
- •1. Мемлекет және құқық теориясы пәні, әдістері
- •2. Мемлекеттің мәні,сипаты,белгілері
- •3.Құқықтың пайда болу теориялары
- •4. Мемлекет және құқық теориясының заң ғылымдары жүйесіндегі орны, маңызы
- •5. Мемлекет типологиясы
- •6. Құқық нысандары
- •7. Мемлекет механизмі түсінігі мен құрылымы
- •8. Құқықтық жүйелер түрлері мен ерекшеліктері.
- •9. Азаматтық қоғам түсінігі мен құрылымы
- •10. Мемлекеттік органдар түсінігі түрлері
- •11. Құқықты жүйелеу
- •12. Құқықтық тәрбие және оны жетілдіру мәселелері
- •13.Мемлекет нысаны (формалары)
- •14. Құқық нормасы түсінігі, құрылымы, түрлері.
- •15.Құқықтық мемлекет түсінігі белгілері
- •16. Қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекет
- •17. Әлеуметтік нормалар түсінігі, түрлері және ерекшеліктері
- •18. Құқықтық нигилизм және онымен күресу жолдары
- •19. Мемлекет функциялары түсінігі, түрлері
- •20. Құқықты түсіндіру, түрлері
- •21. Құқықтық мәдениет түсінігі, құрылымы
- •22. Мемлекеттің құрылым нысаны түсінігі мен түрлері
- •23. Құқықты жүзеге асыру
- •24. Қоғамдық тәртіп және құқықтық тәртіп
- •25. Мемлекеттің басқару нысаны түсінігі, түрлері мен ерекшеліктері
- •26. Құқық шығармашылығы түсінігі, сатылары
- •27. Заңи жауапкершілік түсінігі мен қағидалары
- •28. Мемлекет аппараты қызметін ұйымдастыру қағидалары мен ерекшеліктері
- •29. Құқықтың түсінігі мен белгілері
- •30. Заңи фактілер түсінігі мен түрлері
- •31. Саяси режим түсінігі, түрлері, ерекшеліктері
- •32. Құқықты ресми түсіндіру және оның түрлері
- •33. Құқықтық сана түсінігі, құрылымы
- •34. Мемлекет функцияларын жүзеге асыру нысандары
- •36. Құқықтық реттеу механизмі
- •37. Мемлекеттің пайда болуы туралы теориялар сипаты
- •38. Құқықтық қатынастар түсінігі мен түрлері, мазмұны
- •39. Нқа (нормативтік-құқықтық акті) түсінігі, түрлері
- •40. Саяси жүйенің негізгі субъектілері
- •41.Құқық пен моральдың арақатынасы
- •42. Құқықтың қағидалары
- •43. Мемлекеттің пайда болу типтері
- •44. Жария және жеке құқық
- •45. Құқықтық нормаларды жіктеу
- •46. Мемлекеттің белгілері
- •47. Құқықтың функциялары
- •48.Әлеуметтік және техникалық нормалар
- •49.Саяси жүйенің түсінігі, құрылымы және функциялары
- •50.Құқық нысанының түрлері
- •51.Заңи процесс: түсінігі мен мазмұны
- •52.Құқықты түсіндіру ұғымы мен қажеттілігі
- •53.Құқыққа сай жүріс-тұрыс түсінігі мен түрлері
- •54.Заңи практика түсінігі
- •55.Құқықты жүзеге асыру нысандары
- •56.Мемлекет механизмінің құрылымы
- •57.Құқық және заң аналогиясы
- •58.Құқық шығармашылық сатылары
- •59.Құқық бұзушылық түрлері, құрамы
- •60.Мемлекеттің пайда болу себептері
- •61.Заңдылық түсінігі мен қағидалары
- •62.Құқық қолдану актілері түсінігі мен түрлері
- •63.Мемлекет пен құқық арақатынасы
- •64. Нқа (нормативті-құқықтық актілер) уақытта, кеңістікте және тұлғалар арасында әрекет етуі
- •65. Әлеуметтік нормалардың жіктелуі
- •66. Жеке тұлғаның құқықтық мәртебесі түсінігі, құрылымы, түрлері
- •67. Құқықтық нормаларды жіктеу
- •68. Мемлекет пен құқықтың пайда болу жөніндегі негізгі теориялар
- •69. Құқықтық шектеулер мен ынталандырулар
- •70. Құқық жүйесі түсінігі, құрылымы-74сурак
- •71. Мемлекеттің ішкі функциялары
- •72. Құқықтық идеализм және оның себептері
- •73. Құқықтық мемлекет және оның қағидалары
- •74. Құқық жүйесінің құрылымдық элементтері
- •70 Сұрақпен жауабы бір
- •75. Құқықтық реттеу және құқықтық ықпал ету
- •76. Мемлекет типтері
- •77. Жеке тұлғаның негізгі құқықтары мен бостандықтары түсінігі, түрлері
- •79. Құқықтық қатынастар қоғамдық қатынастардың ерекше түрі ретінде
- •80 Құқық қолдану процесі сатылары
- •81 Құқықты түсіндіру тәсілдері
- •82Құқықтық қатынас субъектілері. Құқық қабілеттілік және әрекет қабілеттілік
- •83 Құқық бұзушылық себептері және олады жою жолдары
- •84 Заңи коллизиялар және оларды шешу тәсілдері
- •85 Құқықтық нигилизмнің көрініс беру нысандары
- •86 Заңнамаларды жүйелеу түрлері
- •87 Саяси режим
- •88 Қазақстан Республикасындағы құқықтық реформалардың негізгі бағыттары
- •89 Мемлекеттің басқару нысанының түрлері
- •90 Құқықтық жүйелердің түрлері
- •91 Мемлекеттің сыртқы функциялары
- •92 Құқықтық реттеу механизмінің тиімділігі
- •93 Құқықты қолдану оны жүзеге асырудың ерекше нысаны ретінде
- •94 Қр Парламенті мемлекеттік органдар жүйесінде
- •95 Мемлекеттің пайда болу себептері
- •96 Құқықты талқылау (түсіндіру)
- •97 Қр құқықтық жүйесінің ерекшеліктері
- •98 Құқықтық құралдар: түсінігі, түрлері
- •99 Құқықтық мәдениеттің құрылымы және функциялары
- •100 Заңи процесс сатылары
- •101 Құқық шығармашылығы түсінігі мен қағидалары
- •102 Әлеуметтік жауапкершілік және оның түрлері
- •103 Мемлекетті типтерге бөлу тәсілдері
- •104 Құқықтың пайда болуы туралы негізгі теориялар
- •105 Құқықтағы жеңілдіктер
18. Құқықтық нигилизм және онымен күресу жолдары
Адам баласының тарихында құқыққа екі қарама-қарсы түсінушілік қалыптасты, тікелей құқықтық сана аясында көрінеді.
Біріншісі, құқық маңызды әлеуметтік бағалылық, және қоғамның ұйымдасуы мен дамуындағы негізгі факторлардың бірі (бастысы болмаса) ретінде мойындайды. Мұндай құқыққа деген көзқарас заңды дүниетанымдылық деп аталады. Олармен, барлық кәсіптік әрекеттерді юристердің толықтыруы қажет. Дегенмен мөлшерінен асқан құқықтың күші туралы сенім шындықтан айырылу белгілі жағдайда белгілі негативтік нәтижеге әкеліп соғуы мүмкін. Мысалы, оның абсолюттік бағытына (құқықтық феттизм, романтизм, идеализм, волюнтизм), дүниеге құқықтық утопияны енгізу, яғни олардың жоқ бірақ идеялды жасалған қоғам мен құқықтың жүйесімен. Тәжірибеде қоғам құқықтық популизмінің көрінісімен кездесуі мүмкін, яғни билік әрекеттерімен, мақсаты құқықтың белгілілігін жұртқа таралуды қамтамасыз етуге негізделгенмен сендіру және демагогикалық ұрандар арқылы іске асыру.
Екіншісінде құқықтық құқыққа қатынас скептикалық не немқұрайдылық оның әлеуметтік мүмкіндігіне сенімсіздікпен қарап тіпті жоққа шығарылады нигилизм – (пассивті және белсенді). Құқыққа нигилистік көзқарасты конфуцианство мен анархизм қолдайды және негіздейді (В.Годрин, П.Прудон, Ж.М.Штирнер, М.А.Бакунин, П.А.Кропоткин).
Құқықтық нигилизмнің өте көп өзгешелігі бар. Ол адам мен құқықты толық бағаламауынан көрінеді (құқықтық нигилизм), не жауапкершіліксіз, заңның талабына жеңіл ойлылықпен қарау қатынасы (құқықтық инфатилизм), не заңды күші бар құқық нормаларын белсенді түрде қабылдамауы (шынында құқықтық нигилизм). Мұндай жеке адамның құқықтық санасындағы өзгеріс құқықтық әлеуметтендірудің кемістігі – деп аталады. Кей кезде бұл кемістік тіпті шектен шыққандық нысанды көрсетіп, құқықтық бастама саналы түрде және мақсатты бағытта есептелмей, мотивті пайдалану, қатаңдық, пайдакүнемдік және көптеген себептерге байланысты жоққа шығарылады. Бұл процестер көбірек анық қалыптасатын субъектілердің саналы түрдегі құқық бұзушылыққа дайындалумен жалғасады. Сайып келгенде, ондай тенденцияның дамуы солай айтылатын қайта тұрған құқықтық санаға не құқықтың қайта тууына әкеліп соғады. Осыған орай «Современное состояние отечественного правосознания характеризуется наличием в нем никоего правового вакуума, который необходимо чем-то заполнить. С одной стороны, такой вакуум в сознании людей может быть заполнен духовно-нравственными и религиозными ценностями, а с другой, криминальным, уголовным менталитетом с его глубоко нигилистическим отношеним к праву» (Н.И.Матузов) – деген пікірі растайды.
7-билет
19. Мемлекет функциялары түсінігі, түрлері
1.Мемлекет функциясы – нақтылы тарихи кезеңде, өзінің алдында тұрған нақтылы стратегиялық мақсатқа жетуге арналған, көбірек жалпылама мемлекеттік қызметтің ең маңызды бағыттары.
Мемлекеттік функцияның белгілері:
• Мемлекеттік қызметтегі маңыздылау бағыттардың ұқсастық аспектілерінің нақтылы аядағы жиынтығы;
• Қоғам өмірінің маңызды аясындағы мемлекеттің қалыптасқан тұрақты пәндік линиясы;
• өзінің функциясын іске асыруда мемлекет биліктік мәжбүрлеу әдісін және қоғамдық қатынастардағы субъектілерге ықпал етудің әр түрлі жолдарын пайдаланады (көтермелеу әдісін, сендіруді және мәжбүр етуді);
• мемлекеттің функциясы жеткілікті түрде заңда белгіленген;
• мемлекеттің негізгі міндеті мен мақсаты, берілген кезеңде орындалады. Олар мемлекеттің әр түрлі көп жоспарлы қызметіндегі бір жағы және мемлекеттің функциясын туғызады.
2. Мемлекет функцияларының түрлері. Мемлекет функцияларын түрлерге бөлуді әртүрлі негіздер бойынша жүзеге асыруға болады:
а) әрекет ету ұзақтығына қарай функциялар тұрақты және уақытша болып бөлінеді. Тұрақты функциялар мемлекет дамуының барлық кезеңдерінде жүзегеасырылса, уақытша функциялар төтенше сипаттағы белгілі бір міндетті шешумен өз әрекетін жояды.
ә) маңыздылығына қарай–негізгі және қосымша функциялар;
б) қоғамдық өмірдің қай саласында жүзеге асырылуына байланысты–ішкі және сыртқы функциялар.
Мемлекеттің ішкі функциялары–оның алдында тұрған ішкі міндеттерді шешудегі қызметінің негізгі бағыттары. Ішкі функцияларға мыналар жатады: адам және азамат құқықтары мен бостандықтарын қорғау, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету функциясы, экономикалық функция, салық салу функциясы, әлеуметтік қорғау функциясы, экологиялық функция және мәдени функция.
Мемлекеттің ішкі функциялары – бұл мемлекеттің қызметінің негізгі бағыттары және оның негізімен, әлеуметтік орнымен, елдің ішкі өмірінің мақсатымен қамтамасыз етілген.
Экономикалық функция – мемлекеттің, қажетті заңмен белгіленген шаруашылықтағы қызметі – ол экономикалық міндеттерді шешеу, оның негізі мен әлеуметтік орнын, экономиканың жөнді дамуының қамтамасыз етілуін көрсетіп, қоғам өміріндегі сырт елдермен экономикалық байланысты белгілейді.
Қаржы функциясы – мемлекеттің бюджетінің қалыптасуы мен орындалуын көздейді; қаржылық қадағалау жүргізеді (табыстың есебін белгілейді); салық салу (табыс салығы, мүлік салығы, жер салығы, табыс салығы, мақсатты жинау, кедендік, қосымша салық), т.б.
Мемлекеттің саяси функциясы – мемлекеттің индиви-дуумдар мен әр түрлі әлеуметтік топтардың және елдегі саяси билікті іске асыру аясындағы мүдделерді үйлестіру қызметі. Сонымен қатар, саяси жүйенің негізін құрудағы, билік үшін саяси күрес жолындағы, мемлекеттік және қоғамдық қауіпсіздікті сақтаудағы, әлеуметтік және ұлттық келісімдегі, мемлекеттің егемендігін, ішкі және сыртқы жаулардан қорғанудағы мүдделерді келістіретін мемлекеттің әрекеті.
Осы аядағы мемлекеттің әрекетінің маңызды бағытына, өмірге қабілетті демократиялық қоғамды құру (демократияны дамыту, ұлттық және таптық сенімділік, қоғамдағы тұрақтылық пен тәртіпті сақтау).
Мемлекеттің әлеуметтік функциясы – бұл мемлекеттің барлық қоғам мүшелерінің жөнді өмір сүру жағдайын қамтамасыз етуге бағытталған қызметі. Өндіріске қатысу, қатыспауына, материалдық жағдайына, жасына, жынысына, денсаулығына қарамай, т.с.с. (минималды еңбекақы төлеу, пенсия, стипендия, ауруларға қаржылық көмек, мүгедектерге, қартайған адамдарға, студенттерге, балаларға, аналарға, жұмыссыздарға қажетті қаржыны денсаулық сақтауға бөлу, мәдени демалыс, сауаттандыру, тұрғын үй салу, т.б.).
Мемлекеттің құқыққорғау функциясы – бұл мемлекеттің барлық құқық субъектілерімен заңдағы тәртіптерді нақтылы және толық орындалуын қамтамасыз етуге арналған қызметі, сонымен қатар, сондай талап, профилактикаға, құқықбұзушылармен күресте, оны болдырмауға бағытталған.
Мемлекеттің экологиялық (табиғатты қорғау) функциясы – бұл өмірлік маңыздылығы бар әрбір мемлекеттің функциясы. Мақсаты, өз кезегінде тиімді табиғатты қорғау заңдарын шығару, табиғи ортаны қорғайтын адамдардың, әр түрлі мекемелердің қызметін реттеу және қоршаған ортаны қорғауға арналған ұлттық бағдарлама жасау. Табиғаттың тұтастығын бұзушыларға белсенді ықпал жасап, заңды жауапкершілікке тарту көзделеді.
Мемлекеттің идеологиялық функциясы – бұл белгілі мемлекеттің идеологиясын қалыптастыру, қолдау, жариялау, бекітудегі мемлекет қызметі. Бұл функция білім беру, мәдени, басылым, теледидар құралдарымен іс жүзіне асырылады.
Мемлекеттің мәдени-тәрбие функциясы – бұл мемле-кеттің искусстваны (әдебиетті, театрды, киноны, музыканы, архитектураны) дене шынықтыруды, спортты, көпшілік ақпарат құралдарын, тарихи-мәдени ескерткіштерді сақтау, архивтерді, музейлерді, ғылымды мемлекеттік қолдау, елдегі білім беру аясын дамытуға арналған көпжақты әрекеттері.
Мемлекеттің сыртқы функциялары–оның алдында тұрған сыртқы міндеттерді шешуге байланысты қызметінің негізгі бағыттары. Сыртқы функцияларға мыналар жатады: мемлекетті қорғау функциясы, бейбіт тәртіпті сақтау функциясы, басқа мемлекеттермен одақтасу функциясы және т.б.
Мемлекеттің сыртқы функциялары – бұл мемлекеттің негізгі әрекетінің бағыты, оның негізімен, әлеуметтік орнымен және халықаралық, мемлекетаралық қатынастардағы мақ-саттарымен қамтамасыз етілген.
Мемлекеттің қорғау функциясы – бұл елдің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мемлекетке қарсы бағытталған агрессияны тойтаруға, оның аумағының тұтастығы мен дербестігін әскери қорғау қызметтері (әрекеттері).
Мемлекеттің сыртқы экономикалық функциясы – бұл мемлекеттің қызметі, бір-біріне тиімді мемлекеттер арасындағы қарым-қатынасты дамыту, халықаралық еңбекті бөлуде, мамандандыру мен өндірісті кооперацияға айналдырғанда, жаңа технологиямен ауыстырғанда, зат ауыстырудағы координациялау кезінде, кредиттік-қаржылық байланыстың дамуынан көрінеді. Мемлекеттің сыртқы экономикалық қызметіне, ұлттық экономиканы әлемдікке интеграциялау, шетелдердің инвестициясын, халықаралық сауданы мемлекеттік жандандыру жатады.
Мемлекеттің дипломатиялық функциясы – барлық мемле-кеттермен олардың қандай идеологияны қолдайтындығына, қандай шаруашылықты пайдаланатындығына, қарамай тиімді қарым-қатынаста болуға мүмкіншілік жасайды; бұл мемлекет-тің халықаралық аренада, басқа мемлекеттермен жөнді көпші-лік қатынастарды белгілеп қолдау әрекеттері, мақсаты адамзат баласының тұрақтылығы мен гүлденуіне жету көзделген.
Әлемдік тәртіпті қолдаушылық – бұл мемлекеттердің бейбітшілікті сақтау, соғысты болдырмау, халықты қыратын қаруларды жою (бактериологиялық, химиялық, т.б.) мақсатындағы ынтымақтастық қарым-қатынастар туралы әрекеттері. Басқа мемлекеттермен бірігіп, халықаралық және ұлттық қатынастармен, терроризммен, әлемдік әскери конфликтермен күрестегі ынтымақтастық қарым-қатынастар.
Қазіргі кездегі, әлемдік проблемаларды шешуге қатынасу, яғни адам баласының алдында тұрған пролемалардың жиын-тығын, шешуден оның болашағы тікелей тәуелді (эколо-гиялық, демографиялық, шикі затсыз, энергетикалық, эколо-гиялық, космостық қауіптілік, метеориттер, астероидтар), азық-түлік, миграциялық, денсаулықты сақтау (эпидемиямен, пандемиямен күрес), т.б.
Халықаралық басқа елдермен қарым-қатынас, қазіргі мемлекеттердің маңызды функцияларының бірі: бұл қарым-қатынастар әр түрлі бағыттарда жүргізіледі: ынтымақтастық қарым-қатынас; мемлекеттер арасындағы экономикалық, мәдени және ғылыми-техникалық қарым-қатынастар; қоршаған ортаны қорғау туралы қарым-қатынастар; басқа мемлекеттерге әр түрлі құқықтық көмек көрсету.
3. Мемлекет функцияларын жүзеге асырудың нысандары – бұл мемлекеттің функцияларын жүзеге асыруға бағытталған оның органдарының біртектес қызметі. Мұндай нысандарды екіге бөлуге болады: құқықтық және ұйымдастырушылық нысандар. Құқықтық нысандарға мыналар жатады:
а) құқықшығармашылық–бұл нормативтік актілерді дайындау мен шығаруға қатысты қызмет;
ә) құқыққолданушы–бұл құқық қолдану актілерін шығару арқылы нормативтік актілерді жүзеге асыруға байланысты қызмет, бұл заңдарды орындау мен басқарушылық сипаттағы әртүрлі мәселелерді шешуге байланысты күнделікті жұмыс;
б) құқыққорғаушы–бұл адам мен азматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, құқықбұзушылықтардың алдын алуға және кінәлі тұлғаларды заңды жауапкершілікке тартуға және т.б. байланысты қызмет.
Ұйымдастырушылық нысандарға мыналар жатады:
а) ұйымдастырушылық-реттеуші–бұл белгілі бір құрылымдардың құжаттар жобаларын дайындаумен, сайлаулар жүргізумен т.б. байланысты мемлекеттік органдардың қызмет етуін қамтамасыз етуге бағытталған ағымдағы жұмысы;
ә) ұйымдастырушылық-шаруашылық– бұл бухгалтерлік есеппен, статистикамен, қамтамасыз етумен т.б. байланысты жедел-техникалық және шаруашылық жұмыс;
б) ұйымдастырушылық-идеологиялық–бұл жаңадан қабылданған нормативтік актілерді түсіндірумен, қоғамдық көзқарасты қалыптастырумен және т.б. байланысты мемлекеттің әртүрлі функцияларын орындауды идеологиялық қамтамасыз етудегі күнделікті тәрбие жұмысы.
Мемлекеттік функцияны іс жүзіне асырудың мынадай түрін бөліп көрсетуге болады: Көтермелеу (пощрение) құқықтық қатынастар субъектілерін, олардың қоғамға және меншікке қажетті құқықтық тәртіптерін бағалап, көтермелеу; Ұсыныс беру (рекомендация) – мемлекеттің талаптарына сай келетін субъектілердің әрекеттеріндегі тиімді жақтарын көрсетіп, бағыт беру; Сендіру (убеждение) – бағдарлы және мақсатты түрде мемлекеттің субъектілердің сезіміне, өзінің саясатта ұстаған бағытының дұрыстығын түсіндіруге ықпал ету; мәжбүрлеу (принуждение) – құқық негізінде мемлекеттік органдардың және олардың лауазымды адамдар арқылы, жеке адамның, қоғамдық не мемлекеттік мүдделерді қорғау мақсатында, құқық нормаларымен белгіленген тәртіпті бұзушыларға, физикалық, психикалық, мүліктік әсер ету.