Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
хирургия ответы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
58.99 Кб
Скачать

11.Шап жарықтары. Оған түсінік беру. Клиникалық симптомдары. Диагностикалау әдістері. Диф.Диагностика.Операция түрлері.

Шап жарығы шап өзегі қуысына ішастардың патологиялық бұлтиып шығуы. Барлық жарықтардың ішінде ең жиі кездесетіні. Еркектерде әйелдерге қарағанда шап жарығы жиі кездеседі. Өйткені әйелдерде шап өзегі ерлердікіне қарағанда тар және ұзын, саңылау тәрізді, бұлшықетті және сіңірлі қабаттарымен жақсы бекітілген. Шап жарығының негізгі пайда болу себебі шап өзегінің артқы қабырғасының әлсіздігі.Негізгі түрлері қиғаш және тік шап жарығы түрінде кездеседі.тағы да қиғаш жарықтар тік өзекті, құрсақалды,қабырға ішілікшапмаңы, қуық үстілік және т.б.түрлері кездеседі. Қиғаш шап жарығы жарық қапшығының пайда болуына байланысты туа біткен және жүре п.б.болып бөлінеді. Туа біткен шап жарығы ішастардың қынаптық өсіндісінің бітіспеуінен дамиды. Жүре пайда болған қиғаш н/е тік болады. Қиғаш шап жарығы ұрық шылбырымен сырьын ұрық фасциясы жауып шап шыңқырынан шығып, шап өзегінен өтіп шап өзегінің сыртқы тесігінен шығып ұмаға дейін түседі. Кейде ұманы созуы да мүмкін. Тік шап жарығы медиальды шап шыңқыры арқылы көлденең фасцияны созып құрсақ қуысынан шығады.

Клиникалық симптомдары: қиғаш шап жар/ы көбіне біржақты болады. Бастапқы сатысында бүлтию анық көрінбейді.ұлғая келе күшенгенде н/е жөтелгенде сопақша тәр.бүлтиюды көреміз. Кремастердің гипертрофиясы. Ұма ұлғайып жыныс мүшесін жабады. Тік шап жар/ы көбіне екіжақты және кіші көлемді болып келеді.дөңгелек н\е сопақша тәр.бұлтию шап байламының медиальды бөлігінде анықталады.жарық бар аймақта қозғалыс шектеулі болады. Дизуриялық құбылыстар байқалады.

Диагностикалау әдістері: науқастың шап өзегіне пальпация жасау. Науқас жатқан түрінде жарық қапшығы орнына келгесін жүргізіледі.ұма терісін инвагинациялау арқылы сұқ саусақпен шап өзегінің беткей тесігіне түсуге болады. Ол лонный төмпешіктен біршама жоғары ж\е медиальды орналасады. Қалыпты жағдайда шап өзегінің тесігі саусақтың ұшын өткізеді.қалыптасқан жарықта шонданай сүйегініңгоризонтальды тармағына дейін саусақ ұшы барады. Ұрық шылбыры жарықтың ішінде анықталады. Дәрігердің саусағы шап өзегінде болғанда науқас жөтелген кезде толчоктың болуы сезіледі. Міндетті түрде екі жақтанда тексеруді жүргіземіз.

Диф.диагностика мына аурулармен жүреді: шаптық крипторхизм,гидроцеле,варикоцеле.

Операция түрлері: қазіргі кезде көптеген операциялар мен олардың модификациялары берілген. Олар бір бірінен тек этапты аяқтағаны ғана әр түрлі, ал бастапқы этаптары бірдей. 1 этап:шап өзегіне доступ. 2этап: жарық қапшығын жанында жатқан тіндерден ажырату.3 этап: шап сақинасын қалыпты өлшемге дейін терең тігу.шап өзегінің артқы қабырғасын нығайту.4 этап: шап өзегіне пластика. Пластика әдістері: Бассини б/ша,Постемпкий б\ша, Кукуджанов б\ша, Шолдайс б\ша, Лихтенштейн б\ша, Мартынов б\ша, Жирару Спасокукоцкий б\ша.

12.Жедел іріңді плеврит. Түсінігі. Симптомдары. Диагностикасы. Емі

Жедел іріңді плеврит плевраның жедел іріңді қабынуы. Көбіне плевропневмония, гриппозды пневмония, өкпе гангренасы,каверналардың туберкулезінің фонында екіншілік ауру болып келеді. Өкпе абцессінің асқынысы ретінде көрінеді. Инфекция плевра қуысына іріңдіктік жарылуынан н\е лимфогенді түседі. Классификациясы:1) қоздырғышына байланысты -стрептококкты, пневмококкты, стафилококкты, диплококкты,аралас.2) Іріңнің орналасуына байланысты: а)еркін -тотальды, орташа, үлкен емес. Б)Қалталанған –көпкамералы, біркамералы.3) Патоанатомиясына байл. А)Жедел іріңді, б) шіріген в) іріңді -шіріген ,4)клиникасының ауырлығына байл. А) септикалық, б)ауыр,в) орташа,в) жеңіл.

Симптомы:

Клиникалық көрінісі біріншілік аурумен қатарласады. Ауру дем алған кездегі және жөтелгендегі кеуде қуысындағы қатты шаншып аурумен басталады. Температура 39-40 көтеріледі. Құрғақ жөтел, пульс жиіленеді. Беткейлік тыныс алуына байланысты гипоксия дамиды. Ентігу.кеуде қуысының кернеу сезімі , жалпы әлсіздік, тәбетінің жоғалуы п.б.

Диагностика:

  • Рентгенологиялық зерттеу; плевра қуысының гомогенді қараюы, сұйықтық деңгейі, өкпе тінінің қысылған жағдайының көрінісі, жүрек қан тамырларының жылжуы, ошақтық көлеңкелер.

  • Плевра қуысына жасалған пункция;

  • Пункцияны бактериологиялық зерттеу.

  • Перкуссия; тұйық дыбыстың шығуы, артқы шекарасы жоғарылаған, алдыңғысы төмендеген.

  • Аускультация;әлсіз тыныс алу, плевраның үйкеліс шуы.

  • Қан анализі: гемоглобиннің төмендеуі, лейкоцит, нейтрофильдердің, ЭТЖнің жоғарылауы. Лейкоцитарлы формуланың солға жылжуы.

Емі:

  1. Концервативті ем: антибиотикатерапия: пункция арқылы іріңді сорып алып плевра қуысына кең спектрлі антибиотик жібереміз. Иммунобиологиялық реактивтілікті жоғарлату үшін қан, плазма, концентрирленген альбуминдерді құю. Десенсибирлеуші заттардан димедрол, дипразин, супрастин тағайындау. Рациональды тамақтандыру, аэротерапия жүргізу. Физиотерапия, емдік гимнастика.

  2. Оперативті ем: дренаж қою. Плевра қуысына қабырға аралықтан дренажды өткізіп, сыртқы соңын үнемі іріңді аспирациялайтын аппаратқа жалғайды.

  3. Операциядан кейінгі ем: инфекциямен күресу шаралары, дренаждың жағдайын бағалау. Сұйықтық деңгейін үнемі рентгенологиялық бақылау.