Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
урология ответ (2).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
51.37 Кб
Скачать

7.Жіті зәр шығарудың тоқтауында алғашқы көмек керсетудің алгоритмі.

Куыкты катетерлеу- емдик жане диагностикалык максатта колданылады.Куыкты катетерлеген сон наукас бирден женилдейди. Катетер резеңке Тиманн катетері немесе эластикалық катетер қолданамыз. Қуықтың толу көлеміне қарай егер онда бір литрге дейін зәр жиналса,катетерлеу баяу жүргізіледі,себебі қатты қысым нәтижесінде қантамырлар тез кеңейіп қан кету қаупі жоғарылайды.Шыккан зар сипатына карап диагноз коюымызга болады.(уретранын стриктурасы, ботен денеси, закымдалуында катетеризация жасалмайды)

Егер катетерлеу болмаса (уретранын стриктурасы, ботен денеси, закымдалуында ) онда шап устилик троакарлы катетеризация, иш кабыргасы аркылы енгизилген тутикшеден зарди шыгарады. Және де қуықты пункциялау жүргізіледі. Пункция жүргізілу алдыңғы ішқуысы жағына қасаға үстінен шығып тұрған қуыққа ине енгізу арқылы жасалады.

Адекватты антибактериальды, дезинтоксикационды жане кабынуга карсы терапия. Егер кажет болса толыгымен шока карсы жане гемостатикалык шаралар жургизеди.

Куык сфиктеринин спазмында

- 0,5-1мл 0,1% р/р атропина сульфата

- 2-4мл 2% р/ра папаверина гидрохлорид

Куык жыртылуларында, травмада жедел операция.

8.Бүйрек шаншуында алғашқы көмек көрсетудің алгоритм.

  1. Науқас үшін толық тыныштықты қамтамасыз ету қажет.

  2. Емдік шараны жылытқыш ванналардан бастаған дұрыс (ыстық ванна немесе бел аймағына жылытқыштарды қою. Бұл шаралармен қатар шаншуды басу үшін және зәрдің шығуы реттелуі үшін ауырсунуды басатын және спазмолитикалық препараттарды енгізеді : 5 мл баралгин тамыр ішіне баяу, 1 мл 0,1% р-ра атропин мен 1 мл 1—2% промедол ерітіндісін тері астына. 1 мл 0,2% платифиллин ерітіндісін тері астына, 2—4 мл 2% но-шпы ерітіндісін бұлшықетке енгіземіз.

  3. Жоғарыда аталған шаралар негізінде эффект болмаса, 10—15 мин кейін наркотикалық пркпараттарды енгіземіз: морфин, промедол, пантопон 1—2 мл п/к.

  4. Негізгі назар аударатын жағдай жылытқыш ванналар мен наркотикалық заттарды қолдану құрсақ қуысының жедел патологиясының жоқтығына көз жеткізе отырып орындау қажет.

  5. Тас несепағардың жамбас бөлігінде орналасса, ұрық шылбыры маңында− ерлерде, жатырдың жұмыр байламы маңында –әйелдерде 40—60 мл 0,5% новокаин ерітіндісімен Лорин — Эпштейн бойынша блокада жүргізіледі. Егер тас несепағардың жоғары бөліктерінде орналасса,Школьников бойынша жамбасішілік новокаинді блокада жасауға болады. Вишневский бойынша паранефральді блокада жасау ұсыныла бермейді,себебі қысым жоғары болып тұрған бүйрек капсуласын жарақаттау қаупі жоғары.

  6. Жоғары аталған терапия негізінде эффект болмаса,науқасты жедел түрде хирургиялық не урологиялық бөлімге госпитализациялау қажет. Ол жерде несепағардың катетеризациясы, пункционды нефростомия, оперативті ем қолданылады.

  7. Егер науқаста жедел пиелонефрит болса,онда ешқандай жоғары ұсынылған шаралар қолданылмайды,науқас тез арада стационарға жеткізіліледі.

10.R-логиялық әдістер.Экскреторлы урография,антеградты және ретроградтыпиелография.

Экскреторлы урография-организмге рентгенконтрасты затты жіберіп,зәр шығару жолдарының рентгенологиялық көрінісін алатын әдіс.Техникасы:Рентгеноконтрастызат(урографин,уротраст) иодқұрады болады,оны адамның дене салмағына қарай,тамыр ішіне ақырындап 2-3 мин бойында жібереміз.Рентгенография сериялары:1-ші 5-7мин,2-ші 12-15мин, 3-шісі 20-25мин кейін түсіріледі.ЭУ анализінде:бүйректің орналасуын,формасын,өлшемін,контурын,жағдайын,несепағардың контуры мен формасын анықтайды.Көрсеткіштер: гематурия,ауырсыну, зәр шығару жолдарында инфекция болғанда,зәр-тас ауруына күдік туғанда,несепағардың обструкциясында,жарақат.Қарсы көрсеткіштер:жедел гломерулонефрит,йодқа аллергия болса,бүйрек жеткіліксіздігі,тиреотоксикоз,феохромоцитома. Антеградты пиелография-зәр шығару жүйесінің жоғарғы бөлімдерін рентгенологиялық көрінісін анықтау үшін қолданылады.Бұл әдістің 2 түрін ажыратады ол-теріарқылы және дренаж арқылы.Тері арқылық антеградты пиелография техникасы:науқастыішімен жатқызып, бел аймағын йодпен өңдеп содан кейін,новокаинмен жансыздандырады да,ұзын инені арқаның ұзын бұлшықеті мен 12 қабырға арасына енгізеді.Инеге шприц жалғап, алдымен тостағанша-түбекше жүйесінен 10-20мл зәр алып одан соң соң рентгенконтрасты затты енгізіп,рентгенге түсіреді. Көрсеткіштер:бүйректің,несепағардың,қуықтың туберкулезінде,несепағарда тас болғанда,несепағардың стриктурасында және обструкциясында және тб.Қарсы қөрсеткіштер:паранефрит,бүйрек ісігіне күдік туғанда,қан ұю жүйесінің бұзылысында.Ретроградты пиелография-түбекшелік-тостағанша жүйесі жіне несепағарды зәрдің ағуының кері бағыттында рентген контрасты затпен толтырып ренгенге түсіру әдісі.Техникасы:науқасты арқасымен жатқызып,қуықтан 18-20см биіктікте несепағарлық катетер арқылы жылытылған,20-40%уротрасты, 3-5мл енгіземіз де рентгенге түсіреміз.Көрсеткіш:басқа зерттеу әдістері арқылы бүйрек қызметі бұзылысын анықтай алмағанда қолданылады.Қарсы көрсеткіш:зәр шығару жүйесінің төменгі бөлімдерінің жедел қабыну ауруларында,зәр шығару каналының стриктурасында,қуықасты безінің аденомасында және тб.