
18 Билет
1.қасақаналық және оның түрлері.Қасақаналық - кiнəнiң көп кездесетiн нысаны. Қасақаналық қылмыстық заңда қоғамға қауiптiлiгi жағынанжоғары болғандықтан абайсыздыққа қарағанда кiнəнiң анағұрлым ауыр нысаны ретiнде қаралады. Қылмыс қасақана жасалған деп саналады, егер адам өз iс-əрекетiнiң қоғамға қауiптi екенiн ұғынып, оның қоғамға қауiптi зардаптарының болуының мүмкiн екенiн немесе болмай қоймайтындығын алдын-ала бiлсе жəне ол зардаптардың болуын тiлесе, немесе осы зардаптардың болуын тiлемесе де, оған саналы түрде жолберсе, не оған немқұрайды қараса. Қасақаналық екi түрге бөлiнедi: тiкелей жəне жанама.Тiкелей қасақаналықта адам:1) өз iс-əрекетiнiң қоғамға қауiптiлiк сипатын ұғынады;2) қоғамға қауiптi зардаптардың болуы мүмкiн екенiн немесе болмай қоймайтынын алдын ала бiледi;3) осы зардаптардың болуын тiлеуi.Тiлеу деп психологиялық əдебиеттерде адамның саналы жəне мақсатқа лайықты əрекетiнде нақты нəтижеге жету ұмтылысын айтады. Жанама қасақаналықта адам:1) өз iс-əрекетiнiң қоғамға қауiптiлiк сипатын ұғынады;2) оның қоғамға қауiптi зардаптарының болуы мүмкiн екенiн алдын ала бiлуi;3) осы зардаптардың болуын тiлемесе де, оған саналы түрде жол бередi не бұған немқұрайды қарайды.
2. Белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру.Белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысуқұқығынан мемлекеттiк қызметте, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында белгiлi бiр лауазымды атқаруғанемесе белгiлi бiр кəсiптiк не өзге де қызметпен айналысуға тиым салудан тұрады. Бұл жазаның қылмыстық-құқықтық мəнi- сотталған адамды белгiленген мерзiмге белгiлi бiркəсiптiк немесе үкiмде көрсетiлген лауазымда болу мүмкiндiгiнен айыру, соның нəтижесiнде айыпкердiң қайталап қылмыс жасауын болдырмау. Бұл жаза түрi негiзгi немесе қосымша жаза ретiнде тағайындалуы мүмкiн. ҚР ҚК-нiң Ерекше бөлiмi баптарының санкцияларына сəйкес сот жазаның жеңiлдеу түрiне көшкенде жазаның бұл түрiнiң тiкелей белгiленуi оны тағайындауға негiз болады. ҚК-тiң Ерекше бөлiмiнiң тиiстi баптарының санкцияларында көрсетiлмесе де, жасалған қылмыстың сипаты мен қоғамға қауiптiлiк дəрежесiне жəне айыпкердiң жеке басын ескере отырып сот тағайындай алады. Қарастырылып отырған жазаның өтелу мерзiмдерi оның негiзгi немесе қосымша жаза ретiнде тағайындалуына қарай əртүрлi болып келедi. Негiзгi жаза ретiнде бiр жылдан бес жылға дейiнгi мерзiмге, ал қосымша жаза ретiнде алты айдан үш жылға дейiнгi мерзiмге тағайындалады.
3.сақтандырудың түрлері.Сақтандыру белгілі түрлерге бөлінеді.Сақтандыру міндеттілігіне байланысты мынадай түрлерге бөлінеді.а)міндеттіб) ерікті.Сақтандыру объектісі бойынша мынадай түрге бөлінеді.а)жекеб)мүліктік. Міндетті сақтандыру –заң актілері талаптарына орай жүзеге асырлатын сақтандыру. Оның түрлері,тәртібімен талаптары заң актілерімен белгіленеді.Ол сақтанушының есебінен жүзеге асырылады.Сақтанушы мен сақтандырудың белгілі бір түрін жүзеге асыруға лицензиясы бар сақтандырушының арасында міндетті түрде шарт жасалады.Адам өз өмірін немесе денсаулығын сақтандыруды өзі шешеді. Сақтандыру міндетін заң актілерімен де, шартпнеде азаматқа жүктеуге болмайды. Ерікті сақтандыру –талаптардың ерік білдіру арқылы жүргізіледі.Егер міндетті сақтандырудың түрлері, тәртібімен талаптары заң актілерімен белгіленсе ,алерікті сақтандырудың түрлері, шарттары мен тәртібі талаптардыңкелісімі бойынша белгіленеді.Жеке сақтандыруға –азаматтың өмірін,денсаулығын,еңбекке қабілеттілігін және жеке басына байланысты өзге де мүдделерін сақтандыру жатады.Сақтандырудың бұл түрі бойынша сақтанушының өзі, сондай –ақ шартта көрсетілген басқа адам сақтандыруы мүмкін.Мүліктік сақтандыруға мүліктік және кәсіпкерлік тәуекелдер мен азаматтық құқықтық жауаптылықты қоса алғанда, оларға мүдделерді сақтандыру жатады.Соңғы жылдары міндетті сақтандыру кеңінен қолданылады. Мысалы, әскери қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығын міндетті сақтандыруды және судьялардың өмірі мен денсаулығын, мүлігін міндетті сақтандыру жүргізілген. Міндетті сақтандыру азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру саласында дамыған. Яғни автомобіль көлігі иелерінің азаматтық-құқықытық жауапкершілігі, нотариустардың және кейбір өзге субьектілердің азаматтық-құқықтық жауапкершілігі міндетті сақтандыруға жатады.
19-билет
1.абайсыздық және оның түрлері.менмендiкпен немесе немқұрайдылықпен жасалған əрекет абайсызда жасалған қылмыс деп танылады. абайсыз кiнəмен жасалған қылмыстар қасақана қылмыстарға қарағанда қауiптiлiгi төмендеу, өйткенi абайсыздықта адам қылмыс жасауға дайындалмайды жəне ниеттенбейдi. Абайсыз қылмыстардың жасалуы негiзiнен бiрқатар адам дардың əлеуметтiк жауапсыздығынан,тəртiпсiздiгiнен, өзiн жоғары бағалаудан, салғыртығынан, өз мiндеттерi мен қауiпсiздiк ережелерiне салақтықпен қарауынан, айналадағылардың өмiрi мен денсаулығына ұқыпсыз қатынасынан, тəжiрибенiң жоқтығынан не өзге де себептермен шамасы келмейтiн функцияларды өзiне алуына байланысты орын алады. Абайсыздықты кiнəнiң жеке бiр нысаны ретiнде көрсететiн оның екi түрi бар: менмендiк жəне немқұрайдылық. Сонымен, қылмыс менмендiкпен жасалған деп танылады, егер: 1) Адам өз iс-əрекетiнiң қылмыстық белгiлерiн ұғынса, оның қоғамға қауiптiлiгiн ұғыну мүмкiндiгi болса жəне оны ұғынуға мiндеттi болса; 2) Өз iс-əрекетiнiң қоғамға қауiп туғызуы мүмкiн екенiн алдын-ала бiлсе; 3) Зардаптарды болғызбау мүмкiндiгiне сенсе; 4) Зардаптарды болғызбау мүмкiндiгiне жеткiлiктi негiздерсiз жеңiлтектiкпен сенсе; Менмендiкте де, адамның кез келген саналы əрекетiндегi сияқты, iс-əрекеттiң белгiлi бiр бағыттылығы бар, белгiлi бiр ниеттерден туады жəне белгiлi бiр мақсатқа бағытталған. Алайда, бағыттылық ниет жəне мақсат менмендiкте қоғамға қауiптi зардапты қамтымайды, өйткенi субъект бұл зардаптардың болмайтынына сенiп, əрекет етедi. Қылмыстық немқұрайдылық кiнəнiң нысаны ретiнде сипатталады, егер: 1) Кiнəлi өз iс-əрекетiнiң қоғамға қауiптi зардаптарының болуы мүмкiн екенiн болжап бiлмесе не алдын ала бiлмесе; 2) Бiрақ ұқыптылық пен сақтық болғанда ол зардаптарды болжап бiлуге мiндеттi болса; 3) Зардаптардың болатынын болжауға мүмкiндiгi болса; Қоғамға қауiптi зардаптардың болуы мүмкiн екенiн болжап бiлмеу немқұрайдылықты қасақаналықтың екi түрiнен де, қылмыстық менмендiктен де ажырататын негiзгi белгiсi жəне ол немқұрайдылықтың интеллектуалдық кезеңiн құрайды. Мұнда адам өз iс-əрекетiнiң қоғамға қауiптiлiгiн ұғынбайды, зиянды зардаптардың болуы мүмкiн екендiгiн алдын ала бiлмейдi, себебi ол ұқыптылық пен сақтық ережесiн ұстанбайды.
2.қоғамдық жұмысқа тарту қылмыстық жаза ретінде.Қоғамдық жұмыстарға тарту сотталған адамның негiзгi жұмыстан немесе қудан бос уақытта тегiн қоғамдық пайдалы жұмыстарды жасауынан тұрады. Бұл жұмыстардың түрлерiн жергiлiктi атқарушы органдар немесе жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары белгiлейдi. Ол жазаның негiзгi түрi ретiнде ҚК Ерекше бөлiмiнiң тиiстi бабының санкциясында көзделген ретте ғана тағайындалады. Сонымен қатар, жасалған қылмыс үшiн қарастырылған жазадан гөрi жеңiлiрек жаза тағайындау кезiнде, жазаның өтелмеген бөлiгiн жеңiл жазамен ауыстыру жағдайында да қолданылуы мүмкiн. Қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы сағаттармен өлшенедi, яғни заң бұл жазаны 60 сағаттан 240 сағатқа дейiн тағайындауға рұқсат бередi. Қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы мынадай сотталған адамдар тобына тағайындалмайды:1). Əскери қызметкерлерге; 2). 50 жастан асқан əйелдерге, 60 жастан асқан ер адамдарға; 3). Жүктi əйелдерге; 4). 3 жасқа дейiн баласы бар əйелдерге; 5). 1 жəне 2 топтағы мүгедектерге.
3. шарт жасасудың айтарлықтай және кәдуілгі талаптары, Шартты жасау орны.Тарап-р арасында шарт-ң барлық елеулі ереже-рі б/ша тиісті жағдай-рда талап етілетін нысанда келісімге қол жеткен кезде шарт жасалды д/есеп-ді. Шарт жасасу тур.бір н/е бірнеше нақты жақтарға жасалған ұсыныс,егер ол жеткілікті дәрежеде айқын болып,ұсыныс жасаған жақтың ол қабыл-ған жағдайда өзін сонымен байланысты д/есептеу жөн-гі ниетін көрсетсе,оферта д/танылады.Оферта оны жіберген жақ ол алушы-ң қолына тиген-н бастап байланысты етіп қояды.Оферта жолданған жақ-ң оны қабыл-ны тур.жауабы акцепт д/танылады.Акцепт толық әрі бұлтарыс/з болуға тиіс.Офертада акцептіге арн.мерзім көрсетілген жағдайда,егер оферта жіберген жақ акцепті онда көрсетіл-г мерзім ішінде алса,шарт жасалған болып есеп-ді.Егер шартта оны жасасатын жер көрсетілмесе,шарт азам-ң тұрғ.ты жері н/е оферта жіберген з.т.-ң орналас-н жерінде жасалған б/танылады.