Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ответы Гос.экзамена ТГП-1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
225.52 Кб
Скачать

56.Мемлекет механизмінің құрылымы

МҚТ-да мемлекет механизмі және мемлекет аппараты ұғымдары мағыналас қолданылады.Мемлекет механизмі мемлекет функциясы мен міндеттерін жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен олардың қызметін қамтамасыз етуші құралдар жүйесі.

Мемлекеттік органдар қызметі:

• Құқық шығармашылық

• Құқық атқарушылық

• Құқық қорғаушылық

Мемлекеттік аппараттың құрылымы:

• Мемлекеттік билік органдар жүйесі

• Мемлекеттік басқару органдар жүйесі

• Сот органдар жүйесі

• Прокуратура

1.Демократиялық мемлекеттерде бұл жүйе негізгі орталық б.т. Мемлекеттік билік органдары жоғары және жергілікті деп бөлінеді. Жоғары билік органына парламент жатады.

2. мемлекеттік басқару органдар жүйесінде жетекші орынды үкімет иеленеді.

3.сот органда жүйесі сот қызметін жүзеге асыратын негізгі орган

4.прокуратура органының басты мақсаты қадағалау б.т. Сонымен бірге мем. органдарда заңдылықтың сақталуына бақылау жасайды.

Мемлекеттік органдардың негізгі белгілері:

• Мемлекеттік аппараттың құрамына кіреді

• Ішкі құрылымы болады

• Өз өкілеттілігі шегінде билік етеді

• Мемлекет функциясын тікелей жүзеге асырады

Мемлекеттік органдар әртүрлі негіз б/ша жіктеледі:

• Билік етуіне бай/ты: жоғарғы, жергілікті

• Өкілеттілігіне қарай: жалпы, арнайы

• Билік бөлінісіне қарай: заң шығарушы, атқарушы, сот

• Шешім қабылдау тәртібіне қарай: алқалық,и жекелік

57.Құқық және заң аналогиясы

Құқықтағы кемшіліктер мынадай жағдайда туындайды:

• Құқық жасайтын органдардың құқық нормаларын қабылдау кезінде заң ғылымының жетістіктерін ескермеу және пайдаланбау;

• Лоббизмнің әсерінен, оның тікелей ықпалынан, бір ғана топтың, мүдденің құқық нормаларында бекітілуі. Мыс, бір заң жобасын парламентке бір партияның, мемлекеттік органның тікелей ықпалымен, депутаттарға ықпал ету, қысым жасау арқылы қабылдауы.

• Құқық нормаларының мәтінінің түсініксіз болуы. Соның нәтижесінде құқық қолдану барысында түсінбеушіліктің пайда болып, бұрмалауға әкеліп соқтыруы.

Осындай жағдайларға байланысты құқықтағы кемшіліктерді толықтыру мәселесі туындайды.МҚТ кемшіліктерді толықтырудың екі түрін пайдаланады:

1.заң аналогиясы-өмірде болған жағдайлар мен оқиғалардың құқық нормаларында көрсетілмегендігіне байланысты ұқсас норманы қолдану. Мыс, бір адам қоғамға қауіпті бір әрекет жасады, бірақ оның сол мінез құлқы құқық нормаларында нақтылы бекітілмеген. Сондай жағдайда ұқсас норма қолданылады. ҚР Конст. 77-баб/ң 10-тармағы: «Қылмыстық заңды ұқсастығына қарай қолдануға жол берілмейді» деп атап көрсеткен. Бұл Конст.норма ҚК 9-бабында дәлме дәл қайталанып берілген.

2.құқық аналогиясы-нақтылы қаралып жатқан іс бойынша ұқсас құқықтық норманың жоқ болуына байланысты қабылданған құқықтық қағидалар негізінде шешім қабылдау.

Жалпы теорияда құқық аналогиясын қолдануға жол берілмейді.Бұл көрініс негізінде жаңа қалыптасып, құрылып келе жатқан құқықтық жүйелерге тән

20-билет.

58.Құқық шығармашылық сатылары

Құқық шығармашылық мемлекет қызметінің маңызды бағыттарының бірі. Құқық шығармашылығы өкілетті органның белгілі бір нормативті актілерді жасақтау, өңдеу, қабылдау бойынша атқаратын қызметі. Құқық шығармашылық қызметі негізгі екі бөлімнен тұрады:

1.ұйымдастыру мәселелерін қамтиды

2. құқықтық бастауға негізделеді

Құқық шығармашылықтың ерекшеліктері:

А) мемлекеттік шығармашылық белсенді қызмет б.т.

Ә) нәтижесінде заңи нормалар пайда болады

Б) қоғамды басқарудың маңызды құралы б.т.

В) қоғамның демократиясы мен өркениетінің көрсеткіші;

Заң шығармашылық төрт сатыны қамтиды:

• Құқық шығармашылық бастама

• Заңның жобасын талқылау

• Заңды қабылдау

• Заңды жариялау