Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ответы Гос.экзамена ТГП-1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
225.52 Кб
Скачать

63.Мемлекет пен құқық арақатынасы

Мемлекет және құқық теориясында осы уақытқа дейін мемлекет пен құқықтың арақатынасы туралы басты екі бағыт орын алған.

Біріншісі – этатистік, бұл бағыт мемлекеттің құқыққа қарағанда артықшылығын таниды, құқық мемлекеттің қызметінің өнімі, оның жалғасы ретінде қарастырылады.

Екінші бағыт табиғи-құқықтық көзқарастар негізінде пайда болды және құқықтың мемлекетке қарағанда артықшылығын бекітті.

Алайда, аталған мәселеге қатысты үшінші бағыт та бар, бұл бағыт жоғарыда аталған екі бағыттың көзқарастарын өзіне үйлестіре білген. Бұл теорияны жақтаушыларды алғашқы орынның мемлекет пен құқықтың қайсысына тиесілі екендігі қызықтырмайды, олар мемлекет пен құқықтың бір-бірінсіз өмір сүре алмайтындығына, яғни, олардың арасында функционалдық байланыстың бар екендігіне назар аударады. Бұл бағыт біржақтылықты болдырмауға, құқықтың мемлекетке не беретінін түсінуге және мемлекеттің құқықты қамтамасыз етудегі шынайы рөлін анықтауға мүмкіндік береді.

Мемлекеттің құқықты қамтамасыз етудегі рөлі мыналардан көрінеді:

1) құқықшығармашылық қызметті жүзеге асырудан. Тура мағынада бұл мемлекеттің құқық нормаларын орнықтыратынын білдіреді;

2) тіккелей мемлекеттік емес сипаттағы нормаларды мемлекеттің санкциялауынан. Мысалы, мұсылман құқығының қалыптасуы мемлекеттің мұсылмандық доктрина нормаларын санкциялауымен сипатталды;

3) іс жүзінде қалыптасып қойған қатынастарды жүріс-тұрысты заңды міндетті реттеуші ретінде тануынан. Мысалы, әдет құқығы осылай қалыптасады;

4)құқықты жүзеге асыруды қамтамасыз етуден. Құқықты пайдаланудың мемлекетсіз жүзеге асырылуы мүмкін емес;

5) мемлекет құқықты және құқықтық қатынастарды қорғауды қамтамасыз етеді;

6) мемлекет құқықтың әлеуметтік кеңістікке таралуына жәрдемдеседі, яғни, қоғамдық қатынастардың қатысушыларын құқыққа сәйкес әрекет жасауға міндеттейді.

Құқықтың мемлекетке әсері мыналардан көрініс табады:

1) құқық мемлекеттің халықпен, жекелеген тұлғамен өзара қарым-қатынастарына әсер етеді; мемлекет азаматтарға құқықтық талаптар шегінде әсер етеді, ал азаматтар, өз кезегінде, мемлекетке құқықтың көмегімен әсер етеді;

2) құқық мемлекеттің қызметін заңдастырады, мемлекеттің қорғау және мәжбүрлеу шараларының рұқсат етілуін қамтамасыз етеді;

3) құқық арқылы мемлекеттің қызметінің шектері, азаматтардың жеке өміріне араласудың шектері анықталады;

4) құқық ұлттардың ерекше мүдделерін қамтамасыз етеді, осы арқылы мемлекеттік биліктің ұлттармен қарым-қатынасына әсерін тигізеді;

5) құқықтық нысан мемлекеттік аппараттың қызметіне бақылау жүргізу мүмкіндігін қамтамасыз етеді, осы арқылы мемлекеттің халық алдындағы жауапкершілікті әрекеттерінің заңды кепілдіктерін бекітеді;

6) құқық басқа мемлекеттермен, жалпы әлемдік қауымдастықпен байланыс тілі рөлін атқарады.

22-билет

64. Нқа (нормативті-құқықтық актілер) уақытта, кеңістікте және тұлғалар арасында әрекет етуі

Нормативтік актінің уақыттағы әрекеті оның күшіне ену және күшін жоғалтуымен байланысты. Бұл ретте заңның кері күші болмайтыны туралы қағиданы ескеру қажет, яғни, заң заңды күшіне енгенге дейінгі қатынастарға таралмауы тиіс.

Мынадай екі жағдайда заңның кері күші болады:

1) егер заңның өзінде тікелей көзделсе;

2) егер заң жауапкершілікті жеңілдетсе немесе толығымен жойса.

Нормативтік актілер келесі жағдайларда өз күшін жояды (әрекет етуін тоқтатады):

- әрекет ету мерзімінің аяқталуына байланысты;

- бұған дейін әрекет еткен ескі актінің орнына жаңа актіні қабылдауға байланысты (жанама жою);

- нақты бір органның сол актінің күшін жою туралы нұсқауы негізінде (тікелей жою)

Нормативтік актінің кеңістікте әрекет етуі оның шығарған органның биліктік өкілеттігі таралатын аумақпен анықталады. Мемлекеттік аумақ ретінде мемлекеттік шекара ішіндегі құрлықтағы және судағы кеңістік, оның үстіндегі әуе кеңістігі және жер қойнауы танылады. Сонымен қатар, мемлекеттік аумаққа шетелдерде орналасқан дипломатиялық өкілдіктердің аумағы, ашық теңіздегі әскери және сауда кемелері, мемлекеттің аумағынан тыс жерде ұшып жүрген әуе кемелері жатады.

Нормативтік актілердің тұлғалар арасында әрекет етуі мемлекет аумағында оның барлық азаматтарына, мемлекеттік органдарына, қоғамдық ұйымдарға, шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдарға қатысты әрекет етеді.