
- •1. Мемлекет және құқық теориясы пәні, әдістері
- •2. Мемлекеттің мәні,сипаты,белгілері
- •3.Құқықтың пайда болу теориялары
- •4. Мемлекет және құқық теориясының заң ғылымдары жүйесіндегі орны, маңызы
- •5. Мемлекет типологиясы
- •6. Құқық нысандары
- •7. Мемлекет механизмі түсінігі мен құрылымы
- •8. Құқықтық жүйелер түрлері мен ерекшеліктері.
- •9. Азаматтық қоғам түсінігі мен құрылымы
- •10. Мемлекеттік органдар түсінігі түрлері
- •11. Құқықты жүйелеу
- •12. Құқықтық тәрбие және оны жетілдіру мәселелері
- •13.Мемлекет нысаны (формалары)
- •14. Құқық нормасы түсінігі, құрылымы, түрлері.
- •15.Құқықтық мемлекет түсінігі белгілері
- •16. Қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекет
- •17. Әлеуметтік нормалар түсінігі, түрлері және ерекшеліктері
- •18. Құқықтық нигилизм және онымен күресу жолдары
- •19. Мемлекет функциялары түсінігі, түрлері
- •20. Құқықты түсіндіру, түрлері
- •21. Құқықтық мәдениет түсінігі, құрылымы
- •22. Мемлекеттің құрылым нысаны түсінігі мен түрлері
- •23. Құқықты жүзеге асыру
- •24. Қоғамдық тәртіп және құқықтық тәртіп
- •25. Мемлекеттің басқару нысаны түсінігі, түрлері мен ерекшеліктері
- •26. Құқық шығармашылығы түсінігі, сатылары
- •27. Заңи жауапкершілік түсінігі мен қағидалары
- •28. Мемлекет аппараты қызметін ұйымдастыру қағидалары мен ерекшеліктері
- •29. Құқықтың түсінігі мен белгілері
- •30. Заңи фактілер түсінігі мен түрлері
- •31. Саяси режим түсінігі, түрлері, ерекшеліктері
- •32. Құқықты ресми түсіндіру және оның түрлері
- •33. Құқықтық сана түсінігі, құрылымы
- •34. Мемлекет функцияларын жүзеге асыру нысандары
- •36. Құқықтық реттеу механизмі
- •37. Мемлекеттің пайда болуы туралы теориялар сипаты
- •38. Құқықтық қатынастар түсінігі мен түрлері, мазмұны
- •39. Нқа (нормативтік-құқықтық акті) түсінігі, түрлері
- •40. Саяси жүйенің негізгі субъектілері
- •41.Құқық пен моральдың арақатынасы
- •42. Құқықтың қағидалары
- •43. Мемлекеттің пайда болу типтері
- •44. Жария және жеке құқық
- •45. Құқықтық нормаларды жіктеу
- •46. Мемлекеттің белгілері
- •47. Құқықтың функциялары
- •48.Әлеуметтік және техникалық нормалар
- •49.Саяси жүйенің түсінігі, құрылымы және функциялары
- •50.Құқық нысанының түрлері
- •51.Заңи процесс: түсінігі мен мазмұны
- •52.Құқықты түсіндіру ұғымы мен қажеттілігі
- •53.Құқыққа сай жүріс-тұрыс түсінігі мен түрлері
- •54.Заңи практика түсінігі
- •55.Құқықты жүзеге асыру нысандары
- •56.Мемлекет механизмінің құрылымы
- •57.Құқық және заң аналогиясы
- •58.Құқық шығармашылық сатылары
- •59.Құқық бұзушылық түрлері, құрамы
- •60.Мемлекеттің пайда болу себептері
- •61.Заңдылық түсінігі мен қағидалары
- •62.Құқық қолдану актілері түсінігі мен түрлері
- •63.Мемлекет пен құқық арақатынасы
- •64. Нқа (нормативті-құқықтық актілер) уақытта, кеңістікте және тұлғалар арасында әрекет етуі
- •65. Әлеуметтік нормалардың жіктелуі
- •66. Жеке тұлғаның құқықтық мәртебесі түсінігі, құрылымы, түрлері
- •67. Құқықтық нормаларды жіктеу
- •68. Мемлекет пен құқықтың пайда болу жөніндегі негізгі теориялар
- •69. Құқықтық шектеулер мен ынталандырулар
- •70. Құқық жүйесі түсінігі, құрылымы-74сурак
- •71. Мемлекеттің ішкі функциялары
- •72. Құқықтық идеализм және оның себептері
- •73. Құқықтық мемлекет және оның қағидалары
- •74. Құқық жүйесінің құрылымдық элементтері
- •70 Сұрақпен жауабы бір
- •75. Құқықтық реттеу және құқықтық ықпал ету
- •76. Мемлекет типтері
- •77. Жеке тұлғаның негізгі құқықтары мен бостандықтары түсінігі, түрлері
- •79. Құқықтық қатынастар қоғамдық қатынастардың ерекше түрі ретінде
- •80 Құқық қолдану процесі сатылары
- •81 Құқықты түсіндіру тәсілдері
- •82Құқықтық қатынас субъектілері. Құқық қабілеттілік және әрекет қабілеттілік
- •83 Құқық бұзушылық себептері және олады жою жолдары
- •84 Заңи коллизиялар және оларды шешу тәсілдері
- •85 Құқықтық нигилизмнің көрініс беру нысандары
- •86 Заңнамаларды жүйелеу түрлері
- •87 Саяси режим
- •88 Қазақстан Республикасындағы құқықтық реформалардың негізгі бағыттары
- •89 Мемлекеттің басқару нысанының түрлері
- •90 Құқықтық жүйелердің түрлері
- •91 Мемлекеттің сыртқы функциялары
- •92 Құқықтық реттеу механизмінің тиімділігі
- •93 Құқықты қолдану оны жүзеге асырудың ерекше нысаны ретінде
- •94 Қр Парламенті мемлекеттік органдар жүйесінде
- •95 Мемлекеттің пайда болу себептері
- •96 Құқықты талқылау (түсіндіру)
- •97 Қр құқықтық жүйесінің ерекшеліктері
- •98 Құқықтық құралдар: түсінігі, түрлері
- •99 Құқықтық мәдениеттің құрылымы және функциялары
- •100 Заңи процесс сатылары
- •101 Құқық шығармашылығы түсінігі мен қағидалары
- •102 Әлеуметтік жауапкершілік және оның түрлері
- •103 Мемлекетті типтерге бөлу тәсілдері
- •104 Құқықтың пайда болуы туралы негізгі теориялар
- •105 Құқықтағы жеңілдіктер
36. Құқықтық реттеу механизмі
Қоғамдағы тәртіп әр түрлі құралдар арқылы реттеледі. Солардың ішінен құқықтық құралдар ерекшеленеді. Оған құқық нормасы, субьективтік құқық, заңи міндеттер, құқық қолданушылық актілері, шарттар, заңи фактілер, тыйымдар, жеңілдіктер, жазалау шаралары жатқызылады.
Құқықтық құралдардың белгілері:
-құқық субьектілерінің мүдделерін қамтамасыз етудің заңи тәсілдері ретінде көрінеді.
-құқық режимінің құқықтық реттеудің және құқықтық әрекеттердің жұмыс жасайтын бөлігі ретінде көрінуі.
-заңи күшке ие және мемлекеттің қолдауына ие.
Құқықтық реттеу механизмі – құқық субьектілерінің мүдделерін қанағаттандыру жолында кездесетін кедергілерді жеңу мақсатында ұйымдастырылған құқықтық құралдар жүйесі.
Құқықтық реттеу механизмінің құрылымы:
1. Құқық нормасы
2. Заңи фактілер
3. Құқықтық қатынас
4. Құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру актілері
5. Құқық қорғаушы, құқық қолданушы акт.
Құқықтық реттеудің тиімділігі үшін ынталандыру мен шектеу үлкен роль атқарады. Құқықтық ынталандыру – заңды сыйлау әрекеттеріне деген құқықтық ниеттену. Құқықтық ынталандырудың түрлері:
-құқық нормасының құрылымы бойынша: заңи факт, субьективтік құқық, заңи мүдде, жеңілдік, марапаттау
-құқықтық реттеу негізі бойынша: конституциялық, азаматтық, экологиялық.
-көлемі бойынша: негізгі және қосымша.
-әрекет ету уақыты бойынша: тұрақты және уақытша
Құқықтық шектеу – заңға қайшы акциялардан құқықтық тартыну. Құқықтық шектеу түрлері:
-құқық нормасы құрылым элементі бойынша: заңи факт, заңи міндет, тыйым және жазалау
-құқықтық реттеу негізі бойынша: конституциялық, азаматтық, экологиялық.
-көлемі бойынша: толық және жекелеген.
Құқықтық жеңілдік – субьектілердің жағдайын құқықтық жеңілдету. Ол негізгі 2 функцияны атқарады: компенсациялық және ынталандырушы.
Құқықтық мадақтау – субьектілердің әрекеттерін заңи қолдау шаралары мен нысаны.
Құқықтық реттеу механизмін жүзеге асыруда сендіру мен мәжбүрлеу маңызды әдістер болып табылады.
Сендіру – субьектілерді белгілі бір әрекетке ешбір күштеусіз бейімдеу.
Мәжбүрлеу – субьектілреді күштеу шаралары арқылы бейімдеу.
Мәжбүрлеудің ерекшеліктері:
-субьектілерге құқықтың әсер етудің қатал әдісі
-сендіруден кейінгі қолданылатын қосымша әдіс
-құқықта бекітілген ерекше процессуалдық нысанда жүзеге асырылады.
-түзету және қайта тәрбиелеу құралы ретінде көрінеді.
13-билет
37. Мемлекеттің пайда болуы туралы теориялар сипаты
Мемлекет деген күрделі саяси ұйым. Мемлекет пайда болғаннан кейін ол туралы көптеген тұжырымдамалар мен теориялар қалыптасты. Олардың барлығы бір-біріне ұқсамайды. Ойшылдардың әр ғасырда ұсынған идеялары қоғамның тарихи жағдайларына, заман талабына байланысты қалыптасқан.
1. Теологиялық теория. (Ф.Аквинский, Ж.Маритен, Жозеф де Местр, Дабен, О.Бисмарк). Бұл теория мемлекеттің пайда болуын жаратушының әмірімен болатын құбылыс деп түсіндірді.
2. Патриархалды теория (Платон, Аристотель, Р.Фильмер, Н.Михайлковский, Ш.Уәлиханов, Вольтман). Бұл теорияның мәні бойынша мемлекет отбасының өсіп дамуына ұлғайып, біртіндеп мемлекетке айналады, ал монархтың билігі әке билігінің жалғасы болып табылады.
3. Патримониальдық теория (А.Галлер). Галлердің түсінігі бойынша мемлекет меншік иесінің жерге иелену құқығынан пайда болады. Жерге ие болған меншік иесінің билігі сол аумақта өмір сүрген адамдардың бәріне жүреді.
4. Шарт теориясы (Б.Сипноза, Т.Гоббс, Дж.Локк, Ж.Ж.Руссо, А.Н.Радищев). Теорияның тұжырымы бойынша адамдар ерте кезде қақтығыстар мен шиеленістерден көздерін ашпаған. Оларды болдырмай, өздерін сақтап қалу мақсатында саналы, әділетті түрде басқару үшін адамдар бір-бірімен шарт жасап, билікті өздері қалаған адамдарына берген. Шарттың талаптарын орындамай өрескел бұрмалаған жағдайда халық өзі құрған билікті күшпен құлатуға құқылы.
5. Күштеу теориясы (Е.Дюринг, Л.Гумплович, К.Каутский). Бұл теорияны жақтаушылар мемлекеттің пайда болуын бір тайпалардың басқа тайпаларды жаулап алуымен түсіндіреді. Олардың пікірінше, мемлекеттік билік, таптар бір халықтың екінші халықты жаулап алғаннан кейін пайда болады және ол соғыстың, күштеудің тікелей салдары деп танылады.
6. Психологиялық теория (Л.Петражицкий, Г.Торд). Мемлекеттің пайда болуын адам психикасының көріністерімен: бағыну қажеттілігімен, еліктеумен, алғашқы қауымдық қоғамның жоғарғы топтарына тәуелділікті сезінумен, белгілі бір әрекет түрлерінің әділеттілігін түсінумен және т.б. байланыстырады.
7. Материалистік теория (К.Маркс, Ф.Энгельс, В.Ленин). Мемлекеттің пайда болуын әлеуметтік-экономикалық фактормен, яғни жеке меншіктің пайда болуымен және қоғамның таптарға бөлінуімен байланыстырады.