Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ответы Гос.экзамена ТГП-1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
225.52 Кб
Скачать

69. Құқықтық шектеулер мен ынталандырулар

Құқықтық ынталандыру – субъектінің жеке мүдделерін қанағаттандыруда анағұрлым қолайлы режим жасау үшін заңға сәйкес жүріс-тұрысқа құқықтық тұрғыдан шақыру.

1) Тұлғаның мүдделерін жүзеге асырудағы қолайлы жағдайлармен байланысты, себебі, белгілі бір құндылықтарды ұсынудан, ал кейбір кездері құндылықтардан айыру шарасын жоюдан немесе төмендетуден көрініс табады. (мысалы, жазалау шараларын алып тастаунемесе оларды төмендету де ынталандыру болып табылады.

2) ) оң құқықтық мотивация болып табылады.

3) Позитивтік белсенділіктің артуын көздейді.

4) Қоғамдық қатынастарды өзгерте отырып реттеуге бағытталады, әлеуметтік байланыстарды дамыту функциясын атқарады. Бұл белгілерден олардың қажеттілігі және әлеуметтік құндылығы көрініс табады.

Құқықтық шектеу – өзге субъект пен қоғамның мүдделерін қанағаттандыру үшін жағдай жасайтын, құқыққа қайшы әрекетті заңды түрде тежеу; бұл-тұлғалардың әрекет етуінің құқықпен белгіленген шекаралары, олардың қызметіндегі белгілі бір мүмкіндіктерді шектеу.

24-билет

70. Құқық жүйесі түсінігі, құрылымы-74сурак

Құқық жүйесінің түсінігі. Құқық жүйесі–бұл құқықтың өзінің құрылымы, оның салаларға, институттарға бөлінуі. Құқықтың жүйелік құрылымы оның белгілі бір байланыстағы көптеген элементтерден құралған біртұтас құрылым екендігін білдіреді.

Құқық жүйесінің құрылымдық элементтері болып мыналар табылады: а) құқықтық норма; ә) құқық саласы; б) құқықтың ішкі саласы; в) құқықтық институт; г ) субинститут.

Құқықтық норма- мемлекет бекітетін жалпыға міндетті және биліктік сипаттағы жүріс-тұрыс ережелері.

Құқық саласы- қоғамдық қатынастардың белігілі бір саласын реттейтін, жүйе ішінде оқшауланған, біртектес құқықтық нормалардың жиынтығы.

Құқықтық институт- қоғамдық қатынастардың белгілі бір түрін реттейтін құқықтық нормалардың салыстырмалы түрде шағын, тұрақты тобы.

Күрделі немесе кешенді институт салыстырмалы түрде ірі болады және, өз кезегінде, бірнеше дербес субинституттан тұрады. Мысалы, азаматтық құқықтағы жеткізіп беру шарты институты айыппұл, жауапкершілік субинституттарынан тұрады.

71. Мемлекеттің ішкі функциялары

Мемлекеттің ішкі функциялары–оның алдында тұрған ішкі міндеттерді шешудегі қызметінің негізгі бағыттары. Ішкі функцияларға мыналар жатады: адам және азамат құқықтары мен бостандықтарын қорғау, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету функциясы, экономикалық функция, салық салу функциясы, әлеуметтік қорғау функциясы, экологиялық функция және мәдени функция.

Экономикалық функция – мемлекеттің, қажетті заңмен белгіленген шаруашылықтағы қызметі – ол экономикалық міндеттерді шешеу, оның негізі мен әлеуметтік орнын, экономиканың жөнді дамуының қамтамасыз етілуін көрсетіп, қоғам өміріндегі сырт елдермен экономикалық байланысты белгілейді.

Қаржы функциясы – мемлекеттің бюджетінің қалыптасуы мен орындалуын көздейді; қаржылық қадағалау жүргізеді (табыстың есебін белгілейді); салық салу (табыс салығы, мүлік салығы, жер салығы, табыс салығы, мақсатты жинау, кедендік, қосымша салық), т.б.

Мемлекеттің саяси функциясы – мемлекеттің индиви-дуумдар мен әр түрлі әлеуметтік топтардың және елдегі саяси билікті іске асыру аясындағы мүдделерді үйлестіру қызметі. Сонымен қатар, саяси жүйенің негізін құрудағы, билік үшін саяси күрес жолындағы, мемлекеттік және қоғамдық қауіпсіздікті сақтаудағы, әлеуметтік және ұлттық келісімдегі, мемлекеттің егемендігін, ішкі және сыртқы жаулардан қорғанудағы мүдделерді келістіретін мемлекеттің әрекеті.

Осы аядағы мемлекеттің әрекетінің маңызды бағытына, өмірге қабілетті демократиялық қоғамды құру (демократияны дамыту, ұлттық және таптық сенімділік, қоғамдағы тұрақтылық пен тәртіпті сақтау).

Мемлекеттің әлеуметтік функциясы – бұл мемлекеттің барлық қоғам мүшелерінің жөнді өмір сүру жағдайын қамтамасыз етуге бағытталған қызметі. Өндіріске қатысу, қатыспауына, материалдық жағдайына, жасына, жынысына, денсаулығына қарамай, т.с.с. (минималды еңбекақы төлеу, пенсия, стипендия, ауруларға қаржылық көмек, мүгедектерге, қартайған адамдарға, студенттерге, балаларға, аналарға, жұмыссыздарға қажетті қаржыны денсаулық сақтауға бөлу, мәдени демалыс, сауаттандыру, тұрғын үй салу, т.б.).

Мемлекеттің құқыққорғау функциясы – бұл мемлекеттің барлық құқық субъектілерімен заңдағы тәртіптерді нақтылы және толық орындалуын қамтамасыз етуге арналған қызметі, сонымен қатар, сондай талап, профилактикаға, құқықбұзушылармен күресте, оны болдырмауға бағытталған.

Мемлекеттің экологиялық (табиғатты қорғау) функциясы – бұл өмірлік маңыздылығы бар әрбір мемлекеттің функциясы. Мақсаты, өз кезегінде тиімді табиғатты қорғау заңдарын шығару, табиғи ортаны қорғайтын адамдардың, әр түрлі мекемелердің қызметін реттеу және қоршаған ортаны қорғауға арналған ұлттық бағдарлама жасау. Табиғаттың тұтастығын бұзушыларға белсенді ықпал жасап, заңды жауапкершілікке тарту көзделеді.

Мемлекеттің идеологиялық функциясы – бұл белгілі мемлекеттің идеологиясын қалыптастыру, қолдау, жариялау, бекітудегі мемлекет қызметі. Бұл функция білім беру, мәдени, басылым, теледидар құралдарымен іс жүзіне асырылады.

Мемлекеттің мәдени-тәрбие функциясы – бұл мемле-кеттің искусстваны (әдебиетті, театрды, киноны, музыканы, архитектураны) дене шынықтыруды, спортты, көпшілік ақпарат құралдарын, тарихи-мәдени ескерткіштерді сақтау, архивтерді, музейлерді, ғылымды мемлекеттік қолдау, елдегі білім беру аясын дамытуға арналған көпжақты әрекеттері.