Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
урология ответ (2).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
51.37 Кб
Скачать

12. Ауырсыну, дизурия, зәрдің түсінің өзгеруі, патогенезі. Аталық без сөлін зерттеу, эякуляттың биохимиясы, патологиялық өзгерістер.

Ауырсыну.Урологиялық ауруларда ауырсыну жедел және түсініксіз(тупой) болып келеді.Бел аймағындағы ауырсыну бүйрек ауруларына тән, ал оның шап аймағына иррадияциялануы несепағарға, аралыққа берілсе – қуықасты безі мен ұрық көпіршігі ауруларына тән. Түсініксіз ауырсынулар бүйректің созылмалы ауруларында кездеседі. Несеп қуықтың ауруларында ауырсыну тұрақты, төзімсіз несеп шығаруға шақыру(мучительные позывы), болады, және шат аймағына немесе кіші жамбас қуысына беріледі. Несеп шығару актысында ауырсыну күшеюі мүмкін. Егер несеп қуықта тас болса ауырсыну қозғалғанда күшейіп, тыныштықта басылады, ол қуықта тастың жылжуымен түсіндіріледі. Несеп шығару өзегі бойында ауырсыну қабыну процесімен, канал бойымен тас пен тұз жылжығында. Қуықасты безі аймағындағы ауырсыну жедел және созылмалы простотитте, тас болғанда, қуықасты безінің рагында туындайды. Бұл ауырсынулар аталық безіне, шат үсті аймағына иррадиацияланады, Простатаны пальпациялағанда жыныс мүшессінің басына беріледі. Дизурия: Тәулік бойында адам 1500мл зәр шығару қажет, зәр шығару жиілігі 4-6 рет болу қажет.Дизуриялық бұзылыстарға: Поллакиурия – жиі-жиі, бірақ аз мөлшерде зәр шығару. Олигакиурия – қалыпсыз сирек зәр шығару. Никтурия – түнгі диурез күндізгі диурезден зәр көлемі мен жииілігі бойынша басым болады. Странгурия – жиі және ауырсынумен жүретін зәр шығару бұзылысы. Несеп ұстамау – несеп шығаруға позыв болмай, зәрдің еріксіз ағуы. Энурез – түнгі уақытта зәр ұстамау. Ишурия – несеп шығарудың тоқтап қалуы.Опсоурия – 1 тәулік немесе одан көп уақыт бұрын көп мөлшерде су қабылдағаннан кейін оның кеш уақыттан кейін бөлінуі. Олигурия – шығарылатын зәр көлемінің азаюы. Анурия – несеп қуыққа зәр келуінің тоқтауы. Зәр түсінің өзгеруі: қалыпты зәрдің түсі сабан тәрізді сарғыш болады, урохром пигментіне байланысты.Зәр түсінің интенсивтілігі бүйректің концентрациялық қызметіне байланысты.Зәрдің мөлдір болмауы онда тұз, бактерия, ірің, шырыш араласқанда қалыптасады.Миоглобинурия-зәрде миоглобин болып, ол қызыл-қошқа түстес болады, гематурия – зәрде эритроциттердің болуы, ет жуындысынан интенсивті қызыл түске дейін өзгереді. Уратурия – зәрде ураттардың анықталыуы, фосфатурия- зәрден фосфаттардың анықталуы, оксалурия – оксалаттар кездессе зәр түсі мөлдір емес, бұлыңғыр болады. Аталық без секретін зерттеу простатаның қабыну аурулары мен рак ауруларының алдын алу үшін қолданылады.Без сектерін алу үшін алдымен аталық безіне тік ішек арқылы массаж жасайды,массаж нәтижесінде несеп шығарушы каналдан аталық без сөлі бөлінеді.Егер сөл бөлінбесе науқастан тез арада зәр жинайды, оның құрасында зерттеуге жеткілікті мөлшерде сөл болады. Қалыптыда сөл тұтқыр ақшыл сұйықтық , құрамында микрофлора болмайды. Алынған сөл құрамынан макрофагтар, сыдырылған эпителий клеткалары, рак клеткалары, қан анықталуы мүмкін. Сектер құрамын нақты бағалау үшін эякулятты биохимиялық зерттеуге алады. Эякулят құрамы: Фруктоза (13-15 ммоль/л), Азотты заттар, белок, инозит, аскорбин қышқылы, простагландиндер Е-2 тобы, Лимонная қышқылы(в норме: 2,5-3,5 ммоль/мл), қышқылды фосфатаза, сілтілі фосфатаза, спермин мен спермидин, Аталық без сөлінің патологиялық өзгерістер: асперматизм – жыныстық актта эякуляцияның болмауы, олигозооспермия – эякулятта сперматозойдтың аз болуы, астенозооспермия – қозғалатын сперматозойдтар мөлшері аз, азооспермия – эякулятта сперматозойдтардың болмауы, гемоспермия- -спермада қанның болуы,тератозооспермия – қалыпты морфологиялық сперматозойдтар санының аз болуы.