Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
OTVETY_GOS_2-2.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
136.38 Кб
Скачать

12 Билет

1. Қылмыстық құқықтағы себепті байланыс түсінігі.Қоғамға қауіпті іс әрекет пен одан туындайтын зардаптардың арасын объективті түрде жалғастыратын себепті байланыс болады. Мұнда бiр қылмыс екiншi қылмыстың пайдаболуына себеп болады. Қылмыстық құқықта қоғамға қауiптi iс-əрекет философиядағы ″себеп″ категориясына, ал қоғамға қауiптiзардап ″салдар″ категориясына бара-бар ұғымдар. Бұл материалдық құрамға жататын қылмыстардың объективтік жағының міндетті белгісі.. Қылмыстық құқықта себепті байланысты анықтау үшін бірнеше критерийлер пайдаланады. Біріншісі, мезгіл яғни уақыт жөнінен.Белгілі бір нақты қылмыс істегені үшін адамды қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін ең алдымен осы қылмыстың объективтік жағын құрайтын іс әреке мезгілі жөнінен қоғамға зиянды зардаптың алдын алуы қажет. Себепті байланыстың тағы бір белгісі-істелген іс әрекеттің нәтижесі ретінде заңда көрсетілген қылмысты зардаптың нақты орын алуы. Сонымен, себепті байланысты анықтағанда ең алдымен іс әрекетті істеген мезгілде қоғамға зиянды зардаптың нақты болу қаупін төндіретінін, одан кейін, осы зардаптың сөз жоқ істелген іс әрекеттің нәтижесінен туындағанын анықтау керек. Себепті байланыс әрекет немесе әрекетсіздік арқылы істелетін материалдық қылмыс құрамдарының міндетті белгісі болып табылады. Әрекетсіздік күйде жасаған материалдық құрамға мысалы, лауазымды адамның салақтығын жатқызуға болады. Сонымен, себепті байланыс материалды құрамдағы қылмыстың объективтік жағының негізгі белгісі болып табылады.

2. Ауруға шалдығуына байланысты қылмыстық жазадан босату.Заң ауруға шалдығуына байланысты жазадан босатудың үш түрiн қарастырады.Қылмыс жасаған адамның қандай да болмасын ауруы емес, тек белгiлi бiр анықталған ауруының түрлерiбойынша қолдана алады. Оған психиканың бұзылуы, жазаны өтеуге кедергi келтiретiн ауыр түрдегi аурулар, əскери қызметке жарамсыз деп санауға жататын ауруларды айтуға болады. Бiрiншi реттерде қылмыс жасаудан кейiн психиканың бұзылуы туралы сөз болады. Мұндай бұзылу, асқынбалы жəне өмiр бойы сақталып қалу белгiлерiн қамтуы қажет. Қарастырылып отырған қылмыстық жазадан босату соттың құқығы емес, керiсiнше шешiмге байланыссыз жазадан босату оның мiндетi болып табылады. Психикасының бұзылуына байланыстыжазадан босатылған адамға сот, медициналық сипаттағы мəжбүрлеу шараларын қолданады. Жазаны өтеуге кедергi жасайтын өзге де ауыр науқастан зардап шегушi адамды сот жазаны өтеуден босатуы мүмкiн немесе бұл жаза неғұрлым жеңiл жазамен ауыстырылуы мүмкiн. Бұл орайда жасалған қылмыстың ауырлығы, сотталған адамның жеке басы, науқасының сипаты жəне басқа мəн-жайлар ескерiледi. Жазаны өтеуге кедергi келтiрмейтiн, бiрақ ауыр ауруға шалдыққан сотталған адам бас бостандығын өтеу орындарындағы емдеу мекемелерiне орналастырылады. Өзiне- өзi жарақат салған немесе қасақана өз денсаулығына зиян келтiрген адамдарға бұл ереже қолданылмайды.Қамауға не тəртiптiк əскери бөлiмде ұстауға сотталған əскери қызметшiлер өздерiн əскери қызметке жарамсыз ететiн науқастануы жағдайында жазадан немесе жазасын одан əрi өтеуден босатылады. Оларға жазаның өтелмеген бөлiгi де неғұрлым жеңiл жазамен ауыстырылуы мүмкiн. Сот сотталған адамды тек психикалық ауруына байланысты негiзгi жəне қосымша жазаны өтеуден босата.Психикасының бұзылуынан жəне өзге де ауыр науқастан зардап шегушi адамдар емделiп,сауыққан жағдайда, жазаны өтеуге келтiретiн мəн-жайлар жойылғаннан кейiн, айыптау үкiмiн орындаудың ескiру мерзiмi өтпесе, оларға қатысты жазаның орындалуы қалпына келтiрiлуi мүмкiн. Жазаның орындалуын қайта қалпына келтiру жазаны орындайтын органдардың ұсынысы бойынша сот қаулысы негiзiнде жүргiзiледi.

3. Көлік экспедициясы шартының түсінігі мен мазмұны.Көлік экспедициясы шарты бойынша бір тарап (экспедитор) сыйақы ұшін және басқа тараптың (клиенттің, жүк жөнелтушінің,жүк алушының) есебінен жүкті тасымалдауға байланысты экпедиция шартында белгіленген қызмет көрсетулерді орындауға немесе орындауды ұйымдастұруға, оның ішінде клиенттің атынан немесе өз атынан жүкті тасымалдау шартын жасауға міндеттенеді. Көлік экспедициясы шартында қосымша қызметтер көрсету ретінде экспорт немес импорт үшін талап етілетін құжаттарды алу, кедендік және өзге шарттылықтарды орындау, жүктің саны мен жай-күйін тексеру, оны тиеу мен түсіру, клиентке жүктелетін баждарды, алымдар мен басқа да шығыдарды төлеу, жүкіт сақтау, оны баратын жерінде алу сондай аө өзге де операцяиларды орындау мен қызмет көрсетулер сияқты жүкті жеткізу үшін қажетті операцияларды жүзеге асыру көзделуі мүмкін. Көлік экспедициясы шарты жазбаша түрде жасалады. Клиент экспедиторға жүктің қасиеттер, оны тасымалдау ережелері туралы құжаттарды, сондай ақ экспедитордың шартта көзделген міндеттері орындауына қажетті өзге де ақпаратты беруге міндетті. Экспедитор клиентке алған ақпараттың анықталған кемшіліктері туралы хабарлауға, ал ақпарат толық болмаған жағдайда, клиенттен қосымша деректерді сұрауға міндетті.

13- билет

1. Қоғамдық қауіпті салдар: ұғымы мен түрлері.Қылмыс құрамы объективтiк жағының келесi белгiсi болып қоғамға қауiптi зардаптар немесе қылмыстық зардаптар табылады.Қылмыстық зардаптар деп адамның əрекетi немесе əрекетсiздiгi нəтижесiнде қоршаған ортада болғанжəне қылмыс құрамының объективтiк белгiлерiне жататын өзгерiстердi түсiну қажет.Сипатына қарай қоғамға қауiптi зардаптарды екi үлкен топқа бөлу қалыптасқан:1). материалдық зардаптар,2). материалдық емес зардаптар.Көп жағдайларда материалдық зардаптарға азаматтарға, заңды тұлғаларға жəне мемлекетке келтiрiлген мүлiктiк зиянды жəне жеке адамға келтiрiлген дене зиянын жатқызады. Яғни, материалдық зардаптар сыртқы дүниенiң белгiлi бiр заттарын жою, бүлдiру, қасиетiн өзгертумен немесе оларды тұрақты немесе уақытша пайдалану мүмкiндiгiнен айырумен байланысты зардаптар ретiнде түсiндiрiледi. Мүлiктiк зиян түрiндегi материалдық зардаптарды оның құнының өлшемiмен немесе ақшалай есептейдi. Бұл меншiкке қарсы қылмыстардың барлығында кездеседi жəне экономикалық мүддеге қарсы қылмыстар тарауында көптеп кездеседi. Қылмыстық заңның өзiнде қылмыстардың материалдық мүлiктiк зардабы мына көрсеткiштермен де анықталады ″iрi мөлшер″, ″iрi зиян″, ″елеулi мөлшер″ жəне т.б. Зиян келтiру дəрежесiн бағалау адам денсаулығының нақты жағдайымен анықталады. Бұл жөнiнде ҚР Қылмыстық Кодексi адамның денсаулығына зиян келтiрудiң үш түрiн қарастырады – ауыр, орташа жəне жеңiл. Денсаулыққа келтiрiлген зиянның ауырлық дəрежесi медициналық көрсеткiштермен анықталады. Материалдық емес зердаптарға – саяси, моральдық, ұйымдастырушылық, əлеуметтiк жəне т.б. зияндар жатады. Мысалы, саяси зиян - мемлекеттiң конституциялық құрылысы мен қауiпсiздiгiне қарсы қылмыстарда ұйымдастырушылық зиян- мемлекеттiң қызмет мүдделерiне, басқару тəртiбiне қарсы қылмыстарда, ал моральдық зиян – жеке адамға қарсы қылмыстарда, адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстарда кездеседi.

2. Айыптау үкімінің ескіру мерзімінің өтуіне байланысты жазаны өтеуден босату.Қылмыстық жауаптылықтан босатуға негіз болатын қылмыстық жауаптылыққа тартудың ескіруімен қатар, жазадан босатуға негіз болатын айыптау үкімінің орындалуының ескіруі де бар.Бұл институттың мәні сонда, айыптау үкімі шыққаннан кейін белгілі бір уақыт өткен соң оның тәрбиелік, сақтандырушылық ықпалы едәуір азаяды. Ескіруге алып келетін уақыт ұзақтығы жасалған іс-әрекеттің ауырлығына байланысты.Айыптау үкімі күшініе енген күннен бастап мына мерзімде ол орындалмаса, қылмысы үшін сотталған адам жаза өтеуден босатылады:а)кішігірім қылмыс үшін сотталғанда үш жыл;б) орташа ауырлықтағы қылмыс үшін сотталғанда алты жыл;в) ауыр қылмыс үшін сотталғанда он жыл;г) аса ауыр қылмыс үшін сотталғанда он бес жыл.Бірақ, сотталған адам жаза өтеуден жалтарса, онда оның ескіру мерзімінің ағымы тоқтатылады. Сотталған адамның заңда белгіленген ескіру мерзімі кезінде жаңа қылмыс жасамау оның қылмыстық іс-әрекетті ары қарай жалғастырудан бас тартқандығын білдіреді, оған қылмыстық жаза қолданудың қажетсіз екендігін көрсетеді. Сондай-ақ, заңда өлім жазасына немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға ескіру мерзімін қолданудың арнайы ережесі қарастырылған. Өлім жазасына немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға ескіру мерзімін қолдану мәселесін тек сот шешеді, яғни мұндай адамдарға қатысты ескіру мерзімінің өтуі қалайда жазадан босатуға алып келмейді, тек үкім күшіне енген кезден бастап он бес жыл өткеннен кейін жалғыз сот оларға ескіру мерзімін қолдану-қолданбау мәселесін шешеді. Егер сот ескіру мерзімін қолдану мүмкін емес деп тапса, онда ол өлім жазасын өмір бойы бас бостандығынан айырумен, ал өмір бойы бас бостандығынан айыруды жиырма бес жыл мерзімге ауыстырады. Бейбітшілікке және адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмысы үшін сотталған адамдарға ескіру мерзімі қолданылмайды.

3. Қарыз шартының түсінігі, мазмұны және түрлері.Заем шарты бойынша бірінші жақ (заем беруші) екінші жаққа (заем алушыға) ақшаны немесе тектік белгілерімен анықталған заттарды береді, ал шартта көзделген жағдайларда беруге міндеттенеді, ал заем алушы заем берушіге дәл сондай ақша сомасын немесе сол тектегі, сападағы, мөлшердегі заттарды уақытында қайтаруға міндеттенеді.Шарттың заты - тектік белгілерімен анықталған және тұтынылатын мүлікті (ақшаны немесе өзге заттарды) беру болады. Заем шартының, мүлікті жалдау шартынан негізгі айырмашылығы, осында болады. Заем түрлеріне: аванс, несие беру, төлемді кейінге қалдыру, төлемді бөліп төлеуге рұқсат беру, алдын ала төлеу жатады. Кәсіпкерлік түрінде заңды тұлғалар мен азаматтардан заем алуға тыйым салынады, бұл шарттар жарамсыз болып танылады. Шарт бір жақты міндеттейтін болады, өйткені зат немесе ақша берілгеннен кейін міндет (уақытында алганын қайтару) тек заем алушыға жүктеледі, ал заем берушіде, заемды қайтаруды талап ету құқығы ғана болады. Заңда заемның келесі түрлері аталады: мемлекеттік заем шарты және банктік заем.Мемлекеттік заем шарты бойынша заемшы –мемлекет, ал заем беруші-азамат немесе заңды тұлға болады. Мемлекеттік заемдар ерікті болып табылады. Банк заемы шарт бойынша заем беруші заемшыға төлемділік, мерзімділік, қайтарымдылық шарттарымен қарызға ақша беруге міндеттенеді.

20-билет

1.қасақаналықпен қылмыс жасаудың сатылары.Қасақаналық - кiнəнiң көп кездесетiн нысаны. Қасақаналық қылмыстық заңда қоғамға қауiптiлiгi жағынанжоғары болғандықтан абайсыздыққа қарағанда кiнəнiң анағұрлым ауыр нысаны ретiнде қаралады. Қылмыс қасақана жасалған деп саналады, егер адам өз iс-əрекетiнiң қоғамға қауiптi екенiн ұғынып, оның қоғамға қауiптi зардаптарының болуының мүмкiн екенiн немесе болмай қоймайтындығын алдын-ала бiлсе жəне ол зардаптардың болуын тiлесе, немесе осы зардаптардың болуын тiлемесе де, оған саналы түрде жолберсе, не оған немқұрайды қараса. Қасақаналық екi түрге бөлiнедi: тiкелей жəне жанама.Тiкелей қасақаналықта адам:1) өз iс-əрекетiнiң қоғамға қауiптiлiк сипатын ұғынады;2) қоғамға қауiптi зардаптардың болуы мүмкiн екенiн немесе болмай қоймайтынын алдын ала бiледi;3) осы зардаптардың болуын тiлеуi.Тiлеу деп психологиялық əдебиеттерде адамның саналы жəне мақсатқа лайықты əрекетiнде нақты нəтижеге жету ұмтылысын айтады. Жанама қасақаналықта адам:1) өз iс-əрекетiнiң қоғамға қауiптiлiк сипатын ұғынады;2) оның қоғамға қауiптi зардаптарының болуы мүмкiн екенiн алдын ала бiлуi;3) осы зардаптардың болуын тiлемесе де, оған саналы түрде жол бередi не бұған немқұрайлы.

2.түзеу жұмыстары қылмыстық жаза ретінде.Түзеу жұмыстарының мəнi – сотталған адамның жазасы оның бұрынғы негiзгi жұмыс орнында өтелiп,оның жалақысының белгiлi бiр мөлшерiнен мемлекеттiң кiрiсiне ұстап қалу арқылы үргiзiлуiнде болып табылады. Ол ауырлығы онша емес жəне орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған, бiрақ қоғамнан оқшауламаса да түзелу мүмкiндiгi бар адамдарға соттардың бас остандықтан айырумен байланысты емес жаза тағайындауына мүмкiндiк бередi. Түзеу жұмыстары екi айдан екi жылға дейiнгi мерзiмге тағайындалады. Сонымен қатар, түзеу жұмыстары мына жағдайларда да тағайындалады: 1). Сол жасалған қылмыс үшiн қарастырылған жазадан гөрi жеңiлдеу жаза тағайындағанда; 2). Жазаның өтелмеген бөлiгiн жазаның жеңiлдеу түрiне ауыстырғанда;3). Жазадан əдейi жалтарғандықтан оны айыппұл салумен алмастырса. Түзеу жұмыстары түрiндегi жазаны тағайындағанда, сот заңда көзделген жағдайларға сүйенiп, сотталған адамға шартты соттауды қолдана алады. Түзеу жұмыстары тағайындалмайтын адамдар тiзiмi заңда нақты көрсетiлген, олар: 1). Еңбекке жарамсыз деп танылған адамдар; 2). Тұрақты жұмысы жоқ адамдар; 3). Өндiрiстен қол үзiп оқу оқып жүрген адамдар.

3.басқаның мүддесіне тапсырмасыз іс әрекет жасаудан туындайтын міндеттемені түсінігі мен мазмұны.Мүдделі тұлға-ң тапсырмасын/з,өзге де нұсқауын/з н/е алдын ала уәде берілген келісімін/з оның жеке басына н/е мүлкіне зиян келтірілуін болдырмау, оның міндеттеме-н орындау н/е оның өзге де заңға қарсы емес мүдделері мақсатын-ғы іс әрекет-р іс-ң мән жай-ры б/ша қажетті қамқорлықпен ж/е сақтықпен,мүдделі тұлға-ң айқын олжасынан/е пайдасына ж/е іс жүзін-гі н/е ықтимал ниет-не сүйеніп жасалуы тиіс.Басқа-і мүддесіне іс әрекет-р жасайтын тұлға алғ.мүмк-дік туған жағдайда мүдделі тұлғаға бұл тур.хабарлауға ж/е егер күту тек мүдделі тұлғаға айтарлықтай зиян келтірмей-н болса, қисынды мерзім-ң ішінде жасалған іс әрекет-рді мақұлдайтын-ғы тур.н/е мақұлдамайтын-ғы тур.шешімді күтуге міндетті.Егер бұл іс әрекет-р оның қатысуымен жасалса,мүдделі азаматқа оның мүддесіне жасалған іс әрекет-р тур.арнайы хабарлау талап етілмеді.

14-билет

1. Қылмыстың объективтік жағының факультативтік белгілері.Қылмыстың объективтiк жағына сипаттама беру үшiн қылмыстың жасалу тəсiлi, уақыты, орны, жағдайы жəне құралы маңызды болып табылады. Объективтi жақтың факультативтi белгiлерi деп аталатын қылмыстың жасалу орны, уақыты, жағдайы, тəсiлi жəне құралы ҚК Ерекше бөлiмi бабының диспозициясында көрсетiлсе, жасалған iс-əрекеттiң қауiптiлiк дəрежесiне ықпал ететiндiктен жазаның түрi мен мөлшерiн анықтау кезiнде мiндеттi түрдеескерiледi. Көбiнесе бұл белгiлер жауаптылықты ауырлатушы жағдайлар ретiнде танылады. Қылмыстың жасалу уақыты – бұл қылмыс жасалған белгiлi бiр жыл, ай, тəулiк, сағатпен есептелетiн уақыт аралығы. Объективтi жақтың келесi факультативтi белгiсi - қылмыс жасалатын нақты объективтi жағдайларды құрайтын қылмыстың жасалу жағдайы. Бұл жағдайлар бiрде жасалған қылмыстың қоғамға қауiптiлiк дəрежесiн едəуiр жоғарлатып, жауаптылықты ауырлатушы белгi ретiнде танылса, кейде жеңiлдетiлген қылмыс құрамын құрауға септiгiн тигiзедi. Қылмыстың жасалу тəсiлi – бұл қылмысты жасау үшiн адамның қолданған əдiс, амалдары. Олар əртүрлi нысанда көрiнедi: күш қолдану, қорқыту, алдау, сенiмге қиянат жасау, қатыгездiк немесе аса қатыгездiк, жасырын түрде, құжаттарды бұрмалау жəне т.б.Қылмыстың жасалу орны деп қылмыс оқиғасы болған, яғни қылмыстық əрекет басталған, аяқталған немесе қылмыстық нəтиже туған белгiлi бiр аумақты айтамыз.Қылмыс жасау құралы мен қаруы маңыздылығы жағынан қылмыстың жасалу тəсiлiнен кейiн екiншi тұрады. Олар iс-əрекеттiң қоғамға қауiптiлiк сипаты мен дəрежесiне елеулi ықпал ететiн қылмыс құрамының элементтерi. Қылмыстың қаруы мен құралы деп жанды жəне жансыз компоненттердi қолданып кiнəлiнiң қылмыстық- құқықтық қорғау объектiсiне əсер ету əдiстерiн айтамыз. Қылмыс құралына мысалы, газ, от, жануарлар, жас өспiрiмдер мен есi дұрыс емес тұлғалар, химиялық заттар, арнаулы техникалық құралдар жəне т.б. жатады. Қылмыстың қаруы – бұл материалдық объектiлерге əсер ететiн заттар. Оларға: атыс қаруы, суық қару, құрылғылар қару ретiнде пайдаланатын өзге де заттар жатады.

2. Рақымшылық немесе кешірім жасау актісі негізінде қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату.Рақымшылық қылмыстық құқықтағы гуманизмнің бір көрінісі. Әдетте, біздің мемлекетіміздің тарихындағы атаулы күндерге немесе елдегі белгілі бір оқиғаларға байланысты жарияланады.Қазақстан Республикасының Парламентіне рақымшылық жасау актілерін шығару құкығы берілген. Рақымшылық жасау актісі, ол шығарылғанға дейін және оның заңды күшіне енгеніне дейін қылмыс жасаған адамдарға таралады. Рақымшылық жасау актісіне сәйкес қылмыс жасағаны үшін сотталған адамдар негізгі жаза түрінен босатылуы, оларға тағайындалған жаза неғұрлым жеңіл түріне ауыстырылуы мүмкін, жазасын өтеген адамның рақымшылық жасау туралы актімен соттылығы алынып тасталуы мүмкін. Рақымшылық жасау актісіне қарағанда, кешірім ету-бұл ауыр қылмыс жасағаны үшін соттың айыпталған адамға қатысты жеке кешірім жасау актісі.Кешірім ету актісін шығару назар аударуға және қолдауға тұрарлық ерекше мән-жайларға негізделеді-шын өкіну, ізгілік. Кешірім ету нақты адамдарға қатысты, атап белгіленген бір немесе бірнешеуіне қолданылады. Кешірім ету актісінің нәтижесінде анағұрлым қатаң жазалар, мысалы өлім жазасы сияқты жазаның неғұрлым жеңіл түріне ауыстырылуы не жаза қысқартылуы немесе алынып тасталуы мүмкін.Кешірім ету құқығы Қазақстан Республикасының Президентіне берілген. Кешірім ету жасалған қылмыстық санаттарымен де, қолданылған жазаның түрімен де шектелмейді.Рақымшылық немсе кешірім жасау актісін қолданудың міндетті шарты қылмыс қүрамының толық дәлелденуі, оның маңызды элементі - қоғамға қауіпті іс-әрекетті жасаған тұлғаның кінәсі болуы.

3. Факторинг шарты, оның түсінігі мен мазмұны.Факторинг немесе аќшалай талапты беріп ќаржыландыру шартының негізі рим құқығындағы цессия (несие берушіні ауыстыру) болады. Бұл шарт бойынша бірінші жақ (қаржы агенты, фактор) екінші жаққа (клиентке) ақша береді немесе беруге міндеттенеді, ал клиент қаржы агентына өзінің үшінші жаққа деген ақшалай талабын аударады немесе аударуға міндеттенеді. Яғни клиент, қаржы агентына (факторға), өзінің борышкеріне деген талап ету құқығын аударады. Аудару заты – қаржыландыру алу мақсатында аударылатын, сол кезде бар талап немесе болашақта пайда болатын талап (болашақта пайда болатын ақша алу құқығы) болады. Клиентпен қаржы агентына аударылатын талап, жарамды болуы қажет. Шарт консенсуалды да, нақтылы да болуы мүмкін. Шарт мерзімі жақтардың келісімімен белгіленеді. Шарттың бағасы – ол клиенттің борышкерге аударылған талабының құны болып танылады. Қаржы агентының міндеттеріне - клиентті қаржыландыру; шартта көзделген жағдайларда бухгалтерлік есептерді жүргізу үшін клиенттен құжаттарын қабылдап алу; клиентке өзгеде қаржылық қызмет көрсету және т.б. Клиенттың міндеті - факторға ақшалай талапты аудару және оның жарамдылығын қамтамасыз ету. Жәнеде клиент пен фактор борышкерді несие берушінің ауыстырылуы жөнінде ескертуі қажет. Факторинг шарты шартта көзделген талаптарды сақтай отырып, жазбаша түрде жасалуға тиіс.

15-билет

1. Қылмыстық құқықтағы қылмыс субъектісі түсінігі және оның белгілері.Қылмыстың субъектiсi - қылмыс құрамының мiндеттi элементтерiнiң бiрi. Есi дұрыс, қылмыстық заңда белгiленген жасқа толған қылмыс жасаған адамдар ғана қылмыс субъектiсi бола алады.ҚК 14-бабы қылмыс субъектiсiн сипаттайтын негiзгi үш бөлiгiн қарастырады:1) жеке адам,2) есi дұрыстық;3) қылмыстық жауаптылық жасына толу.Осы үш белгiнiң мiндеттi жиынтығы қылмыс субъектiсiн құрайды, олардың кемiнде бiреуi болмаса қылмыстың субъектiсi жоқ, тиiсiнше қылмыс құрамы да жоқ деген сөз. ҚР қылмыстық құқығы бойынша қылмыстық жауаптылық əрқашанда қатаң түрде жеке сипатты иемденедi, яғни жауаптылыққа тек қылмыс жасаған немесе қылмыс жасауға қатысқан жеке адам ғана тартылады. Жеке адамдар дегенiмiз - ҚР азаматтары, шетел азаматтары жəне азаматтығы жоқ адамдар. Есi дұрыстық - қылмыс субъектiсiнiң мiндеттi белгiсi, адамның кiнəсiн анықтайтын заңдық жəне iс жүзiндегi алғышарты. Есi дұрыстықпен қатар адамның жасы да нақты қылмыс үшiн адамды қылмыс субъектiсi деп танудың негiзгi, қажеттi белгiсi болып табылады. Қолданыстағы қылмыстық заңға сəйкес жалпы қылмыстық жауаптылық туындайтын жас – 16 жас, ал ҚК 15- бабының 2-бөлiгiнде көрсетiлген қылмыстардың түпкiлiктi тiзiмi үшiн –14 жас деп белгiленген. Қылмыс жасаған адамның есiнiң дұрыс болуы жəне қылмыстық заңмен белгiленген жасқа толуы қылмыс субъектiсiнiң жалпы заңдық белгiлерi болып табылады жəне олар барлық қылмыс құрамдары үшiн мiндеттi.

2. Соттылық және оның жойылуы. Соттылық дегеніміз – кінәлі адамның қылмыс істегені үшін қандай бір жазаға сотталып, соған байланысты белгілі бір құқықлық шектеуге душар болу жағдайын айтамыз. Қылмыс жасаған үшін сотталған адам айыптау үкімі заңды күшіне енген күннен бастап соттылықты жою немесе алып тастау кезіне дейін сотты болған деп есептеледі.Соттылық қылмыстың қайталануын айқындау кезінде және жаза тағайындау кезінде ескеріледі. Жазадан босатылған адам соттылығы жоқ деп танылады.Соттылық: - шартты түрде сотталған адамдар жөнінде – сынақ мерзімі өтуі бойынша- әскери қызмет бойынша шектеу немесе абақтыда ұстау түрінде жазасын өтеген әскери өызметшілер жөнінде- іс жүзінде жазаны өтеу бойынша-бас бостандығынан айырумен салыстырғанда жазаның неғұрлым жеңіл түріне сотталған адамдар жөнінде –жазаны өтегеннен кейін бір жыл өтуі бойынша-кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмысы үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адамдар жөнінде-жазаны өтегеннен кейін үш жыл өтуі бойынша-ауыр қылмысы үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адамдар жөнінде-жазаны өтегеннен кейін алты жыл өтуі бойынша-аса ауыр қылмысы үшін сотталған адамдар жөнінде-жазаны өтегеннен кейін сегіз жыл өтуі бойынша жойылады.

3. Әртүрлі банктік қызмет көрсету шарттарының түсінігі мен мазмұны.. Банк қызметтері: банк есеп шоты, ақша аудару, банк салымдары шарттарынан және өзге де шарттардан тұрады. Азаматтық кодекспен қоса, банктық қызмет көрсету, банк заңдары деп аталатын, арнайы заңдар мен реттеледі. Мысалы, ұлттыќ банк туралы, банк жүйесі туралы, көптеген заңға тәуелді актілермен. Бұл шарттарды орындаудағы банктардың негізгі қызметтерінің бірі - банк құпиясын сақтау болады.Банк қызметін көрсету жөніндегі шарттардың негізгі және жиі кездесетін түрі - банк есеп шоты шарты болады. Ол шарт бойынша бірінші жақ (банк) екінші жақтың (клиенттің) пайдасына түскен ақшаларды қабылдауға, клиенттің клиентке немесе үшінші жаққа ақшаның тиісті сомаларын аудару туралы нұсқауларын орындауға және шартта көзделген өзге де қызметтерді көрсетуге міндеттенеді. Банк клиент есебіндегі ақшаны пайдалануға болады, бірақта клиенттің өз ақшасын еш бір кедергісіз басқару және кез келген уақытта талап етіп алу құқығын қамтамасыз ететіні жөнінде кепіл береді. Шарт консенсуалды, ақылы, екі жақты міндеттейтін болады, ол жазбаша нысанда жасалады.Жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға болатын клиент жеке код беру арқылы олардың атына ашылған шотта, өз ақшаларын «сақтауға» міндеттенеді. Банк құпиясын сақтау міндетімен қоса, банк міндетіне - шот бойынша операцияларды тиісті орындау жатады.Ақша аудару шарты бойынша банк клиенттың тапсырмасы бойынша, оған жеке код берместен, үшінші жаққа оның ақшасын аударуға міндеттенеді. Бұл шарт банк заңдарыныњ арнайы ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.Банк салымдары шарты бойынша банк салымшының салым деп аталатын ақшаларын қабылдап алып, оған шартта көзделген мөлшерде және шартта көзделген тәртіп бойынша сыйақы төлеуге және заңмен шартта көзделген мөлшер мен тәртіп бойынша оны қайтаруға міндеттенеді. Тәжірибеде бұл шарттар депозит деп аталады. Шарт нысаны жазбаша жай болады. Бұл шарт - нақтылы, бір жақты және ақылы шарт. Салымшылар жеке және заңды тұлғалар болуы мүмкін. Жеке тұлғалар үшін, шарттың жазбаша жай нысаны - сертификат және атаулы немесе усынбалы болатын жинаќтау кітапшасын беру арқылы рәсімделеді.

16-билет

1. Қылмыстың арнайы субъектісі және оның белгілері.Қылмыстық құқық теориясында қылмыстың арнаулы субъектiсi деп жалпы субъектiнiң белгiлерiмен қатар (есi дұрыстық жəне қылмыстық жауаптылық жасына толу) нақты қылмыс құрамы үшiн мiндеттi болып табылатын қосымша белгiлердi иемденетiн адамды айтады.Қылмыс субъектiсiнiң барлық қылмыс құрамдарына тəн жалпы белгiлерi ҚК Ерекше бөлiмi баптарының диспозицияларында айтылмайды. Ал нақты қылмыс субъектiсiнiң қосымша белгiлерi тиiстi бапдиспозициясында тiкелей баяндалады немесе түсiндiру жолымен көрсетiледi. Мұндай адамдардың жауаптылығын қарастыратын қылмыс құрамдары арнаулы субъектiлi қылмыс құрамдары деп аталады. Мысалы, мемлекеттiк қызмет мүдделерiне қарсы қылмыстардың басым көпшiлiгiн тек лауазымды тұлғалар жасайды. Қылмыстық жауаптылық туралы мəселенi шешкенде, сондай-ақ кiнəлiнiң iс əрекетiн саралағанда арнаулы субъектiнiң белгiлерiн анықтаудың маңызы зор. ҚК Ерекше бөлiмi бабының диспозициясында көзделген арнаулы субъектiнiң белгiлерiнiң болмауы сол қылмыс үшiн қылмыстық жауаптылықты да болдырмайды. Қолданыста жүрген қылмыстық заңдағы арнаулы субъектiлердiң барлық белгiлерiн жинақтап, оларды үш топқа бөлуге болады:1) Субъектiнiң құқықтық жағдайы мен əлеуметтiк ролiн сипаттайтын белгiлер2) Субъектiнiң физиологиялық жəне демографиялық қасиеттерiн сипаттайтын белгiлер3) Субъектiнiң жəбiрленушiмен немесе өзге адамдармен қатынасын сипаттайтын белгiлер

2. Айыппұл және оның қылмыстық жазалар жүйесіндегі орны. Айыппұл -Қылмыстық кодексте көзделген шекте, заңмен белгiленген жəне жаза тағайындау сəтiне қолданылып жүрген айлық есептiк көрсеткiштiң белгiлi бiр мөлшерiне сəйкес келетiн мөлшерде не сотталған адамның жалақысының немесе ол қылмыс жасаған сəтiне белгiлi бiр кезең iшiндегi өзге де табысының мөлшерiнде тағайындалатын ақша өндiрiп алу. Айыппұлды есептеудiң екi тəсiлi бар:1). Заңмен белгiленген жəне жаза тағайындау сəтiнде қолданылып жүрген а.е.к. белгiлi бiр мөлшерiне сəйкес келетiн мөлшерде;2). Сотталушының жалақысының немесе ол қылмыс жасаған сəтiне белгiлi бiр кезең iшiндегi өзге де табысының мөлшерiнде.Бiрiншi жағдайда айыппұлдың мөлшерi ҚР заңдарымен белгiленген а.е.к. 25-тен – 20 мыңға дейiнгi мөлшерiмен, екiншi жағдайда-сотталған адамның жалақысының немесе өзге де табысының екi аптадан бiр жылға дейiнгi кезеңдегi мөлшерiмен шектелген. Айыппұл төлеуде сотталған адам оны сот шешiмi күшiне енген күннен бастап бiр айдан қалдырмай төлеуге мiндеттi. Егер соттталушы тұлғаның айыппұлды бiрден төлеуге мүмкiндiгi келмесе, оның өтiнiшi бойынша, айыппұл төлеу мерзiмi алты айға дейiнгi мерзiмге ұзартылуы немесе бөлiп-бөлiп төлеуi мүмкiн. Айыппұлды төлемеген жағдайда, ол үкiмдi шығарған соттың берген атқарушы қағазының негiзiнде мəжбүрлеу арқылы өндiрiлiп алынады. Айыппұл өндiрiп алуға сотталушының ортақ меншiктегi үлесiн, ақшасын, құнды қағаздарын, басқа да құндылықтары, соның iшiнiде қаражат-несие ұйымдары мен банклерде сақтауда, жинақта не есебiнде бар құндылықтарын да есептегендегi мүлкi жаратылады.

3. Сақтау шартының түсінігі, мазмұны және түрлері.Сақтау шарты бойынша бір тарап (сақтаушы) оған екінші тараптың (жүк берушінің) берген затын сақтауға және бұл затты сақталған күйінде қайтаруға міндетті. Сақтау шарты зат сақталуға берілген сәттен бастап жасалған деп танылады. Сақтаушының нөмірлер, жетондар және басқа да заңды деп танылған белгілер беруі арқылы заттарды қысқа мерзімге сақтауға сақтау камераларына және вокзалдардың, әуежайлардың, мекемелердің,кәсіпорындардың, театрлардың, мұражайлардың, асханалардың және т.б. киім ілгіштеріне өткізулерді қоспағанда, сақтау шарты жазбаша жасалуға тиіс.Сақтаудың жекелеген түрлеріне келетін болсақ, олар: ломбардта сақтау- ломбардың атаулы сақтау түбіртегін берумен ресімделеді, құндылықтарды банкте сақтау шарты- банктің жүк берушіге атаулы сақтау құжатын берумен ресімделеді, оны көрсету банктің жүк берушіге немесе оның өкіліне сақтаудағы құндылықтарды беруі үшін негіз болып табылады, сақтау заттарына бағалы қағаздар, қымбат металдар, тастар және өзге де құндылықтар жатады, көлік ұйымдарының сақтау камераларында сақтау-жол жүру құжаттарының болуына қарамасатн жолаушылардың және өзге де азаматтардың заттарын сақтауға қабылдауға міндетті, бұл шарт жария шарт деп танылады, ұйымдардың киімілгіштерінде сақтау-сақтаушы заттың киімілгіште сақтауға қабылданғанын растап, жүк берушіге заттың сақтауға қабылданғандығын растайтын нөмірлі жетон немесе басқа да таңба береді, қонақүйде сақтау, тауар қоймасында сақтау- тауарлар сақтауды жүзеге асыратын және кәсіпкерлік қызмет ретінде сақтауға байланысты қызметтер көрсететін коммерциялық ұйымдар тауар қоймасы деп танылады.

17- билет

1. Қылмыстың субъективтік жағының түсінігі мен маңызы. Адамның өзi жасаған iс-əрекетiнiң қоғамға қауiптi зардаптарын ұғынуы немесе ұғынбауы, оларға деген ерiктi қатынасы, қылмыс жасау кезiндегi субъектiнiң басшылыққа алатын ниеттерi, алдына қойған мақсаттары, сол кездегi сезiмдерi – бұлардың бəрi қылмыстың субъективтiк жағын құрайды. Қылмыстың субъективтiк жағы қылмыстың iшкi мəнi болып табылады. Кiнə адамның өзi жасаған қоғамға қауiптi iс əрекетiне деген психикалық қатынасын бiлдiре отырып, кез- келген қылмыс құрамының мiндеттi жəне негiзгi белгiсi болып табылады. Кiнə қасақаналық немесе абайсыздық түрiнде көрiнуi мүмкiн. Ниет–бұл адамды қылмыс жасауға итермелейтiн iшкi сезiм. Ал, мақсат–бұл қылмыс жасаушы адамның қылмыс жасау арқылы қол жеткiзуге ұмтылатын нəтижесi. Қылмыстың субъективтiк жағының қылмыстық-құқықтық маңызы ерекше. Ең алдымен, қылмыстың субъективтiк жағының барлық белгiлерiн нақты анықтау қоғамға қауiптi iс əрекеттi дұрыс саралаудың қажеттi алғы шарты болып табылады. Екiншiден, объективтi белгiлерi бойынша бiр бiрiне ұқсас қылмыстарды ажырату кезiнде субъективтiк жақтың белгiлерi негiзге алынады. Үшiншiден, қылмыстың субъективтiк жағы белгiлi бiр шамада қылмыстық iс əрекеттiң жəне оны жасаған адамның қоғамға қауiптiлiк дəрежесiн анықтайды. Мысалы, алдын-ала жан-жақты дайындалып жасалған қылмыс кенеттен пайда болған жан күйзелiсi жағдайында жасалған қылмысқа қарағанда жоғары қауiптiлiк дəрежесiмен ерекшеленедi. Сонымен, субъективтiк жақты дұрыс анықтаудың қылмысты саралау жəне жазаны жеке даралау кезiнде құқықтық мағынасы едəуiр. Сондай-ақ, субъективтiк жақ қылмыстық құқықтың заңдылық, кiнəлi жауаптылық, iзгiлiк, əдiлеттiлiк сияқты қағидаларын сақтаудың қажеттi шарты болып табылады.

2. Жедел-іздестіру шараларын жүзеге асыру кезінде зиян келтіру әрекеттің қылмыстылығын жоятын мән-жай ретінде. Жедел-iздестiру қызметi қылмыстылықпен күресудiң құралы ретiнде құқыққорғау қызметiнiң бiр бөлiгi болып табылады. Жедел- iздестiру шараларының түсiнiгi мен оны жүзеге асыратын субъектiлерлiң тiзiмi, олардың құқықтары мен мiндеттерi сол заңда анықталған. Сонымен, жедел-iздестiру шаралары кезiнде қылмыстық заңмен қорғалатын мүдделерге зиян келтiру мынадай заңға сəйкестiк шарттары бар;1). Егер жедел-iздестiру шаралары тек мемлекеттiк өкiлеттi органмен немесе осы органмен қызметтес өзге адамның осындай органның тапсырмасымен орындалуы;2). Егер бұл əрекет бiр топ адам, ұйымдасқан топ немесе алдын ала сөз байласып жасаған қылмысты болғызбау, анықтау, ашу немесе тергеу мақсатында жасалуы;3). Егер оларды болғызбау, анықтау, ашу немесе тергеу, сол сияқты қылмыс жасауға кiнəлi адамдарды əшкерлеудi өзге тəсiлмен жүзеге асыру мүмкiн болмауы;4). Егер құқыққорғау мүдделерiне келтiрiлген зиян аталған қылмыстармен келтiрiлетiн зиянға қарағанда онша мəндi болмауы;.5). Жедел-iздестiру шараларын жүзеге асыру адамның өмiрi мен денсаулығына қауiп келтiрумен,экологиялық апатқа, қоғамдық зiлзала мен өзге де зардаптарға ұштаспауы қажет.

3. Сақтандыру шартының түсінігі, мазмұны. Сақтандыру міндеттемелері сақтандыру шартынан және оның түрлерінен туындайды. Сақтандыру шарты бойынша бірінші жақ (сақтанушы) сақтандыру төлемдерін төлеуге міндеттенеді, ал екінші жақ (сақтандырушы) сақтандыру оқиғасы болған кезде сақтанушыға немесе шарт оның пайдасына жасалған өзге тұлғаға, яғни пайда көрушіге, шартпен белгіленген сома мөлшерінде сақтандыру өтемін төлеуге міндеттенеді. Сонымен, сақтандыру міндеттемесіне сақтанушы мен сақтандырушыдан басқа - пайда көруші мен сақтандырылған тұлға да қатысады. Олар сақтанушының өзі немесе үшінші жақ болуы мүмкін. Бұл жағдайда сақтандыру шарты үшінші жақ пайдасына жасалған болады. Сақтандыру түрлері: ерікті және міндетті, жеке және мүліктік болады. Сақтандыру объектісі занды тұлғаның немесе азаматтың кез келген сақтандыру мүддесі болады (мүлікі, өмірі, денсаулығы, белгілі бір оқиға – белгілі бір жасқа толуы, некеге отыруы; жауапкершілігі, қауіп-қатері және т. б.). Сақтанушы мен пайда көруші кез келген жеке немесе заңды тұлға болуы мүмкін, ал сақтандырушы – тек сақтандыру қызметінің әр түрімен айналысуға арнайы лицензия алған заңды тұлғалар бола алады. Олардың фирмалық атауларында «сақтандыру» деген сөз болуы қажет. Сақтандыру шартының нысаны жазбаша жай болады және сақтандыру полисын беру мен рәсімделеді. Сақтандырушының міндеті - сақтандыру оқиғасы болған жағдайда шарт пен немесе заңмен көзделген мөлшерде, мерзімде және тәртіппен сақтандыру өтемін төлеу; сақтанушыға (сақтандырылған тұлғаға) сақтандыру оқиғасы болған кезде оның залалдарын азайтуға кетірген шығындарын өтеп беру, сақтандыру құпиясын қамтамасыз ету болып танылады.

23-билет

1.Мемл.азаматтық құқықтың субьектісі ретінде.Мемлекет - ол азаматтық құқық қатынастарының ерекше субъектісі болып танылады, өйткені ол өзі азаматтық құқық қатынастарын реттейтін нормативтік құқықтық актілерді шығарады (билік жасайды) және өзі де ол қатынастардың мүшесі болады. Сонымен бірге, мемлекет - ол заңи фикция, мысалы: оның талапкер немесе жауапкер ретінде сотқа өз қалауымен келуі мүмкін емес. Сондықтан, азаматтық өріске мемлекет атынан, өз бетімен заңды тұлға мәртебесі бар арнайы органдар мен ұйымдар қатысады. Мемлекет атынан азаматтық құқықтық қатынастарға Үкімет және министрліктер, ведомстволар қатысады. Әкімшілік-аумақтық бөліністердің атынан болса - жергілікті өкілдік және атқарушы органдар (әкімшіліктер, маслихаттар) қатысады. Ал азаматтық өріске мемлекет пен әкімшілік-аумақтық бөліністердің қатысу нысандары әр түрлі болады. Мысалы: мемлекет - меншік иесі ретінде мемлекеттік меншікті иелену, пайдалану және басқару құқықығын жүзеге асырады. Сонымен қатар мемлекет міндеттемелік қатынастарға да белсенді қатысады, мысалы: сату сатып алу мәмілелеріне - сатушы немесе сатып алушы ретінде қатысады. Сонымен бірге, мемлекет мүдделері үшін жасалатын сатып алу, жеткізілім, сенімгерлікпен басқару, жалға беру шарттарына, несие шартына және т.б. шарттарға да мемлекет қатысады. Мемлекет мұрагер де болуы мүмкін. Мемлекет өз міндеттемелері бойынша азаматтық құқықтық жауапқа тартылуы және сотта талапкер немесе жауапкер болуы да мүмкін, яғни шарттық немесе шарттан тыс жауап-н атқарады.

2.меншік құқығының пайда болуының негізгі тәсілдері."Меншік құқығы дегеніміз — субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы". Меншік құқығының мазмұнын меншік иесіне тиесілі иелену, пайдалану және билік ету тәрізді өкілеттіктер құрайды. Бұл өкілеттіктердің әрқайсысы меншік құқығының қажетті элементтері болып табылады. Меншік иесі аталғандардың қай-қайсысын да үшінші бір тұлғаға бере алады, тіпті үш өкілеттіктің бәрін де беріп жіберіп, өзі меншік иесі болып қала алады. Иелену қүқығы мүлікті нақты иелену мүмкіндігін заң жағынан толықтай қамтамасыз етуді жүзеге асырады. Ол меншік иесіне затқа іс жүзінде үстемдік етуге мүмкіндік беріп, затты пайдалану үшін маңызды алғышарт жасайды. Пайдалану — осы құқықты жүзеге асыру болып табылады, яғни затты нақты пайдаланып немесе оны қашан кіріс алғанша тұтыну. Билік ету құқығы дегеніміз мүліктің заң жүзіндегі тағдырын белгілеудін заңмен қамтамасыз етілуі

3.адамды кепілге алғаны үшін қылмыстық жауаптылық мәселесі.Адамды кепілге алу деп-кепілге алынған адамды босату шарты ретінде мемл.ті,ұйымды н/е қандай да бір іс әрекет жасауға н/е қандай да бір іс әрекет жасаудан тартынуға мәжбүр ету мақсатында адамды кепілге н/е кепілдік ретінде ұстау. Объектісі-қоғамдық қауіпсіздік. Объективтік жағы-Адамды кепілге алу немесе кепілдік ретінде ұстау.Субьектісі-14 жасқа толған тұлға, суб-к жағы-тікелей қасақаналық. Айырлататын мән жайлар:1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша б) бірнеше рет в) өмірге немесе денсаулыққа қауіпті күш қолдана отырып г) қарулы немесе қару ретінде пайдаланылатын заттарды қолдана отырып д) көпе-көрінеу кəмелетке толмаған адамға қатысты е) айыптыға жүктілік жағдайы көпе-көрінеу мəлімəйелге қатысты ж) көпе-көрінеу дəрменсіз тұлғаға қатысты жасалса.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]