Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ответы Гос.экзамена ТГП-1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
225.52 Кб
Скачать

91 Мемлекеттің сыртқы функциялары

Мемлекет функциясы – нақтылы тарихи кезеңде, өзінің алдында тұрған нақтылы стратегиялық мақсатқа жетуге арналған, көбірек жалпылама мемлекеттік қызметтің ең маңызды бағыттары.

Мемлекеттің сыртқы функциялары – бұл мемлекеттің негізгі әрекетінің бағыты, оның негізімен, әлеуметтік орнымен және халықаралық, мемлекетаралық қатынастардағы мақ-саттарымен қамтамасыз етілген.

Мемлекеттің қорғау функциясы – бұл елдің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мемлекетке қарсы бағытталған агрессияны тойтаруға, оның аумағының тұтастығы мен дербестігін әскери қорғау қызметтері (әрекеттері).

Мемлекеттің сыртқы экономикалық функциясы – бұл мемлекеттің қызметі, бір-біріне тиімді мемлекеттер арасындағы қарым-қатынасты дамыту, халықаралық еңбекті бөлуде, мамандандыру мен өндірісті кооперацияға айналдырғанда, жаңа технологиямен ауыстырғанда, зат ауыстырудағы координациялау кезінде, кредиттік-қаржылық байланыстың дамуынан көрінеді. Мемлекеттің сыртқы экономикалық қызметіне, ұлттық экономиканы әлемдікке интеграциялау, шетелдердің инвестициясын, халықаралық сауданы мемлекеттік жандандыру жатады.

Мемлекеттің дипломатиялық функциясы – барлық мемле-кеттермен олардың қандай идеологияны қолдайтындығына, қандай шаруашылықты пайдаланатындығына, қарамай тиімді қарым-қатынаста болуға мүмкіншілік жасайды; бұл мемлекет-тің халықаралық аренада, басқа мемлекеттермен жөнді көпші-лік қатынастарды белгілеп қолдау әрекеттері, мақсаты адамзат баласының тұрақтылығы мен гүлденуіне жету көзделген.

Әлемдік тәртіпті қолдаушылық – бұл мемлекеттердің бейбітшілікті сақтау, соғысты болдырмау, халықты қыратын қаруларды жою (бактериологиялық, химиялық, т.б.) мақсатындағы ынтымақтастық қарым-қатынастар туралы әрекеттері. Басқа мемлекеттермен бірігіп, халықаралық және ұлттық қатынастармен, терроризммен, әлемдік әскери конфликтермен күрестегі ынтымақтастық қарым-қатынастар.

Қазіргі кездегі, әлемдік проблемаларды шешуге қатынасу, яғни адам баласының алдында тұрған пролемалардың жиын-тығын, шешуден оның болашағы тікелей тәуелді (эколо-гиялық, демографиялық, шикі затсыз, энергетикалық, эколо-гиялық, космостық қауіптілік, метеориттер, астероидтар), азық-түлік, миграциялық, денсаулықты сақтау (эпидемиямен, пандемиямен күрес), т.б.

Халықаралық басқа елдермен қарым-қатынас, қазіргі мемлекеттердің маңызды функцияларының бірі: бұл қарым-қатынастар әр түрлі бағыттарда жүргізіледі: ынтымақтастық қарым-қатынас; мемлекеттер арасындағы экономикалық, мәдени және ғылыми-техникалық қарым-қатынастар; қоршаған ортаны қорғау туралы қарым-қатынастар; басқа мемлекеттерге әр түрлі құқықтық көмек көрсету.

92 Құқықтық реттеу механизмінің тиімділігі

Құқықтық реттеу жүйесінің элементтері ретінде тікелей көрінетіндерге жататындар: құқық нормалары, заңды фактілер, құқықтық қатынастар және құқықты қолдану актілері жатады.

Құқықтық реттеу механизмінің қалпында жеткілікті түрде үш кезеңнің процесі бөлініп шығады:

• құқықтың жанама түріне, мұқтаж қоғамдық қатынастарды белгілі тәртіпке келтіруі жатады;

• нормалардың әрекеттерінің нәтижесінде құқықтық қатынастар пайда болады не өзгереді;

• субъективтік құқық пен заңды міндеттерді іс жүзіне асыруда құқықтық реттеу өз мақсатына жетеді, нақтылы адамның тәртібіне айналады (кіреді).

Мұнда барлық элементтер, құқықтық қатынаста кездесіп өзінің шын көрінісіне ие болады және теориялық абстракциядан құқық субъектілерінің жағымды тәртіптегі актісіне айналады.

Заңды нормалар құқықтық реттеудің бірінші қажеттілігі элементі, ал оның басылымы бұл процестің бірінші кезеңі. Құқық нормаларын статикалық жағдайдан (өмір сүруден) шығармайынша, белгілі заңды факт, сол күйінде қимылсыз қағазда қалып қояды.

Құқықтық қатынастар және оның жақтарындағы субъективтік құқықтары мен заңды міндеттерінің негізінде пайда болып құқық нормаларымен бекігендіктен, соған сай екінші элемент және екінші құқықтық реттеудің кезеңі ретінде көрінеді.

Сонымен қатар, құқықтық реттеу механизмін тұтасымен алынған құқықтық жүйенің құралы ретінде белгілеуге болады (заңды нормалар, құқықтық қатынастар, жекеше актілер, т.б.), соның көмегімен құқықтың нәтижелі ықпалы қоғамдық қатынастардың алдындағы міндетіне сай қамтамасыз етіледі.

Құқықтық реттеу тетігі деп қуқық норм тары реттейтін қогамдық қатынастардың қщықтық қуралдар арқылы жуйелі, тиімді және нэтижелі тәртіптелуін айтады.