
- •3.Қазақстан территориясындағы алғашқы қауымдық құрылыс:
- •2. Қазақстан қола дәуірінде. Алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырай бастауы:
- •9. Қаңлы мемлекті
- •12. Түрік қағанаты
- •17Қарахан мемлекеті
- •15. Қазақстанда Илам дінінің таралуы.
- •19. Найман, Керей және Жалайыр мемлекеттік бірлестіктері.
- •21. Қазақстан территориясындағы орта қалалар мен елді мекендер (VI-XII ғ.Ғ.)
- •27. Моңғолдардың Қазақстанды жаулап алуы. Ұлыстардың құрылуы.
- •28 Алтын Орда
- •33 Қазақ халқының қалыптасуы, «қазақ» атауының шығу тарихы.
- •36. Қасым хан
- •37.Хақназар (Ақназар) хан саясаты.
- •45.Бөкей ордасы. Жәңгірхан (1823-1845жж.)
- •44. Сырым Датұлы басқарған Кіші жүз қазақтарының көтерілісі (1783–1797 жж.)
- •46. 1836-1837 Жылдардағы Бөкей хандығындағы халық-азаттық көтеріліс
- •56.XIX ғ. Екінші жартысындағы Қазақстан мәдениеті
- •54. XIX ғ. 60ж. Аяғы 70жылдардың басындағы Маңғыстау және Орал, Торғай жерлеріндегі қазақтардың бас көтеруі.
- •51. 1867-1868 Жылдардағы патша үкіметінің Қазақстандағы әкімшілік реформалары.
- •55. 1886–1891 Жж. Қазақстандағы патша өкіметінің реформалары және оның сипаты.
- •65.Қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі.
- •66.Қазақстан 1917 жылғы Ақпан революциясы кезінде
- •69. Облыстық азақ съездері (1917ж. Сәуір - мамар)
- •86. Қазақстанның Ұлы Отан соғысының кейінгі мәдениетімен ғылымының дамуы (1946-1965).
- •90. Желтоқсан Көтерілісі
- •88.Қазіргі кездегі қазақстандағы саяси партиялар мен қоғамдыққ қозғалыстар.
- •58. Абай Құнанбаев – ақын ағартушы.
- •100. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясындағы қазақстан тарихының зерттелу барысы.
- •26. Махмұт Қашқари.
- •101. Назарбаевтың «Нұр Отан» халық демократиялық партиясының «Жас Отан» жастар қанатының 1 съезінде сөйлеген көзі.
- •103 Қазақстанның халықаралық аренадағы рөлі: еқыұ-ға және Ислам конфедерациясына төрағалығы
- •50 Хіх ғасырдың екінші жартысы хх ғасыр басындағы Қазақстанның саяси-экономикалық және әлеуметтік жағдайы.
- •76 Қазақстандағы жэс.
- •81 Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру – Қазақстан шаруаларының трагедиясы.
21. Қазақстан территориясындағы орта қалалар мен елді мекендер (VI-XII ғ.Ғ.)
Оңтүстік Қазақстанда Сырдария алабында қалалар көптен салынған. Қазақстанның оңтүстігінен 25 қала орны бабылды. Исфиджаб, Будухкет, Отырар, Шауғар т.б. Жетісудың оңтүстік батысында 27 қала табылды. Тараз, Құлан, Атлах, Мерке т.б. VI-XII ғасырлардағы Іле және Талас алатауы бойындағы тұрақты елді мекендер-қыстақ «Қышлақ». IX-X ғасырларда Жетісудың Солтүстік шығысында 12 қала, XI-XII ғасырларда 70 қала болған. Исфиджаб (Сайрам XIIIғ.) оңтүстік Қазақстандағы ең ірі және сауда діни орталық. Отырар (Фараб, Тарбан, Тұрар) ең ірі қалалардың бірі әкімшілік сауда, қолөнер мәдениет орталығы Тараз ( Талас) ең ірі саяси экономикалық мәдени орталық. Баласағұн (Ақтөбе) Шу өзені бойындағы мәдениет пен өнердің көптеген өкілдері өрбіткен жер. Ортағасырлық қалалардың міндеттері: Қазақстан аумағындағы орта ғасырлық мемлекеттердің шаруашылығы отырықшы егіншілікпен тығыз байланысты көшпелі, жартылай көшпелі мал шаруашылығына негізделді. Сырдария, Талас, Мерке, Сығанақ, Суяб т.б. да қалалар мәдениет, сауда және әкімшілік орталықтары болды. Бұл қалалар отырықшы егінші алқаптары мен көшпелі далалық аймақтар арасындағы, Ұлы жібек жолы бойымен шығыс пен батыс елдерін жалғастыратын көпір рөлін атқарды.
14.. VI-XII ғ.ғ. Қазақстан мәдениеті: діні, тілі, сәулет өнері.
Қазақстан аумағындағы ортағасырлық мемлекеттердің шаруашылығы отырықшы егіншіліпен тығыз байланысты көшпелі, жартылай көшпелі мал шаруашылыңына негізделді. Сырдария, Талас, Суяб, Мерке сияқты т.б қалалар мәдениет, сауда және әкімшілік орталықтары болды. Бұл қалалар отырықшы егінші алқаптары мен көшпелі далалық аймақтар арасындағы, Ұлы жібек жолы бойымен шығыс пен батыс елдерін жалғастыратын көпір рөлін атқарды. Олар VI-X ғасырлар да егіншілік пен қолөнершілердің қоныстары негізінде, билеушілер ордасының жанында, тұрақты қыстау орындарында пайда болған еді. Билеушілер ордасының қолөнершілер саудагерлер, егіншілер тұрды. Базарлар ғибадат ету орындары, моншалар сияқты қоғамдық ғимараттар салынып, теңге басылып шығарылды. Ортағасырлық Қазақстан қалаларына тән жергілікті Түркістандық құрылыс дәстүрі қалыптасты.Тараз маңындағы Бабаджа-Қатын (X-XI ғ.) кесенесі ортағасырлық сәулет өнерінің маңызды ескерткіші болып табылды. Кейінірек оның жанына Айша бибі және Тараздың өзіне Қарахан кесенелері сияқты сәулет ғимараттары салынды. Ерте орта ғасырда түркілердің өзіндік сына жазуы деп аталды. Білге қаған мен Күлтегіннің құрметіне арналған жазулар, Талас, Ферғана алқаптарындағы Дон бойындағы, Солтүстік Кавказдағы молаларға қойылған тастағы жазулар ежелгі түрік жазба ескерткіштері болып табылады. Тараз қаласындағы табылған керамикадағы, шығыс Қазақстаннан табылған қола айналардағы, талғардың қыш бұйымдарындағы және еуразияның кең байтақ далаларынан табылған. Түрік тайпаларында қолөнер дамыған: қыш өндірісі, ұсталық, зергерлік, тоқымашылық, шыны жасау, сүйек өңдеу, ағаш өңдеу. VIII-IX ғ.ғ. Жетісуда күміс заттарды шығару өндірістің негізгі түбіне айналды. Діні- ежелгі түріктердің діни сенімдері әртүрлі болған: Көкке-тәңірге табыну, жерге- жер-суға табыну, отбасы және балалардың қамқоршысы – Ұмай анаға, отқа табынды. Ерте орта ғасырларды Будда дінін таратудағы негізгі міндетті соғдылар атқарды VII-VIIIғ.ғ.