Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
tarma_1179_talu_programmalau_3.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
461.82 Кб
Скачать

Мазмұны

Кіріспе..................................................................................................................3

  1. Паскаль туралы толық мағлұмат ..................................................................4

1.1.Паскаль программалау негізі элементтері ............................................4

1.2.Паскаль программалау тілінің алфавиті ...............................................5

2.Тармақталу операторлары ..........................................................................7

2.1.Тармақталу програмасының құрлымы...............................................9

2.2.Шарты және шартсыз өту операторы.................................................11

2.3.Таңдау операторы................................................................................12

Қорытынды………………….……………………………..…………………............17

Пайдаланылған әдебиеттер.................................................................................18

Кіріспе

Бүгінде, дүние жүзінде болашақ программистердің көпшілігі тіл үйренуді Паскаль тілінен бастайды. Себебі, ол логикасы қарапайым, құрылымдық программалау принципіне негізделген, қиын есептердің программасын бөлшектеп құруға мүмкіндік жасайтын, меңгеруге жеңіл, программа құрушыға да, оны пайдаланушыға ыңғайлы тіл. Паскаль тілін Швейцария ғалымы Никлаус Вирт 1971 жылы АЛГОЛ алгоритмдік тілінің негізінде жасап шығарды. Тілдің атауы алғашқы есептеу машинасын жасап шығарған француз математигі, әрі физигі Блез Паскалдің құрметіне қойылған. Паскаль тілі әуелде программалау принциптерін студенттерге оқытып, үйрету мақсатында жасақталғанмен, 20 жыл ішінде үздіксіз даму үстінде болды. Оның соңғы нұсқалары икемді және жан-жақты қызмет атқара алатын жоғары деңгейдегі тілге айналды. Borland фирмасы Паскаль тілінің стандартын кеңейтіп Турбо Паскаль тілінің 6 версиясын өмірге әкелді. Оның соңғы Турбо Паскаль 7.0 версиясы – құрылымды программаларды жасақтауға жарамды әмбебап интегралдық ортасы бар, объект-бағдарлы және модулді программалау принциптерін пайдалана алатын, көптеген қуатты стандартты модулдері бар күрделі жүйе. Программалау процесінде MS DOS операциялық жүйесінің командаларын, компьютердің динамикалық жадын және рекурсивтік ішкі программаларды толық пайдалануға болатындығы, тілдің мүмкіндігінің зор екендігін дәлелдейді. Турбо Паскаль 7.0 ортасы негізінде 1996 жылдары Borland фирмасы Delphi программалау жүйесін жасап шығарды. Жүйе пайдаланатын Object Pascal программалау тілінде Турбо Паскалдің негізгі қағидалары сақталған. Жаңа Class типін енгізу нәтижесінде ол өзгеше принциптер мен тәсілдермен толықтырылған. Delphi жүйесін пайдаланып, әртүрлі мақсатта қолдануға жарамды, бүгінгі талапқа сай, жоғары сапалы Windows жалғамаларын жасақтауға әбден болады.

Курыстық жұмыстың мақсаты:Шартты операторлардың жазылу тәртібімен таныстыру және тармақталған алгоритмдерді бағдарламалауды және таңдау операторы жайлы түсіндіру. Сабақтан алған теориялық білімдерін жүйелі түрде тәжірибе жүзінде көрсете білу дағдыларын қалыптастыру.

Курыстық жұмыстың міндеті:Бағдарламалау тілінде жұмыс жасай білу дағдыларын, ойлау қабілеттерін, өз білімдерін сауатты түрде жеткізе білуді, пәнге деген қызығушылықты дамыту,жұмыс жасау мақсатында компьютерлік сауаттылыққа, өзара көмектесуге, өзін-өзі бағалауға тәрбиелеу.

1.Паскаль туралы толық мағлұмат.

1.1Паскаль тілінің негізі элементтері

Паскаль тiлiн 1968 - 1971 жылдары швейцариялық ғалым Никлаус Вирт оқып - үйренуге қолайлы программалау тілі ретінде ұсынған болатын. Бұл тілдің стандарты кейiнiрек бекiтiлдi, ол сол кездері кең таралған АЛГОЛ, ФОРТРАН, БЕЙСИК тiлдерiне қарағанда жетiлдiрiлген, жұмыс iстeyгe ыңғайлы тiл болды. Паскаль тiлi өзінің қарапайымдылығының және тиiмдiлiгiнің арқасында дүние жүзіне тез таралды. Қазiргi кезде барлық дербес компьютерлер осы тілде жұмыс iстей алады. Паскаль тiлiнде жазылған программаның дұрыстығын компьютерде тексеру және жiберiлген қатенi тузету оңай. Бұл тілде жазылған программа компьютерде орындалу барысында алдымен трансляцияланады (машина тiлiне аударылады), объектiк программаға түрлендіріледі де содан кейiн ғана орындалады. Осы сәтте компьютерде программаның екі нұсқacы болады, оның бiрiншiсi - алгоритмдiк тiлдегi алғашқы түпнұсқасы, ал екiншiсi - объектiк кодтағы жазылған программа. Есеп нәтижесін машиналық кодта жазылған программа арқылы аламыз, ал программаны түзету қажет болғанда, оның алгоритмдiк тiлде жазылған алғашқы нұcқacы өңделеді. Қазiргi кезде Паскаль кез келген күрдлі есептерді шығара алатын, кең таралған стандартты оқу тіліне айналды.

Программалар белгілі бір мәселені, есепті шешуге арналған. Есеп шығару барысында компьютерге бастапқы мәліметтер енгізіледі, оларды қалай өңделетіндігі көрсетіледі және нәтиже қандай түрде, қандай құрылғыға шығарылатыны айтылады. Паскаль тілінде программа жеке - жеке жолдардан тұрады. Оларды теру, түзету арнайы мәтіндік редакторлар атқарылады. Программа алдындағы азат жол немесе бос орын саны өз қалауымызша алынады. Бір қатарда бірнеше команда немесе оператор орналаса алады, олар бір - бірімен нүктелі үтір (;) арқылы ажыратылып жазылады, бірақ бір жолда бір ғана оператор тұрғаны дұрыс, ол түзету жеңіл, әрі оқуға ыңғайлы. Паскаль тілінде программа үш бөліктен тұрады: тақырып, сипаттау бөлімі және операторлар бөлімі. Кез келген программаның алғашқы жолы PROGRAM сөзінен басталатын оның тақырыбынан тұрады. Одан кейін программаның ішкі объектілерінің сипаттау бөлімі жазылады. Бұл бөлім программадағы айнымалылар, тұрақтылар тәрізді объектілердің жалпы қасиеттерін алдын ала анықтап алуға көмектеседі. Сипаттау бөлімі бірнеші бөліктерден тұрады, бірақ программаның күрделілігіне байланысты көбінесе ол бір немесе екі ғана бөліктен тұруы мүмкін. Программаның соңғы және негізгі бөлімі операторлар бөлімі – болып табылады. Орындалатын іс - әрекеттер, командалар осы бөлімде орналасады. Ол begin түйінді сөзінен басталып, бірақ атқарылатын операторлар (командалар) тізбегі жеке - жеке жолдарға жазылып біткен соң end түйінді сөзімен аяқталады. Program BASTAU: Сипаттау бөлімі begin Операторлар бөлімі end Операторлар бөлімінде командалар ретімен орналасады. Олардың кейбірі шартқа байланысты атқарылса, ал кейбір қайталанатын цикл немесе қосымша программа түрінде орындалады. Операторлар бөлімінде орнатылатын

негізгі әрекеттерді қарастырайық. Деректер - сан мәндері мен мәтін түріндегі сөз тіркесін мән ретінде қабылдай алатын тұрақтылар, айнымалылар т.б. осы тәрізді құрылымдар немесе солардың адрестері. Дерек енгізу - бастапқы деректерді пернетақтадан, дискіден немесе еңгізу - шығару порттарынан еңгізу арқылы жүзеге асады. Операциялар немесе амалдар - берілген және есептелген мәндердің меншіктеу, соларды өңдеу, салыстыру операцияларын орындайды. Шартты түрде атқарьшу белгілі бір көрсетілген шарттың орындалуына байланысты, командалар жиыны атқарылады, әйтпесе олар аттап өтіледі немесе басқа командалар жиыны орындалады. Цикл - белгілі бір шарттар орындалған жағдайда көрсетілген командалар жиынын бірнеше рет қайталанып атқарылады. Қайталау саны бүтін санмен беріледі. Көмекші программа - алдын ала қандай да бір атаумен атымен атымен аталған командалар тобы. Олар программаның кез келген жерінен оның атауын көрсету арқылы шақырылып атқарыла береді. Түсініктеме - программа жолдары соңында немесе оның түйінді сөздері арасында қазақша (орысша) түсінік беретін пішінді жақшаға алынып жазылған сөз тіркесітері. Олар программа операторларының орындалуына ешқандай әсер етпейді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]