Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ответы Гос.экзамена ТГП-1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
225.52 Кб
Скачать

34. Мемлекет функцияларын жүзеге асыру нысандары

Мемлекет функциясы – нақтылы тарихи кезеңде, өзінің алдында тұрған нақтылы стратегиялық мақсатқа жетуге арналған, көбірек жалпылама мемлекеттік қызметтің ең маңызды бағыттары.

Мемлекет өзінің функциясын әр түрлі мемлекеттік қызметтердің қалпында іске асырады және өзінің жиынтығымен арнайы ұйымдастырушылық пен құқықтық нысанның бар екенін айтуға мүмкіндік береді.

Осы негізде құқықтық нысанға, яғни, сыртқы белгілерімен біртектес (заңды нәтижесі мен сипаты) мемлекеттік органдар түрлерін сол не басқа бағыттарын, заңды актілерді іс жүзіне асырумен байланысты жататындар:

• құқықтық шығармашылық (заңды нормаларды жасау, қабылдау және қабылдамау жиынтығында мемлекет қызметінің әрбір бағытының дамуын белгілеуші, ағымдағы кезеңнің мемлекеттік саясаты);

• құқықты іске асыру құқықты қолданғанда көрінеді (Мемлекеттің билігі бар өкілетті органдардың құқық нормалардағы қолдану актісін іс жүзіне асыру) және құқықты орындау (мемлекеттік органдардың жөнді құқық нормаларын қамтамасыз ету, ұйымдар мен мекеменің сонымен бірге мемлекеттік функцияны өз мәнінде іс жүзіне асыруға арналған қажетті күштерді координациялау (реттеу);

• тексеру-бақылау және құқыққорғау қызметінің түрлерінің қызметін құқықтық қамтамасыз ету (құқық нормаларын бұзушыларға мәжбүрлеу шарасын қолдану);

Ұйымдастырушылық нысандары – мемлекеттік іске асыру функциясымен, тікелей заңды нәтижелер туғызумен байланысты емес. Бұл нысандар мемлекеттік механизмнің жөнді және жемісті жұмысын қамтамасыз етуге керек, олар мемлекеттің нақтылы функциясын іс жүзіне асыру үшін қатынасады. Ұйымдастыру нысанына мемлекет әрекеттерінің мынадай түрлерін жатқызуға болады:

• ұйымдастырушылық – уақыт тәртібін белгілеу (белгі-лі мекеменің және бөлімдерінің жұмысына бағдарлама жасау, тиімді тәжірибені зерттеп жүйеге келтіруге, біріккен шараларды координациялауға ағымдағы құжаттарды дайындау, т.б.);

• ұйымдастырушылық-шаруашылығы (әр түрлі мемле-кеттік функцияларды материалдық қамтамасыз ету процесін орындау);

• ұйымдастырушылық-идеологиясы (әр түрлі мемле-кеттің алған бағыты мен қоғамдық қатынастар аясындағы іс жүзіне асыру әдістерінің дұрыс екенін тұрақты түрде және бір бағытта уағыздайтын жұмыс, ол тұрғындарға ағымдағы нормативтік актілердің мәнін түсіндіру кезінде де көрініс табады).

35. ҚР-дағы мемлекеттік органдар, түрлері

Мемлекеттік орган дегеніміз – бұл мемлекеттік міндеттерді орындаушы және осы мақсатта сәйкес биліктік өкілеттікерді иеленген ұйым немесе мекеме.

Мемлекеттік органдар бірнеше топқа бөлінеді, олар атқаратын қызметтеріне сәйкес жүйе-жүйеге, сала-салаға жіктеледі. Мемлекеттік органдар өкілеттігінің шеңберіне қарай үш топқа бөлінеді:

- мемлекеттік билік органдары;

- мемлекеттік атқару органдары;

- сот билігі.

1.Жоғарғы өкілеттік органдарды халық сайлайды. Парламент – заң шығару функциясын жүзеге асыратын Республиканың ең жоғарғы өкілді органы. Парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін екі палатадан: Сенат және Мәжілістен тұрады.

2. Атқару билігі өкіметтің қолында болады. Президенттік республикаларда өкімет саяси және ұйымдық тұрғыдан президент қамтитын атқарушы билік тармағына жатады. Парламенттің қатысуымен Президент басқарады әрі құрады, оның дербес құзыретті алқалы шешуші органы. Кабинет мүшелері бүкіл халық сайлаған Президент алдында дербес жауап береді. Үкіметтің нақты егеменділігі нақты мемлекет басшысының субъективтік пікіріне тікелей тәуелді. Қазақстан Республикасының үкіметі – атқарушы билікті жүзеге асыратын, атқарушы органдардың жүйесін басқаратын және олардың қызметіне басшылық ететін мемлекеттік орган. Оның заңдық ауқымы тұрғысынан – Конституцияда және қолданылып жүрген заңдарда белгіленген

3. Сот билігі. Қазақстан Республикасының Конституциясының 75-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек қана сот жүзеге асырады. Сот билігі азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғайды. Сот ісін жүргізудің азаматтық, қылмыстық және заңмен белгіленген өзге де нысандары арқылы жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасында сот жүйесін Республиканың Жоғарғы Соты мен Республиканың жергілікті соттары (облыстық және оларға теңестірілген соттары, аудандық (қалалық) құрайды. Республика аумағында Қазақстан Республикасының Әскери соттары болады.