Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ПерЕВОД (1).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
404.48 Кб
Скачать

Құрғақ сүт өнімдері

Қазіргі уақытта шығарылып жатқан балаларға арналған құрғақ сүт өнімдері арасында ең үлкен көлемді бейімделген, балалар ағзасының қажеттілігі бойынша құрамы үйлестірілген өнімдер алуда. Бұл «Детолакт», «Солнышко», «Новолакт», «Малютка», «Малыш», «Виталакт» және «Ладушка»,12 айлық балаларғы арналған.

Екінші топ – бейімделмеген сүт өнімдерін – тұтас майсызданған сүт, сүтті ботқа, сүт- көкөністі қоспа.

Балаларға арналған құрғақ сүт өнімдері тұтас немесе майсызданған сарсулы ақуыз, өсімдік майларын, көмірсулар мен макро жіне микроэлементті дәрумендерді қосу негізінде дайындалады.

Құрғақ сүт өнімдері екі негізгі нобамен дайындалады. Бірінші ноба бойынша белгілі құрамдағы құрғақ сүт өнімін алып оны құрғақ сүт пен тағамдық қоспалармен араластырады. Құрғақ сүт негізін майсызданған («Малютка») сүтінен немесе нормаланған («Малыш», «Ладушка»,сүт ботқасы) дайындалады. Екінші сұлба талабы бойынша мөлшерленген сүйық қоспа дайындайды ( << Детолакт >>, <<Солнышко>>, <<Новолакт>>).

Құрғақ сүт қоспалары << Малютка >> және << Малыш >>. Бұл бірінші отандық бейімделген балаларға арналған нәрленген өнім. Олардың технологиясы мен құрамы 60- жылдың соңында ойлап шығарылған , және де нәтижесін жетілдірілген.

Негізгі құрамы бойынша << Малютка>> және << Малыштың >> еш айырмашылығы жоқ , бірақ олардың сапасы бойынша айырмашылығын қасиеті мен қолданылуынан анықтайды. Оларды әртүрлі топтағы жастағы балаларды жасанды және аралас тамақтандыруда қолданады. << Малютка>> - өмірдің бірінші күнінен 1-2 айға дейін, << Малыш>> - 3ші айдан 12 айға дейін қолданылады.

<< Малютка>> және << Малыш >> үсақ қоңырлау ақ түсті құрғақ қоспа болып табылады. Балғын сүттің дәмі мен иісіне ие таза қоспа. << Малютка >> қоспасында жеңіл ащытқы дәмі бар, ал <<Малышта >> күріш, гречка, сүлы ұндарының немесе талқандарының дәмі бар. Құрғақ сүтті негіз шығарады. Оларды қантпен, C, PP, B6 дәрумендермен, глицерофосфат темірімен, (<< Малютка >> қоспасы ) немесе қант, балалардың диеталық тамақтануына арналған ұнмен немесе талқанмен, C, PP,B6 дәрумендерімен және глицерофосфат темірімен (<< Малыш >> ұнтағы ). Сүтті құрғақ негізді өндіруде сүтті өнім, ( масыздандырылған және тұтас сүт, кілегей ), өсімдік майы, майда және суда еритін дәрумендер, күкірт қышқылды темір қолданылады. Құрғақ қоспаны қағаз қорапқа 500г салады . Оның ішкі пакеті құрамдалған полимерлі материал болып табылады. Алдын ала пакеттен ауаны алып азотпен толтырады.

<< Малютка >> қоспасының сақтау мерзімі 1-100C температурада және салыстырмалы ауа ылғалдылығы 75% дейін 10 айдан кем емес, << Малыш >> қоспасы үшін 8 айдан кем емес, ал шығарушы зауытта шығарылған күннен бастап 1айдан кем емес.

<< Виталакт >> құрғақ сүті. Балаларды қмірге келген күннен бастап 5-6 айға дейін тамақтандыруға арналған. Ол ұсақ ұнтақ болып келеді. Олады құрғақ сүтті негізбен, құрғақ СГД - 2 қоспасы мен қант және дәрумендермен араластырады.

<< Виталакт >> сүтінің ең негізгі ерекшелігі құрамындақы ақуыз ана сүтіне үқсас болып келеді. Ақуыз құрамына бөлшектен декльцинирленген сүт сарысуы – құрғақ гуманизирленген СГД – 2 қоспалары, қан және дәрумендер. Дайын өнімнің құрамындағы майлар – 26,3%, ақуыз - 15,4%, ылғалдылығы - 2,5%.

<< Виталакт >> құрғақ сүтінің технологиясы келесі операциялардан тұрады: құрғақ сүтті негіз алу, мөлшерлеу және құрғақ қоспаларды араластыру, салу, қаптау және өнімді сақтау.

Сүтті өнімнің негізіне тұтас сүт, кілегей, өсімдік майы, ащытқы экстракты және А, D2 дәрумендері.

Құрғақ сүтті негізді мынадай кезекпен дайындайды: сүтті қабылдау және сапасы бойынша бағалау, сүтті суыту және сақтау, майлылығы бойынша нормалау, нормаланған қоспаны тазалау, 1050 – 1100C жылумен өңдеу және вакуум – аппаратта қоюлау, қоюланған қоспаға өсімдік майын қосу, декстринмальтоздар және A, D2 дәрумендері, қоюланған байытылған қоспаны гомогенизациялау, сүтті құрғақ негізді кептіріп суыту, аралық сақтау. << Виталакт >> құрғақ сүтті қаптау азотты ортада алдынала вакуумдаумен жүзеге асырады. << Виталакт >> сүтін 500г салмақта қорапшаларда шығарады, содан кейін 40 данадан графирленген картон қораптарға салынады. Өнімдеге толы қораптарды 100С температурадан артық емес және ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 70%тен кем емес қоймаларда саұтайды.

<< Виталакт >> өнімін сақтау мерзімі – 6 ай, осыған қоса өндіруші зауытта 30 тәуліктен артық емес.

<<Детолакт >> құрғақ сүтті өнім. Оларды сапасы жоғары сүттен, какос және жүгері майынан, (A, D2, E, C, PP, B1, B2, B6, B12 , фолацин, пантотенген қышқылдар ) дәрумендер қосылған рафинирленген сүтті қант, минералды тұздар, темір, цинк, мыс. << Детолакт >> құрғақ сүтті өнім , << Детолакт темір препаратымен байытылған >> құрғақ сүтті өнім, << Детолак ұнмен >> құрғаұ сүтті өнімі болып бөлінеді. << Деталакт >> және << Детолакт темір препаратымен байытылғаны >> ерте туылған және сау балаларды бірінші күннен бір жасқа дейін жасанда және аралас тамақтандыруға ұсынылған. << Детолак ұнмен >> өнімі үш айдан бір жасқа дейінгі балаларды тамаұтандыруға арналған.

<< Детолакт >> және << Детолакт темір препаратымен байытылған>> өнімдерінің өндірісі келесі ретпен жүргізіледі: қабылдау, фильтрлеу, суыту және аралық сүтті сақтау, жылыту, тұтас сүтті сепаратрлау, пастерлеу және майсызданған сүтті суыту, майсызданған сүтті натри мен калидің лимонқышқылды қабатымен химиялық өңдеу, майды қабылдау және сақтау, майды дәруменді қоспа дайындау, эмильгерлеу және гомогенизациялау, рафинирленген сүтті қантты солюбилизациялау, нормаланған қоспа дайындау, қоспаны қоюлау, қоспаны кептіру және құрғақ өнімді суыту, қораптау және марклеу, өнімді сақтау.

Құрғақ өнімді салады, қаптайды, марклейді. << Детолакт >> және << Детолакт темір препаратымен байытылған >> өнімдерінің сақтау мерзімі 1 – 100 C температурда немесе салыстырмалы ауа ылғалдылығы 75% тен артық емес, өндіруші зауытта 3 айдан артық емес уақытты қосқанда 12 ай.

Баланың тамаұтануына арналған құрғақ сүтті жармалар. Құрғақ сүтті жармалар қосымша тамақ ретінде 5айдан үлкен балаларға арналған. Сегіз түрлі жарма ойлап табылған : << Малышка>> ( күріштің, гречканың ұны немесе талқаны), << Колосок >>, << Новинка >>күріштің ұнымен КСБ – УФ, << Зернышка>> ( күріш ұнымен талқаны), << Крупишка >> манни жармасымен . << Малышка >>құрғақ сүтті жармасын құрғақ сүтті негізбен балаларды тамақтандыруғ арналған диеталық ұнды немесе қант пудрасымен және басқа қоспалармен талқанды араластыру арқылы алады.

<< Колосок >> және << Новинка>> сүтті жармаларын дайындау : құрғақ байытылған сүт немесе қуырылған тұзды құрғақ сүтті негізбен сарысулы ақуыз концентратымен ( КСБ - УФ ), күріш ұнымен және де басқада қоспалармен араластырады.

Биологиялық және астық құндылықты көтеру мақсатында құрғақ сүтті жармада жүгері майын, жеңіл қортылатын ақуызды сарысу, май ерітетін және су ерітетін дірумендер, темір препраты қолданылады.

<< Колосок >>, << Новинка >>, << Зернышка >> және << Крупинка >> жармаларында сахарозаның жоқтығы диабет ауруымен ауыратын балаларды тамақтандыруға мүмкіндік береді. << Колосок >> және << Новинка >> сүтті жармаларына 15% сары сулы ақуыз қосу арқылы өнімнің құрамында жай козейінге қарағанда ауыстырылмайтын және күкіртті амиакқышқылы бар байытылған ақуыз алынады.

Құрғақ сүтті балаларды тамақтандыруға арналған жармаладры келесі кезекпен алады. << Малышка >> жармасына арналған құрғақ сүтті негіз, << Новинка>> жармасына арналған қуырылған тұзбен сүтті құрғақ негіз немесе құрғақ сүтпен байытылған << Колосок >> құрғақ қоспаларды қабылдау және дайындау, мөлшерлеу және араластыру, қаптау және сақтау.

Құрғақ сүтті жарманы қаптау және маркілеу ішкі қабаты целофан – полителендерден жасалған 250 және 500г картонды бумаларда сақталады. Жармаларды қаптау азотты ортада вакуумдеу арқылы жүзеге асырылады. Азоттауға 1ші сорттағы газ тектес азот қолданылады. Картонды бумадағы дайын өнімді қаптайтын машинаға жібереді. Оларды гофирленген картоннан № 17 жасалған қораптарға автоматты түрде салады.

<< Колосок >>, << Новинка >>, << Зернышко >>, << Крупинка>> құрғақ сүтті жармаларды 4 айдан артық емес сақтау керек, << Малыш >> жармасын өндірілген күннен бастап өндіруші зауытта 30 тәуліктен және осыған қоса 6 ай сақтау керек. Сақтау температурасы 100C тан артық болмау, ол ауның салыстырмалы ылғалдылығы 75 % тен артық болмау керек.

Сүтті – көкеністі құрғақ қоспа. Сүтті – көкеністі құрғақ қоспаны құрғақ сүтті << Малыш >> негізімен көкеністі қосымшалармен, қант ұнтағымен, күріш ұнымен, картоп крахмалымен және B1 және PP дәрумендерімен араластыру арқылы алынады. Олар келесі сүтті көкеністі қоспаларға бөлінеді: құрғақ сүтті қоспа кәдімен, құрғақ сүтті көкеністі қоспа асқабақпен, құрғақ сүтті көкеністі қоспа асқабақпен және күріш ұнымен.

Құрғақ сүтті көкеністі қоспа келесі түрде жүзеге асырылады: << Малыш >> құрғақ сүтті негізді өндіру, құрғақ қоспаларды қабылдау және дайындау, салу, қаптау және өнімді сақтау.

Барлық құрғақ қоспаларды араластырушыға кем дегенде 15 мин араластырады. Алынған қоспаны пневматранспорт арқылы бункерге сақтау үшін жібереді, содан кейін ол қапталады.

Сүтті көкеністі қоспаны 1 – 100C температурада және ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 75% тен кем емес өндіруші зауыттағы бір айды қосқанда 6 ай сақтау керек.

Құрғақ оцидафильді балаларды тамақтандыруға арналған қоспа. Құрғақ оцидафильді қоспа шала туылған, жаңа туылған, сау және ауру балаларды ерте жастан тамақтандыруға арналған. Оларды диеталық өнім ретінде және әртүрлі іш ауруларында пайдалануға болады.

Сүттің майын байыту үшін полиқанық емес эссенциалды жай қышқылдарын қосады. Оларды қосу себебі ана сүтінің май қышқылына ұқсату. Анцидофильді қоспалардың құрамыны рафинирленген дезодарирленген өсімдік майы көбінесе жүгерінің майын кіреді. Жүгері майы құрамында Е дәруменінің көп және орынын ауыстыруға болмайтын лимальді қышқыл бар. Оның жетіспеуі баланың бойының өспеуіне және тері ауруларына алып келуі мүмкін.

Ацидофильді қоспаның көміртекті компанентінде лактоза, сахароза, декстрин – мальтоза қоспалары бар. Көміртектер тек азот алмасуда ғана емес, олар энергия көзі ретінде, ал балаларды басты функциясы – B тобындағы дәрумендерді өндіретін іштің бифидофлораның өсуіне көмектеседі. Сонымен қоса ішкі бифидофлора бала ағзасын инфекциядан қорғайды және тоқ ішекте қышқылды орта түзеді. << Малютка >> және << Малыш >> құрғақ қоспаларына қарағанда ацидофильді қоспада ацидофильді таза таяқшаларды ащытады. Козейінді коагуляциялау қоспалы өңдеуден өткізу (гомогенизация, кептіру) ақуызды бала асқазанында жеңіл қортылатындай жасайды.

Ацидофильді қоспа минералды және дәруменді қоспа жағынан теңестірілген. Бала ағзасының микро элементтерді (Cu, Zn, Mn, Co, Mo, Ni, Al, Ti) және дәрумендері ( B1, B2, B12, понтатенген қышқыл, биотин) қалауын табиғи өнімдерден алады ( сүттен, клегейден, өсімдік майынан, ащытқы экстрактысынан т.б).

A, D2, E, PP, B6, C дәрумендерін әртүрлі технологиялық өңдегенде жоғалтатын қоспа ретінде қосады.

Ацидофильді қоспаны мынадай кезекте жүзеге асырады: құрғақ сүтті ацидофильді негізді алу, құрғақ қоспаларды дайындау, мөлшерлеу және қоспалардың құрғақ сүтті ацидофильді негізбен араластыру, салу, қаптау, маркілеу және сақтау.

Алынған құрғақ сүтті ацидофильді негізді қант ұнтағымен және темір препоратымен араластыру, картон бумаларға 0,5 кг атмосфералықт инертті газда салады.

Сақтау мерзімі бақыланбаған тепературада 4 ай, ал температурада 6 ай сақтау керек.

Ацидофильді құрғақ қоспаны қолданар алдында, алдын – ала қайнатылып 40 – 450C суытылған сумен араластырады. Қоспаны қайнатпайды. Баланы тамақтандырғанда қоспа температурасы 37 – 380C болу керек дайын қоспаны 16сағат тоңазытқышта сақтау керек.

Емдік және диетлық сүтті өнімдер. Қазіргі кезде жас балардың потологиялық жағдайына қарай емдік тамақтануына үлкен көңіл бөлінуде. Осы мақсатта қазіргі таңда арнайы тамақтануға арналған қоспалар ойлап табылуда. Олар шала туылған, ерте жастан ауруға шалдыққан балаларға арналған диеталық өнімдер.

Екі диеталық және емдік өнімді айтса болады: потогинетикалық терапияға арналған қоспа және қорғаушы факторлармен байытылған қоспа.

Балалардың диеталық тамақтануына келесі өнімдерді шығарады: << Энпиты >> сүтті қоспа, төмен лактозалы сүтті қоспа, ластозасыз қышқыл сүтті қоспа, << Кобомиль >> құрғақ сүтті өнім , диеталық құрғақ сүтті жарма, << Импитан >> құрғақ сүтті өнімі, құрғақ сүтті биологиялық қоспалар.

<< Энпиты >> құрғақ сүтті қоспасы. Оларды келесі түрде шығарады: << Энпит ақуыз >> сүтті қоспа, << Энпит майсыздандырылған >> сүтті қоспа, << Майлы Энпит >> сүтті қоспа, << Анемияға қарсы Энпит >> сүтті қоспасы, << Құрғақ ацидофильді Энпит >>.

<< Энпиты>> құрғақ сүтті қоспасы әртүрлі аурумен ауыратын балалармен үлкендердің диеталық тамақтануына қолданылады.

<< Энпит ақуызды >> құрамында өте жоғары толыққан ақуыз ( 44%) бар. Өнімді сүтті ақуыздан, сиыр сүтінен, клегейден, қанттан, жүгері майына қосылған A, D2, E майда еритін дәрумендермен, суда еритін B1, B2, B6, PP, C дәрумендерімен, глицерофосфатты темірден алынады.

<< Майлы Энпит >> құрамында май қышқылы бойынша теңестірілген көп мөлшенде май (41%) бар. Өнімді тұтас сиыр сүтінен, клегейден, жүгері майына қосылған майда , суда еритін дәрумендер қосылған және темір глицерофосфатынан алады.

<< Энпит майсыз >> кішкене мөлшерде май (1%), көп мөлшерде толыққан ақуыз және көміртек, темір препоратымен байытылған және суда еритін дәрумендер бар. Өнімді сүтті ақуыздан, майсызданған сүттен, суда еритін дәрумендер қосылган қант және темір глицеро фосфатынан алынады.

<<Анемияға қарсы Энпит >> құрамында ақуыз көп (36,9%), темір (46%), май және суда еритін дәрумендермен байытылған. Оны сүтті ақуыздан, сиыр сүтінен, клегейден, өлген малдың құрғақ қанынан, глюкоза, крахмал, май және суда еритін дәрумендер қосылған жүгері майы.

<<Энпит >> сүтті өнімін ауру балаларды тамақтандыруда сусын ретінде, ал құрғақ кезінде тамақты маймен, ақуызбен, дәрумендермен, темірмен байыту үшін қолданылады.

Құрғақ сүтті лактозасы төмен қоспа. Оларды балалардың диеталық тамақтануына, ал үлкендермен балалардың бірінші және екінші ретті лактозаны көтермеуінде қолданылады.

Төмен лактозалы сүтті қосплар келесі түрде шығарылады: сүтті лактозасы төмен ащытқы дәмі бар қосапа( баланың туылған сәтінен екә айға дейін), сүтті лактозасы төмен гречкамен, күріш ұны немесе талқанымен (екі айдан бір жасқа дейін) қоспа, төмен лактозалы сүт ( бір жастан және үлкен адамдарға). Төмен лактозалы сүтті қоспаны ащытқы экстрактымен төмен лактозалы сүтті негізбен араластырады. Оның құрамында ащытқы экстракты, темір глицерофосфаты қосылған қант және де B1, B2, B6, PP, C дәрумендері. Ұнмен немесе талқанмен төмен лактозалы қоспаны: төмен лктозалы сүтті негізді қантпен, балалардың диеталық тамақтануына арналған ұнмен немесе талқанмен, темір глицерофосфатымен және де B1, B2, B6, PP, C дәрумендерімен араластырады.

Төменлактозалы сүт қантпен құрғақ төменлактозалық сүт негізін араластыру және темір глицерофосфатымен В1, В2,В6, РР, С дәрумендерін қосу арқылы өндіріледі.

Төменлактозалы қоспаларды өндіру кезінде негізгі ақуыздық компонент ретінде балалар және диеталық тағамдар үшін жоғары биологиялық құндылығы бар казецит қолданылады. Казециттің биологиялық құндылығы теңестірілген ақуыз және құнды минералды элементтерімен (K, Na, P, Ca) анықталады.

Төменлактозалы өнімдер құрамына казециттен басқа сахароза, глюкоза, декстрин-мальтоза, сүт және какос тоң майы, жүгері майы, витаминдер, микроэлементтер кіреді.

Қышқыл сүтті лактозасыз қоспалар. Қышқыл сүтті лактозасыз қоспалар лактаздық жетіспеушілік және галактоземиямен байланысты сүт тағамдарын көтере алмайтын ауру балаларды тамақтандыруға арналған. Сұйық қышқыл сүтті лактозасыз қоспалар бірінші күннен бір жасқа дейінгі, ал паста тәрізді қоспа бір жастан асқан балаларды тамақтандыруға арналған.

Қышқыл сүтті лактозасыз қоспалар сүт ақуызы (казецит), сиыр тоң майы және өсімдік майы, көмірсу, витаминдер және темір припараты, ацидофилды таяқшаның таза культурасынан жасалған ашытқымен араластыру арқылы жасалады. Казецит ақуыздың жоғары массалық бөлігімен (80%) және ашыту кезінде толық ашитын лактозаның аз массалық (2% дейін) бөлігімен сипатталады.

Полиқанықпаған май қышұылдарының оптималды құрамын қамтамасыз ету үшін өнімге сүт және өсімдік майларын 75:25 қатынасында қосады. Көмірсулық құрамы көмірсуларды түрлі дәрежеде сіңірілетін көмірсулар (сахароза, глюкоза, крахмал) көрсетілген, ол қоспаларды қанттың жеке түрлерін көтере алмайтын науқастарға таңдап тағайындауға көмектеседі. Өнімді (А, Е, В1, В2, РР, С, фолацин, пантотен қышқылы) дәрумендерімен байыту, сонымен қатар темір оның биологиялық құндылығын арттырады.

Сұйық қышқыл сүтті лактозасыз қоспаларды сиымдылығы 0,2 л бөліктелген шыны құтыға құяды. Паста тәрізді қоспаны масса неттосы 50 және 100 г полиэтилен пленкамен қаптайды. Құтылар фольгадан жасалған төсеніші бар кронен-тығынмен немесе тығыздалған картоннан жасалған төсеніші бар алюминий қақпақпен жабылады. Сұйық қышқыл сүтті лактозасыз қоспалары бар құтылар металл себетке салынады (тип IV), қапталған паста тәрізді қоспалар картон жәшіктерге немесе полимерлі материалдан жасалған ыдысқа салынады, масса неттосы 12 кг аспауы керек. Қышқыл сүтті лактозасыз қоспаларды тікелей күн сәулесі түспейтін, температурасы 0-60С аспайтын жерде технологиялық процесс аяқталғаннан кейін 36 сағат ішінде сақталады, сонымен қатар өндіріші мекемеде 6 сағаттан артық сақталмауы қажет.

Құрғақ сүтті диеталық ботқалар. Құрғақ сүтті диеталық ботқалар «Малыш» құрғақ сүтті негізін немесе казоцит және қант ұнтағы қосылған майызданған құрғақ сүт, күріш ұны немесе талакно, В1, В2, В6, РР, С дәрумендері және темір глицерофосфатын араласыру жолымен өндіріледі. Құрғақ сүтті диеталық ботқалардың технологиялық процессінің құрамына келесі операциялар кіреді: «Малыш» құрғақ сүтті негізін өндіру; құрғақ компоненттерді қабыодау және даярлау; компоненттерді өлшеу және араластыру; қаптау және өнімді сақтау.

Диеталық ботқаларды ішінде қоспалы полимерлі материалдан жасалған пакеті бар картон қорапқа масса неттосы 250 немесе 500 граммнан және диеталық майсыз ботқаларды 200 немесе 400 граммнан қаптайды. Дайын өнім 1-100С температурасында және ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 75% аспайтын жерде, жасалған күннен бастап 6 ай ішінде, сонымен қатар өндіріс орнында 1 айдан аспайтын уақыт сақталады.

Дәріс №7