Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ответы Гос.экзамена ТГП-1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
225.52 Кб
Скачать

76. Мемлекет типтері

1. Мемлекет типінің түсінігі. Мемлекет типі сәйкес тарихи кезеңде туындайтын оның маңызды жақтары мен қасиеттерінің қатаң жүйесін білдіреді. Белгілі бір кезеңдегі барлық мемлекеттерге белгілі бір сипаттар тән болып келеді. Мемлекеттерді типке бөлу негізінен формациялық және өркениетті тәсілдер тұрғысынан жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттерді типке бөлудегі формациялық тәсіл. Формациялық тәсілдің шегінде негізгі талап ретінде әлеуметтік-экономикалық факторлар, яғни, қоғамдық-экономикалық формация орын алады. Бұл тәсіл тұрғысынан мемлекет типі қоғамның экономикалық базисімен тығыз байланысты қоғамдық құрылымға сәйкес мемлекеттің өзара тығыз байланысты белгілерінің жиынтығы ретінде анықталады. Экономикалық базистің типтеріне қарай мемлекеттің төмендегідей типтерін бөліп қарастырады: құлиеленушілік, феодалдық, буржуазиялық және социалистік мемлекеттер.

Бұл типологияның артықшылықтары болып екі мәселе табылады: мемлекеттерді әлеуметтік-экономикалық негізінде бөлу идеясы өте дұрыс, себебі, шынымен де бұл факторлар қоғамға зор әсерін тигізеді, ол мемлекеттің дамуының табиғи-тарихи сипатын, кезеңділігін көрсетеді. Ал формациялық теорияның әлсіз жағы оның тарихтың әртүрлі сипаттарын ескермеуінен және рухани факторларды бағаламауынан көрінеді.

3. Мемлекеттерді типке бөлудегі өркениетті тәсіл. Өркениетті тәсіл шегінде негізгі талаптар ретінде рухани факторлар– мәдени, діни, ұлттық және т.б. факторлар орын алады. Өркениет–бұл қоғамның діни, ұлттық, географиялық және тағы да басқа белгілерінің ортақтығымен ерекшеленетін тұйық және локальды сипаты. Өз дамуында өркениет бірнеше кезеңдерден өтеді:

І кезең –локальды өркениеттер, олардың әрқайсысының өзара байланысты әлеуметтік институттары, оның ішінде мемлекет те, болады (ежелгіегипеттік, шумерлік, үнділік, эгейлік және т.б. өркениеттер).

ІІ кезең–белгілі бір мемлекет типтерімен байланысты ерекше өркениеттер (үндлік, қытайлық, батыс еуропалық, исламдық және т.б. өркениеттер).

ІІІ кезең– өз мемлекеттілігімен ерекшеленетін қазіргі кезгі өркениеттер, бұл өркениеттер енді-енді қалыптасып келе жатыр, бұларға әлеуметтік-саяси құрылымдардың дәстүрлі және қазіргі кезгі түрлерінің қатар өмір сүруі тән.

Өркениеттер мен олардың мемлекеттіліктерін типке бөлудің басқа да негіздері бар: хронологиялық, генетикалық, діни жән т.б.

77. Жеке тұлғаның негізгі құқықтары мен бостандықтары түсінігі, түрлері

Адамның құқықтары мен бостандықтары жалпыға танымал жіктеуге сәйкес әлеуметтік-экономикалық, саяси, азаматтық, мәдени және жеке құқықтар мен бостандықтар деп бөлінеді.

Адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарының аса маңызды ерекшеліктеріне мыналар жатады:

- адамға табиғатпен беріледі;

- табиғи және ажыратылмайтын сипатқа ие;

- жоғары әлеуметтік құндылық болып табылады;

- тікелей әрекет етеді;

- мемлекеттің қорғауында болады;

- халықаралық стандарттарға сәйкес келеді.

78-ЗАҢИ ПРАКТИКА

Заңды тәжірибе – мемлекеттік органның әлеуметтік – құқықтық тәжірибелерді жинақтап – сараптап қорытынды ресми заңды тұжырымдар жасау қызметі.

Заңды тәжірибелердің түрлері:

e. заңды тәжірибелердің түрлері

f. заңды, заңға тәуелді актілерді шығарудағы тәжірибе нормативтік актілерді қолданудағы тәжірибе;

g. нормативтік актілерді іске асырудағы, орындалуындағы тәжірибе;

h. заңдылықты, құқықтық тәртіпті реттеудегі, бақылаудағы тәжірибе;

27-билет