Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
OTVETY_GOS_2-2.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
136.38 Кб
Скачать

1-билет

1. Қылмыстық құқықтың түсінігі, пәні, міндеттері мен жүйесі.Қылмыстық құқық — құқық саласы ретінде заң шығарушы органдар қабылдаған қылмыс пен жаза, қылмыстық жауаптылық негізі, жаза жүйелерін, жазаны тағайындаудың тəртібі мен шарттарын, сондай-ақ қылмыстық жауаптылықтан жəне жазадан босатуды белгілейтін заңдылық нормалардың жиынтығы болып табылады. Қылмыстық құқық- жеке құқық саласы ретінде адамды, оның құқықтары мен бостандықтарын, қоғамды және мемлекетті қылмыфстық қол сұғушылықтан қорғауға бағытталған қоғамдық қатынастарды реттейді. Қылмыстық құққы нормасы арқылы қоғамдық қатынастар реттеледі.

2.Қылмыстық жауаптылықтан босатудың теориялық мәселелері.Қылмыстық жауаптылықтан босату - қылмыстық жəне қылмыстық-iс жүргiзу заңдарына сəйкес жүргiзiлетiн мемлекеттiң өкiлеттi органдарының қылмыстық-құқықтық сипаттағы мəжбүрлеу шараларын қылмыс жасаған адамға қолданудан бас тартуы. Қылмыстық жауаптылықтан босату анықтау, алдын ала тергеу сатысында немесе айыптау үкiмi шыққанға дейiн сот талқылауы кезiнде орындалуы мүмкiн. Қылм-қ жауап-н босату кінәліні жасаған қылм-тан кейінгі барлық қ/қ-қ салдар-н босатуды білдірмейді.Алайда қылм-қ жауап-н босату адамды кінә/з деп тануды білдірмейді,өйткені жасалған әрекет үшін азам.қ/қ-қ,әкім-к н/е қоғам-қ жауап-тен босатылмайды.

3. Бөлшектеп сатып алу сату шартының түсінігі.Тауар сату жөніндегі кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын сатушы бөлшектеп сатып алу-сату шарты бойынша сатып алушыға кәсіпкерлік қызметке байланысты емес, әдетте жеке өзіне, отбасында, үйінде немесе өзге де пайдалануға арналған тауарларды беруге міндеттенеді.Бөлшектеп сату шартының сипаттамасы: Шарт консенсуалды, екі жақты міндеттейтін, ақылы болып табылады және жария шарттарына жатады. Жария болатыны – коммерциялық ұйым мен кез келген тұлға арасында жасалады. Бөлшектеп сатып алу-сату шартының нысаны:Көбінде ауызша болады, кассалық, тауарлық чек немесе өзге де құжат толтыру арқылы рәсімделеді. Бөлшектеп сатып алу-сату шартының тараптары 1 ТАРАП: сатушы – ол кәсіпкер ретінде тіркелген жеке немесе заңды тұлға. 2 ТАРАП: сатып алушы – ол кезкелген жеке (әрекетке қабілетті) немесе заңды тұлға.Мемлекет бұл шарттың тарапы бола алмайды. Ол жеке, үйде, отбасында немесе кәсіпкерлікпен байланысты емес өзге де пайдалануға қажетті тауарларды сату болып табылады.Ол азаматтық айналымнан алынбаған жеке немесе тектік белгілерімен анықталған кез келген тауарлар болады.

2-билет

1.Қылмыстық құқықтың принциптері және олардың маңызы.Қылм-қ қ/қ-қ принцип-р-қ/қ қорғау ж/е қ/қ қолдану орг-ры мен азамат-рға қылм-пен қарсы күрес жүргізу саласын-ғы қажетті, негізгі,міндетті ереже-ң көрінісі б/т. 1.Заңдылық қағидасы-Парламент н/е Президент қабыл-н қылм-қ заң-ң қ/қ қолдану тәжірибесінде де, заң норма-рын қабылдау саласында да үстемдік етумен көрінеді. 2.Азамат-ң заң алдын-ғы теңдігі-ҚР Конст. Көрсетілгендей,заң мен сот алдында жұрт-ң бәрі тең.Қылмыс жасаған адам оның тегіне,әлеу-к,лауазым-қ,мүлік-к жағдайына,нәсіліне,ұлтына,жынысына,білім-не,тіліне, дінге қатынасына, кәсібі-ң түрі мен сипатына,тұрғылықты жеріне қарамастан жауап-қа тартылады. 3.Жауаптылықтан құтылмайтындығы-әрбір кез келген адам лауазым-қ,басқа да жағдай-ға қарамастан өзі істеген қылмысы үшін сөзсіз,міндетті түрде жауапты болады.4.Жеке кінәлі жауап-ғы-адам өзінің кінәсі анық-ған жағдайда ғана қоғамға қауіпті әрекет-р ж/е бағыт-н қауіпті зардап-р үшін ғана қылм-қ жауап-қа тартылады.Адам өзі-ң жеке істеген н/н қылм-қа бірлесіп қатысуы арқ.істеген қылмысы үшін сол адам-ң өзі дербес,жеке жауапты болады.5.әділеттілік- қылм-қ жауапқа ж/е жазаға іс әрекетінде қылмыс құрамы-ң толық белгі-рі бар адам-р тартылуы керек.Негіз/с, дәлел/з қылм-қ жауап-қа жол берілмейді.5.Ізгілік-ең алдымен қылм-қ заң арқ.азамат-ң жеке басын,олар-ң өмірін,денс-ғын,қ/қ-рын қылм-қ қол сұғушыл-тан қорғау арқ.көрініс табады.

2.Шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылығынан босату.Шын өкіну-адам-ң өзі жасаған қылмысқа қапалануы,ол белсенді әрекет-н көрінеді.Мыс,адам кінә-н мойындап келеді.Онда ол өзінің қылмыс жасағаны тур.арызбен алдын ала аныөтау, тергеу,прок-ға,сотқа н/е басқа органға өз еркімен келеді. Екінші көрінісі-қылм-ты ашуға айыптының белсенді қатысуы. егер ол ұйымдасқан топ немесе қылмысты сыбайластық (қылмысты ұйым) жасаған қылмыстарда болғызбауға, ашуға немесе тергеуге, ұйымдасқан топ немесе қылмысты сыбайластық (қылмысты ұйым) жасаған қылмысқа басқа да қатысушыларды анықтауға белсендi түрде жәрдемдессе, қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкiн.Яғни,Бiрiншi рет кiшiгiрiм немесе орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған адам, егер ол қылмыс жасағаннан кейiн айыбын мойындап өз еркiмен келсе немесе қылмысты ашуға жәрдемдессе, немесе қылмыс келтiрген зиянды өзгеше түрде қалпына келтiрсе, қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкiн. Шын өкіну алдын ала тергеу,сотта да болуы мүмкін.Қылм-қ жауап-тан босату-ң бұл түрі-міндеті б/табылмайды,яғни алдын ала тергеу,сот босату-ң бұл түрін айыптыға қолдана алады,бірақ қалайда қолдануға міндетті емес.

3.Рента шарты және оның түсінігі.Рента шарты бойынша бір тарап (рента алушы) екінші тараптың (рента төлеушінің) меншігіне мүлік береді, ал рента төлеуші алған мүлікке айрбас ретінде рента алушыға белгілі бір ақша сомасы түрінде немесе оны ұстау үшін өзге де нысанда қаражат беру түрінде мезгіл-мезгіл рента төлеп отыруға міндеттенеді.Шарттың сипаттамасы:-Реалды-Ақылы-Біржақты міндеттейтін болады.Реалды болатыны: шарттың нысанын сақтаумен қоса, рента төлеушіге мұлікті табыс ету қажет болады.Біржақты болатыны: мүлікті табыс еткеннен кейін, рента алушы шарт бойынша міндеттерден босатылады, тек құқықтарға ие болады, ал рента төлеушіде міндеттер пайда болады.Шарттың нысаны:-Жазбаша және мамандырылған болады, яғни нотариалдық күәландыруды талап етеді, оның бұл нысанын орындамау жарамсыз болуына әкелдіреді- Рента шарты бойынша жылжымайтын мүлікті беру мемлекеттік тіркеуді талап етеді. Рента тараптары: 1ТАРАП: рента төлеуші - мүлік оған табыс етілетін адам, сатып алушы. Ол кез келген жеке немесе заңды тұлға болуы мүмкін.2 ТАРАП: рента алушы – өз мүлкін табыс ететін тұлға, сатушы. Ол жеке немесе коммерциялық емес заңды тұлға болады (тұрақты рента шарты бойынша) немесе тек жеке тұлға болады (ғұмырлық рента шарты бойынша) Рента шартының түрлері: тұрақты, өмір бойы асырауда ұстау, ғұмырлық рента шарттары болып бөлінеді.

3-билет

1. Қылмыстық саясаттың түсінігіжәне негізгі бағыттары.Мемлекеттің құқықтық саясатының маңызды буыны қылмыстық саясат болып табылады, оны жетілдіру қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу және қылмыстық-атқару құқығын, сондай-ақ құқықта қолдануды кешенді, өзара байланыста түзету арқылы жүзеге асырылады.Қылмыстық құқықтың қазіргі жай-күйін бағалай отырып, тұтас алғанда оны серпінді дамыту қамтамасыз етілді деуге болады. Қолданыстағы Қылмыстық кодекс – қылмысқа қарсы күрестің, адамның құқықтары мен бостандықтарының, мемлекет пен қоғамның мүдделерін қылмыстық-құқықтық қорғаудың жеткілікті пәрменді құралы.Қылмыстық құқықты одан әрі дамыту, бұрынғыдай қылмыстық саясаттың қос векторлығын ескере отырып жүргізілуге тиіс. Ізгілендіру – ең бастысы, алғаш рет ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар жасаған адамдарға, сондай-ақ халықтың әлеуметтік әлсіз топтары – жүкті және асырауында кәмелетке толмаған балалары бар жалғызбасты әйелдерге, кәмелетке толмағандарға, жасы ұлғайған адамдарға қатысты болуға тиіс. Сонымен қатар ауыр және аса ауыр қылмыстар жасауға кінәлі, қылмыстық қуғындаудан жасырынып жүрген адамдарға қатысты, сондай-ақ қылмыстар кәнігілігі кезінде қатал қылмыстық саясатты алдағы уақытта да жүргізу қажет.Қылмыстық құқықты дамытудың маңызды бағыты, ең алдымен аса қоғамдық қауіп тудырмайтын адамдарға (абайсызда қылмыс жасаған кәмелеттік жасқа толмаған адамдар, өзге де адамдарға – жазаны жеңілдететін мән-жайлар) қатысты қылмыстық жазалаудан босатудың шарттарын кеңейту арқылы қылмыстық қуғын-сүргінді қолдану аясын кезең-кезеңмен қысқарту мүмкіндігін айқындау болып табылады.Қылмыстық заңды Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттармен сәйкес келтіру маңызды болып табылады.

2.Қажетті қорғаныс шегінен асқан кезде қылмыстық жауаптылықтан босату.Қоғамдық қауiптi қылмыстан болған үрейлену, қорқу немесе сасқалақтау салдарынан қажеттi қорғану шегiнен асқан адамды сот iстiң мән-жайын ескере отырып, қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкiн.Үрей-төніп келе жатқан қорқынышты жағдай-н адам-ң өатты қобалжуы.Қорқу-қанда да бір қорқынышты нәрсе-н сескенуі.Сасқалақтау-сол үрей,ұорқыныш-н адам-ң не істерін білмей қалуы.Қажетті қорғану шегінен асып өастандық жауашы-ң женсау-на жеңіл н/е орташа ауыр-ғы зиян келтіру қ/қ бұзған-қ д/танылмайды. Ал денсау-на ауыр зиян келген н/н-е ол қаза тапқан жағдайда қорғаушы-ң үрейленгендігі,қорыққан-ғы же сасқалақ-ғы тек байқалып қоймай,ондай көңіл күй айқын көрінсе,онда қылм-қ жауап-н босатылуы мүмкін.Егер олардың болғандығын істің мән жайы растамаса,онда қажетті қорғау шегі-н асқан-қ салдарынан зардап келгенде тиісті бап б/ша жауап-ке тартылады. Қылм-қ жауап-ң бұл түрін сот-ң ғана қолдануы мүмкін.Ол міндетті б/табылмайды.Қажетті қорғану кезіндегі қорғану әрекет-не:қол сұғушыға әртүрлі зардап-р келтіруді жатқызамыз,мыс,өмірінен айыру,дене жарақат-н келтіру,бостандық-н айыру,мүлікті жою,бүлдіру,тартып алу,қол сұғушы-ң қару-рын ж/е т.б. тартып алу.Қажетті қорғану шегінен асқанда болатын кісі өлтіру көбіне аффект жағдай-да болады,ол адамда сасқалақтау,үрейлену,қорұу жағдайларын тудырады.

3. Айырбастау және бартерлік сауда шартының ерекшеліктері.Айырбас шарты бойынша тараптардың әркайсысы шаруашылык жүргізуді, оралымды басқаруды басқа тараптыңменшігіне бір тауарды екіншісіне айырбасқа беруге міндеттенеді. Айырбас шарты бойынша бір тарап өз тауарын өзге (екінші) тараптың тауарына айырбастайды. Тараптардың әрқайсысы бір біріне тауарды меншікке, шаруашылық жүргізуге, оралымды басқаруға беруге міндеттенеді.Айырбас шарты Рим күқығында шарт нысаны ретінде сатып алу-сату шартынан бұрын қалыптасқан. Шарттың тараптары болып азаматтар, заңды тұлғалар танылады. Айырбас шартының бағасы тараптардың әрқайсысы беретін мүліктің құнымен анықталады. Жалпы ерекше сәйкес, айырбасталатын мүліктің құны тең деп танылады. Айырбасталатын мүліктің құнының айқын теңсіздігі орын алса ғана теңсіз айырбас туралы айтуға болады. Айырбас шарты бойынша тараптардың меншік құқығы олардың әрқайсысының шарт бойынша міндеттемелігі орындағаннан кейін пайда болады.

4билет

1. Қылмыстық заңның түсінігі мен маңызы.Қылмыстық заң - қылмыстық жауаптылықтың негiзi мен принциптерiн бекiтетiн, қоғамға қауiптi əрекеттердiң қайсысы қылмыс болып табылатындығын жəне оларды жасағаны үшiн қандай жазалар қарастырылатынын анықтайтын, сонымен бiрге қандай жағдайларда қылмыстық жауаптылықтан немесе жазадан босату мүмкiн екендiгiн белгiлейтiн заңдық нормалардан құралған мемлекеттiк билiктiң өкiлеттi органы қабылдаған нормативтi акт. Қылмыстық заңдардың міндеттері!Қазақстан Республикасы Конституциясына сəйкес заң шығару, оның iшiнде қылмыстық заң шығару бастамасы құқығы Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаттарына, Республика Үкiметiне берiледi жəне тек ғана Мəжiлiсте жүзеге асырылады. Осы ереженi басшылыққа алып ҚР Парламентi 1997 жылдың 16-шiлдесiнде Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексiн қабылдап, ол 1998 жылдың 1 қаңтарында заңды күшiне ендi.

2.Қылмыстық жауаптылыққа тарту мерзімінің ескіруінің түсінігі.Қылм-қ жауапқа тарту-ң мерзімі-ң ескіруі деп-қылмысты істеген уақыттан бастап,кінәлі адамды сол қылмысы үшін заңда кқрсетіл-г негіз-рге сәйкес жауапқа тартуға мүмк-к беретін уақыт-ң өтуін айтамыз. Уақыты өтіп,ескірген қылмысты тергеу, оған дәлелде-р жинау,істі сотта қарау үшін қайта жаңғырту көптеген қиынды әкеледі, сондықтан Егер қылмыс жасалған күннен бастап мынадай мерзiмдер өтсе, адам қылмыстық жауаптылықтан босатылады: а) кiшiгiрім қылмыс жасағаннан кейiн екi жыл; б) орташа ауырлықтағы қылмыс жасағаннан кейiн бес жыл; в) ауыр қылмыс жасағаннан кейiн он бес жыл; г) аса ауыр қылмыс жасағаннан кейiн жиырма жыл. 2. Ескiру мерзiмi қылмыс жасаған күннен бастап және сот үкiмi заңды күшiне енген кезге дейiн есептеледi. 3. Егер қылмыс жасаған адам тергеуден немесе соттан жалтарса, ескiру мерзiмiнiң өтуi тоқтатылады. Бұл ретте ескiру мерзiмiнiң өтуi адамның ұсталған немесе оның айыбын мойындап келген кезiнен бастап жаңартылады. Бұл орайда, егер қылмыс жасаған уақыттан берi жиырма бес жыл өтсе және ескiру тоқтатылмаса, адам қылмыстық жауапқа тартылмауы керек.Өлім жазасы немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру тағайындалуы мүмкін қылмысты жасаған адамға талап қою мерзімін қолдану туралы мәселені сот шешеді. Егер сот талап қою мерзімінің бітуіне байланысты адамды қылмыстық жауаптылықтан босату мүмкін деп таппаса, өлім жазасы өмір бойына бас бостандығынан айырумен ауыстыры¬лады, ал өмір бойына бас бостандығынан айыру жиырма бес жыл мер¬зімге бас бостандығынан айырумен ауыстырылады.Бейбiтшiлiк пен адамзаттың қауiпсiздiгiне қарсы қылмыс, сондай-ақ террористік қылмыс жасаған адамдарға ескiру мерзiмi қолданылмайды.

3. Тауар жеткізілімі шартының түсінігі, оның мазмұны мен атқарылуы. Тауар жеткізілімі шарты бойынша кәсіпкер болып табылатын сатушы (тауар беруші) сатып алушыға өзі өндіретін немесе сатып алатын тауарларды кәсіпкерлік қызметке немесе жеке өзіне, отбасына, үй ішіне және сол сияқты өзге де пайдалануға байланысты емес өзге мақсаттарға пайдалану үшін келісілген мерзімде немесе мерзімдерде беруге міндеттенеді.Тауар жеткізілімі шартының сипаттамасы - Шарт консенсуалды, ақылы және екі жақты міндеттейтін болып табылады.- Шарт кәсіпкерлік шарттарына жатады- Ол ұзақ мерзімге жасалады. - Шартта тараптар жауапкершілігі бекітіледі. Тауар жеткізілімі шартының нысаны:Нысаны жай жазбаша болады, тәжірибеде келесі тәсілдермен жасалады:- тараптар қолы қойылған бір құжатты толтыру арқылы; - хат, телеграмма, факс алмасу арқылы;- тапсырманы орындауға қабылдау арқылы.Шарттың нысанасы (заты)Кәсіпкерлік қызметпен айналысуға арналған тауарлар.Тектік белгілерімен анықталған тауарлар, кейбір жағдайларда жеке анықталған тауарлар да болуы мүмікн.Жылжымайтын мүлік, энергия, мүліктік құқықтар, құнды қағаздар, интеллектуалдық меншік құқығының объектілері шарттың нысанасы болмайды.

5-билет

1. Қылмыстық заңның уақытта және кеңістікте әрекет етуі.Қылмыстық заңның уақыт бойынша қолданылуы Әрекеттiң қылмыстылығы мен жазаланушылығы сол әрекет жасалған уақытта қолданылып жүрген заңмен белгiленедi. Қоғамдық қауiптi iс-әрекет жүзеге асырылған уақыт, зардаптардың басталған уақытына қарамастан, қылмыс жасалған уақыт деп танылады.ҚР аумғында қылмыс жасаған адам ҚК жауапқа тартылуға тиіс. ҚР аумағында басталған,жалғастырыл-н не аяқталған әрекет ҚР аумағында жасалған қыдмыс д/танылады.ҚР портына тіркел-н де ҚР шегінен тыс ашық су н/е ауе кеңістігінде жүрген кемеде қылмыс жасаған адам, егер халық-қ шартта өзгеше көзделмесе,ҚК жауапқа тартылады.Шет мемл-ң дипломатия-қ өкіл-ң ж/е иммуниеттін пайда-н өзге де азам-р-ң жауап-ғы тур.мәселе осы адам-р ҚР аумағында қылмыс жасаса халық-қ қ/қ норма-рына сәйкес шешіледі.ҚР шегінен тыс жерлерде қылмыс жасаған ҚР азам-ры, егер олар жасаған әрекет ол аумағында жасалған мемл-те қылмыс д/танылса,басқа мемл-те сотталмаған болса ҚК б/ша жауапқа тартылады. ҚР одан тыс жер-рде орналас-н әскери бөлім-ң әскери қызметші-рі шет мемл-ң аумағында қылмыс жасаған үшін, егер ҚР халық-қ шартта өзгеше көзделмесе,ҚК б/ша жауапқа тартылады. ҚР шегінен тыс жер-рде қылмыс жасаған шетелдік-р қылмысы ҚР мүдде-не қарсы бағыт-н жағдай-да ж/е егер олар басқа мемл-те сотталмаған болса ж/е ҚР аумағында қылм-қ жауапқа тартылса, ҚК б/ша жауапқа тартылуға тиіс.

2.Қылмыстық жазадан босатудың түсінігі және маңызы.Қылмыстық жазадан босату соттың үкімі бойынша сотталған адамды тағайындалған жазадан толық немесе ішінара босату. Босатудың мәні қоғамға аса қауіпті емес қылмыс жасаған адамға немесе қылмыстық қудалауды үнемдеуге негіз беретін өзге де жағдайларға сәйкес қылмыс жасаған адамға әсер етуден тұрады. Негізінен қылмыстық жазадан босату қылмыс жасағаны үшін кінәлі адамға соттың үкімі шығарылғанға дейін, яғни жазаның орындалуы басталғанға дейін сонымен бірге сотталған адам жазаның бір бөлігін өтегеннен кейін, егер соттың жазаның мақсаттары орындалды және сотталушыны түзеу үшін тағайындалған жазаның орындалуы қажет емес деп тапқан жағдайларда тағайындалады.ҚР ҚК жазадан босатудың мынадай 8 негіздері көрсетілген

3.Жалға алу шарты және оның негізгі түрлері.Мүлік жалдау (аренда) шарты бойынша жалға беруші жалға алушыға мүлікті ақы төлеп уақытша иеленуге және пайдалануға беруге міндеттенеді.Шарттың сипаттамасы:-Консенсуалды -Екіжақты міндеттейтін-Ақылы болады.Шарттың нысаны:-Бір жылдан астам мерзімге жасалған және егер тараптардың біреуі заңды тұлға болса, мерзіміне қарамай шарт жазбаша жасалуға тиіс.-Қозғалмайтын мүлікті жалдау шарты егер заңда өзгеше көзделмесе мемлекеттік тіркеуге жатады.-Азаматтар арасындағы бір жылға дейінгі мерзімге мүлік жалдау шарты ауызша жасалуы мүмкін.-Мүлікті жаладау нысанасы (заты): -Мүлік жалдауға кәсіпорындар мен басқа да мүліктік кешендер, жер телімдері, үйлер, ғимараттар, жабдықтар, көлік құралдары және оларды пайдалану кезінде өздерінің табиғи қасиеттерін жоймайтын басқа да заттар (тұтылмайтын заттар) берілуі мүмкін.Мүлікті жалдау шартының мерзімі:-Мүлік жалдау шарты тараптар келісімімен белгіленген мерзімге жасалады.-Егер мерзімі алдын ала белгіленбеген болса, ол белгісіз мерзімге жасалған болып саналады. Түрлері:лизинг,кәсіпорынды жалдау,үйлер мен ғимарат-ды жалдау,көлік құрал-рын жалдау, прокат.

6-билет

1.ҚР Қылмыстық заңы бойынша қылмыс түсінігі.Қылмыс-бұл құқық бұзушылықтың бір түрі. Қылмыс басқа құқық бұзушылықтардан, оның қылмыстық заңмен белгіленетіндігімен және оны жасағанда қылмыстық жауапкершіліктің болуымен ерекшеленеді. «Қылмыс» ұғымы ҚР ҚК-нде: «Осы кодексте жазалау қатерімен тыйым салынған қоғамдық қауіпті әрекет – қылмыс деп танылады». Қылмыстың төмендегідей белгілерін атап өтейік.1.Қылмыс әрқашан іс – қимыл болып табылады, яғни, ол әрекетпен де, әрекетсіздікпен де жасалуы мүмкін.Әрекет – бұл қылмыс жасаудың белсенді нысаны. Әрекетсіздікте кінәлі адам өзі жасай алатын әрекетті және жасалуы тиіс әрекетті жасамайды. Адамның ойлау қызметі жазаланбайды, өйткені ол қоғамға қауіпті теріс қылық жасауға алып келмейді.2. Қылмыс – бұл қоғамға қауіпті әрекет, яғни ол қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастарға зиян келтіреді немесе зиян келтіруге нақты қауіп төндіреді.3.Қылмыс - әрқашан құқыққа қайшы болады. Құқыққа қайшылық – бұл қылмыстық заңның әрекетке тыйым салуы. Құқыққа қайшылық деп ҚК бекітілген тыйымды қылмыс жасаған адамның бұзуын айтады.4.Қылмыстың міндетті белгісінің бірі адамның кінәсінің болуы. Қасақана немесе абайсызда жасалған әрекет қылмыс болуы мүмкін.5. Жазалану. Егер әрекет жазаланбайтын болса, онда ол қылмыс ретінде қарастырылмайды. Әрбір қылмыс үшін ҚК-те жаза қарастырылған.

2.Жазаны өтеуден мерзімінен бұрын-шартты түрде босатудың түсінігі және негізі.Түзеу жұмыстарын, әскери қызмет бойынша шектеу, бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жүрген және сот тағайындаған жазаны толық өтеуді қажет етпейтін адамды сот құқық бұзбайтын мінез-құлқы, еңбекке (оқуға) адал қарағаны, көркемөнерпаздар ұйымдарының жұмысына және тәрбиелік іс-шараларға белсенді қатысқаны, қылмысымен келтірген залалын өтеу жөнінде шаралар қолданғаны үшін сот тағайындаған жазадан шартты түрде мерзімінен бұрын босатуы мүмкін. Бұл орайда ол адам қосымша жаза түрін өтеуден толық немесе ішінара босатылуы мүмкін.Жазадан шартты түрде-мерзiмiнен бұрын босату сотталған адам: а) кiшiгiрiм және орташа ауырлықтағы қылмысы үшiн тағайындалған жаза мерзiмiнiң кемінде үштен бірін; б) ауыр қылмысы үшiн тағайындалған жаза мерзiмiнiң кемінде жартысын; в) аса ауыр қылмысы үшін тағайындалған жаза мерзімінің кемінде үштен екісін өтегеннен кейін ғана қолданылуы мүмкін.Бас бостандығынан айыруға сотталушының нақты өтеу мерзiмi алты айдан кем болмауы керек. Сот тағайындаған өмiр бойы бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жүрген адам, егер сот ол бұл жазаны одан әрi өтеудi қажет етпейдi деп таныса және кемiнде жиырма бес жыл бас бостандығынан айыруды iс жүзiнде өтесе, мерзiмiнен бұрын-шартты түрде босатылуы мүмкiн. Мерзiмiнен бұрын-шартты түрде босатылған адамның мiнез-құлқына бақылау жасауды босатылған адамның тұрғылықты жері бойынша - ішкі істер органдары, ал әскери қызметшiлер жөнiнде - әскери бөлiмдер мен мекемелердiң командованиесi жүзеге асырады.Мерзiмiнен бұрын-шартты түрде босату қолданылған адам, егер жазаның қалған өтелмеген бөлiгi iшiнде: a) бірнеше рет әкім-к құқық бұзушылық жасап, ол үшін оған әкім-к жаза қолданылса н/е өзіне сот жүктеген міндеттерді орындаудан әдейі жалтарса, шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды қолдану кезінде органдардың ұсынуы бойынша шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың күшін жою және жазаның өтелмеген бөлігін орындау туралы қаулы ете алады;

3. Лизинг шарты. Қаржы лизингінің түсінігі мен ерекшеліктері.Лизинг шарты б/ша лизинг берушi лизинг алушы көрсеткен мүлiктi сатушы-н меншiгiне сатып алуға және лизинг алушыға осы мүлiктi ақы төлеп уақытша иеленуге ж/е кәсiпкерлiк мақсатта пайдалануға беруге мiндетт-дi.Лизинг шартында сатушыны ж/е сатып алынатын мүлiктi таңдап алуды лизинг берушi жүз. асырады деп көзделуi мүмкiн.ҚР-ң заң актiлерiмен лизинг шарты-ң жекелеген түр-рң ерекш-рi белгiленуi мүмкiн. Лизинг нысанасы:үй-р,ғимарат-р,машина-р,жабдық-р,құрал-сайман-р,көлiк құрал-ры,жер учаскелерi ж/е кез келген тұтынылмайтын зат-р лизинг нысанасы бола аладыЛизинг шартында, мынадай талаптар болуға тиiс:1) мүлiктi сатушының атауы;2) лизинг алушыға мүлiктi берудiң талаптары мен мерзiмi;3) төлемдердiң мөлшерi мен мерзiмдiлiгi;4) шарт мерзiмi;5) егер шартта лизинг алушының меншiгiне мүлiктiң көшуi көзделсе, осындай көшудiң талаптары.

7-билет

1.Қылмысты санаттарға бөлудің түсінігі және маңызы.Қылмыстарды жіктеу – бұл қоғамға жасалған қауіпті әрекетті ауырлық дәрежесі мен сипатына байланысты топтарға бөлу болып табылады. Қылмыстық кодексте барлық қылмыстар төрт топқа бөлінген: онша ауыр емес қылмыстар, орташа ауыр қылмыстар, ауыр қылмыстар және ерекше ауыр қылмыстар.-Жасалғаны үшін ең ауыр жаза екі жыл бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған әрекет, сондай – ақ жасалғаны үшін ең ауыр жаза бес жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын абайсыза жасалған әрекет – онша ауыр емес қылмыс деп танылады.-Жасалғаны үшін ең ауыр жаза бес жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған әрекет, сондай – ақ жасалғаны үшін бес жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза абайсыза жасалған әрекет – орташа ауыр қылмыс деп танылады.-Жасалғаны үшін ең ауыр жаза он екі жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған әрекет – ауыр қылмыс деп танылады.-Жасалғаны үшін ең ауыр жаза он екі жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза немесе өлім жазасы қасақана жасалған әрекет – аса ауыр қылмыс деп танылады.

2.Жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату.Ауыр емес қылмыс жасаған немесе адамның қайтыс болуымен немесе оның денсаулығына ауыр зиян келтірумен байланысты емес орташа ауыр қылмысты бірінші рет жасаған адам, егер ол жәбірленушімен татуласса және келтірілген зиянның есесін толтырса, қылмыстық жауаптылықтан босатуға жатады. Орташа ауыр қылмыс жасаған адам, егер ол жәбірленушімен татуласса және жәбірленушіге келтірілген зиянның есесін толтырса, қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін. Жәбірленуші-н татуласу-жәбірленуші-ң қылм-қ іс өозғау-н бас тартуы,егер қылм-қ іс қозғалған болса,жәбірленуші-ң бастапөы арызы-н бас тартып,қылм-қ істі тоқтатуды сұрауы.Жәбірленушіге келтіріл-н зиян-ң орнын толтыру моральдік, дене н/е мүлік-к болады.Егер бірнеше жәбірленуші бар болса,кінәлі сол жәбірленушінің барлығымен татуласуы қажет,оларға келтіріл-н зиянды да өтеуі тиіс.Кінәлі адам-ң жәбірленуші-н татуласуы өзара екі жақты еркін түрде болуы тиіс. Яғни,татуласу қорқытудан,тәуелді болудан емес,шын түсіністіктен туындауы тиіс.Қылм-қ жауап-тен босату-ң бұл түрін қолданғанда ҚҚО жәбірленуші-ң шынымен татуласқандығына н/е татуласу тур.арызды жазуға мәжбүр болған-болмағандығына баса назар аударуы қажет.

3. Несиелеу (ссуда) шартының түсінігі мен мазмұны.Несие беру келісім шарты бекітілгенге дейін банк қарыз алушының несие қайтару қабілеттілігін мұқият талдауға, қарыздың (ссуданың.) өтелмеуіне әсер ететін факторларын; қарыз алушының атағын, бұрын алынған ссудасын уақытында өтеуі (соның ішінде басқа банктерден де), басқа міндеттемелерге қатынасын, қарыз алушының экономикалық және қаражаттық жағдайын, балансы бойынша төлем қабілеттілігін және несиені пайдалану тиімділігін және т.б. мүмкіндігін зерттеуге міндетті. Қарыз беруші банк қарыз алушыдан негізгі қарызын да, оған төленетін пайызын да өндіріп алуға және оларда кепілдік мүліктерін талап етуге құқығы бар. Тауарлы-материалдық құндылықтарды, өнімдерді және басқа да кепілдік салуға болатын мүліктерін ұсынған жағдайда банк несие береді. Кепілдеме негізінен жазбаша түрде ұсынылады және ол несиені пайызымен бірге өтеудің міндеттемесі болып табылады. Қарызданушы кепілдеме хатын өзінің шоты тұрған жердегі банк мекемесіне ұсынады. Бұл жерде қарыз да, оның проценті де толығымен өтелгенге дейін сақталады.

8-билет

1.ҚР Қылмыстық құқығы бойынша қылмыстық жауаптылықтың теориялық мәселелері.Мемл.өз азамат-нан конст.да көрсетілген белгілі бір әлеу-к талап-рды өатаң орындауды талап етеді,оны орындамаса моральдік н/е қ/қ-қ жауап-к жүктеледі.Қ/қ-қ жауап-ң ең қатал түрі-қылм-қ жауап-к. Қылм-қ жауап-қ-мемл-ң заң шығарушы органы арқ.қылм-қ жазалау қатерімен тыйым салынған қоғамға қауіпті кінәлі түрде істелген іс әрекет үшін ғана белгі-ді.Адам қылм-қ жауап-қа тек қана қылмыс құрамы толық болғанда ғана тартылады.Яғни,қылм-қ жауап-қ қылм-қ қ/қ-қ норманы бұзу нәтижесі,қоғамға қауіпті іс әрекет-ң көрінісі, қылмыс істелмесе қылм-қ жауап-қ та болмайды. Қылм-қ жауап-қ мемл-к күштеу мәні бар жауап-қ. Қылм-қ жауап-қ қылм-қ қ/қ-қ қатынаспен тығыз байл. Нақты қылмыс жасалмаса қылм-қ жауап-қ та,қылм-қ қ/қ-қ қатынас та жоқ, ал нақты қылмыс жасалған уақыттан бастап қылм-ө жауап-қ,онымен бірге қылм-ң салдарынан қылм-қ қ/қ-қ қатынас та п/б. С/қ қылм-қ жауап-қ жаза тағай-н ж/е жаза тағай-майтын б/бөлінеді.Жаза тағай-майтын қылм-қ жауап-қ айыптаушылық фактісімен аяқталады, ал жаза тағай-тын айыптаушылықпен бірге жазалау фактісі де орын алады. Осыған байл.қылм-қ жауап-қ бұл жазаға қарағанда жеке,ауқымы кең,жаза/з орындалатындығына да көз жетеді.

2.Жағдайдың өзгеруіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату.Жағдайдың өзгеруiне байланысты қылм-қ жауаптылықтан босату мынадай екi жағдай да мүмкiн болады: а). қылмыс белгiлерi бар əрекеттi жасаған адам, егер iстi сот қараған кезде жағдайдың өзгеруi салдарынан ол жасаған əрекет қоғамға қауiптi емес деп танылса; б). ауырлығы онша емес немесе орташа ауырлықтағы қылмысты бiрiншi рет жасаған адам, егер ол адамның содан кейiнгi мүлтiксiз мiнез-құлқына байланысты iс сотта қаралған уақытта ол адам қоғамға қауiптi деп есептелмесе. Жағдайдың өзгеруi қылмыстық жауаптылықтан босатуға негiз болу үшiн мемлекет көлемiнде, жеке аймақ немесе нақты мекемедегi əлеуметтiк-экономикалық немесе ұйымдастырушы лық- шаруашылық өзгерiстер түрiнде көрiнiс табады. Кiнəлi адамның мүлтiксiз мiнезделуiне ешқандай құқық бұзушылық, тəртiптiк, əкiмшiлiк жағынан жұмысы, оқуы, тұрғылықты жерi бойынша оң мiнезделуiн түсiну қажет. Яғни, егер:а). егер адам қылмысты бiрiншi рет жасаса; б). жасалған қылмыс ауырлығы онша емес немесе орташа ауырлықтағы қылмыс болса; в). егер адам iстi сотта қарағанға дейiн өзiнiң мүлтiксiз мiнез-құлқымен қоғамға қауiптi емес деп саналса жауап-тан босатылуы мүмкін. Жақсы мінез-құлық ретінде:ешқандай қ/қ бұзушылыққа,тәртіп-к,әкім-к жол бермейді, жұмыс,оқу.тұрғын жерінде жақсы сипат-ды,армияда қызметті жақсы өткереді,егде ата-анасына,отбасын-ғы жас бала-рға,ауру адам-ға қамқорлық көрсетеді және т.б.

3. Жеке меншік және мемлекеттік тұрғын үй қорларынан үй жалдау шарты.Тұрғын үйдi жалдау шарты бойынша тұрғын үйдiң иесi немесе оның уәкiлеттi адамы (жалға берушi) азаматқа (жалға алушыға) және оның отбасы мүшелерiне тұрғын үйдi ақы төлеп пайдалануға беруге мiндеттенедi. Тұрғын үйдi жалдау шарты жазбаша түрде жасалуға тиiс.Мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үйлердi жалдау шарты жергiлiктi атқарушы органның, мемлекеттік мекеменің немесе мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй беру туралы шешiмi негiзiнде жасалады. Тұрғын үйдi беру талаптары, тараптардың құқықтары мен мiндеттерi, мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үйдi жалдау шартын өзгерту мен бұзу негiздерi тұрғын үй заңдарында белгiленедi.Жекеше тұрғын үй қорындағы тұрғын үйдi жалдау талаптары, егер тұрғын үй заңдарында өзгеше көзделмесе, тараптардың келiсiмiмен белгiленедi.

21 Билет

1.қылмыс жасаудан өз еркімен бас тарту және оның құқықтық маңызы.Қылмыстан өз еркiмен бас тарту қылмыстың жолын кесуге жəне қылмыстың алдын алуға үлкен ықпал жасайды. Басталған қылмыстық əрекеттен бас тартқан адамды қылмыстық жауаптылықтан босату жөнiндегi заңшығарушының берген мүмкiндiгi адамды қылмыстық ниеттi аяғына дейiн жеткiзуден бас тартуға ынталандырады. Қылмыс жасаудан өз еркiмен бас тарту деген адамның қыл мысты ақырына дейiн жеткiзуге мүмкiндiгi бар екендiгiн ұғына отырып, қылмысқа дайындалу немесе қылмыс жасауға оқталу iс-əрекеттерiн өз еркiмен жəне бiржола тоқтатуын бiлдiредi. Адамның еркi одан əрi қылмыстық құқықпен қорғалатын мүддеге зиян келтiруге ағытталмағандықтан жасалған əрекетте қылмыс құрамының белгiлерi жоқ деп саналады. Өз еркiмен бас тарту екi негiзгi белгiлермен сипатталады: Өз ерiктiлiк жəне бiржола. Өз ерiктiлiк деген қылмысты бастаған адамның саналы түрде жəне өз еркiмен адам одан əрi əрекеттердi тоқтатуын бiлдiредi. Бiржола бас тарту деген қылмысты бастаған адамның өзiнiң қылмыстық iс-əрекетiн уақытша емес, толық жəне қайта бұрылмайтындай етiп тоқтатуы.

2.заңды тұлғаларды қайта құру және тарату.Заңды тұлға-меншік,шаруа-қ жүргізе н/е жедел басқару қ/қ-ғы оқшау мүлкі бар ж/е сол мүлікпен өз міндетте-рі б/ша жауап беретін,өз атынан мүлік-к ж/е мүлік-к емес жеке қ/қ-р мен міндет-рге ие болып, оларды жүз.асыра алатын,сотта талапкер ж/е жауапкер бола алатын ұйым. Заңды тұлғаны тоқтату екі жолмен өткізіледі: қайта құру және тарату арқылы. Заңды тұлғаның қызметін тоқтату күні болып ол жөнінде мәліметтерді Мемлекеттік Реестірге енгізу күні саналады. Қайта құру дегеніміз – ол, мирасқорлық негізінде оның құқықтары мен міндеттерін басқа заңды тұлғаға ауыстыру арқылы, заңды тұлғаның қызметін тоқтату болып танылады. Ол бес нысанда өткізіледі: бөлү, бөліп шығару, қосу, біріктіру және өзгертү. Қосу, біріктіру және өзгертү кезінде мүлкі жөнінде өткізу (тапсыру) актісі жасалады, ал бөлү және бөліп шығару кезінде бөлү балансы жасалады.Қайта құруға қарағанда, тарату – ол, мирасқорлық негізінде оның құқықтыары мен міндеттерін өзге тұлғаға ауыстырмастан, заңды тұлғаның қызметін тоқтату болып танылады. Заңды тұлғаны тарату заңда белгіленген тәртіп бойынша өткізіледі Қазіргі кезде заңды тұлғаны тарату негіздерінің бірі - банкроттыққа ұшырау болады.

3.тұтынушылық кооперативтің меншік құқығы.Тұтыну кооперативі — мүшелік негізде қатысушыларының материалдық және өзге қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін өз мүшелерінің мүліктік (пайдалық) жарналарын біріктіру жолымен жүзеге асырылатын азаматтардың ерікті бірлестігі. Заң актілерінде көзделген жағдайларда тұтыну кооперативіне заңды тұлғалар да кіре алады. Кооператив тапқан табыстарын оның мүшелері арасында бөлуге болмайды, олар жарғылық мақсаттарға жұмсалады.Меншік құқығына ие болу негіздерінің көрсетілген тізбелер қатысты: атап айтқанда, мына төмендегілер жатады: тұтыну (тұрғын үй, құрылыс, саяжай, гараж немесе өзге) кооперативінің мүшелері, жарна жинақтауға құқығы бар, пәтер, саяжай, гараж және кооператив осы адамдардың пайдалануына берген өзге де үй-жай үшін өзінің үлестік жарнасын толық төлеген басқа адамдар аталған мүліктің меншік құқығына ие болады. Демек, бұл заттарды иелену үшін осы мүліктер үшін өзінің үлестік жарнасын төлесе жетіп жатыр.

9-билет

1.Қылмыс құрамдарының ұғымы, элементтері және түрлері.Қылмыс құрамы дегенiмiз- жасалған белгiлi бiр қоғамға қауiптi iс-әрекеттi нақты қылмыс ретiнде сипаттайтын қылмыстық заңмен бекiтiлген қылмыстың объективтiк және субъективтiк белгiлерiнiң мiндеттi жиынтығы.Қылмыс құрамының ұғымын теорияда қылмыс құрамының элементтерi деп аталатын белгiлердiң төрт тобы құрайды. Олар: қылмыс құрамының объектiсi, объективтiк жағы, субъектiсi және субъективтiк жағы. Қылмыс құрамы-ң объектісі-қылм-қ қ/қ б/ша қылм-ты қол сұғушылықтан қылм-қ заң б/ша қорғалатын қоғамдық қатынастар. Қылм-ң объек-к жағы-қылмысты істеген адамның мінез-құлқы-ң сыртқы көрінісі, ондай мінез құлық өоғамға қауіпті ж/е қылм-қ заңға қайшы болуы керек. Қылм-ң суб-сі-қоғамға қауіпті іс әрекет жасаған есі дұрыс,заңда көзделген жасқа толған есі дұрыс адам. Суб-к жақтың белгілеріне-кінә,ниет,мақсат жатады.Кінә 2 түрлі нысанда:абайсыз ж/е қасақана түрде болады. Кінә деп-адам-ң абайсыз н/е қасақана істейтін қоғамға қауіпті іс әрекетіне деген көзқарас-ң жиынт.Ниет-белгілі бір қажет-тер мен мүдде-ң іштей түрткі болуына байл.соларды басшылыққа алып саналы түрде қылмыс істеуге бел бууйын айтамыз.Мақсат-адам-ң қылмыс істеу арқ.болашаұта белгілі бір нәтижеге жетуі.

2.Ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату.Қылм-қ жауапқа тарту-ң мерзімі-ң ескіруі деп-қылмысты істеген уақыттан бастап,кінәлі адамды сол қылмысы үшін заңда кқрсетіл-г негіз-рге сәйкес жауапқа тартуға мүмк-к беретін уақыт-ң өтуін айтамыз. Уақыты өтіп,ескірген қылмысты тергеу, оған дәлелде-р жинау,істі сотта қарау үшін қайта жаңғырту көптеген қиынды әкеледі, сондықтан Егер қылмыс жасалған күннен бастап мынадай мерзiмдер өтсе, адам қылмыстық жауаптылықтан босатылады: а) кiшiгiрім қылмыс жасағаннан кейiн екi жыл; б) орташа ауырлықтағы қылмыс жасағаннан кейiн бес жыл; в) ауыр қылмыс жасағаннан кейiн он бес жыл; г) аса ауыр қылмыс жасағаннан кейiн жиырма жыл. 2. Ескiру мерзiмi қылмыс жасаған күннен бастап және сот үкiмi заңды күшiне енген кезге дейiн есептеледi. 3. Егер қылмыс жасаған адам тергеуден немесе соттан жалтарса, ескiру мерзiмiнiң өтуi тоқтатылады. Бұл ретте ескiру мерзiмiнiң өтуi адамның ұсталған немесе оның айыбын мойындап келген кезiнен бастап жаңартылады. Бұл орайда, егер қылмыс жасаған уақыттан берi жиырма бес жыл өтсе және ескiру тоқтатылмаса, адам қылмыстық жауапқа тартылмауы керек.Өлім жазасы немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру тағайындалуы мүмкін қылмысты жасаған адамға талап қою мерзімін қолдану туралы мәселені сот шешеді. Егер сот талап қою мерзімінің бітуіне байланысты адамды қылмыстық жауаптылықтан босату мүмкін деп таппаса, өлім жазасы өмір бойына бас бостандығынан айырумен ауыстыры¬лады, ал өмір бойына бас бостандығынан айыру жиырма бес жыл мерзімге бас бостандығынан айырумен ауыстырылады.6. Бейбiтшiлiк пен адамзаттың қауiпсiздiгiне қарсы қылмыс, сондай-ақ террористік қылмыс жасаған адамдарға ескiру мерзiмi қолданылмайды.

3.Мердігерлік шартының түсінігі, мазмұны және түрлері.Мердiгерлiк шарты бойынша бiр тарап (мердiгер) екiншi тараптың (тапсырысшының) тапсырмасы бойынша белгiлi бiр жұмысты атқаруға және белгiленген мерзiмде оның нәтижесiн тапсырысшыға өткiзуге мiндеттенедi, ал тапсырысшы жұмыс нәтижесiн қабылдап алуға және оған ақы төлеуге (жұмыстың бағасын төлеуге) мiндеттенедi. Мердiгерлiк шартының жекелеген түрлерiне (тұрмыстық мердiгерлiк, құрылыс мердiгерлiгi, жобалау немесе iздестiру жұмыстарына мердiгерлiк, ғылыми-зерттеу, тәжiрибелiк-конструкторлық және технологиялық жұмыстарға мердiгерлiк)ережелер қолданылады.Тұрмыстық мердiгерлiк шарты мердiгердiң тапсырысшыға түбiртек немесе шарттың жасалғандығын растайтын өзге құжат берген кезден бастап тиiстi нысанда жасалған болып есептеледi. Құрылыс мердiгерлiгiнiң шарты бойынша мердiгер тапсырысшының тапсырмасы бойынша шартта белгiленген мерзiмде белгiлi бiр объектiнi салуға не өзге де құрылыс жұмысын орындауға мiндеттенедi, ал тапсырысшы мердiгерге жұмысты орындауы үшiн қажеттi жағдайлар жасауға, оның нәтижесiн қабылдап алуға және ол үшiн келiсiлген бағаны төлеуге мiндеттенедi.Құрылыс мердiгерлiгiнiң шарты кәсiпорынды, үйдi, ғимаратты немесе өзге де объектiнi салуға немесе қайта жаңартуға, сондай-ақ монтаждау, iске қосу-жөнге келтiру және салынып жатқан объектiмен тығыз байланысты өзге де жұмыстарды орындауға жасалады.Жобалау және iздестiру жұмыстарына мердiгерлiк шарты,.Ғылыми-зерттеу жұмыстарына жасалған шарт бойынша мердiгер тапсырысшының тапсырмасында көзделген ғылыми зерттеулердi жүргiзуге, ал тәжiрибе-конструкторлық және технологиялық жұмыстарға шарт бойынша - жаңа бұйымның үлгiсiн, оған конструкторлық құжаттаманы, жаңа технологияны жасауға немесе үлгi дайындауға міндеттенеді; тапсырысшы мердігерге (атқарушыға) техникалық тапсырма беруге, жұмыс нәтижелерін қабылдауға және оларға ақы төлеуге міндеттенеді.

10-билет

1.Қылмыс объектісінің түсінігі мен маңызы.Қылмыс қарсы бағытталған қоғамдық қатынастар қылмыс объектісі деп аталады. Қылмыстың объектісі – қылмыскердің қиянат жасайтын және де қылмыстық заңдармен қорғалатын қоғамдық қатынастар.Сонымен қатар кез-келген қоғамдық қатынастар емес, тек әрекет ететін қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастар ғана қылмыс объектісі ретінде бағаланады. Қылмыстық-құқылық теорияда қылмыс объектісінің үш мүшелік жіктелуі қабылданған (жалпы, топтық, тікелей). Жалпы объект- қылм-қ заң нормасымен қорғалатын қоғам-қ қатынастар жиынт.Топтық объект-қылм-қ қол сұғушылықтан қылм-қ заң қорғайтын біртектес н/е өзара ұқсас қоғам-қ қатынас-ң бөлігі. Мыс,қарақшылық,тонау, алаяқтық-басқабіреу-ң мүлкіне,меншігіне қарсы қоғамдық қатынастарға қол сұғуды білдіреді. Тікелей объектісі-қылм-қ заң қорғайтын нақты қатынастарға бір н/е бірнеше қылмыс-ң тура не тікелей бағытталуын айтамыз. Мыс,бұзақылық қоғамдық тәртіпті бұзуға бағыт-н,ал қоғам-қ тәртіп-осы бұзақылық-ң тікелей объектісі.

2. Жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыру.Онша ауыр емес, ауырлығы орташа және ауыр қылмысы үшiн бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жатқан адамға, сол қылмысымен келтірген залалдың орнын толық толтырған және жазаны өтеудің белгіленген тәртібін әдейі бұзбаған жағдайда, сот жазаның өтелмей қалған бөлiгiн оның неғұрлым жеңiл түрiмен ауыстырады. Бұл ретте адам, өмір бойы бас бостандығынан айыруға тағайындалатын жазаны қоспағанда, жазаның қосымша түрін өтеуден толық немесе ішінара босатылуы мүмкін.Жазаның өтелмеген бөлiгi, сотталған адам онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыс жасағаны үшiн жаза мерзiмiнiң кем дегенде үштен бiр бөлiгiн, ауыр қылмысы үшiн немесе бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаны өтеуден шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатылған және жазаның өтелмей қалған бөлiгi кезеңiнде жаңа қылмыс жасаған адам жаза мерзiмiнiң жартысын нақты өтегеннен кейiн жазаның неғұрлым жеңiл түрiмен ауыстырылуы мүмкiн.Жазаның өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстыру адамдардың өліміне әкеп соққан не аса ауыр қылмыс жасаумен ұласқан террористік немесе экстремистік қылмысы, сондай-ақ қылмыстық топтың құрамында жасаған қылмысы, жас балалардың жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы жасаған қылмысы үшін сотталған адамдарға қатысты қолданылмайды.

3. Ақылы қызмет көрсету шартының түсінігі мен мазмұны.Аќылы ќызмет көрсету шарты – ол азаматтыќ ќұќыќтағы шарттардың жаңа түрі, 683-бап. Өтелмелi қызмет көрсету шарты.Өтелмелi қызмет көрсету шарты бойынша орындаушы тапсырысшының тапсырмасы бойынша қызмет көрсетуге (белгiлi бiр iс-әрекет жасауға немесе белгiлi бiр қызметтi жүзеге асыруға) мiндеттенедi, ал тапсырысшы бұл қызмет көрсетуге ақы төлеуге мiндеттенедi. Медициналық, мал дәрiгерлiк, аудиторлық, консультациялық, ақпараттық қызмет көрсетуге, оқыту бойынша көрсетiлген қызметтерге, туристiк қызмет көрсетуге және өзге де қызмет көрсетулерге қолданылады.Тапсырысшы өзiне көрсетiлген қызметтерге өтелмелi қызмет көрсету шартында көрсетiлген мерзiм мен тәртiпте ақы төлеуге мiндеттi. Тапсырысшының кiнәсiнен орындау мүмкiн болмаған жағдайда көрсетiлген қызметке ақы толық көлемiнде төленуге жатады.Орындаудың мүмкiн болмауы тараптардың ешқайсысы жауап бермейтін мән-жайлар бойынша туындаған жағдайда, егер заң актiлерінде немесе шартта өзгеше көзделмесе, тапсырысшы атқарушыға оның iс жүзiнде шыққан шығындарын өтейдi.

11-билет

1.Қылмыстық іс-әрекеттің түсінігі мен түрлері.Адамның теріс қылығы ғана қылмыс деп танылады. Сырттай көрініс таппаған, қоғамдық қауіп тудырмаған ой-пікір, ниет-пиғыл қылмыс деп танылмайды. Іс-әрекет екі нысанда көрініс табуы мүмкін, олар: әрекет (субъектінің белсенді ісі) немесе әрекетсіздік (адамның жасауға міндетті және жасай алатын әрекетті жасамаған енжарлығы). Кез келген қылмысты іс әрекет қоғамға қауіпті, себебі қ/қ қорғайтын қатынас-рға қол сұғу арқ. н/е қол сұғу қаупін туғызу арқ. көрінеді. Іс-әрекет-адам мінез құлқы-ң сыртқа шыққан шынайы көрінісі. Сондықтан да адам-ң ниеті,пікірі,ойы қаншалықты зиянды болмағанымен, ол белгілі бір әс әрекетпен ұштаспаса, ол қылм-қ жауап-қа тартылмайжы.Қылм-қ заңда көрсетілген қылм-р-ң басым көпшілігі әрекет нысанда істеледі.Кейбір қылмыстар әрекетсіздік нысанында да жасалуы мүмкін. Әрекет/здік мінез құлық-ң енжарлық нысаны б/т.Әрекет/здік үшін қылм-қ жауапқа тарту-ң ең негізгісі-ол қылм-қ қ/қ-қ норма-рмен белгі-н қандай міндет-рді,талап-рды орындауға тиіс болды ж/е оны орындауға нақты мүмк-гі болды ма,осы мәселені анықтау қажет.Адам-р-ң өзіне жүктелген белгілі бір міндет-рді,талап-рды орындамауы әр түрлі жолдармен белгіленеді:-заң талабынан,-кәсіптік н/е қызмет талабынан,-келісім шарттан,контрактіден,-отбасылық,туыс-қ қатынас-н,-адамгершілік нормасы мен мінез құлық ереже-рінен.

2. Жүкті әйелдердің және жас балалары бар әйелдердің жазаны өтеуін кейінге қалдыру.Сотталған жүкті әйелдердің жазаны өтеуін сот бір жылға дейін кейінге қалдыруы мүмкін. Жас балалары бар сотталған әйелдер мен жас балаларын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған еркектердің жазасын орындауды сот бес жылға дейін, бірақ бала он төрт жасқа толғаннан аспайтын мерзімге кейінге қалдыруы мүмкін. Жеке адамға қарсы ауыр немесе аса ауыр қылмысы, террористік қылмысы, экстремистік қылмысы, қылмыстық топ құрамындағы жасаған, жас балаларға жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы қылмысы үшін бес жалдан астам мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған жүкті әйелдердің және жас балалары бар әйелдер мен жас балаларын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған еркектердің жазаны өтеуі кейінге қалдырылмайды.Сотталған адам баладан бас тартса немесе баланы тәрбиелеуден жалтаруды жалғастырса немесе сотталып, жазасын өтеу кейiнге қалдырылған адамды бақылауды жүзеге асыратын орган екi рет жазбаша түрде ескерту жасағаннан кейiн қоғамдық тәртiптi бұзса, сот сол органның ұсынысы бойынша жазаны өтеу мерзiмiн кейiнге қалдырудың күшін жойып, сотталған адамды сот үкiмiне сәйкес тағайындалған жерге жазасын өтеуге жiбере алады.Жазаны өтеуін кейінге қалдыру мерзімі аяқталғаннан кейін немесе бала шетінеген жағдайда не жүктiлiгi үзiлген жағдайда сот сотталған адамның жүріс-тұрысына қарай оны жазаны өтеуден босатуы немесе оны неғұрлым жеңiл жазамен ауыстыруы немесе сотталған адамды жазаны өтеу үшiн тиiстi мекемеге жiберу туралы шешiм қабылдауы мүмкiн.

3. Тасымалдау шартының түсінігі мен мазмұны.Жүктердi, жолаушыларды және теңдеме жүктi тасу тасымалдау шартының негiзiнде жүргiзiледi. Тасымалдаудың жалпы талаптары көлiк туралы заң актiлерiмен, өзге де заң актiлерiмен және оларға сәйкес шығарылған ережелермен белгiленедi.Жүктердi, жолаушыларды және теңдеме жүктi көлiктiң жекелеген түрлерiмен тасымалдау талаптары, , көлiк туралы заң актiлерiмен, өзге де заң актiлерiмен және оларға сәйкес шығарылған ережелермен өзгеше белгiленбесе, тараптардың келiсiмiмен белгiленедi.Жүктi тасымалдау шарты бойынша бiр тарап (тасымалдаушы) өзiне басқа тараптың (жүк жөнелтушiнiң) сенiп тапсырған жүгiн белгiленген мекенге жеткiзуге және жүктi алуға уәкiлеттi адамға (алушыға) оны беруге міндеттенеді, ал жүк жөнелтуші жүкті тасымалдағаны үшiн шартқа немесе тарифке сәйкес ақы төлеуге мiндеттенедi.Жүк тасымалдау шарты көлiктiк құжатын, коносаменттi, тауар-көлiк құжатын немесе жүк тасымалдаудың көлiк туралы заң актiлерiнде көзделген өзге құжатын толтыру арқылы ресiмделедi. Жолаушы тасымалдау шарты бойынша тасымалдаушы жолаушыны баратын мекенiне, ал жолаушы теңдеме жүктi тапсырған жағдайда теңдеме жүктi де апаратын мекенге жеткiзудi және оны теңдеме жүктi алуға құқық берiлген адамға беруге мiндеттенедi; жолаушы жолына, ал теңдеме жүгiн тапсырған кезде - теңдеме жүгiн алып баруға ақы төлеуге мiндеттенедi.Жолаушы мен теңдеме жүктi тасымалдау шарты тиiсiнше жол жүру билетiмен және теңдеме жүк түбiртегiмен ресiмделедi.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]