Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ответы Гос.экзамена ТГП-1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
225.52 Кб
Скачать

54.Заңи практика түсінігі

Заңды тәжірибе – мемлекеттік органның әлеуметтік – құқықтық тәжірибелерді жинақтап – сараптап қорытынды ресми заңды тұжырымдар жасау қызметі. Заң тәжірибесінің белгі - нышандары:

• Қоғамды құқықтық басқару процесінде әлеуметтік тәжірибе бірте – бірте заң тәжірибесінде айналуы:

• Заң тәжірибесі адам қоғамының даму процесінде мәдениеттің негізгі салаларының күрделі бағыты болып қалыптасуы. Мысалы, көне Рим республикасының заң тәжірибесі кейінгі дәуірде мемлекеттерге көп әсер етуі;

• Заң тәжірибесі қоғамдық, ұжымдық, ұйымдық іс - әрекеттің нәтижесінде тексеріліп, анықталып өмірге келеді;

• Заң тәжірибесінің даму процесінде қоғамда материалдық, саяси, әлеуметтік құбылыстар, өзгерістер болып соған сәйкес заңды нәтижелі қарым – қатынастар туып нормативтік актілердің, өмірге келі, іске асу процесінің сапасын жақсартады;

Заң тәжірибесі қоғамның барлық саласына әсер етіп оның даму процесін шапшаңдатады немесе бәсеңдетеді.

Сонымен заң тәжірибесінің қоғамның құқық жүйесінде атқаратын қызметі өте күрделі, көп салалы.

Қоғамдағы барлық нормативтік актілерді қолдануда, іске асыруда орындалуында көптеген жақсы жақсы тәжірибелер қалыптасады, сонымен бірге кемшіліктер де анықталып жатады. Өмірде оларды сараптап, кемшіліктерді түзеп, жақсы тәжірибелерді пайдалану заңды процесс. Сөйтіп заңға тәуелді актілерді шығару, қабылдау, бекіту жұмыстарын жақсартып, құқықтық нормалардың сапасын жақсартып отырады. Бұл істің маңызы өте зор.

Заңды тәжірибелердің түрлері:

a. заңды тәжірибелердің түрлері

b. заңды, заңға тәуелді актілерді шығарудағы тәжірибе нормативтік актілерді қолданудағы тәжірибе;

c. нормативтік актілерді іске асырудағы, орындалуындағы тәжірибе;

d. заңдылықты, құқықтық тәртіпті реттеудегі, бақылаудағы тәжірибе;

Заңды тәжірибенің маңызы:

1. қоғамның экономикалық, саяси әлеуметтік, экологиялық демографиялық, рухани, мәдени т.б. жұмыстарын жақсартуға зор әсер етеді.

2. Норманы шығару, қолдану, түсіндіру, қорғау жұмыстарының сапасын жақсартуға үлес қосады.

3. Норманың нақты жағдайға тигізетін әсеріне қарай заңды тәжірибенің екі түрі болады: тіркелу – куәландыру – субьектілердің өзара қатынасын мемлекеттік органның тіркеп, куәландыру (көбінесе бұл жұмысты нотариалдық органдар жүргізеді). Екінші түрі - реттеп бейімдеу – қоғамдағы қатынастарды бір орталықтан, өлкелік нормативтік және жекелік реттеу, басқару.

4. Нормативтік актінің уақтына сәйкес тәжірибенің функциясы төртке бөлінеді: түпкілікті, уақытша, негізгі арнаулы.

19-билет

55.Құқықты жүзеге асыру нысандары

Құ-қықтық нормалар адамдардың санасы мен еркіне мақсатты түрде əсер ете отырып, оларды заңнамаға сəйкес жүріп-тұруға итерме-леу үшін қажет. Қоғамдық қатынастардың қатысушыларының жүріс-тұрыстары арқылы кез-келген заңшығарушы қалайтын нə-тижелерге жетуге болады.

Құқықтық нормаларды жүзеге асыру – құқықтық нормалардың ережелері көрініс тапқан адамдардың жүріс-тұрысы, олардың құ-қықтарды жүзеге асыру мен заңды міндеттерді орындаумен байла-нысты тəжірибелік қызметі. Субъектілердің əрекеттерінің сипатына қарай құқықты жүзеге асырудың төрт нысанын бөліп қарасты-рады:

1) сақтау – қолданыстағы құқықпен тыйым салынған əрекет-терден бас тарту;

2) орындау – оң мазмұнды заңды міндеттерді орындауға байла-нысты белсенді əрекеттерді жүзеге асыру;

3) пайдалану – олар арқылы тұлғаның өз мүддесін қанағат-тандырылатын субъективтік құқықтарды жүзеге асыру;

4) қолдану – құзіретті органдардың нақты бір заңды істі шешуге байланысты биліктік қызметі, нəтижесінде сəйкес жеке акт қабылданады.