және оны орнынан қозғау үшін шығындану қажеттігіне байланысты. Қозғалмайтын мүліктің ерекше түрінің бірі кәсіпорын болып табылады. Заң бойынша "кәсіпорын" термині екі мағынада кәсіпорын деп аталады. Азаматтық құқықтың субъектісі ретінде мұндай кәсіпорын мемлекеттік тіркеуден өтеді. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін пайдаланылатын мүліктік кешен құқық объектісі түріндегі кәсіпорын деп танылады.Яғни ондай кәсіпорын құқық объектісі болып табылады, Заттарды бөлінетін және бөлінбейтін деп бөлу оның табиғатына тән нәрсе. Бөлінетін зат бөлген кезде өзінің бастапқы қасиетінен айрылмайды. Бөлінбейтін зат бөлінгенде мәнін (өзінің шаруашылық мақсатын) жоғалтып алады, сондай-ақ құжаттарында көрсетілгеніндей, бөлуге жатпайтын заттар кездеседі (мәселен, ескерткіш). Заттар айналымнан еркін берілетін немесе ауысатын, айналымнан алынып тасталатын және айналымда шек қойылатын түрлерге бөлінеді.Азаматтық кодексте айналымнан алынып тасталатын (шығарылған) зат деп азаматтық құқыққа объект бола алмайтын заттарды айтады. Бұл ретте осы заттар адамдардың меншігінде болмайды деген тұжырым жасалады.Мәселен, айналымнан шығарылған жеке заттарға мыналарды жатқызуға болады: қару, радий, гелий және т.т. Азаматтық құқықтың объектілерінің көбі айналым қабілетті болып келетіндігінен өзгеге еркін түрде беріліп, бір тұлғадан екіншісіне ауыса береді. Азаматтық кодексте басқа біреуге беруге болмайтын материалдық емес игіліктер жөнінде арнайы талап бар. Мұндай игіліктер тізімі көрсетілген: олар — өмір, денсаулық, тұлғаның ар-намысы және т.б.

2.Негаторлық талап және оның ерекшеліктері.Негаторлық талап дегеніміз - құқық бүзушылық иелену құқығынан ажыратуға байланысты бэлмаса да, бұзылған меншік құқығын қалпына келтіру. Бұл талап жағдайында меншік иесі затты иелену құқығын жоғалтпайды. Алайда, үшінші бір адамдардың кінәсынан пайдалану және өкілдік жүргізу құқығын жүзеге асыруға кедергі келтіретін бөгетер пайда болады: мысалы, заңға қарсы тұлға меншік иесінің үйін иеленіп алады, соның салдарынан меншік иесі өз мүлкін пайдалану құқығынан аластатылады.Заң меншік иесі болып табылмайтын, бірақ заң немесе шарт күшін мүлікке ие болтаны адамға, мысалы, тасымалдаушы, сақтаушы, кепілдік ұстаушы, жалдаушы және т.б. адамға қорғану құралдарын береді.

3.Мемлекеттік опасыздық үшін қылмыстық жауаптылық.Өз Отанына сатқындық жасау әр уақытта да ең ауыр мемлекеттiк қылмыс ретiнде қарастырылған, Мемлекетке опасыздық дегенiмiз — қарулы жанжал кезiнде жау жағына өтiп кетуден, сондай-ақ шпиондық жасаудан, мемлекеттiк құпияларды жатқа беруден не Қазақстан Республикасына қарсы дұшпандық әрекет жүргiзуден, шетелдiк мемлекетке, шетелдiк ұйымға немесе олардың өкiлдерiне өзге де көмек көрсетуден көрiнген, Қазақстан Республикасының азаматы Қазақстан Республикасының сыртқы қауiпсiздiгi мен егемен-дiгiне нұқсан келтiру немесе әлсiрету мақсатында жасаған қасақана әрекет.Мемлекеттiк опасыздықтың тiкелей объектiсi — Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қауiпсiздiгi болып табылады. Мемлекеттiң қауiпсiздiгiне оның ең маңызды мүдделерi — конституциялық құрылысы, егемендiгi, аумақтық тұтастығы, сырт-қы және iшкi қауiпсiздiгi жатады. Мемлекетке опасыздықтың объективтiк жағы Оған жататындар: қарулы жанжал кезiнде жау жағына шығып кету; шпиондық жасау; мемлекеттiк құпияларды жатқа беру; Қазақстан Республикасына дұшпандық әрекет жүргiзу мақсатымен шетелдiк мемлекетке, шетелдiк ұйымға немесе олардың өкiлдерiне өзге де көмек көрсету. Осы iс-әрекеттердiң бiреуiн iстеу қылмыстың объективтiк жағының орын алғандығын көрсетедi.Қарулы жанжал кезiнде жау жағына шығып кету дегенiмiз — Қазақстан Республикасы азаматының жау басып алған аумақта орналасқан жау жағына өз еркiмен өтуi, жауға көмек көрсетуi, жау жағының тапсырмасымен өзi тұратын аумақта әр түрлi iс-әрекеттер iстеуi; жау жағына ерiктi түрде шығып кетуi; тұтқын болуы сияқты әрекеттер жатады. Мемлекеттiк опасыздық субъективтiк жағынан тек қана тiкелей қасақаналық арқылы жүзеге асырылады. Қылмыстық ниет әр түрлi көрiнiс алады, бiрақта ол қылмысты саралауға әсер етпейдi.Қылмыстың субъектiсi болып 16-ға толған Қазақстан Республикасының азаматы ғана танылады.Соғыс уақытында жасалған мемлекетке опасыздан осы құрамның ауырлататын түрi болып көрсетiлген.

27-билет

1.Жер құқықтың ерекше объектісі ретінде.Жерге заттық құқықтар - «сол мемлекетті мекендейтін халықтар, сол мемлекеттің егемендік құқығын жүзеге асырып, сол мемлекеттің мүддесіне сай алған халықаралық міндеттемелерін сақтап, сол мемлекеттің юрисдикциясына және территориялық режиміне бағыныштылығын» білдіретін жер құқық қатынасын заңдастырды. Осыған сәйкес мемлекеттің жер заңдары, жер құқық қатынастарын шектен шығармайтындай, сол мемлекеттің жерінің тұтастығын қорғайтындай деңгейде болуы қажет. Мәселен, 2002 жылы Қазақстан Парламентінің қарауына ұсынылған Жер кодексі жобасының 20-бабының 1-тармағында, “Қазақстан Республикасында жерге мемлекеттік және жеке меншік танылады және тең дәрежеде қорғалады” – деп жазылды.Сонымен қатар, бұл ұсыныс Қазақстан Конституциясының 6-бабының 1-тармағындағы, “Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады” – деген нормаға, «жерге» және «тең дәрежеде» деген Конституцияда жоқ сөздерді енгізіп жер құқық қатынстарына тәуелді – жерге жеке меншік түріндегі «заттық құқықтың» қолданылу аясын кеңейтіп жіберді.

2.Міндеттеме құқығының түсінігі мен жүйесі.Міндеттемелік ќұќыќ – азаматтыќ ќұќықтыњ ең үлкен бөлімі. Ол жалпы жєне ерекше бөлімдерден тұрады. Міндеттемелік ќұќыќтыњ жалпы бөлімі - азаматтыќ ќ±ќыќтыњ жалпы бµлімінде оќылады жєне міндеттемелер мен шарттар жөніндегі жалпы ережелерден тұрады. Міндеттемелік құқыќтың ерекше бөлімі міндеттемелердің жекелеген түрлерін реттейтін сан-алуан нормалар мен институттардан құралады. Оларды екі топқа жіктеуге болады: 1 – шарттық міндеттемелер; 2 – шарттан тыс (деликттілік) міндеттемелер. Шарттық міндеттемелерді азаматтық құқық ғылымында бірнеше топқа бөледі, олар: мүлікті меншікке не болмаса пайдалануға беру, жұмысты орындау, қызмет көрсету міндеттемелері. Шарттан тыс міндеттемелердің түрлері: -біржақты мәмілелерден туындайтын міндеттемелер; – зиян келтіру салдарынан туындайтын қорғаушы міндеттемелер. Сонымен ќоса, міндеттемелер бір жаќты міндеттейтін жєне өзара (екі жаќты) міндеттейтін; балама жєне факультативтік; басты жєне ќосымша; бөлінетін жєне бөлінбейтін; үлестік, бірлескен жєне ќосымша (субсидиарлық); регресстік, аќшалай жєне т. б. болады.Яғни, міндеттеме бойынша бір тұлға (борышқор) екінші тұлғаныњ (несие берушініњ) пайдасына мүлік беру, жұмыс орындау, ќызмет көрсету және т. б. сияқты белгілі бір әрекеттер жасауға, не белгілі бір әрекет жасаудан тартынуға міндетті, ал несие беруші борышқордан өз міндеттерін орындауды талап етуге құқылы болады, және борышқордан оның орындағанын қабылдап алуға міндетті болады.

3.Шпионаж құрамын талдау. мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтердi шетелдiк мемлекетке, шетелдiк ұйымға немесе олардың өкiлдерiне беру, сол сияқты, оларға бару мақсатында жинау, ұрлау немесе сақтау, сондай-ақ шетелдiк барлаудың тапсырмасы бойынша өзге де мәлiметтердi Қазақстан Республикасының сыртқы қауiпсiздiгi мен егемендiгiне зиян келтiре отырып пайдалану үшiн беру немесе жинау, егер осы әрекеттердi шетелдiк азамат немесе азаматтығы жоқ адам жасаса шпиондық деп танылады.Шпиондықтың тiкелей объектiсi болып Қазақстан Республикасының сыртқы қауiпсiздiгi танылады. Шпиондықтың затына екi түрлi мәлiметтер жатады: 1) мемлекеттiк құпиялар; 2) Қазақстан Республикасының сыртқы қауiпсiздiгi мен егемендiгiне зиян келтiретiн өзге де мәлiметтер.Шпиондықтың объективтiк жағының белгiлерi: мемлекеттiк немесе әскери құпияны құрайтын мәлiметтердi беру, жинау, ұрлау немесе сақтау, сондай-ақ шетелдiк барлаудың тапсырмасы бойынша өзге де мәлiметтердi беру немесе жинау.Субъективтiк жағынан шпиондық тек қана тiкелей қасақаналықпен жүзеге асырылады. Қылмыстың субъективтiк жағының белгiсi мемлекеттiк құпияларды, өзге де мәлiметтердi беру мақсаты болып табылады.Шпиондықтың субъектiсi болып 16-ға толған шетелдiктер немесе азаматтығы жоқ адамдар танылады.

28-билет

1.Шығармашылық қызметтің өнімдері азаматтық құқықтың объектілері ретінде.Шығармашылық қызметтің нәтижесі және оларға теңестірілген заңи тұлғаның жекешелендірілген құралдары (өнім, жұмыс, қызмет көрсету) бір объектілер құрамына жатады, ол «интеллектуалдық меншік» деп аталады. Құқық нормасы бұл объектілерді тікелей меншік иесі және оның рұқсатымен басқа адамдардың қолданылуын қамтамасыз етеді. Құқық нормаларында, сондай-ақ интелектуалдық меншік объектілерді қорғаудың тәсілдері мен тәртібі көрсетілген. ЌР АК 961 бабында жай ѓана интеллектуалдыќ меншік құқыѓы объектілерінің екі түрі аталады: 1) интеллектуалдыќ шыѓармашылыќ ќызмет нєтижелері мен 2) азаматтыќ айналымдаѓы тауарларды, жұмыстарды, ќызметтерді даралау құралдары. Сонымен заң интеллектуалдыќ шыѓармашылыќ ќызмет нәтижелеріне келесілерді жатќызады: 1)ѓылыми, єдебиет жєне өнер шыѓармаларын;2)орындау, фонограмма жєне хабар таратуды ұйымдастыру;3)өнертабыс, пайдалы үлгілер жєне өндірістік үлгілер; 6)ашылмаѓан аќпарат;Азаматтыќ айналымдаѓы тауарларды, ж±мыстарды, ќызметтерді даралау құралдарына келесілер жатады: 1)фирмалыќ атаулар;2)тауарлыќ белгілер;3)тауарлар шыѓарылатын жерлердін атаулары. Интеллектуалдыќ меншік ќ±ќыѓы объектілеріне деген меншік құқыѓының пайда болу негіздеріне: оларды жасау немесе өкілетті мемлекеттік органмен құқыќтыќ ќорѓауды ќамтамасыз ету болады. Жасау фактісі - авторлыќ ќқќыќтың пайда болуының негізі болады, ал өкілетті органмен құқыќтыќ ќорѓауды ќамтамасыз ету – патенттік құқыќтың пайда болу негізі болады.

2.Міндеттеменің пайда болуының негіздемесі.Міндеттеме бойынша бір тұлға (борышқор) екінші тұлғаның (несиегердің) пайдасына белгілі бір іс-әрекет жасауға не оны жасаудан тартынуға міндетті, ал несиегер борышқордан өз міндеттерін орындауын талап етуге құқылы. Міндеттеменің пайда болу негіздемесі – заңи фактілер, бір жақты мәмілелер, әкімш. актілер, заңсыз әрекеттер, оқиғалар. Заңды фактілер дегенде түсінетініміз – қандай да бір жағдай, онымен нормативтік актілер заңды салдарларды байланыстырады: азаматтық құқықтық қатынастардың тууы, өзгеруі немесе тоқтатылуы.Заңды фактілер ағымы сипатына байланысты азаматтық құқықта оқиға және әрекет деп бөлінеді. Оқиғаға жататын әрекеттер, адамның еркінен тыс болатын әрекеттер. Мысалы, дүлей апат, адамның тууы мен өлуі, қандай да бір уақыттың өтуі және т.б. Ал әрекет адамның еркіне байланысты болады. Мысалы, келісімшартқа отыру, міндеттеменің орындалуы, шығарма жазу, мұрагерлікті қабылдау және т.б.Әрекет, өз кезегінде, заңды әрекет және заңсыз әрекет болып бөлінеді. Заңсыз әрекеттер заңның талаптарына немесе басқа да нормативтік актілерге қайшы болып келеді. Сондықтан заңсыз әрекет жасау құқық бұзушыға азаматтық заңнамада қарастырылған санкцияларды қолдануға әкеліп соғады. Заңды актілер бұл – сәйкес заңды салдарды арнайы шақыру ниетімен жасалынатын жағдайда ғана тудыратын заңды әрекеттер. Заңды актілердің қатарына әкімшілік актілер мен келісімдер де жатқызылады. Әкімшілік актілер әрқашанда сәйкес әкімшілік-құқықтық салдарды шақыру ниетімен жасалады. Әкімшілік актілерден ерекшелігі келісімдер тек қана азаматтық-құқықтық салдарды шақыру мақсатында жасалады.

3.Диверсия үшін қылмыстық жауаптылық құрамын талдау.Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгi мен қор-ғаныс қабiлетiне нұқсан келтiру мақсатында адамдарды жаппай қырып-жоюға, олардың денсаулығына зиян келтiруге, кәсiп-орындарды, құрылыстарды, қатынас жолдары мен құралдарын, байланыс құралдарын, халықтың тiршiлiгiн қамтамасыз ету объектiлерiн қаратуға немесе зақымдауға бағытталған жарылыс жасау, өрт қою немесе өзге iс-әрекеттер жасау, сол сияқты осы мақсатта жаппай улау немесе эпидемиялар мен эпизоотиялар тарату диверсия деп танылады.Диверсияның тiкелей объектiсi – Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгi, қорғаныс қабiлетi және экономикалық күш қуаты болып табылады, өйткенi диверсиялық актiлер мемле-кеттiң өзiн әлсiретуге, бүлдiруге бағытталған.Объективтiк жағынан диверсия бiрнеше балама әрекеттердiң жиынтығы бойынша көрiнiс табады. Объектiлердi әр түрлi тәсiлдермен (жарылыс жасау, өрт қою немесе өзге де iс-әрекеттер арқылы) түкке жарамсыз етiп тастау;— зақымдау деп көрсетiлген объектiлердiң қалпына келтiрiлу мүмкiндiктерi сақтала отырып, олардың уақытша немесе iшiнара iстен шығып қалуы болып табылады.Субъективтiк жағынан диверсия тiкелей қасақаналықпен iстеледi. Қылмыстың субъектiсi болып жасы 16-ға толған кез келген азамат танылады.

29-билет

1Әрекет қабілеттілігін шектеу ұғымы және оның құқықтық салдары. Азаматтардың құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігі әр түрлі уақытта пайда болады. Құқық қабілеттілігі дегеніміз – ол азаматтың құқықтарға ие болып, міндеттерді атқару қабілеті. Ол барлық азаматтарда бірдей болады, туғанда пайда болып, қайтыс болғанда тоқтатылады.Әрекет қабілеттілігі – ол өз әрекеттерімен азаматтық құқықтарға ие болу, оларды жүзеге асыру, өзі үшін азаматтық міндеттер жасап, оларды орындау қабілеті болады. Бұл қабілет азаматтарда толық мөлшерде кәмелетке толғанда ғана пайда болады. 18 жасқа толған азаматтар өз бетімен заң тиым салмаған кез келген мәмілелерді жасауға, өз міндеттемелері бойынша мүліктік жауаптылық шегуге қабілетті болады. Бұл әрекет қабілеттілігінің мазмұны болып танылады. Бірақта, егер жеке тұлға жүйке ауруымен ауыратын болса, немесе оның ес ақылы кем болса, сол себептен өз әрекеттерінің мәнін түсіне алмай, не істегенін білмесе, онда ол мүдделі тұлғалардың өтінішімен, сот шешімі арқылы әрекет қабілеттілігі жоқ деп танылады. Оған қорғаншы тағайындалады. Ал 14 жасқа толмаған жас өспірімдер сот шешімімен емес, заң бойынша, әрекетке қабілетсіз деп танылады.

2 Ынтымақтасты, үлестік және субсидиарлық міндеттемелер.Бiрнеше несие берушi немесе бiрнеше борышқор қатысатын мiндеттеменiң орындалуы Егер мiндеттемеге бiрнеше несие берушi немесе бiрнеше борышқор қатысса (адамдар көп болған мiндеттеме), несие берушiлердiң әрқайсысы мiндеттеменi орындауды талап етуге құқылы, ал борышқорлардың әрқайсысы заңдардан немесе мiндеттеме шарттарынан өзгеше туындамайтындықтан, басқалармен тең үлестi орындауға мiндеттi (үлестi мiндеттеме).Субсидиялық мiндеттеменi орындау.Негiзгi борышқор несие берушiнiң мiндеттеменi орындау туралы талабын қанағаттандырмаған жағдайда бұл талап орындалмаған бөлiгiнде басқа борышқорға (субсидиялық борышқорға) мәлiмдеуi мүмкiн екендiгi заң құжаттарында немесе несие берушi мен борышқордың арасындағы мiндеттеме ережелерiнде көзделуi мүмкiн.

3.Ұрлық үшін қылмыстық жауаптылық.Ұрлық дегенiмiз бөтен мүлiктi жасырын алу, меншiк иесiнiң еркiнен тысқары жағдайда, заңсыз болып табылады.Объективтiк жағынан ұрлық бөтеннiң мүлкiн жасырын түрде алумен ұштасады.Адамның ешкiмге сездiрмей, бiлдiрмей әрекет iстеуi арқылы мүлiктi жасырын алуы — объективтiк белгiге жатады. Ұрлық жасаған адамның мүлiктi меншiк иесiне немесе өзге иеленушiге сездiрмей, жасырын алудамын деген сезiмi және осы тәсiлмен оны жүзеге асыруды тiкелей тiлейтiндiгi субъективтiк белгiге, яғни кiнәлiнiң бөтен мүлiктi жасырын алуға байланысты iс-әрекетке деген психикалық көзқарасын бiлдiредi. Сондықтан да қылмыс құрамының объективтiк жағының белгiсi — қылмыстың қоғамға қауiптi зардабы — мүлiктiк залал келтiру болып табылады. Осыған байланысты кiнәлiнiң бөтеннiң мүлкiн алуымен бiрге, оған билiк етуге нақты мүмкiндiк алған уақыттан бастап қылмыс аяқталған деп саналады. Ұрлық субъективтiк жағынан тiкелей қасақаналықпен жасалады. Кiнәлi адам бөтеннiң мүлкiн жасырын түрде заңсыз, тегiн алу арқылы меншiк иесiне немесе өзге иеленушiге материалдық залал келтiретiнiн бiледi және сондай тәсiлмен сол залалды келтiрудi тiлейдi. Қылмыс пайдакүнемдiк ниет және сондай мақсатпен жүзеге асырылады. Қылмыстық заңда ұрлықтың ауырлататын және өте ауырлататын құрамдары көрсетiлген.Олар мыналар:а) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша;б) бiрнеше рет;в) тұрғын, қызметтiк немесе өндiрiстiк үй-жайға, қоймаға заңсыз кiрумен; г) мұнай-газ құбырынан жасалған ұрлық — ауырлататын, ал мынадайы:а) ұйымдасқан топ;б) iрi мөлшерде;в) ұрлық не қорқытып алушылық үшiн бұрын екi немесе одан да көп рет сотталған адам жасаған ұрлық — өте ауырлататын ұрлық құрамдары болып табылады.

30-билет

1. Азаматтық құқықтағы мәмілелердің түсінігі мен түрлері.Мәміле азаматтар мен заңды тұлғалардың Азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағъпталған әрекеттері. Мәмілелердің нысандары ауызша және жазбаша болуы мүмкін. Мәмілелерді ауызша жасау дегеніміз - ол мәмілелерді сөзбен немесе конклюденттік әрекеттер арқылы жасау. Конклюденттік әрекет-сол арқылы тұлғаның мәмілеге қатысуға ниет білдіру әрекеті. Мәмілелерді жазбаша мамандырылған нысанда жасау дегеніміз – оларды нотариалдық куәландыру және мемлекеттік тіркеуден өткізу болады. Мәмілелер мынадай түрлерге бөлінеді: 1) бір жакты және екі немесе көп жақты (шарттар); 2) акылы және ақысыз; 3) нақты және консенсуалды; 4) казуалды және абстрактылы; 5) шартпен жасалған; 6) биржалык. Консенсуалды мәмілелер (латынша concensus — келісім) — келісімге келген сәттен бастап азаматтардың құқықтары мен міндеттері туындайтын мәмілелер. Біржакты мәміле дегеніміз Заңдарға немесе талаптардың келісіміне сәйкес жасалуы үшін бір тараптың ерік білдіруі қажет және сол жеткілікті болатын мәміле. Біржақты мәмілелердің анағүрлым жиі кездесетін түрі өсиет қалдыру.

2. Үшінші тұлғаның пайдасына міндеттеме алу және олардың ерекшеліктері.Егер заңдарда немесе шарттарда көзделсе, сол сияқты үшінші жақ тиісті шарт арқылы тараптардың бірімен байланысты болса, міндеттемені орындау түгелдей немесе бөлшектеп үшінші жаққа жүктелуі мүмкін.Егер заңдардан, міндеттеме шарттарынан немесе оның мәнінен борышқордың міндеттемені жеке өзі орындау міндеті туындамаса, несие беруші борышқор үшін үшінші жақ ұсынған орындау ісін қабылдауға міндетті.Несие берушінің борышқор мүлкінен ақы өндіріп алуы салдарынан өзінің бұл мүлікке құқығынан (иелену, пайдалану, кепілге салу құқығы және басқа құқықтары) айрылу қаупі төнген үшінші жақ несие берушінің талабын борышқордың келісімінсіз өз есебінен қанағаттандыра алады. Бұл ретте міндеттеме бойынша несие берушінің құқығы үшінші жаққа көшеді.

3.Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алғаны немесе ысырап еткені үшін жауаптылық.Иеленiп алу немесе ысырап ету — кiнәлi адамға тапсырылған бөтен мүлiктi талан-таражға салудың бiр нысаны болып табылады.Қылмыстың объективтiк жағы сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иелену немесе ысырап ету белгiлерiмен сипатталады. Осыған байланысты бұл жерде талан-тараждың екi нысаны: иеленiп алу немесе ысырап ету құрамдары туралы сөз болып отыр.Иеленiп алу дегенiмiз кiнәлiнiң өзiне сенiп тапсырылған бөтеннiң мүлкiн өзiнiң пайдасына заңсыз айналдыруы мақсатымен оған заңсыз иелiк етуi болып табылады.Ысырап етуге кiнәлi адамның өзiне сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi заңсыз және тегiн өзiнiң пайдалануы немесе басқа бiреуге беруi, сыйлауы, сатуы, қарызға беруi және т.б. әрекеттерi жатады.Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иелену мен ысырап етудiң негiзгi айырмашылықтары мынадай: сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иеленуде кiнәлi адам бөтеннiң мүлкiн жөнсiз, негiзсiз, заңға қайшы әрекеттермен ұстап тұрады, иесiне қайтармайды, ал ысырап етуге осы аталған мүлiктi әр түрлi жолмен талан-тараж-ға салуы, пайдаланып кетуi, шашылып-төгiлуi, рәсуә болуы, тегiн немесе ақысын алып тарату жатады.Қылмыстың субъективтiк жағы тiкелей қасақаналық нысаны арқылы сипатталады. Кiнәлi адам өзiне сенiп тапсырылған бөтеннiң мүлкiн иеленетiнiн немесе ысырап ететiнiн сезедi және өз әрекетi арқылы меншiк иесiне мүлiктiк залал келтiргенiн күнi бұрын бiледi және сондай залалдың болуын тiлейдi. Бұл жерде кiнәлi адам пайдакүнемдiк ниеттi басшылыққа ала отырып, заңсыз бөтеннiң мүлкi есебiнен пайда табу мақсатын да көздейдi.Қылмыстың субъектiсi болып арнаулы субъект — талан-таражға түскен мүлiк өзiне заң, шарт, келiсiмшарт негiзiнде немесе қызметтiк жағдайына байланысты сенiп тапсырылған мүлiкке құзыреттi адам танылады.

31-билет

1. Мәмілені жарамсыз деп санаудың салдары, жарамсыз мәмілелердің түрлері.Мәміленің нысанына, мазмұнына және қатысушыларына, сондай-ақ олардың ерік білдіру бостандығына койылатын талаптар бұзылған жағдайда мүлделі адамдардың, тиісті мемлекеттік органның не прокурордың талабы бойынша мәміле жарамсыз деп танылуы мүмкін".Азаматтық құқық теориясында мәмілелердің жарамсыз болуы мынадай түрлерге бөлінеді: а) субъект қүрамының акауы болатын мәміле; ә) ерікке қатысты ақауы бар мәміле; б) нысанның ақауы бар мәміле; в) мазмұнының ақауы бар мәміле.Жарамсыз мәмілелерге мыналар жатады:А) он төрт жасқа толмаған адам жасаган мәміле жарам¬сыз болады ә) Он төрт жастан он сегіз жаска дейінгі кәмелетке толмаған баланың ата-анасының (асырап алушыларынын) немесе камқоршыларының келісімінсіз жасаған мәмілесін, заң бойынша оның өзі дербес жасауға құқығы бар мәмілелерді қоспағанда, сот ата-анасының (асырап алушыларының) немесе қамқоршысының талабы бойынша жарамсыз деп тануы мүмкін б) Есуастық немесе ақылесі кем болуы салдарынан әрекет қабілеттілігі жоқ деп танылған адам жасасқан мәміле жарамсыз болады. Кейіннен әрекет кдбілеттілігі жоқ деп табылған азамат жасасқан мәміле егер мәмілені жасау кезінің өзіңдеақ бұл азаматтың психикалық шатасу жағдайында болғаны дәлелденсе, оның корғаншысының талабы бойынша сот мәмілені жарамсыз деп тануы мүмкін в) Сот әрекет қабілеттілігін шектеген адам жасасқан мәмілені сот оның қамқоршысынын талап етуі бойынша жарамсыз деп тануы мұмкін г) Әрекет қабілеттігі болғанымен, мәміле жасаған кезде өз әрекетінің мәнт түсіне алмайтын немесе өзінің не істегенін білмейтін жағдайда болған азамат жасасқан мәмілені сот азаматтың талабы бойынша, ал егер тірі кезінде талап етуге азаматтың мүмкіндігі болмаса, азамат қайтыс болғаннан кейін басқа мүлделі адамдардың талабы бойынша жарамсыз деп тануы мүмкін

2. Міндеттемені орындаудың түсінігі мен қағидалары.Міндеттемелерді орыңдау дегеніміз борышкордың алған міндеттемесіне сай белгілі бір әрекетті жасауы немесе несие берушінің талап етуі құқығына сәйкес оқшау әрекетті жасауды тоқтата тұруы. Міндеттемені орындау көбінекөп борышқордың белсенді әрекетінен, не әрекетін кейде тоқтата тұруынан көрінеді. Міндеттемені орындау Азаматтық кодексте бекітілген принциптерге сәйкес жүзеге асырылуы тиіс. Оған міндеттемені тиісті дәрежеде орындау және міндеттемені нақты орындау жатады. Міндеттемені тиісті дәрежеде орындау принципі борышқордың міндеттемені Заңдардың талаптары мен міндеттеме шартына сәйкес орындауын білдіреді. Міндеттемені нақты түрінде орындау принципі- Біріншіден, аталған принцип борышқор міндеттемені бүзған кезде, Заңда немесе шартта өзгеше көзделмесе, іс жүзінде оны нақты орындауын талап етеді.Екіншіден, міндеттемені орындамаған жағдайда залалды өтеу және оны орындамағаны үшін айып төлеу борышқорды, егер заң құжаттарында немесе шартта өзгеше көзделмесе, міндетттемені заттай орындаудан босатады.Мерзімі өтіп кеткеңдіктен өзі үшін енді керегі болмай қалған міндеттеменің орындалуынан несие берушінің бас тартуы, сондай-ақ бас тарту төлемі ретінде белгіленген ақшалай соманы төлеу, борышқорды міндеттемені заттай орындаудан босатады.Міндеттемені тиісті дәрежеде орындау нақты түрінде дәл орындаудың бір мезгілде болғанын көрсетеді.

3.Алаяқтық үшін қылмыстық жауаптылық.Қылмыстық заңда «Алаяқтық, яғни бөтен мүлiктi талан-таражға салу немесе бөтен мүлiкке құқықты алдау немесе сенiмге қиянат жасау арқылы алу»,— деп көрсетiлген.Объективтiк жағынан алаяқтық бөтен мүлiктi талан-тараж-ға салу немесе бөтен мүлiкке құқықты алу заңда көрсетiлген екi тәсiл арқылы: алдау немесе сенiмге қиянат жасаумен жүзеге асырылады. Осы қылмысты жасағанда жәбiрленушi мүлiктi қылмыскерге оған сенiп өз қолымен тапсырады. Алаяқтық жолмен алдау дегенiмiз шындыққа жатпайтын фактiлердi көрiнеу бұрмалап, жалған хабар беру, мәлiмдеме жасау, жалған құжаттар көрсету арқылы өзiн құқық қорғау органының қызметкерi етiп көрсету, әр түрлi келiсiмдер бойынша бұйымның, заттың саны, сапасы, бағасы жөнiнде көрiнеу шатастыру, жалған сенiм хаттар көрсетiп, басқа бiреуге тиесiлi қаражатты немесе мүлiкке құқықты алу, осындай әдiспен бiреудiң үйiн, көлiгiн және басқа мүлкiн сатып, айырбастап жiберу, т.б. болып табылады. Алаяқтықтың екiншi бiр тәсiлi — сенiмге қиянат жасау болып табылады. Сенiмге қиянат жасау деп кiнәлi адамның меншiк иесiмен немесе мүлiктiң өзге де заңды иеленушiсiмен пайда болған әр түрлi сенiмге негiз боларлық қатынастарды пайдалану арқылы олардың мүлкiн заңсыз иеленуi немесе иеленуге құқық алуы болып табылады. Мысалы, кiнәлi адамның әр түрлi азаматтық-құқықтық келiсiмдердi пайдалануы: тұрмыстық прокат шарты, сауда-саттыққа қарыз берушiлер, белгiлi бiр жұмысты iстеуге, бағып-қағуға мiндеттемелiк шарттар болып табылады. Осындай сенiмге ие болу арқылы олар жәбiрленушiге қарсы алаяқтық әрекеттер iстейдi.Алаяқтың құрамы — материалдық.

32-билет

1.Биржалық мәмілелердің ерекшеліктері. Биржалық мәміле-р-нысаны биржадағы айналысқа жіберлген мүлік б/т-н ж/е тиісті биржа-р (тауар,қор) тур. ҚР заңдары мен биржалық сауда ереже-не сәйкес онымен сауда-саттық жүргізуге қатысатын-рмен жасалатын мәміле-р. Биржалық мәміле-р осы мәміле-р-ң жасалған-н растау үшін биржа беретін құжат-рмен рәсім-ді. Егер заң-рдан,тарап-р-ң келісімінен,мәміле-ң мәнінен өзге жағдай-р туындамаса,биржалық мәміле-рге олар-ң мазмұнына қарай тиісті шарт,яғни сатып алу-сату, комиссия-р ж/е т.б. туралы ереже-р қолданылуы мүмкін.Заңнамада н/е биржалық сауда ереже-рінде,заң/з жолмен алынған кіріс-рді заңдастыруға ж/е террорризмді қаржыландыруға қарсы іс қимыл тур.ҚР заңнамасына сәйкес қаржы мониторингі жөнін-гі уәкілетті органға ұсыныла-н мәлімет-ден басқа,тарап-р-ң коммерц-қ құпиясы б/т-н ж/е олар-ң келісімін/з жария етуге жатпай-н биржалық мәміле-р-ң талап-ры көзделуі мүмкін.

2.Міндеттемені орындау мерзімін өткізіп алудың салдары.Міндеттеменің орыңдалу мерзімі Заңмен немесе шартпен, сондай-ақ, шарт алдындағы дауды қарашын органмен айқындалуы мүмкін.Егер Міндеттемеде ол орындалатын күн немесе ол орындалуға тиісті уақыг кезеңі көзделсе немесе оны анықтау мүмкін болмаса, Міндеттеме сол күні немесе тиісінше сол кезең ішіңде кез келген уақытта орындалуға тиіс.Егер міндеттемеде ол орындалатын мерзім көрсетілмесе, бұл мерзімді анықтауға мүмкіңдік беретін шарттар болмаса, ол міндеттеме пайда болғаннан кейін ақылға қонымды мерзімде орындалуға тиіс.Ақынға қонымды мерзім дегеніміз міндеттеме нақты жағдайды ала отырып, орындау мүмкіндігі болып табылады.Бұл орайда борьпнқордың жағдайына байлаяысты мүмкіндігі, міндеттемені орындау тәсілі, т.б. ескеріледі (мысалы, несие берушіге дейінгі қашықтық, көлік түрі, және т б.).Ақылға қонымды мерзімде орындалмаған, сол сияқты орындалу мерзімі талап етілетін кезбен белгіленген міндеттемені, егер Заңдардан, міндеттеме шарттарынан, іскерлік қызмет өрісіндегі әдеттегі құқықтардан немесе міндеттеме мәнінен басқа мерзімде орындау міндеті туындамаса, борышқор несие беруші оның туындалуын талап еткен күннен бастап жеті күн мерзімінде орындауға міндетті.

3.Тонау және оның ауырлатылған құрамына талдау жасау.Ұрлыққа, алаяқтыққа, сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иеле-нiп алу немесе ысырап етуге қарағанда тонау талан-таражға жататын қылмыс нысандарының қауiптi түрi болып табылады.Тонау, яғни бөтен мүлiктi ашық талан-таражға салу.Тонаудың тiкелей объектiсi болып бөтеннiң мүлкiне қол сұғу болып табылады. Сонымен бiрге тонау көп объектiлi қылмысқа жатады. Сондықтан да оның қосымша тiкелей объектiсi болып жеке адамның денсаулығы, бостандығы да жатады.Тонау объективтiк жағынан белсендi әрекет күйiнде бөтеннiң мүлкiн ашықтан ашық талан-таражға салу арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан да тонаудың объективтiк жағының ерекшелiгi — қылмыстың iстелу тәсiлiне, кiнәлiнiң бөтеннiң мүлкiн ашықтан ашық талан-таражға салуымен ерекшеленедi.Тонаудың жиi кездесетiн түрi бөтеннiң мүлкiн жәбiрлену-шiнiң көзiнше оған күш қолдану ниетiнсiз тартып алып қашу болып табылады. Субъективтiк жағынан тонау тiкелей қасаналықпен және пайдакүнемдiк мақсатпен сипатталады.Тонаудың ауырлататын түрiне:а) жәбiрленушiнiң өмiрi мен денсаулығына қауiптi емес күш қолданумен, не осындай күш қолданамын деп қорқыту арқылы;б) бiрнеше рет;в) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша;г) тұрғын, қызметтiк, өндiрiстiк үй-жайға не қоймаға заңсыз кiрумен жасалған тонау; аса ауырлататын түрiне:а) ұйымдасқан топ;б) iрi мөлшерде жасалған тонау жатады.

33-билет

1.Өкілдік түсінігі және түрлері.Өкілдік деп басқа адамның (өкілдік берушінің) атынан бір адамның (өкілдің) сенімхатқа, заңдарға, сот шешіміне не әкімшілік құжатқа негізделген өкілеттігі күшімен жасаған мәмілесін айтамыз. Өкілдік берушінің азаматтық құқықтары мен міндеттерін тікелей туғызады, өзгертеді және тоқтатады.Азаматтық құқық субъектілерінің бәрі бірдей өкіл бола алмайды. Азаматтық әрекет қабілеттілігі бар кез келген тұлға, яғни азаматтар мен заңды тұлғалар өкіл бола алады. Мұның өзі алдымен азаматтың 18 жасқа толу керектігін көрсетеді, өйткені, бұл жаста оған азаматтық әрекет қабілеттігі толықтай тән, ал заңды тұлғадағы өкілдік жарғымен айқындалған құқық қабілеттілікке қайшы келмеуі тиіс. Өкілдік заңды және ерікті деп бөлінеді. Заңды өкілдік тікелей заңнан туындайды, әрі ол өкілдік берушінің еркіне қарамайды. Шартқа негізделген өкілдік ерікті өкілдік деп аталады. Мұның өзі өкілдік берушінің еркіне байланысты болады. Өкілдік беруші өкілді тауып қана қоймай, оның өкілеттігін де айқындайды. Сонымен бірге өкілдік берушінің атынан заңдық әрекет жасарда өкілдің өзімен де келісім жасау талап етіледі. Өкілдік беруші мен өкіл арасында шарт жасалып, онда өздерінің ішкі қарым-қатынастарын айқындайды (мысалы, тапсырма шарты).

2.Міндеттемені қамтамасыз етудің негізгі тәсілдері.Міндеттемені қамтамасыз ету оны орындатуға бағытталатын, жалпыға бірдей емес, арнайы шаралар болып табылады. Сондықтан ол міндеттемелердің бәріне бірдей емес, тек Заңдарда немесе келісімге отырған жақтардың шарттарында қаралған міндеттемелерге қолданады. Ондай әдістерге: айып төлету, кепіл, борышқордың мүлігін алып қалу, аманат, кепілдік, кепілпұл және басқа әдістер жатады. 1. Айып төлеу. Борышқор міндеттемесін орындамаған немесе тиісінше орындамаған ретте, атап айтканда, орыңцау мерзімін откізіп алған ретте несие берушіге төлеуге міндетті, Заңдармен немесе шартпен белгіленген ақша сомасы айып төлеу (айыппүл, өсім) деп танылады. 2. Кепіл. Кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемеге сәйкес несие беруші (кепіл ұстаушы) кепілдің күшіне сүйене отырып, борышқор кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемені орындамаған ретте кепілге салынған мүлік құнынан заң актілерінде белгіленген алымды шығарын алып, осы мүлік тиесілі адамның (кепіл берушінің) басқа несие берушілер алдыңда артықшылықпен қанағаттандырылу құқығына ие болады.Кепіл туралы шарт жазбаша түрде жасалуға тиіс. Міндеттемені орындауды қамтамасыз етудің жаңа әдісі борышқордың мүлкін алып (ұстап) қалу. Оның мәні мынадай: борышқор немесе борышқор айтқан тұлғаға берілуге тиісті затты және сол зат бойынша борышқор міндеттемені мерзімінде орындамаған немесе кідіртудің салдарынан оған басқа да залалдар әкелсе, міндеттеме қашан орындалғанша несие беруші затты өзіңце ұстай түрады.Бұл әдістің өзіне тән бір ерекшелігі несие беруші заттық құқыққа ие бола түрып меншік иесі бола алмайды.

3.Қарақшылық үшін қылмыстық жауаптылық құрамын талдау.Қарақшылық — талан-таражға салудың ең қауiптi түрi болып табылады. Қылмыстық заңда «қарақшылық, яғни бөтен мүлiктi талан-таражға салу мақсатында шабуыл жасауға ұшыраған адамның өмiрi мен денсаулығына қауiптi күш көрсетумен немесе тiкелей күш қолданамын деп қорқытумен ұштасқан шабуыл жасау» деп анықталған.Қарақшылықтың қауiптiлiгi бөтеннiң меншiгiне қол сұғумен бiрге, осы қол сұғудың өте қауiптi тәсiлi — шабуыл жасауға ұшыраған адамның өмiрi мен денсаулығына қауiптi күш қолданумен немесе тiкелей күш қолданамын деп қорқытумен ұштасқанында болып табылады. Қылмыстың бұл түрiнiң қоғамға қауiптiлiгiнiң көтерiңкi жағдайы оның екi бiрдей объектiсi — меншiкке және адамның өмiрi мен денсаулығына бiр мезетте қылмысты қол сұғуы арқылы сипатталады.Қарақшылықтың объективтiк жағы адамның өмiрi мен ден-саулығына қауiптi күш көрсетумен немесе тiкелей осындай күш қолданамын деп қорқытумен ұштасқан шабуыл жасау арқылы белгiленедi. Қарақшылық субъективтiк жағынан тiкелей қасақаналықпен және пайдакүнемдiк мақсатпен сипатталады.Қарақшылықтың субъектiсi болып 14-ке толған есi дұрыс кез келген адам танылады.Қарақшылық құрамының ауырлататын түрлерi болып:а) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша;б) бiрнеше рет;в) тұрғын, қызметтiк, өндiрiстiк үй-жайға не қоймаға заңсыз кiрумен жасалған;г) қару немесе қару ретiнде пайдаланылатын заттарды қолданумен жасалған;д) денсаулыққа ауыр зиян келтiрумен жасалған қарақшылық танылады. Бұл жерде қару немесе қару ретiнде пайдаланылатын заттарды қолданумен жасалған қарақшылыққа ғана тән әрекеттердiң мәнiн ашу қажет.Бұл жерде қылмыстың құралы: а) қару; б) қару емес, бiрақ қару ретiнде пайдаланылатын заттар болып табылады.Қаруға атылатын және суық қарулар жатады. Атылатын қаруға тапанша, автомат, пулемет, гранотомет, мылтық, гранат, мина және басқа жарылатын заттар жатады. Аңшылық мылтығы, газ пистолетi және баллондары қаруға жатпайды, бiрақ қарақшылық iстеуде қару ретiнде пайдаланылғанда осы құрамның ауырлататын түрiн құрайды.

34-билет

1. Коммерциялық өкілдіктің ерекшеліктері.Кәсіпкерлік жүйеде шарт жасасқан кезде олардың атынан үнемі және дербес өкілдік етуші болмаса, онда коммерциялық өкілдік туындайды. Мұндай жағдайда коммерциялық өкіл өкілдің өкілеттігі көрсетілетін жазбаша шарт негізінде, ал ол көрсетілмеген жағдайда — сенімхат негізінде әрекет жасайды. Коммерциялық өкілдік екі түрге бөлінеді: өз өкілдігі және бөтен тұлғаның алдында болатын өкілдік. Өз атынан болу — заңды тұлға өкілді өз құрылымынан тағайындайды және ол арқылы өзінің құқықтары мен міндеттерін орындап, мүддесін қорғайды. Мұндай өкілдікте бір субъект болады, сырттан бөтен тұлғаны аиналымға қатыстырмайды.Коммерциялық өкілдіктің екінші түрі — басқалардың мүдделері үшін болса да өз атынан әрекет ететін адамдар (коммерциялық делдалдар, мұрагерлік кезіңде өсиетті орындау тапсырылған адамдар және т. б.).Коммерциялық өкілдің өкілеттігі жазбаша шартта тікелей көрсетілуі тиіс немесе оған берілетін сенімхатта да жазылады.

2. Азаматтық құқық бұзушылықтың түсінігі және құрамы.Құқық бұзушылық — заңды, оның қағидаларын құқықтық нормалар жүктеген міндеттерді бұзу, тыйым салынған әрекеттерді жасау. Ол адамдардың іс-әрекеті, қылығы, мінезі немесе әрекетсіздігімен сипатталады. Адам өзінің іс-әрекеті, қылығы арқылы басқа адамдармен, қоғаммен, мемлекетпен қарым-қатынасқа түседі. Азаматтық құқық бұзушылық — азаматтық құқық нормаларымен реттелетін мүліктік және онымен байланысты жекелеген қатынастарға зиян келтіретін, әлеуметтік қауіпті әрекет-әрекетсіздік. Ол шарттық және шартсыз деп екіге бөлінеді. Шартты — азаматтық құқықтың шартқа қатысушы субъектілерінің әрекетінен туындаса, шартсыз — азаматтық құқықтың нормаларының талаптарын сақтамау және орындамаумен байланысты болады. Шарттың міндетін бұзған азамат немесе көсіпорын өз еркімен заңда көрсетілген айыппұлды төлеп, шығынды қалпына келтіре алады. Азаматтық құқық бұзушылықтың қылмыстық әрекеттерден айырмашылығы, олардың занда тізімі берілмеген. Яғни, азаматтық құқық бұзушылыққа тән ерекшелік оларға мүліктік және мүліктік емес санкциялармен тыйым салынуы болып табылады. Мұнда және бұзылған құқықтың қалпына келтірілуі көзге түседі: заңға қайшы келетін мәмлені езгерту, келтірілген мүліктік зиянның орнын толтыру және т.б. Құқықты қалпына келтіруші санкциялар азаматтық құқық бұзушылық келтірілген зиянды салдарын бағалау және азаматтар мен ұйымдардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерінің қалпына келтіруін көздейді.

3. Қорқытып алушылық құрамына талдау жасау.Заңда «Қорқытып алушылық, яғни бөтен мүлiктi немесе мүлiкке құқықты берудi немесе күш қолданумен не бөтен мүлiктi жоюмен немесе бүлдiрумен қорқыту арқылы мүлiктi сипаттағы басқа да iс-әрекеттер жасауды талап ету, сол сияқты жәбiрлену-шiнi немесе оның туыстарын масқаралайтын мәлiметтердi таратумен, жәбiрленушiнiң немесе оның жақындарының мүдделерiне елеулi зиян келтiруi мүмкiн өзге де мәлiметтердi жариялау» деп белгiленген. Қорқытып алушылықтың тiкелей объектiсiне меншiк қатынастары ғана емес, жәбiрленушiнiң немесе оның жақындарының ар-намысы және олардың жеке басының бостандығы, денсаулығы жатады.Қорқытып алудың заты болып: мүлiк, мүлiкке құқық немесе қорқытушының пайдасына жәбiрленушiнiң мүлiктiк сипаттағы басқа да iс-әрекеттердi iстеуi жатады.Қорқытып алушылықтың объективтiк жағы екi түрлi жеке әрекеттен — қорқыту арқылы жәбiрленушiден талап етiп отыр-ған мүлiктi немесе мүлiкке құқықты берудi немесе кiнәлiнiң пайдасына мүлiктiк сипаттағы басқа да iс-әрекеттердi iстеудi талап етуден тұрады.Субъективтiк жағынан қорқытып алушылық тек тiкелей қасақаналықпен жүзеге асырылады және пайдакүнемдiк мақсатты көздейдi. Кiнәлi адам бөтеннiң мүлкiне ешқандай құқығы болмаса да қорқыту арқылы мүлiктi, мүлiкке құқықты немесе өзiнiң пайдасына мүлiктiк сипаттағы басқа да әрекеттердi iстеудi заңсыз талап етуiн сезедi және осындай қорқытулар арқылы жәбiр-ленушiнi өзiнiң талаптарын орындауға мәжбүрлеудi тiлейдi. Қорқытып алушылықтың субъектiсi —181-баптың 2, 3-бөлiк-терi бойынша 14 жасқа ал осы баптың 1-бөлiгi бойынша 16-ға толған адам.Қорқытып алушылықтың ауырлататын түрлерi: а) күш қолдану; б) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша; в) бiрнеше рет жасалған қорқытып алу (181-баптың 2-тармағы) болып табылады. Осы ауырлататын түрлердiң соңғы екеуiнiң мазмұны ұрлықтың (175-бап) ауырлататын осындай түрлерiмен ұқсас.

35-билет

1.Азаматтық құқықтағы мерзімдердің маңызы.Мерзімдер дегеніміз – ол оқиғаларға жататын заңды фактілердің бір түрі. Басқаша айтқанда, басталуы немесе өтуі белгілі бір құқықтық салдар туғызатын уақыт мөлшері, мезеті азаматтық құқықта мерзім деп аталады. Мерзімнің маңыздылығы келесіде болады: ол азаматтық құқықтық қатынастарды анықтайды, азаматтық құқық қатынастарыныың қатысушыларын тәртіпке шаќырады. Яғни, азаматтық құқықтарды жүзеге асыру, міндеттерді атќару жєне азаматтық құқықтарды қорғау белгілі бір уақыт кезеңінде, мезеттерінде, жасалуы ќажет. Мерзімнің басталу мезетін, мерзімді есептеу тєртібін жєне мерзімніњ аяќталуын білген аса маңызды болады. Мерзімдер түрлері: азаматтыќ ќұќықтарды жүзеге асыру мерзімі, міндеттерді атќару мерзімдері, субъективтік құқықтарды қолдану мерзімі, азаматтық құқықтарды қорғау мерзімі (талап қою), кепілдік мерзімі, шағымдану мерзімі, жарамдылыќ мерзімі, кызмет ету мерзімі; заңды, шарттыќ, соттық және т. б. мерзімдер. Азаматтық құқықтарда қорғау үшін бекітілген аса маңызды мерзімдердің бірі - ол талап ќою мерзімі. Заңды тұлѓалар мен жеке тұлѓалар үшін жалпы талап ќою мерзімі-үш жыл

2.Кепіл пұл міндеттемені орындауды қамтамасыз етудің тәсілі ретінде.Уағдаласушы тараптардың біреуінің шарт бойынша өзінен алынатын төлемнің есебінен екінші тарапқа және шарт жасау мен орындауды не өзге міндеттемені орындауды қамтамасыз етуге берілетін ақшалай сома кепілпұл деп танылады.Кепілпұл туралы келісім кепілпұлдың сомасына қарамастан жазбаша нысанда жасалуға тиіс. Бұл ереже негізгі міндеттеме нотариалдық жолмен куәландыруға тиіс болатын жағдайда да қолданылады. Келісімнің жазбаша нысанда жасалуын сақтамау кепілпұл келісімін жарамсыз деп тануға әкеп соқтырады.Кепілпұлмен қамтамасыз етілген міндеттемені тоқтатудың немесе орындамаудың салдары.Міндеттеменің орындалуы басталғанға дейін тараптардың келісімі бойынша не олардың кінәсінсіз-ақ оны орындаудың мүмкіндігі болмауы салдарынан тоқтатылған жағдайда, кепілпұл қайтарылуға тиіс.Егер міндеттеменің орындалмауына кепілпұл берген тарап жауапты болса, ол екінші тарапта қалады, ал егер кепілпұл алған тарап жауапты болса, ол екінші тарапқа кепілпұлдың екі еселеген сомасын төлеуге міндетті. Оның үстіне, шартта өзгеше көзделмегендіктен, міндеттеменің орындалмауына жауапты тарап екінші тарапқа кепілпұл сомасын ескере отырып, шеккен заладың орнын толтыруға міндетті.

3.Көрнеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті сатып алу немесе сату үшін жауаптылық.Көрiнеу қылмыстық жолмен табылған мүлiктi алдын ала уәделеспей алғаны немесе өткiзгенi үшiн қылмыстық жауаптылық көзделген.Қылмыстың тiкелей объектiсi меншiк қатынастарына (қылмыстық жолмен табылған мүлiктi алу немесе өткiзуге) байланыс-ты қоғамдық қатынастар болып табылады.Қылмыстың заты — қылмыстық жолмен табылған мүлiк.Қылмыс объективтiк жағынан қылмыстық жолмен табылған мүлiктi алу немесе өткiзу әрекеттерiнiң бiреуiн iстеу арқылы жүзеге асырылады.Қылмыстық жолмен табылған мүлiктi алу деп — кiнәлiнiң осы мүлiктi бiле тұра күнi бұрын уәделеспей заңсыз, қылмыстық тәсiлмен иеленген адамнан әр түрлi келiсiмдер арқылы — ақылы немесе ақысыз, тегiн, сыйға, айырбасқа, қарызының өтемi үшiн немесе басқа да кез келген нысанда алуын айтамыз.Қылмыс құрамы құрылысы жөнiнен формальдық құрамға жатады, сондықтан да оның аяқталу сәтi қылмыстық жолмен табылған мүлiктi алу немесе өткiзу әрекеттерiнiң бiрiн жүзеге асыр-ған уақыттан бастап-ақ есепке алынады.Қылмыс субъективтiк жағынан тiкелей қасақаналықпен iстеледi. Кiнәлi адам мүлiктiң көрiнеу қылмыстық жолмен та-былғанын бiледi, соған қарамастан осы мүлiктi алуды немесе өткiзудi тiлейдi. Жалпы алғанда бұл қылмыс құрамы пайда-күнемдiк ниетпен жүзеге асырылады.Қылмыстың субъектiсi болып 16-ға толған кез келген есi дұрыс адам танылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]