Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тарих гос.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
879.1 Кб
Скачать

12. Түрік қағанаты

Түріктер туралы алғашқы деректер 542 жылы, Қытай жазбаларында кездеседі. Қытайлар түріктерді ғұндардың ұрпақтары деп санаған. Алғашқы түрік мемлекеті – Түрік қағанаты (551-603) 551 жылы Алтай түркілерінің көсемі Бумын қаған дәрежесін алған кезде тарих сахнасына шықты. Түрік қағанаты нығайған тұста шығыста Корей түбегінен бастап батыста Қырым түбегіне дейін, солтүстікте Енисей бастауынан, оңтүстікте Амударияны алып жатыр. Бумын қаған (552-553). Бұл билеушілерден кейін Мұхан қаған (553-572), Таспар қаған (572-581) билік жүргізді. Түрік қағанаты орталық Азияда Мұхан қаған тұсында ұстамдық етті. Ол сол тарих кезіндегі Иран мен Византия сияқты аса ірі мемлекеттермен тең дәрежеде сайланыс орнатты. Қытайда түрік қағанатына алып-салық төлеп тұрды. Мұхан қаған алғашқыда Манчжуриядағы қидандарды, Енисей бойыдағы қырғыздарды жеңіп, солтүстік Қытайды да бағындырады. Кейін түрік билеушілері Шығыс Түркістаннан Каспий теңізіне дейінгі эфталиттер иенігіндегі аймақтар және орта Азияны бағындыру саясатын жүргізді. 561-563 жылдары Мұқан қаған Иранмен эфталиттерге қарсы әскери саяси одақ құрады. Бұл одақтың нәтижесінде эфталиттер талқандап, тұрік қағанаты орта Азияға үстемдік етуге қол жеткізді. Бұндай нәтижелі саяси қадамнан кейін түрік қағанаты енді Византиямен Иранға қарсы одақ жасаған. Түрік ұағанаты үшін бұл одақта табысты болып оларға парсылар алым-салық төлеуге міндетті болды. Сыртқы саясатты белсенді жүргізген түріктер Керчь Бұғазына дейін жетіп Қырым түбегін де басып алды. Сөйтіп, түрік тілдес тайпалар бір көсемнің билігін мойындап бір румен бір әулеттің қол астында кіріп нығайды. Түрік қағанаты өзіне бәсекелес тайпаларды этникалық құрамы мен шаруашылығы әр түрлі елдер мен халықтарды тіуекелді етті. Тәуекелді ету екі бағытта жүргізілді: 1.Саяси тұрғыда. Яғни, билеуші әулеттің билігін мойындату. 2.Кесімді алым салықты төлету арқылы экономикалық тұрғыда жүзеге асырылды. Нәтижесінде көшпенділер құраған мемлекет империялық дәрежеге жетті. Еуразия кеңестігі де күшті империяға айналды. Ежелгі түркі тайпалары өзіндік сапалық ерекшелігі бар өркениет ошағын қалыптастырды. Онда көшпенді және отырықшы мәдениеттердің өзара ықпалы қала мәдениеті мен урбанизация үдерісі ерекше орын алды. Діни құрлықтарға деген сұраныс түрік елінде Буддизм және кеңірек Ислам сияқты әлемдік діндердің таралуына жол ашып берді. Түркі өркениетінің үздік үлгісі- тастағы жазулардан қолжазбаларға дейін жолдап өткен өзіндік, дербес түрік жазуының қалыптасуы болып табылады. Түрік тайпаларының табынатын құдайы Көк – Тәңір болды. Олар жер мен су иесіне отбасының жетекшісі-Ұмай анаға табынды. Сыртқы жаулар қысымы этникалық құрамы әр текті болғандықтан ішкі талас тартыстар және әлеуметтік қайшылықтар түрік қағанатынаң әлсіреуіне алып келді. Түрік қағанатының ыдырауына 1. Қытай империясының қысымы, 2. Түрік құрамындағы билеуші Ашина руының ішінде билікке талас басталғаннан болатын. 603 жылы Түрік қағааты дербес екі мемлекетке бөлінді: Шығыс және Батыс.

17Қарахан мемлекеті

X ғасырдың 40-жылдары қарлұқ қағанаты құлап, қарахан әулетінің мемлекеті (942-1210) құрылды. Қарахан әулетінің негізін салған Сатұқ Боғрахан болды. Ол 942 жылы қаған деп жарияланды. Қарахан мемлекеті алғашқыда Жетісу жерін алып жатты. Оның орталығы Шу алқабына, ал астанасы – Баласағұн қаласында орналасты.Уақыт өте келе қарахан мемлекетінің иелігі Амудария мен Сыр бойынан Қашқарға дейінгі аралықты қамтыды. X ғасырдың ортасында қарахан мемлекеті Шығыс және Батыс болып екіге бөлінді. Шығыс бөлігіне Жетісу мен Шығыс Түркістан аймағы енді. Орталығы Баласағұнда орналасты. Ал, Батыс бөлігіне Оңтүстік Қазақстан мен Мауренахр аймағы еніп, орталығы Таразда орналасты. Кейін орталық Самарқанд қаласына ауысты. XII ғасырда қарахан мемлекеті саяси дағдарысты басынан көшірді. Қарахан билеушілері Жетісуды басып алып, өз мемлекетін құрған қидандардың ықпалына түседі. Қарахан әулетінің ислам дінін қабылдауға мемлекет тарихындағы ең маңызды оқиғалардың бірі болды. 955жылы Сатұқ Боғрахан ислам дінін қабылдайтынын жариялайды. Осыған байланысты қарахан мемлекеті кезінде мұсылмандық мәдениет қанат жая бастады. Дінмен бірге араб жазуы, ғылым, мұсылмандық білім беру жүйесі, сәулет өнеріндегі мұсылмандық стиль кең тарады.