Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ответы Гос.экзамена ТГП-1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
225.52 Кб
Скачать

4. Мемлекет және құқық теориясының заң ғылымдары жүйесіндегі орны, маңызы

Мемлекет пен құқық теориясы заңгерлік оқу пәндерінің жүйесінде ерекше орын ала отырып, студенттерге мемлекеттік-құқықтық қоғам өмірі туралы білім береді, жалпы заңды мәдениеттің, заңды ойлаудың негізін қалыптастырады және мемлекет пен құқық туралы алғашқы түсініктер мен категорияларды үйретеді, себебі онсыз басқа заң пәндерін зерттеу мүмкін емес.

5. Мемлекет типологиясы

Мемлекеттің типологиясы (кейіптері) – бұл белгілі, тарихи ерекшеленген топтағы мемлекеттерге тән жалпы белгілерінің жиынтығы. Құқықтық ғылымда басым тұрған, негізінен екі теория – формациялық және өркениеттік.

Мемлекетті және құқықты кейіптеудегі формациялық әдіс – бұл қоғамның дамуын, тарихи типтегі мемлекеттердің ауысу заңдылықтарын, қоғамның экономикалық базисіндегі (негізіндегі) оның өндірістік қатынастары мен таптық құрамдарының сапалы өзгеруі тұрғысынан зерттеу. Өркениет түсінігін ағылшын тарихшысы А.Тоинби (1889-1975) нақтылады және дамытты. Ол өзінің «Постижение истории» деген орнықты еңбегінде өркениетті салыстырмалы тұйық және қоғамның жергілікті жағдайы ретінде түсінді, сондықтан мәдени жалпылығымен, экономикалық, гео-графиялық, діни, психологиялық және басқадай факторларымен айырмашылығы барлығын айтқан.

Мемлекет пен құқықты кейіптеудегі (типологии) өркениеттік (цивилизационный) әдіс – бұл қоғамның дамуындағы мемлекет пен құқықтың тарихи кейіптерінің ауысу заңдылықтарын, қоғамның әлеуметтік-мәдени аядағы, халықтың рухани мәдениетіндегі, оның дініндегі, адамилығындағы өзгерістерді сапалық көзқараспен зерттеу (В.Гумбольд, А.Тойнби, О.Шпенглер, М.Вебер, У.Ростоу, Н.Данилевский, Л.Мечников, П.Сорокин, Л.Гумилев, т.б.).

6. Құқық нысандары

Құқықтың қайнар көзі – бұл мемлекет атынан шыға-рылған, жекелеген нормалардың, институттар мен құқық салаларының мазмұндары бар, арнайы жазба түріндегі құ-жаттар.ҚҰқықтың қайнар көздері: Нормативтік акт, құқықтық әдет, құқықтық прецедент, нормативтік шарт.

Ерте кезде заңдардың мазмұндары тасқа қашалып жазылған, үйдің қабырғаларына, жеке тақтайларға, орамаларға жазылған. Бұны да құқық нысанына жатқызуға болады. Қазіргі кезде құқықтың қайнар көздеріне (нысанына) роман-германдық құқықтағы нормативтік актілер (заңдар, ордо-нанстар, статуттар), ал англо-саксондыққа – келісім және құқықтық прецедент жатады.

Құқықтың қайнар көздерінің қалыптасуы екі жолмен іс жүзіне асырылады: құқықтық шығармашылық және сол не басқа әлеуметтік нормаларға санкция беру. Солардың ішіндегі ең маңыздысы, арнайы өкілеттік берілген мемлекеттік орган-дар мен лауазымды адамдардың, құқықтық шығармашылық әрекеттері.

3-билет

7. Мемлекет механизмі түсінігі мен құрылымы

Мемлекет механизмі (аппарат) – бұл органдар мен меке-мелердің жүйесі, солар арқылы мемлекеттің функцияларының орындалуы қамтамасыз етіледі.

Мемлекеттік аппаратың белгілерін сипаттауға жата-тындар:

• мемлекетке өзінің қоғамдағы билігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін шын мәніндегі ұйымдасқан материалдық базаның (негіз) болуы;

• басқару органдарымен қатар күш көрсете алатын мемлекеттердің әскер, полиция, сот, абақтылар болуы;

• мемлекетпен барлық қоғамның жақсылығы үшін бел-гілеген функцияны орындаушы, өз еңбек ақысын тек мемлекет қаржысынан алатын ерекше қызметкер-лердің болуы;

• әрбір мемлекеттік органдардың шешімі мен өкімінің бәріне бірдей міндеттілікте болуы;

Мемлекеттік аппараттың әрбір элементтерінің өзіне тапсырылған тапсырманы орындау процесіндегі әрекеті кепілдікке алынады, мемлекеттік мәжбүрлеу арсеналының барлық құралдарын қолдану мүмкіндігі.

Мемлекеттік органдар қызметі үш нысанға бөлінеді:

• Құқықшығармашылық

• Құқықатқарушылық

• құқыққорғаушылық