
- •1. Мемлекет және құқық теориясы пәні, әдістері
- •2. Мемлекеттің мәні,сипаты,белгілері
- •3.Құқықтың пайда болу теориялары
- •4. Мемлекет және құқық теориясының заң ғылымдары жүйесіндегі орны, маңызы
- •5. Мемлекет типологиясы
- •6. Құқық нысандары
- •7. Мемлекет механизмі түсінігі мен құрылымы
- •8. Құқықтық жүйелер түрлері мен ерекшеліктері.
- •9. Азаматтық қоғам түсінігі мен құрылымы
- •10. Мемлекеттік органдар түсінігі түрлері
- •11. Құқықты жүйелеу
- •12. Құқықтық тәрбие және оны жетілдіру мәселелері
- •13.Мемлекет нысаны (формалары)
- •14. Құқық нормасы түсінігі, құрылымы, түрлері.
- •15.Құқықтық мемлекет түсінігі белгілері
- •16. Қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекет
- •17. Әлеуметтік нормалар түсінігі, түрлері және ерекшеліктері
- •18. Құқықтық нигилизм және онымен күресу жолдары
- •19. Мемлекет функциялары түсінігі, түрлері
- •20. Құқықты түсіндіру, түрлері
- •21. Құқықтық мәдениет түсінігі, құрылымы
- •22. Мемлекеттің құрылым нысаны түсінігі мен түрлері
- •23. Құқықты жүзеге асыру
- •24. Қоғамдық тәртіп және құқықтық тәртіп
- •25. Мемлекеттің басқару нысаны түсінігі, түрлері мен ерекшеліктері
- •26. Құқық шығармашылығы түсінігі, сатылары
- •27. Заңи жауапкершілік түсінігі мен қағидалары
- •28. Мемлекет аппараты қызметін ұйымдастыру қағидалары мен ерекшеліктері
- •29. Құқықтың түсінігі мен белгілері
- •30. Заңи фактілер түсінігі мен түрлері
- •31. Саяси режим түсінігі, түрлері, ерекшеліктері
- •32. Құқықты ресми түсіндіру және оның түрлері
- •33. Құқықтық сана түсінігі, құрылымы
- •34. Мемлекет функцияларын жүзеге асыру нысандары
- •36. Құқықтық реттеу механизмі
- •37. Мемлекеттің пайда болуы туралы теориялар сипаты
- •38. Құқықтық қатынастар түсінігі мен түрлері, мазмұны
- •39. Нқа (нормативтік-құқықтық акті) түсінігі, түрлері
- •40. Саяси жүйенің негізгі субъектілері
- •41.Құқық пен моральдың арақатынасы
- •42. Құқықтың қағидалары
- •43. Мемлекеттің пайда болу типтері
- •44. Жария және жеке құқық
- •45. Құқықтық нормаларды жіктеу
- •46. Мемлекеттің белгілері
- •47. Құқықтың функциялары
- •48.Әлеуметтік және техникалық нормалар
- •49.Саяси жүйенің түсінігі, құрылымы және функциялары
- •50.Құқық нысанының түрлері
- •51.Заңи процесс: түсінігі мен мазмұны
- •52.Құқықты түсіндіру ұғымы мен қажеттілігі
- •53.Құқыққа сай жүріс-тұрыс түсінігі мен түрлері
- •54.Заңи практика түсінігі
- •55.Құқықты жүзеге асыру нысандары
- •56.Мемлекет механизмінің құрылымы
- •57.Құқық және заң аналогиясы
- •58.Құқық шығармашылық сатылары
- •59.Құқық бұзушылық түрлері, құрамы
- •60.Мемлекеттің пайда болу себептері
- •61.Заңдылық түсінігі мен қағидалары
- •62.Құқық қолдану актілері түсінігі мен түрлері
- •63.Мемлекет пен құқық арақатынасы
- •64. Нқа (нормативті-құқықтық актілер) уақытта, кеңістікте және тұлғалар арасында әрекет етуі
- •65. Әлеуметтік нормалардың жіктелуі
- •66. Жеке тұлғаның құқықтық мәртебесі түсінігі, құрылымы, түрлері
- •67. Құқықтық нормаларды жіктеу
- •68. Мемлекет пен құқықтың пайда болу жөніндегі негізгі теориялар
- •69. Құқықтық шектеулер мен ынталандырулар
- •70. Құқық жүйесі түсінігі, құрылымы-74сурак
- •71. Мемлекеттің ішкі функциялары
- •72. Құқықтық идеализм және оның себептері
- •73. Құқықтық мемлекет және оның қағидалары
- •74. Құқық жүйесінің құрылымдық элементтері
- •70 Сұрақпен жауабы бір
- •75. Құқықтық реттеу және құқықтық ықпал ету
- •76. Мемлекет типтері
- •77. Жеке тұлғаның негізгі құқықтары мен бостандықтары түсінігі, түрлері
- •79. Құқықтық қатынастар қоғамдық қатынастардың ерекше түрі ретінде
- •80 Құқық қолдану процесі сатылары
- •81 Құқықты түсіндіру тәсілдері
- •82Құқықтық қатынас субъектілері. Құқық қабілеттілік және әрекет қабілеттілік
- •83 Құқық бұзушылық себептері және олады жою жолдары
- •84 Заңи коллизиялар және оларды шешу тәсілдері
- •85 Құқықтық нигилизмнің көрініс беру нысандары
- •86 Заңнамаларды жүйелеу түрлері
- •87 Саяси режим
- •88 Қазақстан Республикасындағы құқықтық реформалардың негізгі бағыттары
- •89 Мемлекеттің басқару нысанының түрлері
- •90 Құқықтық жүйелердің түрлері
- •91 Мемлекеттің сыртқы функциялары
- •92 Құқықтық реттеу механизмінің тиімділігі
- •93 Құқықты қолдану оны жүзеге асырудың ерекше нысаны ретінде
- •94 Қр Парламенті мемлекеттік органдар жүйесінде
- •95 Мемлекеттің пайда болу себептері
- •96 Құқықты талқылау (түсіндіру)
- •97 Қр құқықтық жүйесінің ерекшеліктері
- •98 Құқықтық құралдар: түсінігі, түрлері
- •99 Құқықтық мәдениеттің құрылымы және функциялары
- •100 Заңи процесс сатылары
- •101 Құқық шығармашылығы түсінігі мен қағидалары
- •102 Әлеуметтік жауапкершілік және оның түрлері
- •103 Мемлекетті типтерге бөлу тәсілдері
- •104 Құқықтың пайда болуы туралы негізгі теориялар
- •105 Құқықтағы жеңілдіктер
59.Құқық бұзушылық түрлері, құрамы
Құқық бұзушылық құқыққа қарсы бағытталған кінәлі және өзінің сипатымен қоғамға зиянды және қауіпті зардаптар туғызатын, арнайы жасқа толған субъектінің әрекеті немесе әрекетсіздігі.Құқық бұз/қ негізінде төрт сипаттан қалыптасады:
• Әрекет н/е әрекетсіздік
• Құқыққа қарсылық
• Субъектінің арнайы жасқа толуы
• Кінә
Бұл төрт элементтің біреуі жоқ болса, жеке адам құқық бұзушылық жасаған болып саналмайды.
Құқық бұзушылық екі түрге бөлінеді:
1.теріс қылық-құқыққа қарсы бағ/н, қоғамға зиянды зардаптар туғызатын әрекет н/е әрекетсіздік. Теріс қылықтар қоғамға зиянын тигізеді, бірақ өте қауіпті болып табылмайды. Теріс қылықтар мынадай түрлерге бөлінеді:
• Тәртіптік теріс қылықтар: мекеме, кәсіпорын, басқа заңды тұлғалармен еңбек құқықтық қатынастарда тұрған суб/ң еңбек кодексінің н/е ішкі ереже талаптарын орындамауы. Тәртіптік теріс қылықтар жасаған суб/ке жұмыс орнының әкімшілігі тарапынан ескерту, сөгіс, қатаң сөгіс, жұмыстан босату сияқты шаралар қолданады.
• Азаматтық құқықтық теріс қылықтар: жеке және з.т. жасалған келісімшарт негізінен туындайтын, міндеттемемлерді орындамау және адам өмірі, денсаулығы және мүлкіне зиян келтіру барсындағы әрекеттердің жиынтығы.
• Әкімшілік құқықтық теріс қылықтар : кодекс б/ша әкімшілік жауаптылық көзделген құқыққа қарсы, кінәлі (қасақана,абайсызда) іс әрекеті не әрекетсіздігі әкімшілік құқық бұзушылық деп танылады.
2. Қылмыс ҚР ҚК 9-бабында: жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты қоғамдық қауіпті әрекет.
Қылмыс сипаты:
• Жеңіл
• Орташа ауырлықтағы
• Ауыр
• Аса ауыр
Құқық бұзушылықтың құрамы нақтылы құқық бұзушылықты және оның қоғамға зияндылығы мен қауіптілігін заңмен айқындаған арнайы нышандардың жиынтығы. Құқық бұзушылық төрт элементтен тұрады:
• Субъект
• Объект
• Об/к жақ
• Суб/к жақ
1) құқықбұзушылықтың объектісі – бұл осы құқықбұзушылықтың неге бағытталғанын көрсетеді. Объектінің түрлік және тектік түрлерін бөліп қарастырады. Тектік объект ретінде қоғамдық қатынастар орын алса, түрлік объектіге өмір, денсаулық, абырой, мүлік және т.б. жатады.
2) құқықбұзушылықтың объективтік жағы – бұл осы құқықбұзушылықты сипаттайтын сыртқы белгілердің жиынтығы, оларға мыналар жатады:
а) әрекет немесе әрекетсіздік;
ә) құқыққа қайшылық;
б) зиянды нәтиже;
в) әрекет (әрекетсіздік) пен зиянды салдың арасындағы себепті байланыс.
3) құқықбұзушылықтың субъектісі – бұл осы әрекетті немесе әрекетсіздікті жасаған құқықәрекетқабілетті жеке тұлға немесе әлеуметтік ұйым.
4) құқықбұзушылықтың субъективтік жағы – бұл тұлғаның өз әрекетіне және оның салдарына деген субъективтік қатынасын сипаттайтын белгілердің жиынтығы. Субъективтік жаққа кінә, ниет және мақсат жатады. Бұл жерде басты санат болып кінә табылады. Кінә дегеніміз тұлғаның өзі жасаған құқыққа қайшы әрекетіне психологиялық қатынасы.
Кінәнің екі түрі болады: қасақаналық және абайсыздық. Қасақаналық тікелей және жанама болып бөлінеді. Тікелей қасақаналықта тұлға өз әрекеттерінің қоғамға қауіпті сипатын сезінеді, зиянды салдардың туу мүмкіндігін түсінеді және осы салдардың тууын қалайды. Жанама қасақаналықта тұлға өз әрекеттерінің қоғамға қауіпті сипатын сезінеді, зиянды салдардың туу мүмкіндігін түсінеді және осы салдардың тууын қаламаса да, олардың туындауына саналы түрде жол береді.
Абайсыздықтың да екі нысаны болады: менмендік және немқұрайдылық. Менмендікте тұлға өз әрекеттерінің қоғамға қауіпті салдарын түсінеді, алайда жеткілікті негізсіз олардың алдын алуға тырысады. Немқұрайдылықта тұлға өз әрекеттерінің қоғамға қауіпті салдарын болжай алмайды, алайда дұрыс зейін қойғанда оларды байқауы мүмкін әрі тиіс еді.