
- •4Геморрагиялық түйіндердің жедел тромбозы. Этиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы, емі.
- •11.Шап жарықтары. Оған түсінік беру. Клиникалық симптомдары. Диагностикалау әдістері. Диф.Диагностика.Операция түрлері.
- •12.Жедел іріңді плеврит. Түсінігі. Симптомдары. Диагностикасы. Емі
- •13.Жедел ішек өтімсіздігі. Этиология. Патогенез. Симптомдары. Диагностика әдістері.
- •14. Ішкі мүшелердің паразитарлы аурулары. Симптомдары. Диагностикасы.Емдеу принциптері.
- •15. Шектелген перитонит. Симптомдары. Диагностикасы. Емі.
13.Жедел ішек өтімсіздігі. Этиология. Патогенез. Симптомдары. Диагностика әдістері.
Жедел ішек өтімсіздігі ішек ішіндегі заттардың асқазаннан сыртқы өтіске өте алмауын айтамыз. Ол өздігінен пайда болмайды, қандай да бір аурудың асқынысы ретінде дамиды.
Классификациясы:
Динамикалық өтімсіздік: спастикалық, паралитикалық.
Механикалық өтімсіздік: странгуляционды, обтурационды, аралас.
Бөгеттің деңгейіне байланысты: жоғарғы, төменгі.
Этиология: механикалық \странгуляционды/ туа біткен долихосигма, соқыр ішектің қозғалмалылығы, ішастардың қосымша қалталары,құрсақ қуысындағы жабысқақ процесстер, ішкі ж\е сыртқы құрсақтық жарықтар. Ішек моторикасының бұзылуы.
Патогенез: гуморальды бұзылыс көп мөлшердегі судың, электролиттердің ж\е белоктардың жоғалтуынан болады. Сұйықтық құсу массасымен жоғалады. Сұйықтық ішектің қабырғасында, шажырқайда, құрсақ қуысында экссудат түрінде жиналады. Егер өтімсіздік ары қарай жалғасса күніне 4литрдей суды жоғалту болады. Ол гиповолемияға ж\е тіндердің дегидратациясына әкеледі. Гиповолемия ж\е дегидратация антидиуретикалық гормон мен альдостеронның синтезінің жоғарлауына алып келеді. Ол бөлініп шығатын зәрдің көлемінің,натрийдің реабсорбциясына ж\е калийдің бөлінуінің азаюына алып келеді. Бұл жасушаішілік ацидозға, гипокалиемия ж\е метаболитикалық жасушасыртылық алколозға алып келеді.
Эндотоксикоз. Химус өтімсіздіктің салдарынан ішекте тез шіри бастайды.соның салдарынан ішек микрофлорасының көбеюі жүреді.
Ішектің моторлы ж\е секреторлы резорбтивті қызметінің бұзылуынан болады. Ол кейін ішектің толық салдануына алып келеді.
Ауырсыну синдромы шажырқайдың нерв талшықтарының қысылу салдарнан болады.
Симптомы: Ауырсыну: тез, тамақ қабылдағанға байланысты емес, кез келген уақытта. Толғақ тәр. Анық локализациясы жоқ.
Құсу: асқазандағы заттармен құсу. Кейін каловый массамен құсу.
Үлкен дәреттің ж\е газдардың шықпауы:
Іштің пішіні үрленген, жиі ассиметриялы, ішек перистальтикасы өзгереді. Симптом Валя
(үрленген ішек ілмегіне пальпациялаған жерде жоғары тимпаниттің анықталуы), Шимана(сигматәр ішектің айналуында үрлені оң жақ қабырға астында байқалады,ал сол жақ мықын аймағындаіштің түсіп кетуі\западения/байқалады. ),Тэвенара(ішке кіндіктен 2-3см төмен ортаңғы сызық бойынша пальпация жасағанда қатты ауырсынудың болуы), Склярова(ішті ақырын шайқағанда «шалпыл шуылы» естілінуі), Спасокукоцкого Вильмса(құлаған тамшы шуы), «мертвая тишина»(шуылдың естілмеуі), Обухов ауруханасы симптомы(анустың өңіреуіне байланысты бос тік ішектің ампуласының көрінуі), Цеге Мантефейля(сифонды клизма жасағанда ішекке аз сұйықтықтың құйылуы) симптомдары оң.
Диагностикасы: рентгенологиялық зерттеу: ішектік аркалар, Клойберг табақшалары,симптом персистости көрінеді. Екіншілік контрастты затпен зерттеу. Оған барий пассажын анықтау жатады. Оның алты сағатқа кешігуі зақымдалудың бар екенін көрсетеді.
Ирригоскопия «симптом трезубца» ны анықтайды. Колоноскопия, құрсақ қуысына УДЗ жүргізу