
- •3.Қазақстан территориясындағы алғашқы қауымдық құрылыс:
- •2. Қазақстан қола дәуірінде. Алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырай бастауы:
- •9. Қаңлы мемлекті
- •12. Түрік қағанаты
- •17Қарахан мемлекеті
- •15. Қазақстанда Илам дінінің таралуы.
- •19. Найман, Керей және Жалайыр мемлекеттік бірлестіктері.
- •21. Қазақстан территориясындағы орта қалалар мен елді мекендер (VI-XII ғ.Ғ.)
- •27. Моңғолдардың Қазақстанды жаулап алуы. Ұлыстардың құрылуы.
- •28 Алтын Орда
- •33 Қазақ халқының қалыптасуы, «қазақ» атауының шығу тарихы.
- •36. Қасым хан
- •37.Хақназар (Ақназар) хан саясаты.
- •45.Бөкей ордасы. Жәңгірхан (1823-1845жж.)
- •44. Сырым Датұлы басқарған Кіші жүз қазақтарының көтерілісі (1783–1797 жж.)
- •46. 1836-1837 Жылдардағы Бөкей хандығындағы халық-азаттық көтеріліс
- •56.XIX ғ. Екінші жартысындағы Қазақстан мәдениеті
- •54. XIX ғ. 60ж. Аяғы 70жылдардың басындағы Маңғыстау және Орал, Торғай жерлеріндегі қазақтардың бас көтеруі.
- •51. 1867-1868 Жылдардағы патша үкіметінің Қазақстандағы әкімшілік реформалары.
- •55. 1886–1891 Жж. Қазақстандағы патша өкіметінің реформалары және оның сипаты.
- •65.Қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі.
- •66.Қазақстан 1917 жылғы Ақпан революциясы кезінде
- •69. Облыстық азақ съездері (1917ж. Сәуір - мамар)
- •86. Қазақстанның Ұлы Отан соғысының кейінгі мәдениетімен ғылымының дамуы (1946-1965).
- •90. Желтоқсан Көтерілісі
- •88.Қазіргі кездегі қазақстандағы саяси партиялар мен қоғамдыққ қозғалыстар.
- •58. Абай Құнанбаев – ақын ағартушы.
- •100. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясындағы қазақстан тарихының зерттелу барысы.
- •26. Махмұт Қашқари.
- •101. Назарбаевтың «Нұр Отан» халық демократиялық партиясының «Жас Отан» жастар қанатының 1 съезінде сөйлеген көзі.
- •103 Қазақстанның халықаралық аренадағы рөлі: еқыұ-ға және Ислам конфедерациясына төрағалығы
- •50 Хіх ғасырдың екінші жартысы хх ғасыр басындағы Қазақстанның саяси-экономикалық және әлеуметтік жағдайы.
- •76 Қазақстандағы жэс.
- •81 Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру – Қазақстан шаруаларының трагедиясы.
15. Қазақстанда Илам дінінің таралуы.
Түргеш қағанаты (704-756) яғни VIII ғасырларда Арабтар, Иран, Ирак, Сирия, Палестинаны жаулап алды да, батыс түрік қағанатының қарсылығын жеңе отырып, оның оңтүстік бөлігін Араб халифатының құрамына қосып алды. Қағанаттың оңтүстік аймақтарына арабтардың енуімен бірте бірте ислам діні де тарала бастады. VIII ғасырдың ортасында ықпалын арттыру бағытында қытайлар мен арабтар өз мүдделері үшін 751 ж. Аса ірі Талас шайқасы болды. Бұл шайқастың аса зор тарихи маңызы болды. Ол осы аймақтың ісіне қытайдың араласу ірекетін және басшылық саясатын ұзақ уақытқа тоқтатып тастаған ел. Екіншіден Арабтардың Жетісу мен Қазақстанның оңтүстігіндегі ықпалы күшейіп, ислам дінінің таралуына жол ашылды. Ол өз кезегінде, Тәңір діні мен Түрік жазуының ығыстырылуына алып келді. Түрік тайпалары арасында ислам діні мен араб жазуы да кең тарала бастады. XII ғ. Қарахан мемлекеті ислам дінін қабылдау мемлекет тарихандағы ең маңызды оқиғалардың бірі болды. 955 ж. Сатұқ Боғрахан ислам дінін қабылдайтынын жариялады. Ал 960 ж. Қарахан мемлекетінің Жетісу аймақтарында 200 мың отбасы Исламды қабылдады. Осыған байланысты Қарахан мемлекеті кезінде мұсылмандық мәдениет қанат жая бастады. Дін мен бірге араб жазуы, ғылыми мұсылмандық білім жүйесі, сәулет өнеріндегі мұсылмандық стиль кең тарады. XVI-XVII ғасырларда қазақтар ислам дінін ресми ұстанды. Оны таратқан негізгі орталықтар: Түркістан, Хорезм, Бұхара, Астрахань болды. Қазақтар арасында ислам дінін таралуына сауда делдалдары ерекше рөл атқарды. Қазақ көпестері ислам елдеріне бұл елдің көпестерінің оларға барып тұратынды. Қазақ жерін ислам дінін негізін қалаушы Ахмет Йассауи түрік халқының сопысы ретінде оның атақ даңқы Түркістан аймағында ғана емес, Мәуренахр, Хорасан, Еділ бойы, Әзірбайжан, Анадолы аймақтарын, яғни түрік мұсылмандары тұратын аудандарда кең тарады. Ол сопылық тәжірибені терең меңгеріп, ислам ғылымын, араб, парсы әдебиеттерін де жетік меңгерген.
19. Найман, Керей және Жалайыр мемлекеттік бірлестіктері.
Найман, Керей, Жалайыр мемлекеттік бірлестіктері Орталық Азияның шығыс аймақтарында пайда болды. Наймандардың тайпалық одағы VIII ғасырдың ортасында Ертістің жоғарғы ағысымен Орхон өзенінің аралығында құрылып, сегіз оғыз – «сегіз тайпа» одағы деп аталды. Кейін Моңғол тілді қидандар «найман» деген атауды орнықтырған болатын. Керейлер туралы алғашқы мәліметтер олардың христиандықты қабылдауымен байланысты XI ғасырдың басына жатады. 1007 жылы наймандар мен керейлер несторияндық бағыттағы христиан дінін қабылдағаны мәлім. Керейлер Орхон өзенінің орта ағысы мен Онгин өзені алқабындағы жерлерді мекендеді. Керей мемлекетінің орталығы «Қатынбалық» деген қала болғаны туралы мәліметтер кездеседі. Жалайыр тайпалары Орхон өзенінің бастауын мекендеген. Жалайыр мемлекеттік бірлестігі ұлыс деп аталған. Ұлыс шекаралары айқындалған белгілі аумақтарды иеленді. Ұлыс билеушіші – хан, оның басқару әкімшілігі, әскері және ордасы болды. 1190-1206 жылдары моңғолдармен күрес барысында найман, керей, жалайыр тайпаларының көптеген бөліктері Жетісу мен Ертістің батыс аймақтарына ығысып, қоныстана бастады. Олардың қалған бөлігі моңғолдарға бағынуға мәжбүр болды. 1211 жылы наймандардың басшысы Күшлік хан қарақытайларды жеңді де, қысқа мерзімге болса да Жетісуға өз билігін орнатты. Наймандар мен керейлер Орта жүздің ру-тайпаларының құрамына кірсе, жалайырлар Ұлы жүз құрамындағы ірі рулардың біріне айналды.