
- •1.Гематурия.Түрлері.Гематурия түрлері.Үш стакандык сынама
- •2.Дизурия түрлері.
- •3.Анурия түрлері.Анурияға алып келетін жағдай.
- •4.Бүйрек шаншуының пайда болу механизмін тізіп көрсетіңіз.
- •5.Несеп шығарудың жіті шықпауына әкелетін ауруларын тізіп көрсетіңіз.
- •6. Пиелонефрит жіктелуі
- •7.Жіті зәр шығарудың тоқтауында алғашқы көмек керсетудің алгоритмі.
- •8.Бүйрек шаншуында алғашқы көмек көрсетудің алгоритм.
- •11.Цистит.Жіктелуі.Этиологиясы.Клиникалық ағымы .Ерекшелігі.Дифдиагноз.Диагностика.Емі.
- •12. Ауырсыну, дизурия, зәрдің түсінің өзгеруі, патогенезі. Аталық без сөлін зерттеу, эякуляттың биохимиясы, патологиялық өзгерістер.
- •15. Жіті зәр шығарудың ұстап қалуына әкелетін аурулар. Жіті зәр шығарудың ұстап қалуы кезіндегі жедел жәрдем.
- •18.Анурия.Этиологиясы.Негізгі клиникалық симптомдарын атаңыз.Негізгі емдеу принциптерін атаңыз.
- •19.Орхоэпидидимит.Негізгі клиникалық симптомдарын атаңыз.Диагностика әдістерін атаңыз.Негізгі емдеу принциптерін атаңыз.
- •20.Аталық бездің аденомасы.Этиологиясы.Патогенезі.Негізгі клиникалық симптомдары.Ауру сатысы.Негізгі консервативті емнің принциптерін атаңыз.
1.Гематурия.Түрлері.Гематурия түрлері.Үш стакандык сынама
Гематурия несепке қанның араласуы.Макро-және микроскопиялық гематурия блып бөлінеді.Макро гематурияда зәрдің түсі қызыл-күрең болады.Микроскопиялық гематурия инициальдық,терминальдық,тотальдық болып үшке бөлінеді.Инициальдық гематурияда қан кету ошағы –үрпі.Гематурияны уретрораггиядан ажырата білу қажет,уретрораггияда қан үрпіден несеп шығару әрекетінен тыс бөлінеді.Макро гематурияда қан ұйықтарының пішінінің диагностикалық маңызы бар.Егер де зәрде құрт, ұршық тәрізді қан ұйықтары болса, ондағы қан шығу ошағы бүйрек ісігі болуы мүмкін,ал пішінсіз қан ұйықтары болуы-қуық ісігіне тән .Макрогематурия кезінде жедел цистоскапия жүргізу қажет, өйткені ол аурудың алғашқы жалғыз ғана белгісі болуы мүмкін.Микроскапиялық гематурия көбінесе несеп тас ауруында болады. Гематуриямен қоса толғаққа ұқсас сыздау қуық немесе простатаның ауруларына тән.Несеп жүйесінің ісіктерінде гематурия сыздау синдромымен жүрмейді.Қуықтан қан кетуде үлкен қан ұйындылары болады.Ұршық не құрт тәрізді қан ұйындылары бүйрек , несеп ағар ісіктеріне тән.Қан ұйындылары мен бітелуде бүйрек шаншуы да кездеседі.Гематурия сипаты қан кету ошағын көрсетуі мүмкін. Егер қан тек несептің алғашқы үлесінде болатын болса- инициальді не бастапқы гематурия ,онда потологиялық ошақ( жарақаттану ,обыр ,полип ,қабыну) уретрада орналасады. Қан несептің соңғы үлесінде болса-терминальді гематурия ,онда детрузордың жиырылуы қуық не уретраның зақымданған бөлігінен қан шығуына соқтырады(қуық, простата , шәует төмпешігінің қабыну мен ісігінде.Егер зәрде толығымен қан араласса –тотальді гематурия болады: бұл бүйректен , несеп ағардан, қуықтың тұрақты қан кеткенде байқалады.
Үш стакандық сынама арқылы –зәр жолдарындағы патологиялық процесстің шамамен локализациясын көрсетеді.Қолдану көрсеткіштері-уретрит, простата аурулары, несепағар, бүйректің , қуықтың қабыну аурулары.Гематурия және пиурия ошағын нақтылауда жасалынады.Бұл сынама көбіне таңғы зәрден алынады. Егер зәрдәң 1-порциясында гематурия болса-зәр шығару каналынан,3-порциясында болуы –қуықтан,зәрдің барлық порциясында болса бүйрек,несепағар патологиялары екені анық.Бірінші порцияда лейкоциттің болуы-уретрит пен проостатада қабыну ауруларын көрсетеді.Үшінші порцияда – лейкоцитурияның болуы қуықтың қабыну ауруын көрсетеді.
2.Дизурия түрлері.
Дизурия- қуықтың,зәр шығару өзегінің гематомамен,ісікпен,ұлғайған қуық асты безімен ,тастармен жаншылуынан және ОЖЖ-ның функционалды бұзылысынан(спазм)болатын зәр шығарылуының бұзылысы.Дизурия механизмінің бұзылуына байланысты 3 топқа бөлеміз: -зәр жиналуының бұзылуы -зәр шығуының бұзылысы - аралас
1, зәр жиналуының бұзылуы - полаккиурия, энурез; 2. зәр шығуының бұзылысы -странгурия, ишурия.3.аралас- зәрді ұстай алмау
Полаккурия- несеп шығуының жиілеуі.Энурез- шыжың- түнде несеп тоқтамау, түнде сиіп қою.Странгурия – қиыншылықпен және аурумен жиі несеп шығару.Ишурия-несеп шығарудың тежелуі немесе тұтылуы.Несеп тоқтамау.несепке шақырусыз зәрдің еріксіз кетуі.