
- •1. Мемлекет және құқық теориясы пәні, әдістері
- •2. Мемлекеттің мәні,сипаты,белгілері
- •3.Құқықтың пайда болу теориялары
- •4. Мемлекет және құқық теориясының заң ғылымдары жүйесіндегі орны, маңызы
- •5. Мемлекет типологиясы
- •6. Құқық нысандары
- •7. Мемлекет механизмі түсінігі мен құрылымы
- •8. Құқықтық жүйелер түрлері мен ерекшеліктері.
- •9. Азаматтық қоғам түсінігі мен құрылымы
- •10. Мемлекеттік органдар түсінігі түрлері
- •11. Құқықты жүйелеу
- •12. Құқықтық тәрбие және оны жетілдіру мәселелері
- •13.Мемлекет нысаны (формалары)
- •14. Құқық нормасы түсінігі, құрылымы, түрлері.
- •15.Құқықтық мемлекет түсінігі белгілері
- •16. Қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекет
- •17. Әлеуметтік нормалар түсінігі, түрлері және ерекшеліктері
- •18. Құқықтық нигилизм және онымен күресу жолдары
- •19. Мемлекет функциялары түсінігі, түрлері
- •20. Құқықты түсіндіру, түрлері
- •21. Құқықтық мәдениет түсінігі, құрылымы
- •22. Мемлекеттің құрылым нысаны түсінігі мен түрлері
- •23. Құқықты жүзеге асыру
- •24. Қоғамдық тәртіп және құқықтық тәртіп
- •25. Мемлекеттің басқару нысаны түсінігі, түрлері мен ерекшеліктері
- •26. Құқық шығармашылығы түсінігі, сатылары
- •27. Заңи жауапкершілік түсінігі мен қағидалары
- •28. Мемлекет аппараты қызметін ұйымдастыру қағидалары мен ерекшеліктері
- •29. Құқықтың түсінігі мен белгілері
- •30. Заңи фактілер түсінігі мен түрлері
- •31. Саяси режим түсінігі, түрлері, ерекшеліктері
- •32. Құқықты ресми түсіндіру және оның түрлері
- •33. Құқықтық сана түсінігі, құрылымы
- •34. Мемлекет функцияларын жүзеге асыру нысандары
- •36. Құқықтық реттеу механизмі
- •37. Мемлекеттің пайда болуы туралы теориялар сипаты
- •38. Құқықтық қатынастар түсінігі мен түрлері, мазмұны
- •39. Нқа (нормативтік-құқықтық акті) түсінігі, түрлері
- •40. Саяси жүйенің негізгі субъектілері
- •41.Құқық пен моральдың арақатынасы
- •42. Құқықтың қағидалары
- •43. Мемлекеттің пайда болу типтері
- •44. Жария және жеке құқық
- •45. Құқықтық нормаларды жіктеу
- •46. Мемлекеттің белгілері
- •47. Құқықтың функциялары
- •48.Әлеуметтік және техникалық нормалар
- •49.Саяси жүйенің түсінігі, құрылымы және функциялары
- •50.Құқық нысанының түрлері
- •51.Заңи процесс: түсінігі мен мазмұны
- •52.Құқықты түсіндіру ұғымы мен қажеттілігі
- •53.Құқыққа сай жүріс-тұрыс түсінігі мен түрлері
- •54.Заңи практика түсінігі
- •55.Құқықты жүзеге асыру нысандары
- •56.Мемлекет механизмінің құрылымы
- •57.Құқық және заң аналогиясы
- •58.Құқық шығармашылық сатылары
- •59.Құқық бұзушылық түрлері, құрамы
- •60.Мемлекеттің пайда болу себептері
- •61.Заңдылық түсінігі мен қағидалары
- •62.Құқық қолдану актілері түсінігі мен түрлері
- •63.Мемлекет пен құқық арақатынасы
- •64. Нқа (нормативті-құқықтық актілер) уақытта, кеңістікте және тұлғалар арасында әрекет етуі
- •65. Әлеуметтік нормалардың жіктелуі
- •66. Жеке тұлғаның құқықтық мәртебесі түсінігі, құрылымы, түрлері
- •67. Құқықтық нормаларды жіктеу
- •68. Мемлекет пен құқықтың пайда болу жөніндегі негізгі теориялар
- •69. Құқықтық шектеулер мен ынталандырулар
- •70. Құқық жүйесі түсінігі, құрылымы-74сурак
- •71. Мемлекеттің ішкі функциялары
- •72. Құқықтық идеализм және оның себептері
- •73. Құқықтық мемлекет және оның қағидалары
- •74. Құқық жүйесінің құрылымдық элементтері
- •70 Сұрақпен жауабы бір
- •75. Құқықтық реттеу және құқықтық ықпал ету
- •76. Мемлекет типтері
- •77. Жеке тұлғаның негізгі құқықтары мен бостандықтары түсінігі, түрлері
- •79. Құқықтық қатынастар қоғамдық қатынастардың ерекше түрі ретінде
- •80 Құқық қолдану процесі сатылары
- •81 Құқықты түсіндіру тәсілдері
- •82Құқықтық қатынас субъектілері. Құқық қабілеттілік және әрекет қабілеттілік
- •83 Құқық бұзушылық себептері және олады жою жолдары
- •84 Заңи коллизиялар және оларды шешу тәсілдері
- •85 Құқықтық нигилизмнің көрініс беру нысандары
- •86 Заңнамаларды жүйелеу түрлері
- •87 Саяси режим
- •88 Қазақстан Республикасындағы құқықтық реформалардың негізгі бағыттары
- •89 Мемлекеттің басқару нысанының түрлері
- •90 Құқықтық жүйелердің түрлері
- •91 Мемлекеттің сыртқы функциялары
- •92 Құқықтық реттеу механизмінің тиімділігі
- •93 Құқықты қолдану оны жүзеге асырудың ерекше нысаны ретінде
- •94 Қр Парламенті мемлекеттік органдар жүйесінде
- •95 Мемлекеттің пайда болу себептері
- •96 Құқықты талқылау (түсіндіру)
- •97 Қр құқықтық жүйесінің ерекшеліктері
- •98 Құқықтық құралдар: түсінігі, түрлері
- •99 Құқықтық мәдениеттің құрылымы және функциялары
- •100 Заңи процесс сатылары
- •101 Құқық шығармашылығы түсінігі мен қағидалары
- •102 Әлеуметтік жауапкершілік және оның түрлері
- •103 Мемлекетті типтерге бөлу тәсілдері
- •104 Құқықтың пайда болуы туралы негізгі теориялар
- •105 Құқықтағы жеңілдіктер
45. Құқықтық нормаларды жіктеу
Құқық нормаларының негізгі функциялары қоғамдық қатынастарды реттеу және құқық бұзушылықтан сол қатынастарды тиімді қорғау болып табылады. Құқықтық нормаларды реттеу функцияларына байланысты топтастырып қарағанда арнайы бір қоғамдық қатынастарды реттейді. Кейбір құқықтық нормалар мүліктік қатынастарды реттесе, басқалары, экологиялық, қаржы, отбасы, әкімшілік, банк, сайлау, инвестиция, жер сияқты қатынастарды реттейді. Осыған байланысты құқықтық нормалар реттеу пәнінен байланысты конституциялық-құқықтық, әкімшілік құқықты, азаматтық құқықтық және т.б. болып жіктеледі.
Ал құқықтық нормалар өздерінің іс жүзіне асырылуына байланысты мынандай түрлерге бөлінеді:
1.міндеттейтін
2. тыйым салатын
3.құқық беретін
4. дефинитивтік нормалар – нормада заң ғылымдарының жетістіктерінің нәтижесінде бр ұғымның анықтамасының берілуі. Бұл нормаларда субьектілердің құқықтары мен міндеттері нақтылы дәрежеде, не мағынада көрсетілмейді.
5. декларативтік нормаларда негізгі құқықтық идеялар жариялану мағынасында көрсетіледі
6. Құқықтық реттеу тәсілі бойынша құқықтық нормалар:
-диспозитивтік
-императивтік
-мадақтайтын
-ұсыныс беретін түрлерге жіктеледі
Диспозитивтік нормалар – субьектілерге өз тараптарынан құқықтары мен міндеттерін өз қалаулары бойынша іс жүзіне асыруға мүмкіндік және құқықтық қатынастарға түскен жағдайда еркіндік таңдау мінез-құлқы қамтамасыз етіледі.
Императивтік нормалар – қатаң сақталуды, орындалуды талап етеді және екі жақтың келісімі бойынша өзгертуге жатпайды. Әкімшілік құқық нормалары императивтік болып саналады.
Мадақтайтын нормаларда – құқықтық қатынастарға түске субьектілердің мінез-құлықтары қызметтерінің тәртіптері мен түрлері бекітіледі. Сол арқылы субьектілер арнайы белгіленген мадақтауға ие болады.
Ұсыныстық нормалар да жиі қолданылады. Мысалы, ҚР Президенті қабылдаған Жарлықтарына Үкіметке арнайы бір саланы реттеуге қаулы қабылдау керек екеніне ұсыныс жасауы мүмкін.
Функциялары бойынша құқықтық нормалар реттейтін және құқық қорғайтын нормалар болып бөлінеді.
Реттейтін нормалардың диспозицияларында құқықтық қатынасқа түскен субьектілердің құқықтары мен міндеттері бекітіліп, қоғамдық қатынастар реттеледі, шиеленістер мен қақтығыстар тәртіптік жүйеге түседі. Сатып алу, айырбас жасау, шартқа отыру, некеге тұру, мұрагерлікке ие болу, ипотека және т.б.\
Құқық қорғайтын нормалар – құқық бұзушылыққа барған субьектілерге мемлекет атынан шара, күш қолдану арқылы қол сұғылған, бұзылған құқықтарды орнына келтіреді, реттейтін нормаларды қорғау функциясын атқарады. Құқық қорғайтын нормалар негізіндеәкімшілік, қылмыстық кодекстің ерекше бөлімдерінің баптарында нақтылы мағынада бекітілген.
16-билет
46. Мемлекеттің белгілері
Мемлекеттің негізгі белгілері міне, мыналар:
1. Ерекше бұқаралық биліктің болуы. Мемлекеттік биліктің өзіндік белгілері жалпыға бірдейлік және әмбебаптық болып табылады. Жалпыға бірдейлік барлық аумаққа және барлық тұрғындарға таратылудан дәл әмбебаптық ортақ мүдделерді қозғайтын кез келген мәселелерді шешу мүмкіндігінен көрінеді. Бұқаралық билік мемлекеттік органдарда жүзеге асады және мемлекеттік билік ретінде іс-әрекет жүргізеді. Оны мемлекет аппаратын құрайтын адамның ерекше санаты жүзеге асырады.
2. Тұрғындардың аумақтық ұйымдастырылуы. Аумаққа құрлық, жер қойнауы, су және әуе кеңістігі, құрлықтық шельф және басқалар енеді. Мемлекеттік билік тек мемлекет аумағында тұратын адамдарда ғана жүргізіледі.
3. Мемлекеттік егемендік. Бұл мемлекет ішіндегі билік – жоғарғы билік, ал оның сыртында тәуелсіз және өз алдына дербес екендігін білдіреді. Мемлекеттік егемендіктің ішкі де, сыртқы да өзіндік сипаттары бар. Ішкі егемендік ел ішіндегі мәселелерді шешуде үстемдік етуден көрінеді. Сыртқы егемендік – сыртқы істердегі тәуелсіздік, мемлекетішілік істерге сырттан араласуға жол бермеу. Мемлекеттік егемендік мемлекетті, басқа да белгілерімен бірге, қоғамның басқа ұйымдарынан ерекшелейді.
4. Тұрғындардан салық жинауды қамтамасыз етуші органдардың болуы. Мемлекеттің өмір сүруі салық түріндегі міндетті төлемдер есебінен қамтамасыз етілетін қаржы-экономикалық негізсіз мүмкін емес. Салықтарды мемлекет белгілейді және мәжбүрлеу түрінде жиналады. Мемлекеттің бұл кірістері армия, мемлекеттік аппарат, құқық қорғау органдарын, сонымен бірге әлеуметтік саланы қолдауға және басқа ортақ істерді орындауға бағытталады.
5. Тұрғындар үшін міндетті нормативтік актілердің болуы. Мемлекет құқық-шығармашылық қызметті жүзеге асырады: барлық ел тұрғындарына арналған заңдар және басқа нормативтік актілер шығарады. Құқық басқару құралы және қоғамда пайда болатын қарама-қайшылықтарды өркениетті шешудіңәдісі болып табылады.