
- •1. Мемлекет және құқық теориясы пәні, әдістері
- •2. Мемлекеттің мәні,сипаты,белгілері
- •3.Құқықтың пайда болу теориялары
- •4. Мемлекет және құқық теориясының заң ғылымдары жүйесіндегі орны, маңызы
- •5. Мемлекет типологиясы
- •6. Құқық нысандары
- •7. Мемлекет механизмі түсінігі мен құрылымы
- •8. Құқықтық жүйелер түрлері мен ерекшеліктері.
- •9. Азаматтық қоғам түсінігі мен құрылымы
- •10. Мемлекеттік органдар түсінігі түрлері
- •11. Құқықты жүйелеу
- •12. Құқықтық тәрбие және оны жетілдіру мәселелері
- •13.Мемлекет нысаны (формалары)
- •14. Құқық нормасы түсінігі, құрылымы, түрлері.
- •15.Құқықтық мемлекет түсінігі белгілері
- •16. Қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекет
- •17. Әлеуметтік нормалар түсінігі, түрлері және ерекшеліктері
- •18. Құқықтық нигилизм және онымен күресу жолдары
- •19. Мемлекет функциялары түсінігі, түрлері
- •20. Құқықты түсіндіру, түрлері
- •21. Құқықтық мәдениет түсінігі, құрылымы
- •22. Мемлекеттің құрылым нысаны түсінігі мен түрлері
- •23. Құқықты жүзеге асыру
- •24. Қоғамдық тәртіп және құқықтық тәртіп
- •25. Мемлекеттің басқару нысаны түсінігі, түрлері мен ерекшеліктері
- •26. Құқық шығармашылығы түсінігі, сатылары
- •27. Заңи жауапкершілік түсінігі мен қағидалары
- •28. Мемлекет аппараты қызметін ұйымдастыру қағидалары мен ерекшеліктері
- •29. Құқықтың түсінігі мен белгілері
- •30. Заңи фактілер түсінігі мен түрлері
- •31. Саяси режим түсінігі, түрлері, ерекшеліктері
- •32. Құқықты ресми түсіндіру және оның түрлері
- •33. Құқықтық сана түсінігі, құрылымы
- •34. Мемлекет функцияларын жүзеге асыру нысандары
- •36. Құқықтық реттеу механизмі
- •37. Мемлекеттің пайда болуы туралы теориялар сипаты
- •38. Құқықтық қатынастар түсінігі мен түрлері, мазмұны
- •39. Нқа (нормативтік-құқықтық акті) түсінігі, түрлері
- •40. Саяси жүйенің негізгі субъектілері
- •41.Құқық пен моральдың арақатынасы
- •42. Құқықтың қағидалары
- •43. Мемлекеттің пайда болу типтері
- •44. Жария және жеке құқық
- •45. Құқықтық нормаларды жіктеу
- •46. Мемлекеттің белгілері
- •47. Құқықтың функциялары
- •48.Әлеуметтік және техникалық нормалар
- •49.Саяси жүйенің түсінігі, құрылымы және функциялары
- •50.Құқық нысанының түрлері
- •51.Заңи процесс: түсінігі мен мазмұны
- •52.Құқықты түсіндіру ұғымы мен қажеттілігі
- •53.Құқыққа сай жүріс-тұрыс түсінігі мен түрлері
- •54.Заңи практика түсінігі
- •55.Құқықты жүзеге асыру нысандары
- •56.Мемлекет механизмінің құрылымы
- •57.Құқық және заң аналогиясы
- •58.Құқық шығармашылық сатылары
- •59.Құқық бұзушылық түрлері, құрамы
- •60.Мемлекеттің пайда болу себептері
- •61.Заңдылық түсінігі мен қағидалары
- •62.Құқық қолдану актілері түсінігі мен түрлері
- •63.Мемлекет пен құқық арақатынасы
- •64. Нқа (нормативті-құқықтық актілер) уақытта, кеңістікте және тұлғалар арасында әрекет етуі
- •65. Әлеуметтік нормалардың жіктелуі
- •66. Жеке тұлғаның құқықтық мәртебесі түсінігі, құрылымы, түрлері
- •67. Құқықтық нормаларды жіктеу
- •68. Мемлекет пен құқықтың пайда болу жөніндегі негізгі теориялар
- •69. Құқықтық шектеулер мен ынталандырулар
- •70. Құқық жүйесі түсінігі, құрылымы-74сурак
- •71. Мемлекеттің ішкі функциялары
- •72. Құқықтық идеализм және оның себептері
- •73. Құқықтық мемлекет және оның қағидалары
- •74. Құқық жүйесінің құрылымдық элементтері
- •70 Сұрақпен жауабы бір
- •75. Құқықтық реттеу және құқықтық ықпал ету
- •76. Мемлекет типтері
- •77. Жеке тұлғаның негізгі құқықтары мен бостандықтары түсінігі, түрлері
- •79. Құқықтық қатынастар қоғамдық қатынастардың ерекше түрі ретінде
- •80 Құқық қолдану процесі сатылары
- •81 Құқықты түсіндіру тәсілдері
- •82Құқықтық қатынас субъектілері. Құқық қабілеттілік және әрекет қабілеттілік
- •83 Құқық бұзушылық себептері және олады жою жолдары
- •84 Заңи коллизиялар және оларды шешу тәсілдері
- •85 Құқықтық нигилизмнің көрініс беру нысандары
- •86 Заңнамаларды жүйелеу түрлері
- •87 Саяси режим
- •88 Қазақстан Республикасындағы құқықтық реформалардың негізгі бағыттары
- •89 Мемлекеттің басқару нысанының түрлері
- •90 Құқықтық жүйелердің түрлері
- •91 Мемлекеттің сыртқы функциялары
- •92 Құқықтық реттеу механизмінің тиімділігі
- •93 Құқықты қолдану оны жүзеге асырудың ерекше нысаны ретінде
- •94 Қр Парламенті мемлекеттік органдар жүйесінде
- •95 Мемлекеттің пайда болу себептері
- •96 Құқықты талқылау (түсіндіру)
- •97 Қр құқықтық жүйесінің ерекшеліктері
- •98 Құқықтық құралдар: түсінігі, түрлері
- •99 Құқықтық мәдениеттің құрылымы және функциялары
- •100 Заңи процесс сатылары
- •101 Құқық шығармашылығы түсінігі мен қағидалары
- •102 Әлеуметтік жауапкершілік және оның түрлері
- •103 Мемлекетті типтерге бөлу тәсілдері
- •104 Құқықтың пайда болуы туралы негізгі теориялар
- •105 Құқықтағы жеңілдіктер
65. Әлеуметтік нормалардың жіктелуі
Әлеуметтік нормалар негізінен қалыптасу тәсілдеріне, әрекет ету саласына және әлеуметтік мақсатына қарай жіктеледі. Бұл көзқарасқа сәйкес келесідей нормалар ажыратылады: 1) Құқықтық; 2) Моральдық; 3) Саяси; 4) Эстетикалық; 5) Діни; 7) Корпоративтік; 8) Әдет-ғұрыптар; Cалт-дәстүрлер;
66. Жеке тұлғаның құқықтық мәртебесі түсінігі, құрылымы, түрлері
Тұлғаның құқықтық мәртебесі–бұл субъектінің қоғамда заңды түрде бекітілген жағдайы. Құқықтық мәртебе тұлғаның іс жүзіндегі (әлеуметтік) мәртебесін, оның қоғамдағы нақты жағдайын бекітеді. Құқықтық мәртебе дегеніміз субъектілердің құқықтары мен міндеттерінің, сонымен қатар, мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың өз әлеуметтік рөлдерін орындауға бағытталған өкілеттіктерінің конституция мен заңнамада танылған жиынтығы.
Құқықтар мен міндеттер құқықтық мәртебенің негізін құрайды. Құқықтық мәртебенің құрылымы төмендегідей элементтерден құралған:
құқықтар мен міндеттер;
заңды мүдделер;
құқықсубъектілік;
азаматтық;
заңды жауапкершілік;
құқықтық қағидалар.
Құқықтық мәртебе жалпы, арнайы және жеке-дара болып бөлінеді. Жалпы мәртебе–бұл тұлғаның мемлекет азаматы ретіндегі Конституцияда бекітілген мәртебесі. Ол барлық азаматтар үшін бірдей болып табылады. Арнайы мәртебе азаматтардың белгілі бір санаттарының (студенттердің, соғысқа қатысушылардың, зейнеткерлердің және т.б.) жағдайының ерекшеліктерін бекітеді, олардың арнайы функцияларды жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Жеке-дара мәртебе жекелеген тұлғаның ерекшеліктерін (жыныс, жас, отбасы жағдайы, лауазым және т.б.) көрсетеді және тұлғаның жеке дараландырылған құқықтары мен міндеттерін білдіреді.
23-билет
67. Құқықтық нормаларды жіктеу
Құқықтық нормалар келесідей негізгі түрлерге жіктеледі:
1) Мазмұнына қарай: бастапқы, жалпы, арнайы нормалар.
2) Құқықтық реттеу пәніне қарай-конститутциялық, азаматтық, әкімшілік және т.б
3) Сипатына қарай-материалдық (қылмыстық, аграрлық, экологиялық және т.б) және іс жүргізушілік
4) Құқықтық реттеу әдістеріне қарай:
Императивті, диспозитивті, көтермелеуші, ұсынушы.
5) Әрекет теу уақытына қарай –тұрақты және уақытша
6) Функцияларына қарай- реттеуші және қорғаушы.
7) Нормалардың заңды күші таралатын тұлғалардың шеңберіне қарай-жалпыға ортақ және арнайы нормалар.
8) Құқықтық норма элементтерінің анықталу дәрежесіне қарай-абсолютті анықталған, салыстырмалы түрде анықталған.
9) Әрекет ету саласына қарай-жалпы мемлекеттік, аймақтық және локальды нормалар.
10) Заңды күшіне қарай-заңдар мен заңға сәйкес актілердің нормалары.
11) Құқықтық реттеу тәсіліне қарай-өкілеттік беруші, міндеттеуші және тыйым салушы.
12) Құқық шығармашылық субъектілеріне қарай-мемлекеттік органдар және мемлекеттік емес құрылымдар қабылдайтын нормалар.
68. Мемлекет пен құқықтың пайда болу жөніндегі негізгі теориялар
Патриархалдық теория – мемлекет – отбасы дамуының өнімі (Аристотель, Р.Фильмер, Н.К.Михайловский, М.Н.Покровский).
Теологиялық теория – мемлекетті құдай жасаған (Аврелий, Августин, Фома Аквинский, Жак Маритен, Мерсье және т.б)
Келісім теориясы – (табиғи-құқықтық теория) (Г.Гроций, Б.Спиноза, Т.Гоббс, Дж.Локк, Ж.Ж.Руссо, Я.Козельский, А.Радищев, И.Кант). Бұл теория бойынша мемлекет келісім нәтижесінде пайда болды деген, идеяны қолдайды, яғни саналы түрдегі адамдардың келісімі негізіндегі акт. Адамдардың біртұтас мемлекеттік одаққа бірігуі, адам баласын сақтауға арналған табиғи талап және адалдықты, бостандықты және тәртіпті қамтамасыз етеді.
Органикалық теория алғашқы рет Платонмен (428-348 б.э.д.) және Аристотельмен (384-322 б.э.д.) тұжырымдалып мемлекеттің пайда болуы мен қызметін биологиялық организмге теңейді. Г.Спенсер (1820-1903) ол идеяны дамытып, мемлекет – бұл қоғамдық организм, жеке адамдардан тұрады, тірі организм сияқты клеткалардан құралады дегенді айтқан. Мемлекеттегі бар институттар адам баласының организмдерінің бөлшектерімен бірдейлестірілген. Басқару органдары – бастағы миға, коммуникациялар және қаржылар – қан жүретін жүйеге, заңдар – адамның жүйкесіне теңестірілген, т.б. Адамның организмі сияқты, мемлекет те уақыт ықпалына тәуелді екенін айта келіп, мемлекет туады, дамиды, қартаяды және өледі деген идеяны уағыздаған. (Спенсер, Вормс, Прейс және т.б)
Материалистік (таптық, маркстік) теория (К.Маркс, Ф.Энгельс, В.И.Ленин, Г.В.Плеханов) мемлекеттің пайда болуы таптардың пайда болып, олардың арасындағы келісімге келмейтін (антогонистік мүдделеріне қарай туындаған) қайшылықтардың нәтижесіндегі мемлекеттің пайда болуы негізделеді.
Психологиялық –мемлекет адам психикасының ерекшеліктеріне байланысты пайда болды. Яғни, адамдардың ерекше психологиялық қажеттілігіне сай, ұжымдық қарым-қатынас сезімінің болуы: билік ету, бағыну, тыңдау, белгілі (лидермен) бастыларға және идеяларға бағыну (Л.Петражицкий, Э.Фромм, Г.Тард, Н.М.Коркунов).