
- •3.Қазақстан территориясындағы алғашқы қауымдық құрылыс:
- •2. Қазақстан қола дәуірінде. Алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырай бастауы:
- •9. Қаңлы мемлекті
- •12. Түрік қағанаты
- •17Қарахан мемлекеті
- •15. Қазақстанда Илам дінінің таралуы.
- •19. Найман, Керей және Жалайыр мемлекеттік бірлестіктері.
- •21. Қазақстан территориясындағы орта қалалар мен елді мекендер (VI-XII ғ.Ғ.)
- •27. Моңғолдардың Қазақстанды жаулап алуы. Ұлыстардың құрылуы.
- •28 Алтын Орда
- •33 Қазақ халқының қалыптасуы, «қазақ» атауының шығу тарихы.
- •36. Қасым хан
- •37.Хақназар (Ақназар) хан саясаты.
- •45.Бөкей ордасы. Жәңгірхан (1823-1845жж.)
- •44. Сырым Датұлы басқарған Кіші жүз қазақтарының көтерілісі (1783–1797 жж.)
- •46. 1836-1837 Жылдардағы Бөкей хандығындағы халық-азаттық көтеріліс
- •56.XIX ғ. Екінші жартысындағы Қазақстан мәдениеті
- •54. XIX ғ. 60ж. Аяғы 70жылдардың басындағы Маңғыстау және Орал, Торғай жерлеріндегі қазақтардың бас көтеруі.
- •51. 1867-1868 Жылдардағы патша үкіметінің Қазақстандағы әкімшілік реформалары.
- •55. 1886–1891 Жж. Қазақстандағы патша өкіметінің реформалары және оның сипаты.
- •65.Қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі.
- •66.Қазақстан 1917 жылғы Ақпан революциясы кезінде
- •69. Облыстық азақ съездері (1917ж. Сәуір - мамар)
- •86. Қазақстанның Ұлы Отан соғысының кейінгі мәдениетімен ғылымының дамуы (1946-1965).
- •90. Желтоқсан Көтерілісі
- •88.Қазіргі кездегі қазақстандағы саяси партиялар мен қоғамдыққ қозғалыстар.
- •58. Абай Құнанбаев – ақын ағартушы.
- •100. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясындағы қазақстан тарихының зерттелу барысы.
- •26. Махмұт Қашқари.
- •101. Назарбаевтың «Нұр Отан» халық демократиялық партиясының «Жас Отан» жастар қанатының 1 съезінде сөйлеген көзі.
- •103 Қазақстанның халықаралық аренадағы рөлі: еқыұ-ға және Ислам конфедерациясына төрағалығы
- •50 Хіх ғасырдың екінші жартысы хх ғасыр басындағы Қазақстанның саяси-экономикалық және әлеуметтік жағдайы.
- •76 Қазақстандағы жэс.
- •81 Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру – Қазақстан шаруаларының трагедиясы.
103 Қазақстанның халықаралық аренадағы рөлі: еқыұ-ға және Ислам конфедерациясына төрағалығы
Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан әлемдік қауымдастықтың толыққанды мүшесі болды, оның бастамалары тәжірибе жүзінде әрқашан кең қолдау тапты және нақты іс жүзіне асырылып отырды. Бүгін біздің еліміз халықаралық дәрежеде танылудың жаңа сапалық деңгейіне көтерілді. Қазақстанның 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуі туралы шешім оның сенімді дәлелі болды.
Қазақстанға тікелей инвестиция берушілердің тізімінің басында АҚШ орналасқан, одан кейін Ұлыбритания, Италия, Канада, Нидерланды, Германия, ал Азия аймағынан Қытай, Жапония, Индонезия және Оңтүстік Корея бар. Қазақстан АҚШ-пен экономикалық қарым-қатынасқа ерекше көңіл бөледі. Американдық «Шеврон» компаниясымен Теңіз мұнай көздерін игеру жөніндегі ірі шартқа қол қойылды. Қазіргі кезде АҚШ Қазақстанның ең маңызды экономикалық әріптестерінің бірі болып табылады. Біздің елімізде 350-ден астам Қазақстан – Американ бірлескен кәсіпорны жұмыс істейді, сондай-ақ 100-ден астам американ компанияларының өкілдіктері тіркелген. Қазақстан экономикасының дамуында сыртқы сауданың маңызы зор. Егемендік алған жылдардан бері Қазақстан дүние жүзінің 180-нен астам елімен сауда қатынасын орнатты. Осының нәтижесінде сыртқа шығаратын және сырттан бізге алып келетін тауарлардың көлемі жылдан-жылға өсіп келеді. 2001 жылы Қазақстанның сыртқы сауда көлемі 14 млрд. доллардан асты. Қазақстанның сауда айналымының шамамен 62 % , ТМД елдерінің үлесіне 24 %, Еуропа елдерінің (35 ел) үлесіне 13 %, Азия аймағы елдерінің үлесіне тиеді.
Біз ашық сырты сауда саясатын дәйекті жүргізіп келеміз. Айталық, 2004 жылы сыртқы сауда айналымы көлемінің оң сальдосы (Сальдо – белгілі бір уақыт кезеңіндегі ақшалай түсімдер мен шығындар арасындағы айырма) 7 млрд. доллардан асатын 33 млрд. АҚШ долларына жетті. Бұл 1994 жылмен салыстырғанда 3 еседен астам өсті деген сөз.
2007 жылы 30 қарашада Мадридте ЕҚЫҰ мүше мемлекеттер сыртқы істер министрлері кеңесінің жалпы отырысында Қазақстан Ұйымының 2010 жылғы төрағасы болып сайланды. 2010 жылы Қазақстанға Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымға төрағалық ету мүмкіндігін берген әлемнің 56 мемлекетінің шешімі - еліміз қол жеткізген тағы бір ірі жетістік. ЕҚЫҰ – дүние жүзіндегі аса беделді халықаралық ұйымдардың бірі саналады. Қазақстан – ЕҚЫҰ-ға төрағалық ететін бірінші ТМД елі, ол бірінші түркі елі, ол тарихи тұрғыда өркениетті ислам кеңістігіне жататын бірінші ел, ең соңында, ол бірінші азиялық ел.Төрағалыққа сайланысымен Қазастан ЕҚЫҰ-ның жұмысын ширатуға мықтап кірісті. «Еуропаға жол» бағдарламасын дүниеге әкелді.Венада өткен алғашқы отырысқа Н.Назарбаев өзінің бейне жолдауын жіберді. Онда іс басындағы төраға ретінде еліміздің жүзеге асыратын міндеттерін қадап айтты. Төрт «Т» әріпінен құралатын trust – сенім, traditions – дәстүр, transparency – ашықтық, tolerance – төзімділік қағидасы бойынша жұмыс істейтінін жария етті. 2010 жылдың 1 желтоқсанында өткен Астана саммитіне 73 елдің делегациясы келді. Саммитте «Астана декларациясы» қабылданды.
2011 жылдан бастап Қазақстан Ислам елдері ұйымына төрағалық ететін болады. 2011 жылдың 30 қаңтары мен 6 ақпаны аралығында Алматы мен Астана қалаларында VII Азиада болды. Оған әлемнің 34 елінен спортсмендер қатысты.
104 Тәуелсіздіктен кейінгі 20 жылдығы Қазақстанның өсу жолдары: экономикасы, мәдениеті, халықтың әл – ауқаты Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін әлеуметтік-экономикалық байланыстардың үзілуіне байланысты жұмыс істеп отырған кәсіпорындар бірінен соң бірі тоқтап жатты, соған орай, жұмыссыздық көбейіп кетті, тұрмысқа қажетті тауарлардың жаппай тапшылығы үдей түсті. Асқынған инфляция шарықтап кетті. Мәселен 1991-1993 жылдар аралығында еліміздегі инфляция деңгейі 2.200 пайызға дейін өскен.
Қазақстан ТМД-ның басқа елдері сияқты, нарықтық экономика жолына 1992 жылдың қаңтар айынан аяқ басты. Алғашқы кезде елімізде өзара байланысып жатқан екі міндетті шешу қажет болды:- экономиканы тұрақтандыру және дағдарыстан шығару;
- нарықтық қатынастарды құру және дамыту.
Еліміздің алғашқы кездегі әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясы Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың 1992 жылы жарияланған «Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» және 1993 жылы көрген «Қоғамның идеялық бірігуі - Қазақстанның дамуының кепіл» деген еңбектерінде жарияланды.
13 Батыс Түрік қағанаты (603-704 жж.). Ол ежелгі Үйсін жерін жайлады, яғни Қаратаудың шығыс баурайынан Жоңғарияға дейінгі жерді алып жатты. Қағанаттың астанасы және қағанның қысқы ордасы Шу аңғарындағы Суяб қаласы болды. Қағандықтың халқының этникалық құрамы «он оқ бұдын» ру-тайпалары болған. Қаған әрбір оқ бұдыннан 1000 адамға сарбаз алып отырған. Жазба деректерде қағанаттың саяси-әкімшілік жағынан тарих сахынасына көтерілген кезі Жегу қаған (610-618 жж.) мен Тон қағанның қағандық құрған кездері. Батыс түрік қағандығындағы билік феодалдық сатылы түрде жүргізілген. Мемлекеттің басшысы - қаған, жоғары билеуші, әскербасы болды. Қағанның билігі шексіз мұрагерлік түрде болды. Батыс түрік мемлекетінде қағаннан кейінгі екінші адам ұлық болған. Үшінші билік қаған руының үстем тап өкілдерінің қолында болды, оларға: яғбу, шад, елтебер, тегін сияқты атақтар берілген. Сот қызметтерін бұйрықтар мен тархандар атқарды. Бектер - тайпа бастықтары мен өкілдері жергілікті жерлерде қағанның негізгі тірегі болған. Қара жұмыс істейтін қанаушы халық түркі тілінде «қара бұдындар» аталған. Түрік қағанаты көшпелі мал және егіншілік шаруашылығымен шұғылданды. Жетісу бойында түріктердің қалалары өркендей бастады. Қалаларда сауда-саттық кеңінен жүргізілді. Шу өзенінің бойындағы Суяб қаласына Орта Азия және Қытай жерінен түрлі заттар әкелінді. Ұлы Жібек жолының Түрік қағанаты жерінен өткендігі сауда мен қолөнердің дамуына әсер етті. Түріктердің ежелгі көне жазуы болған. Бізге белгілі Орхон-Енисей жазуы Батыс түрік қағанатының мәдениетінен дерек береді. Моңғолия жерінен табылған Білге қағанның, Күлтегіннің, Тоныкөктің Орхон жазуы бар құлпытастары қағанат мәдениетінің жоғарғы дәрежеде дамығандығын көрсетеді. Ол ескерткіш 716 жылы жазылған. Ескерткішті алғаш рет Данияның ғалымы Томсон оқыған. VII ғасырда Батыс Түрік қағанатында жазба әдебиеті дамыған. Осы ескерткіштегі тасқа қашап жаздырып қалдырған Білге қағанның «Ілгері - күн шығысында, оң жақта - күн ортасында, кейін - күн батысында, сол жақта - түн ортасында-осының ішіндегі халықтың бәрі маған қарайды» деуі түріктердің қаншалықты зор мемлекет құрғанын көрсетеді. Жалпы алғанда түріктердің мәдениеті көп халықтарға қарағанда жоғары деңгейде болды. Сонымен, Батыс Түрік қағанатында әлеуметтік-экономикалық және саяси қатынастардың ала-құлалығына, үстемдік ету мен бағыну формаларының алуан түрлілігіне қарамастан, Батыс түрік қағанатында таптардың құрылу және ежелгі феодалдық қатынастардың біршама тез қалыптасу процесінің жүргені аңық.
16 Түргеш қағанаты (704-756 жж.). Батыс Түрік қағанатындағы 16 жылға созылған (640-657 жж.) екі тайпаның (Дулу мен Нишаби) арасындағы соғыс қағандықты саяси жағынан мүлде әлсіретеді. Батыс түрік қағанатының әлсіреп жатқанын білген Қытай Тан империясы оның жеріне басып кіреді. Түрік тайпалары, әсіресе, түргештердің саяси белсенділігінің арқасында және ұзақ жылдарға созылған соғыстың нәтижесінде тәуелсіздігін жеңіп алады. Сөйтіп, VIII ғасырдың басында Батыс түрік қағандығы құлап, оның орнына Түргеш қағандығы пайда болады (704 ж.). Олардың билеушсі Үш - Елік қаған (699-706 жж.) болды. Ол Жетісудан Бөрішадты қуып шығып, Ташкенттен Бесбалыққа дейінгі жерде өз үкіметін орнатады. Ол ордасын Шу бойындағы Суябқа орналастырды. Оның екінші ордасы Іле өзені жағасындағы Күнгіт қаласында орналасты. Саяси әкімшілік билік қағандықтың ең жоғарғы Басқағанның қолында болды. Ол қағандықты 20 әкімшілік аймақтарға бөлген. Әрбір әкімшілік аймақты тархандар басқарған, аймақтар 7000 әскер жинаған. Түргеш қағанатында Үш-Еліктен кейін оның ұлы Сақал-қаған (706-711 жж.) таққа отырды. Түргеш мемлекетінде ішкі бірлік болмады. Мемлекеттің сыртқы жағдайы да аса қиын еді. Сақал - қаған тұсында түргештер батыста соғдылармен бірге арабтарға қарсы табанды күрес жүргізіп жатты, оңтүстікте оларға Тан әулетінің әскері зор қауіп төндіріп тұрды, ал шығыс жағынан Орта Азия түріктері айбат шегумен болды. Шығыс түріктер қағаны Қапаған 711 жылы Болучу түбінде (Жоңғария) өткен соғыста түргештерді күйрете жеңеді, ал түргештердің қағаны Сақал тұтқынға түседі. Екі тайпаның арасындағы тартыста қара түргештер жеңіске жетіп, оның ішінде шапыш тайпасының тарханы Сұлық (Сұлу) қаған болады (715-738 ж.ж). Ол астанасын Тараз қаласына көшіреді.
Сұлудың қағандық құрып тұрған кезде Түргеш қағандығының ішкі - сыртқы жағдайының шиеленісіп тұрған мезгілі еді. Сұлу қағанға өз қағандығының тәуелсіздігі үшін екі жақтан күрес жүргізуге (батысқа және шығыска) тура келді. Батыстан басты жау арабтар болса, шығыстан Қытай өкіметі қауіп төндіріп тұрды. Сұлық қаған Тохарстандағы арабтарды біржола талқандау үшін 737 ж. ондағы Қарлұқтармен бірлесе отырып, ойдағыдый соққы берген. Ол соғыс майдандарында өзінің тікелей қатысуымен жеңістерге жетіп отырған. Сол үшін де арабтар Сұлу қағанға «Сүзеген» деген ат қойған. Сұлу қаған шығыстағы жағдайында бейтарап болу үшін әскери келісім шарт жасаумен қатар дипломатиялық әрекеттер жүргізген. Шығыс түрік қағанатының белгілі қағаны Білге қаған Тибет патшасының қыздарына құда түсіп, оларды құдандалық байланысты ұстап, саяси жағдайының шиеленісіп кетпеуіне аз да болса мүнкіндік туғызған. Халықаралық жағдайлардың Түргеш қағандығының пайдасы үшін шешілуіне саяси белсенділік көрсетіп жүрген Сұлу қаған Жетісуға оралған кезде 738 жылы өзінің бақталастарының қолынан құрбан болды. Оның қолбасшысы да 739 жылы Сырдарияның бойында арабтардың қолында мерт болды. Сұлудың орнына оның баласы Тұқарсын Құт - шар қаған болды. Алайда оның қағандық құрған мезгілі екі жылға ғана созылған. Бұл кезде сары және қара түргештердің арасындағы талас-тартыс ұшығып кеткен еді. Екі тайпаның арасындағы күрес 20 жылға созылып қағандықтың саяси және экономикалық жағы мүлде әлсірейді. Түргеш қағандығының мұндай ауыр жағдайларын біліп отырған қытайлар өздерінің Куш қаласындағы әскерлерін Жетусуға аттандырып 748 жылы Суябты жаулап алады. Одан соң Шашты (Ташкент) алып, оның әмірін өлтіреді. Шаш әмірінің баласы арабтарды көмекке шақырады. 751 жылы Таразға (Талас) жақын жердегі Атлах қаласы түбінде аббаситердің әскербасы Зияд ибн Салих пен Қытай қолбасшысы Гао Саяньжи арасында орасан зор соғыс болады. Айқас бес күнге созылады. Қытай әскері толық күйретіледі. Тан әскері енді Жетісу шебін ғана емес, ұйғырлар мен тибеттердің қысымымен Шығыс Түркістанды да тастап кетуге мәжбүр болады. Талас алқабында арабтар да табан тіреп тұралмай, Шашқа қарай шегініп кетеді. Бірақ ішкі қарқыс, жікке бөлінушілік Түргеш мемлекетін әбден әлсіретіп, тұралатып тастаған еді, сол себепті де ол 756 жылы (766) түрік тілді қарлұқтар тайпаларының тегеурінді шабуылына шыдамай құлайды. Сонымен 756 жылы Түргеш қағандығы құлап, оның орнына Қарлұқ қағандығы құрылады. Түргеш қағанаты Батыс Түрік қағанатының мемлекеттік-әкімшілік, әскери және әлеуметтік-мәдени дәстүрлерін жалғастыра берді. Археологиялық зерттеу жұмытарының кезінде Тараз, Баласағұн қалаларынан Түргеш қағанатының Қытай жазуымен жазылған төрт бұрышты теңгенің табылуы Қытаймен сауда қатынасының дамығандығын көрсетеді. Олай болса, сондай ауыр талас – тартысқа, соғыстарға қарамастан, Қазақстан жерінде түркі дәуірінде өмір сүрген бұл қағандықтардан тарихи із қалған.
18 Қарлұқтар 746 ж. Жетісуға батыс Алтайдан Қарлұқтар келді. Олар аймақты біртіндеп өзіне қаратып алады. УШ ғ. басында келе бастаған қарлұқтар,Х ғ. Балқаш, Іле, Ыстық қөл, Шу, Талас өнірлерін мекендейді. Астанасы- Суяб, кейіннен Тараз қаласы болды. Қарлұқтар да арабтарға қарсы аймақ күресіне қосылады. Ферғана, Сырдария бойын жаудан тазартуға үлес қосқан. Бірақ қарлұқтардың женісі көпке созылған жоқ. 791 жылы олар үйғырлардан соққы алады, 792 жылы қарлұқтар арабтардан женіледі. Ал 812 жылы ел басшысы - жабғы, үйғырлардың билігін мойындап, өзі Ертіске қашып кетеді. 840 жылы ұйғырлар Енисей қырғыздарынан женіледі де Турфан және Гуанчжоу маңына кетуге мәжбүр болады. Жауынан құтылған қарлұқтар өзінің тәуелсіздігін жариялайды. Ел басын «қаған» деп атайды. Таққа Испиджабтың басшысы Білге құл оты рады. Күшее бастаған қарлұктардан қорыққан саманидтер оларға қарсы күрес бастайды. Нәтижесінде қарлұктар ислам дініне кіреді. Қарлұқтар феодалдық мемлекет құрған әрі дамыған қалалары болған, мысалы, Тараз, Құлан, Мерке, Талғар,Тонг, Атлақ т.б. Олар Жібек жолының бойында орналасқан. Халқы дәстүрлі шаруашылықпен айналысқан, яғни, егіншілік, мал шаруашылығы, қол өнері. Мемлекеттің әлсіреп, дербестігін жоғалтуы ішкі феодалдық тартыстарментармен байланысты болды.
20 Оғыз және қимақтар Қазақ даласының саяси сахнасында ІХ ғ. басында Қимақ мемлекеті құрылады. Оның территориясы Ертістін бойы, яғни, солтүстік және Шығыс Қазақстанды алып жатты. Мемлекетке: эймур, ланиқаз, имақ, ажлар, құман, татар, қыпшақ, баяндур,қимақ ж.б. тайпалар кірген.
Қимақ қағанатында дамыған әскери - феодалдық қоғам болды. Террито- рия 12 ұлысқа бөлінген, оларды әскери көсемдер басқарған. Астанасы -Қимақия. Араб тарихшысы Әл - Идриси мемлекетте 16 қала болған, олардың 12-сі Ертістін бойында орналасқан деп көрсетеді. Мемлекетте салық жүйесі жұмыс істеген. Қоғамның негізгі кәсібі - мал шаруашылығы, егіншілік, қол өнері, балық аулау. Әлеуметтік теңсіздіктің нәтижесінде кейбір көшпенділер отырықшы тұрмысқа ауысып, егіншілікпен шұғылдануға мәжбүр болған. Оларды «жатақ» деп атаған. Қимақ қоғамы жан - жақтағы халықтармен соғыс пен бейбітшілік қатынастарда болып отырған, сауда қатынастары да дамыған, себебі, Ұлы Жібек жолның бір тармағы қағанат арқылы өтіп, әрі Сібірге кететін.
Мемлекеттің құлауына ішкі тартыстардың салдары және қыпшақ тайпа-сының келуі түрткі болды. Х ғ. аяғында Қимақ қағанаты Қыпшақ одағына
кірді. Сонымен, Қимақ мемлекеті 1Х ғ. басы мен Х ғ. аяғының аралығында өмір сүрген мемлекет.
1Хғ. - Х1ғасырдың ортасында Сырдарияның орта және төменгі ағыстарындағы аймақтың батыс даласында Оғыздар саяси одағы құрылды. Оғыздардың кең таралған жері Жетісу болып есептеледі. Ғасырлар бойы қалыптасқан Оғыздар, өз қатарына Сырдарияның бойында және Жетісуда тұрған ежелгі тұрғындарын топтастырған құрамында ирантілді тайпалар да болған. М. Қашқаридың мәліметі бойынша, Оғыздарда 24 тайпа болған, кейіннен 12- ге дейін қысқарған. Мемлекет «ұлыстар» мен «аймақтарға» бөлінген. Астанасы Сырдарияда Янгикент қаласы, басқаша Жаңа Гузия. Қала сауда жолында салынған және көшпенділер мен отырықшы кауымының тоғысында тұрған. Оғыз мемлекеті орталықтандырылмаған. Ел басы «жабғу». Ханды, елде қалыптасқан дәстүр бойынша, ақсүйектерден сайлаған.
Оның уәзірлері және кенесшілері болған. Сондықтан ханның билігі ірі әскери тайпалық аристократиямен шектелген.
Мұрагерін «инал» деп атаған, олардың тәрбиешілерін «атабек» деген. Ханның әйелі, «хатун», қоғамдық рөл ойнаған.Маңызды рөлді әскери қолбасшылар атқарған. Жоғарғы әскери қолбасшы «сюбашы» деп аталған, ол әскери кенеске сүйеніп, саясатқа белсенді қатысқан. Х ғ. аяғында мемлекетте басқару аппараты және тұрақты түрде салық жинайтын жүйе қалыптасқан. Оғыздар Еуразияда өте маңызды саяси рөл атқарған, көптеген мемлекеттермен түрлі қарым - қатынастарда болған. Мысалы, Киев князі Святославпен 965 жылы Хазарияға және Бұлғарияға қарсы одақ құрып, оларды жеңіліске ұшыратады.
Х1ғ. Оғыздар Иранға және Алдынғы Азияға жылжиды. Бұл жорықты Тоғрұл бек пен Чағры бек бастаған, Салжұқтың немерелері. Олардың соңынан ергендерді тарихта салжұқтар деп атаған. 1025 жылы салжұқтардың бір тобы Түрікмен жеріне тоқтаса, басқалары әрі қарай Иранға кетеді. Шапкыншы- лықтын нәтижесінде салжұқтар аумақта империя құрады, оған Кіші Азия, Иран, Кавказдын бір бөлігі және Орта Азия кірген. Х1 ғ. ортасында ішкі қайшылықтардың салдарынан Оғыз мемлекеті құлайды, ал оның халқының
бір шеті Қыпшақ Одағына кіріп, Дешті Қыпшақ даласының тайпаларымен араласады, басқалары Шығыс Еуропаға, Кіші Азияға, не Қарахан мемлекеті мен Иранға коныс аударады.
23 Ортағасырлық ғұлама ойшыл ғалым Әбу-Насыр әл - Фараби (870-950ж.ж.) Отырар қаласында туылған. Қала билеушісінің баласы деп айтылады. Өз қаласында білім алып, ол Бағдадқа барып оқуын жалғастырады. Әл-Фарабиді Шығыстың Аристотелі деп атады, себебі ол көптеген ғылыми салаларда шығармалар жазып, зерттеулер жүргізді. Оны энциклопедиялық дәрежедегі ғалым деп айтуға болады. Автор өзінің трактаттарың математика, философия, музыка, саясат, медицина, физика, заң, жаратылыс тану салаларына арнаған. Ол материалистік көзкараспен философиялық ой-пікірлер білдірген, мысалы, адам дүниені және оның негізгі мәнін сезім және парасат арқылы түсінеді. Қоғамдағы саяси-әлеуметтік процестерді ойлай келе, Әл - Фараби әділетті қоғам туралы пікірін «Әділетті қала тұрғындары» деген шығармасында көрсеткен. Ол әлеуметтік әділеттік, шындық орнату үшін күрескен.
29 Ақ Орда. 13 ғасырдың аяғына қарай Алтын Орданың ханы Батый Жошы Ұлысының шығыс өңірін, яғни қазіргі Арал теңізінің солтүстік-шығыс өңірін Жошының үлкен ұлы, өзінің ағасы Орда-Еженнің қарамағына береді. ХІV ғасырдың басында Алтын Орда мемлекеті ыдырап жатқан кезде, Орда Еженнің қарамағына берілген өңірде дербес Ақ Орда мемлекеті құрылады. Мемлекеттің территориясы: Арал теңізінің солтүстік-шығысы, Сырдария алқабынан Есіл, Сарысу өзеніне дейін; Ертіс өзені, Алтай тауларынан Жайық өзеніне дейінгі өңірлер. Ақ Орда халқы өзбек-қазақтар деп аталған. Қалалары: Сығанақ, Яссы, Сауран, Жент т.б. Ақ Орданың алғашқы ханы Сасы-Бұқа болды. Бұдан кейінгі Ақ Орда хандары Ерзен, Мүбәрәкқожа Алтын Ордаға тәуелділіктен құтылуға әрекет жасай бастады. Ақ Орданың күшейген кезеңі – Орыс ханның (1361-1377жж.) билік құрған уақыты. Ақ Орда ХІV ғасырдың 70 – жылдарында Алтын Ордадан Қажы Тарханды (Астрахань), 1374-1375 жылдары Алтын Орданың астанасы Сарай Беркені тартып алады.
Ақ Ордаға Темірдің жорықтары. ХІV ғ. 60 жылдарында барлас руынан шыққан Әмір Темір (Ақсақ Темір) Әмудария мен Сырдария аралығындағы Мәуренахрда мемлекет билігін қолына алады. 1370 жылы көктемде Мәуренахрдың әмірі болып, бұл билікті 35 жыл бойы қолында ұстайды. Әмір Темірдің басты мақсаты Ақ Орданы әлсірету болды. Әмір Темірдің көмегімен Тоқтамыс Орыт ханды өлтіріп, Ақ Орда ханы атанады. Тоқтамыс барлық Алтын Орда жерін басып алады. 1389, 1391, 1395 жылдары Әмір Темір Тоқтамысқа қарсы соғысқа 3 рет аттанады. Темір әскерінің саны 200000 болды. Нәтижесінде Тоқтамыс жеңіліп, Сібірге қашады. 1396 жылы билік Едігенің (билік құрған кезі 1396-1411 жж.) қолына көшеді. Едіге 1399 жылы Шәдібекке, 1408 жылы Болатқа билік тізгінін береді.. Өзі 1406 жылы Тоқтамысқа жорыққа аттанады. 1411 жылы Қырым ханымен шайқаста хандық билік Болаттың қолынан шығып кетеді. 1419 жылы Едіге қайтыс болады. 1423-1428 жылдары Орыс ханның немересі Барақ хан Ақ Орданың билігін қолына алады. 1426 жылы Барақ Темір әскерін жеңеді. Барақ өлгеннен кейін 1428 жылы Ақ Орда ыдырады. Көптеген территориялар Шайбани Әбілхайырдың билігіне өтеді. Ақ Орда ХІV- ХV ғасырларда Казақстан аумағындағы феодалдық мемлекет болды. Мемлекет басында Шыңғыс тұқымынан шыққан хандар отырды.
32 Қыпшақтардың шетелдер тарихындағы рөлі Шыңғыс ханның Отырарды ойрандауынан кейін, қыпшақтар тарихтағы өз орнын жоғалтады. Монғол шапқыншылығынан кейін, қыпшақтардың кейбір тармақтары Венгрияға, Византияға қоныстанады. Енді бір тобы Сирия мен Египетке құл ретінде сатылады. 1250 жылы Бейбарыстың басшылығымен Мысырдағы қыпшақтар хандық билікті қолына алады. Мысырдағы қыпшақтар хандық билікті атадан балаға мұрагерлік жолмен беріп отырған. Қыпшақтар Ресеймен, Византиямен, Үндістанмен, Венгриямен сауда экономикалық, мәдени байланыстар жүргізген. Орыс деректерінде қыпшақтарды половцы деп атаған. Яғни сарғылт түстілер. Еуропалық деректерде кумандар деп атаған. Венгрия жеріндегі Мажарстанда қыпшақтар мекен етеді.
34 Қазақ жүздерінің құрылу тарихы. Жүз атауы шаруашылық аймақ деген мағынаны да білдірген. Қазақ жүздері туралы мәліметтер жазба деректерде ХVІ ғасырдан бастап кездеседі. Олардың пайда болуы Қазақстанның табиғи климаттық жағдайларына, халықтың көшпенді өмір сүруіне байланысты. Ұлы жүз Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанда, орта жүз орталық және Солтүстік Қазақстанда, кіші жүз Батыс Қазақстанды мекендеді.
Ұлы жүз: Жалайыр (ноқта ағасы) Дулат (Төле би, Бауыржан Момышұлы шыққан), Албан, Суан, Сарыүйсін, Шапырашты (Жамбыл, Сүйімбай, Н.Назарбаевтар шыққан), Ысты (Д.Қонаевтің елі), Ошақты, Қаңлы, Сіргелі, Шанышқылы, 2. Орта жүз: Арғын (ноқта ағасы, Қазыбек би шыққан), Найман, Қыпшақ, Қоңырат, Керей,Уақ, Тарақты.3. Кіші жүз: 12 ата Байұлы, 6 ата Әлімұлы 7 ата Жетіру Байұлы: Адай, Алтын, Жаппас (Алтын-Жаппас), Алаша, Таз, Беріш, Байбақты, Масқар, Шеркеш, Есентемір, Ысық, Тана, Қызылғұрт. Әлімұлы: Қарасақал, Қаракесек, Төртқара (Әйтеке би шыққан), Кете, Шөмекей, Шекті.Жетірудан: Табын, Тама, Кердері, Керейт, Телеу, Рамадан, Жағалбайлы. Бүгінгі қазақтар – Еуразия құрлығында мыңдаған жыл елдік құрған, Қадыр Мырза-Әлі айтқанындай: «Қытайға ұлы қорған салдыртқан» ежелгі ғұндардың, сақтардың, үйсіндер мен көк түріктер т.б. көшпенділер мәдениетінің заңды жалғасы болып табылады. Тарих сахнасына бірінен соң бірі шыққан көшпенділердің бітіспес жауы-отырықшылар еді. Әбіл мен Қабылдан басталған осы бітіспестік ХІІІ ғасырдағы ұлы Шыңғыс заманынан да өтіп, даңқты Әмір Темір дәуірін де артқа тастады. Әлемді ат дүбірімен дірілдеткен көшпелілер дәуренінің, дәуірінің жұқарған жұқанасындай, ХҮ ғасырдың ортасында дербес Қазақ хандығы құрылды. Қазіргі қазақ ұлтының жалпы түркіліктен өзгешеленіп, шынайы қазақтық қалыптасуы осы кезеңнен басталды.
35 Қазақ хандығының құрылуы туралы Мұхаммед Хайдар Дулати«Тарих-и-Рашиди», Әбілғазы «Шайбани наме», «Түріктер шежіресі», Шайбани Рузбинхана «Михбани-наме» және басқада деректерде айтылған. Әбілхайыр құрған «көшпелі өзбектер» мемлекетінің территориясы XV ғ. орта шенінде Сырдариядан Сібір хандығына дейінгі Ұлан байтақ жерді алып жатты. Алайда бұл мемлекеттің ішіндегі өкімет үшін күрес бір сәтте толастаған жоқ. Әбілхайыр хан өзінің саяси душпандарын-Жошы әулетінен шыққан сұлтандарды құдалауын тоқтатпады. Өкімет үшін күрес барысында Дешті – Қыпшақтан өздерін қолдайтын жеткілікті күш таба алмаған Ұрыс ханның шөберелері-Керей мен Жәнібек XV ғ. 50 жылдары орта шенінде қарамағандағы ауылдарымен Шу өзенінің бойына көшіп кетуге мәжбүр болды. Осы оқиғалар жөнінде Мұхаммед Хайдар Дулати өзінің “Тарихи -Рашиди” атты шығармасында былай деп жазады: «Ол кезде Дешті-қыпшақ Әбілхайыр хан биледі және Жошы әулетінен шыққан сұлтандарға күн көрсетпеді. Нәтижесінде Керей мен Жәнібек Моғолстанға көшіп барады. Есенбұға хан оларды құшақ жая қарсы алып, Манғолстаның батыс жағындағы Шу мен Қозыбас аймақтарын берді. Сөйтіп, 1465-1466 жылдары Шу мен Талас өзендерінің алқабында Қозыбасы тауының маңында Қазақ мемлекетінің негізін салған дербес қазақ хандығы құрылды. Жасының және жолының үлкендігіне қарай Керей алғашқы қазақ хандығының тағына отырды. (1458-73 ж.) одан кейін Жәнібек (1473-1480) Жетісуда берік қорғанысы бар Жәнібек пен Керей Жошы әулетінен шыққан сұлтанның Шығыс Дешті Қыпшақты билеу жолындағы күресіне қосылды. Бұл 1468 жылы Әбілхайыр өлгеннен кейін қайтадан өршіді. Соның нәтижесінде XV ғ. 70 жылдары қазақ хандығының шекарасы кеңейді.
Оңтүстік Қазақстан қалалары үшін Шайбани әулетімен арадағы соғыстар Жәнібек ханнан кейін қазақ хандығының тізгінін ұстаған Мұрындық хан (1480-1511 жж.) тұсында да тоқтамады. Мұрындық(Керейдің баласы). Олардың кезінде хандық Сырдария қалалары үшін күрес жүргізіп, нәтижеге жетеді. Хандыққа Сығанақ, Созақ, Отырар,Түркістан қалалары қосылады. Олар Жібек жолында тұрғасын, мемлекетке зор экономикалық пайда әкеледі. Қасым хан тұсында және Хақназар хан тұсында қазақ хандығы нығая түскен.
38 16-17 ғасырлардағы қазақ хандығының басқару жүйесінің әлеуметтік құрылымы. Хандар кезеңінде қазақ қоғамы бір-біріне қарама-қарсы негізгі әлеуметтік топтан – ақсүйектер мен қарсүйектерден тұрды, олардың экономикалық жағынан ғана емес, саяси және құқтық белгілері жағынан да айырмашылығы болды.
Шыңғысханның әке жағынан тарайтын, хан болмаған ұрпақтарын білдіру үшін сұлтан терминімен қатар «төре» немесе «оғлан» термині қолданылған. Алайда «төре» деген сөз сұлтандарды ғана емес, неғұрлым көп адамдарды – жалпы алғанда көрнекті және атақты адамдарды да, қазы, билерді де білдіру үшін қолданған.
Ұлыстарды басқару сұлтандарға ұлыс адамдарына әскери-саяси билік етуге де, іс жүзінде жайылымдарды, су көздерін және т.б. билеп-төстеуге де құқық беретін еді. Әрбір ұлыс сұлтаны ұлыс аумағының мұраға алатын құқығы бар жеке иеленуші емес, ең алдымен ұлысты басқару және ұлыс әскеріне қолбасшылық ететін құқығы бар билеушісі болды. «Сұлтанды немесе қожаны өлтірген адам, - делінген «Жеті Жарғы» қаулыларында, - өлтірілген адамның туыстарына жеті адамның құнын төлейді. Сұлтанға немесе қожаға тіл тигізіп ренжіткен 9 мал, ал қол тигізген 27 мал төлеумен жазаланады». Қоғамның басқа мүшелері алдындағы тағы бір артықшылығы – оларға дүре соғуға болмады және билер соттамады. Шыңғысханның ұрпақтарын сұлтан немесе ханның өзі соттайтын болды. Әңгімелескен кезде қарапайым адамдардың оларды атымен атауына болмайтын еді, есімінің орнына тақсыр (мырза) деген қолдануға тиіс болды. Сұлтанмен кездескен кезде кез-келген қарапайым адам атынан түсіп, онымен бір тізесін бүгіп тұрып сәлемдесуге тиіс болған. Сәлеміне жауап ретінде сұлтан оның иығына қолын салған. Сұлтанның үйі ақ киізбен жабылған. Ақсүйектердің барлық өкілдері тек қана ақ киіздің үстінде отырған. Сұлтандар (әскери міндеткерліктен басқа) ешқандайда міндеткерліктер атқармады. Қазақ ұлысы барлық сұлтандардың «Асқар» деп аталатын бір ғана ерекше ұраны болды, оны қарапайым халық – қарасүйектер қолдануына болмады.
Шонжар ақсүйектер тобына қарама-қарсы хандықтың өзге халқы қарасүйек деп аталады. Қарасүйек адамдардың әр-түрлі категорияларын атау үшін бірнеше термин: қараша, қаракісі, құлқұтан, шаруа, бұқара терминдері қолданылды.
Әлеуметтік қарасүйектер тобында рулар мен тайпалардың басшылары – билердің ғана ерекше құқықтары болды. Би деген сөз бұрынғы бек сөзінің кейіннен өзгерген түрі болып табылады және деректемелерде ХҮ ғасырдан ерте кездеспейді, ал түріктердің «бек» деген сөзі моңғолдардың «ноян» және арабтардың «әмір» деген сөздеріне сәйкес келеді.
Көшпелі қазақтар қоғамында жеке басы еркін адамдардан басқа, бас бостандығы жоқ еркектер (құлдар) мен бас бостандығы жоқ әйелдер (күңдер) болған.
ХҮІ-ХҮІІ ғасырлардағы қазақ қоғамы игі жақсыларының тобына батырларды да жатқызуға болады. Түрік-моңғолдың «батыр», «баһадүр» сөзі бастапқыда шайқас алдында жауын жекпе-жекке шақыратын батыл, ержүрек адамды білдірген. Шыңғысхан кезінен бастап батыр – «феодалданған әскери-көшпелі шонжарлардың» өкілдеріне берілетін феодалдық иерархия атақтарының бірі, сондай-ақ шайқаста жеке басының көрсеткен ерлігі немесе соғыс қимылдарына шебер басшылық еткені үшін хан немесе сұлтандар аталатын құрметті атақ. Бұл сөз атақ ретінде адамның атына қосылып айтылған.
39 Есім және Жәңгір хан тұсындағы қазақ хандығы Тәуекелден кейін Қазақ хандығының тағына отырған Есім хан (1598-1628) бүкіл саналы өмірін ат үстінде өткізген, Қазақ хандығының шекарасын кеңейту, қорғау жолында халқына өлшеусіз қызмет етті. Халық оны "Еңсегей бойлы ер Есім" деп атады.
Есім ханның кезінде Бұқар ханы Иманқұл, Ташкент, Түркістан аймағын қайтару үшін 1612-1620 жылдары қазақтарға бірнеше рет соғыс ашты. Бұл соғыстарда қазақтар өз жерлерін қорғап қалды.
Сонымен бірге Есім ханның кезінде қазақ жеріне ойрат тайпалары да бірнеше рет шапқыншылық жасады. Бұл шапқыншылықтарға қазақтар тойтарыс беріп отырды. Есім ханнан кейін қазақ хандығының тағына оның баласы Жәңгір отырды.
1635 жылы Батыр Қонтайшы бытырап жүрген ойрат тайпаларын біріктіріп, Моңғолияның батыс аймағында Жоңғар мемлекетін құрды. Бұрынғы бытырап жүрген ойрат тайпалары біріккеннен кейін Қазақ хандығына үлкен қауіп туғызды. Осы кезден бастап жоңғарлардың Қазақ жеріне ірі шапқыншылықтары басталды.
Жәңгір хан басқарған жылдары қазақтар мен жоңғарлардың арасында үш ірі соғыс болған. Біріншісі 1635 ж., екіншісі 1643 ж., үшіншісі 1652 жылы. 1643 жылғы ұрыста қазақтар екі таудын арасына ор қазып, жоңғарларға қарсы соғысты. Осы соғыста Жәңгір хан 6 мыңдай әскерімен 50 мың жоңғарларға тойтарыс берді. Осы ұрыста Жоңғар ханға Самарқан билеушісі Жалаңтөс Бахадүр 20 мың әскерімен көмекке келген.
Жәңгір хан 1652 жылы кезекті қазақ-жоңғар соғысында қаза табады.
41 16-18 ғасыр басындағы қазақ орыс қатынастары Қазақ-Ресей байланысының ұзақ тарихы бар. Ол сонау XVI ғасырдан бастау алады. Қасым хан тұсында Ресей патшасы Василий ІІІ дипломатиялық қатынас орнатты. Тәуекел, Хақназар тұсында Т. Яебуков және Степанов елшіліктері келген. Ол кезеңде олар, негізінен, дипломатиялық және сауда-саттық қатынастарымен шектелді. Мәселен, Орта жүз қазақтарының XVI ғасырда Строгановтармен сауда байланыстары- ның болғаны мәлім. XVII—XVIII ғасырларда Батыс Сібірдің әскери жоне шенеуніктік тобы қазақтарды қырғыздар деп кате атап келді. Қазақ хандығының Ресеймен белсенді араласқан байланысы XVIII ғасырдың алғашқы үштен біріндегі кезеңге сәйкес келеді. Ондай байланысқа екі жақ та мүдделі болды. XVIII гасырдың бас кезінен-ақ Ресей Қазақ хандығына елшілер жіберуді жиілете бастады. 1716 жылы қазақ даласында Тобыл бояры Никита Белоусов, 1717 жылы — Борис Брянцев пен Федор Жилин болып қайтты. 1719 жылы Колмаков, Урусов және Сомов бастаған елшілік Зайсан көлі мен Қара Ертісті зерттеу үшін жіберілді. 1713 және 1720 жылдары Жоңғарияға Иван Чередов деген орыс елшісі барды. Ал 1722 жылы — Унковский бастаған елшілік келді. Іс жүзінде алғанда, бұл елшіліктердің бәрі де қазақтардың көшіп-қонып жүрген жерлерін басып өтті. Ресей сауда-саттық, одақтастық қатынастардың мәселелерін ретке келтірумен қатар Қазақ хандығын өз қол астына қаратудың жолдарын да іздестірумен болды. Патша үкіметінің ондай арам ниетті іс-әрекеттері қазақ елінің билеушілері тарапынан қатты қарсылық тудырды. Шекара аудандарында жерге талас негізінде шиеленісті оқиғалар болып жатты. Қазақтардың билеушілері өздерінің солтүстіктегі көршісімен сауда-саттық байланысын орнатуға көбірек мүдделілік танытты. Олар өз тарапынан Ресеймен әскери одақ құруға бірнеше рет әрекет жасады. Өйткені шығысындағы Жоңғариямен әскери-саяси тұрғыда қарама-қарсылық туындай бастаған болатын. Ресеймен әскери одақ құру әрекеті алғаш рет XVIII ғасырдың бас кезінде жасалды. 1716 жылы Қайып хан Ресейге елші жіберіп, жоңғарларға қарсы бірлескен күрес жүргізуді көздеді, кейінгі жылдарда да қазақ елшілері бірнеше рет барып қайтты. Орыстармен әскери одақ құру әрекеттерін Кіші жүздің ханы Әбілқайыр да жасап көрді. Алайда Ресей Швециямен болған ұзақ та ауыр соғыстан кейін қазақ хандарының ұсынысына кұлық білдіре қойған жоқ. Патша үкіметі тек 1731 жылы 19 ақпанда кіші жүзді Ресецй құрамына алады.
42 ХҮІ-ХҮІІІ ғ. мәдениет
ХҮІ-ХҮІІІ ғасырлардағы жыраулар поэзиясының аса ірі өкілдері – Шалкиіз (Шалгез) Тіленшіұлы (1465-1560), Доспамбет жырау (шамамен 1490-1523), Жиембет Жырау (ХҮІІ ғ.), Марғасқа жырау (ХҮІІ ғ.), Ақтамберді жырау (1675-1768), Тәтіқара ақын (ХҮІІІ ғ.), Үмбетей жырау (1693-1787).
Қазақ хандығының мемлекеттік құрылысының өзіндік ерекшелігі, халық өмірінің ерекше жағдайлары мен өзіндік ерекшелігі бар қазақ қоғамы «билер сөзі», «билер айтысы», «билер дауы», «төрелік айту», «шешендік сөздер» деп аталатын көркемдік мәдениеттің бірегей түрін туғызды.
ХҮІ-ХҮІІІ ғасырлардағы би-шешендер арасында мемлекеттік және қоғамдық қызметінің маңыздылығы жағынан, шешендік өнерінің күші мен поэтикалық шеберлігі жағынан Төле би Әлібекұлы (1663-1756), Қазыбек Келдібекұлы (1665-1765) және Әйтеке Байбекұлы (1687-1766) ерекше бөлек орын алады, олар Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар Ресейде, Жоңғария мен Цин империясында танымал болған.
Қазақ халқының рухани мәдениетінде жазбаша әдебиет те дамыды, ол негізінен алғанда сарай маңындағы ортада және көбінесе тарихи шығармалар түрінде қалыптасты.
Тарихта сақталған шежірелік және наративтік деректемелер ретінде ғана емес, сонымен қатар соңғы орта ғасырдағы Орта Азия мен Қазақстанның түрік халықтары көркем әдебиетінің ескерткіштері ретінде де маңызы бар шығармалар аз емес. Олардың ішінен Захир ад-дин Бабырдың (1483-1530) «Бабыр наме», Камал ад-дин Бинаидың «Шайбани намесін», Мұхамед Хайдар Дұғлатидің (1499-1551) «Тарихи Рашидиін», Қожамқұл бек Балхидің «Тарих-и Қыпшағын», Қадырғали бектің (1555-1607) «Жами-ат-таварихын», Әбілғазы Баһадүрдің (1603-1664) «Түрік шежіресін» және басқаларын арнайы бөліп көрсетуге болады. Бұл авторлар тек оқиғаларды суреттеумен және билеушілер генеалогиясының тарихын баяндаумен ғана шектелмеген. Олар өз суреттемелеріне қоса көркем бейнелер жасап, ауыспалы мән беріп отырған, кейде шайқастардың немесе басқа оқиғалардың әдеби көріністерін беріп, өздерінің сөз саптауларын алуан түрлі айшықты топтармен әрлендіре түскен, хикаяларына өздерінің сирек кездесетін поэтикалық таланты мен кең көлемді эрудициясы бар екендігін дәлелдейтін өлең жолдарын енгізіп отырған.
Қазақ халқының тұрғын-үй – материалдық мәдениеттің тамаша ескерткіші. Қазақтың киіз үйі ағаш сүйегі мен киізден тұрады. Ағаш сүйегі мынадай төрт бөліктен тұрады: 1) құрастырмалы-жиналмалы қабырғасы – қанат, олардан киіз үйдің қабырғалары (кереге) құралады; 2) күмбез сүйегі (уық); 3) дөңгелек төбесі (шаңырақ); 4) есік немесе сықырлауық. Ағаш сүйектің әрбір бөлігіне белгілі бір киіз жамылғы сәйкес келеді, оларды шебер қазақ әйелдері жасайды, олар: 1) керегелерге тұтылатын туырлық, олар бірнешеу; 2) үзік күмбезге жабылады, олар екеу; 3) түндік – шаңыраққа жабылатын шаршы киіз; 4) Киіз есік – киіз үйдің есік ойығын жауып тұратын ұзынша киіз.
Қанаттың тор көзі ортасынан қиғаштап жіңішке қайыстармен (көк) біріктірілген шағын кереге ағаштарынан құралады, уықтар жиынтығы жеңіл де қатты, өңдеуге жақсы талдан жасалды. Дөңгелек шаңырақ қайыңнан иілген екі жарты шеңберден құрастырылады, ал есігі екі жаққа айқара ашылатын қос жақтаулы етіп қарағайдан жасалады.
Керегелерінің санына қарай киіз үйлер: 6 қанатты, 7 қанатты, 8 қанатты және т.б. үйлер болып бөлінеді, яғни керегелерден құралатын қанаттары неғұрлым көп болса, киіз үй соғұрлым үлкен болады. Киіз үйдің сүйегі киізбен жабылып, арқанмен бекітілген. Қыста жылы болу үшін киіз үйді екі қабат киізбен қауып, керегеге әсем өрнектелген ши тұтылған. Еденге әдетте киіз, тері, кілемдер төселген. Көшпелінің киіз үйінің ортасында күз бен қыс айларындағы суықта үйді жылытып тұратын ошақ орналасқан.
Қазақтың темір ұсталары негізгі еңбек құралдарын, балта, пышақ, қырықтық, шеге және басқаларын жасады. Темір ұсталары сонымен қатар басқа да шаруашылық-тұрмыс заттарын, қару жарақтар, найзалар менжебелердің темір ұштарын соққан. Қазақтардың негізгі қаруы қылыш пен садақ болатын. Жауынгерлік қарудың басқа түрлерінен айбалта, шоқпар, жалғыз сапты күзді, екі басты шоқпар, бір шоқ жылқы қылымен шашақталып, қарсыласын ерден жұлып алып үшін ілмек жасаған ұзын найза аталады.
Қазақстанның жоңғар шапқыншылығы қарсаңындағы ішкі саяси жағдайы. 1635 жылы Жоңғар мемлекеті құрылды. XVII ғасырдың аяғында және XVIII ғасырдың басында қазақ қоғамының өндіргіш күштері өте баяу дамыды, өндірістік қатынастар бұрынғысынша патриархаттық – феодалдық калпында еді. Көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы көбіне табиғаттың стихиялық күштеріне байланысты болды. Феодалдыққа негізделген тәуелді мал өсіруші шаруалардың еңбек өнімділігі мардымсыз еңбек болып қала берді. Қазақ қоғамының экономикалық базис-(негізі)-көшпелі мал шаруашылығы Қазақстан территориясында мемлекеттің дамуы мен нығаюының алғы шарттарының жасалуына едәуір кедергі болды. XVII ғасырдың ақыры мен XVIII ғасырдың басында Қазақ хандығы ішкі-сыртқы аса ауыр жағдайға тап болды. Қазақ хандығына үстемдік еткен әскери феодалдық шонжарлар арасында ішкі тартыс пен алауыздық ұлғая берді. Қазақ хандығы өз ішінен үш жүзге (Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз) жіктелетін еді. Бұл дәуірде әр жүзді билеген кіші хандар үш жүздің ұлы ханына (Қазақ хандығының ханына) сөз жүзінде бағынғанымен, іс жүзінде өз алдына жеке саясат жүргізе бастады. Әрбір жүздің қарауындағы ұлыстарды билеген сұлтандар да дербестікке бой ұрды. Сөйтіп, Қазақ хандығы XVII ғасырдың аяғында XVIII ғасырдың басында негізінен саяси жағынан бытыраңқы ел болып қала берді. Саяси берекесіздіктің экономикаға тигізген зардабы күшейіп, жүздердің арасындағы шаруашылық байланыстар бұрынғыдан да әлсіреді. Жоңғар феодалдарының шапқыншылығы салдарынан көшпелі және жартылай көшпелі аймақтармен қала-қыстақ арасындағы шаруашылық байланыс және сыртқы базарлармен сауда-саттық байланыс үзіліп қалып отырды. Бұл жағдайлар халықтың шаруашылығы мен тұрмысына қыруар қыйыншылықтар туғызды. Елдің экономикалық өмірінде үлкен рөл атқарып келген Оңтүстік Қазақстандағы қолөнер мен сауда орталығы болған калалар құлдырап кетті. 1718 жылы Тәуке хан қайтыс болды. Қазақ халқының басына зор зобалаң бұлты төнді. Қазақтың феодал шонжарлары арасындағы алауыздық, хандыққа таласқан өзара қырқысқа айналды. Тәукенің орнына отырған Болат ханның атағы ғана болды. Жүздерді билеген кіші хандар өз алдына дербестеніп, Қазақ хандығы саяси жағынан бөлшектенді: Орта жүзді Сәмеке хан мен Күшлік хан биледі. Ұлы Жүзді Жолбарыс хан биледі, Кіші жүзді Әбілхайыр хан биледі. Ең беделді деген Әбілхайыр ханның билігі де Кіші жүзге тұтас жүрмеді. Барақ сұлтан мен Қайып сұлтандар өз иеліктерін жеке басқарды. Бөлшектенген бытыраңқы хандар мен сұлтандар жауға қарсы күш біріктіре алмады, нәтижесінде үрдіс-ұдайы шабуыл жасап, жоңғарлар жеңіске жетіп отырды. Жоңғарлардың жеңісінің негізгі себебі, жоңғар әскерлерінің жауынгерлігінде емес, қазақ хандарының өзара қырқысуында еді. Мұны өз заманындағы тарихи жазба деректер дәлелдейді: «1718 жылдың көктемінде Аягөз өзенінің бойында қазақ жасақтары мен жоңғар әскерлерінің арасында болған үш күндік қан төгіс ұрыс, алғашқы екі күннің ішінде қазақтар бір шама ойдағыдай ұрысса да, соңы қазақ жасақтарынның жеңілісімен аяқталды... Орыс елшісі Бранцевтің айтуына қарағанда, ұрыс қатты болған. Қазақтың жеңілуіне себеп: екі ұдай болып жауласып жүрген Әбілхайыр сұлтан мен Қайып сұлтанға қараған жасақтардың әскер басшылары өздерінің соғыс қимылдарын келісіп жүргізбеген» . Қазақтардың жеңіліске ұшырау себебі қазақ хандары арасындағы феодалдық тартыстан болып отырғаннын Орынбор экспедициясының бастығы И.Крылов ақын айтқан. Ол: «егер жалпы ауыз бірліктері болса қазақтар басқыншыларды жеңіп шыға алған болар еді, бірақ олардың бір ханы соғысқа шығатын болса, екіншісі соғысуды қояды. Сөйтіп, өздерінің иеліктерін қалмақтарға жем қылып, жұрдай болып шыға келеді» деп жазады. Сонымен, XVIII ғасырдың 20-жылдарында Қазақ хандығының бөлшектенуі және қазақ жоңғар қатынасының шиеленісуі қазақ халқын қатты күйзелтті.
«Ақтабан шұбырынды, Алкакөл сұлама» жылдары. 1718 жылы Тәуке хан қайтыс болған соң, қазақ феодалдарының арасындағы қырқыс пен алаусыздықтың өршуі, қазақ жүздерінің дербестеніп, бір-бірінен алшақтауы Қазақ хандығын саяси жағынан бөлшектенген елге айналдырып, оның әскери-саяси күшін мейлінше әлсіреткен еді. XVIII ғасырдың басында жоңғар хандығының өзіне Цинь билеушілерінің тарапынан шапқыншылыққа ұшырау қауіпінің төнуі жоңғар билеушілерін қазақ жүздеріне қарсы неғұрлым батыл әрекет жасаудан тежеп отырды. Бірақ 1722 жылы Қытай императоры Қансидің, өлуінен кейін бұл қауіп біраз уақыт азайды, 1723 жылы жоңғар-қытай бітімі жасалды. Шығыстағы өз тылын қауіпсіздендіріп алғаннан соң, жоңғар қонтайшысы Цеван-Рабтан қазақтармен соғысуға белсене әзірлене бастады. Қазақ хандықтарының саяси бытыраңқылығын пайдаланып және алдағы соғысқа мұқият әзірленіп, жоңғар билеушілері 1723 жылы өз әскерлерін Қазақстан жеріне қаптатты. Нақ осы жылы қазақтың ауызша аңыздарында «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл-Сұлама» деп аталған «сұрапыл апаттың» басталған жылы деп есептеледі. Барған сайын аясы тарылған аз ғана жерде қыс қысымын көріп күйзеліп, жұтап шыққан елге 1723 жылы көктемде жоңғарлар тұтқиылдан шабуыл жасады. Олардың қалың қолы Қазақстанның Оңтүстік аудандарына басып кіріп, Қаратаудан асып, Талас өзенінің алабына дейін жетті. Қапыда қалған қазақтар үйлерін, мал-мүлкін тастап босып кетуге мәжбүр болды. Жоңғарлар халықты аямай қырды, Талас, Боралдай, Арыс, Шыршық, Сырдария өздерінен өткен кезде талай адам өлді. 1724-1725 жылдары жоңғар феодалдарының әскерлері Сырдария алабындағы отырықшы егінші ауылдар мен қалаларды ойрандап, Қазақ хандығына қарасты Ташкент, Сайрам, т.б. қалаларды басып алып, талан-таражға ұшыратты және қиратты. Жетісу мен Сырдария өңіріндегі егістік жерлер құлазып, қалалар қаңырап, қолөнер, сауда орталықтардан қол үзу елдің экономикасын қатты күзелтті. Жаудың тұтқиылдан жасалған жойқын жорығынан есі шығып, бас құрып тойтарыс беру мүмкіндігінен айрылған қазақтар тоз-тоз болып жосып, Сырдария өзенінің ар жағына өтті, Орта жүз бен Ұлы жүз қазақтарының бір бөлігі Шыршық өзенінен ары кетті. Қазақтардың біразы Алқакөл маңынан Бухара мен Самарқаға қарай ағылды. Ал Кіші жүз қазақтары Сауран қаласын айналып, қазіргі Шиелі, Қызылорда тұсынан Хиуаға қарай беттеді. Қазақ халқы өз өміріндегі аса ауыр апат, зор зобалаңға тап болып, адам айтқысыз аянышты күндерді басынан кешірді. Атақоныс, құтты мекен, мал-мүлкінен және баспанасынан айырылып, аш-жалаңаш, жаяу-жалпы шұбырған қарапайым халық бұқарасы жаздың қайнаған ыстығында қағыр далада қаңғырып шөлден қырылды. Қыстың ақ қар, көк мұз қақаған аязында күн көрісі малын жұтатын, үсіп өлді. Әйелдер мен балалар және қарт адамдар адам төзгісіз жол азабына шыдай алмай, жапан түзде қалып аштан қырылды. Бұл ауыр оқиға қазақ тарихында «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деп аталады. Мұның мәнісі: атамекен, мал-мүлкінен айырылып, жаяу-жалпы, аш-жалаңаш босқан ел шұбыра-шұбыра табаны ағарып, «Алқакөлдің түбіне барып сұлау» деген сөз екен. «Ақтабан шұбырынды» апатында зар заманды басынан кешірген қалың қазақ қауымы өзінің аянышты ауыр халі мен көңіл-күйін бейнелейтін «Елім -ай» сынды мұңлы ән шығарды. 1757 жылы Қытайлар Жоңғараларға шапқыншылық жасап жоңғар мемлекеті тарих сахынасынан жойылды.
52 Абылай ханның ішкі сыртқы саясаты Абылай хан 1711 жылы қанішер Абылай ханның баласы Уәли сұлтанның шаңырағында дүниеге келген. Оның азан шақырып қойған аты Әбілмансұр болатын. Жоңғарлар Түркістанды алып, Уәли сұлтанды өлтірген кезде, 13 жасар бала мүлде панасыз қалады да, Әбілмансұр Ораз дейтін құлының арқасында жан сақтап, бұғанасы бекиді. Төле бидің түйесін бағады және оны жұрт Сабалақ деп атап кеткен. Абылай ханның ішкі саясаты. 1771 жылы Абылайды жалпы қазақ ханы етіп сайлау үшін жағдай жасалды. 1771 жылдың күзінде ұзақ уақыт бойы ақылдасқаннан кейін барлық үш жүздің өкілдері жаңа ханды сайлау үшін хандықтың ежелгі астанасы Түркістан қаласына келді. Абылайға ықпалды жырау Бұқар Қалқаманұлы, Әбілпейіз және Болат сұлтандар, Нұралы ханды қоспағанда, Кіші жүз қазақтарының билеушілері, Орта жүз бен Ұлы жүздің өкілдері сөзсіз қолдау көрсетті. Халық жиналған кезде қазақ дәстүрі бойынша Абылайды ақ киізге көтеріп, үш жүздің ханы етіп жариялады. Абылай Қазақ хандығының бірлігін қалпына келтіре алды. Бүкілхалықтық мойындауға және үш жүздің ханы атағына қарамастан, Абылайдың билігі шексіз билік болған жоқ. Сұлтандардың едәуір бөлігі әсіресе Барақ сұлтан мен Әбілмамбет ханның ұрпақтары Абылайды тақты заңсыз иеленді деп санады. Хан билігіне наразы болған кейбір ру басылар оны тіпті әскери күшпен құлатуға да тырысты. Дағдылы құқықпен шектеулі Абылай, Ш.Уәлихановтың айтуынша, сұлтандар мен рубасылардың бетімен кетуін ауыздықтауға ұмтылды. Абылай өзгерген сыртқы саяси жағдайда аман қалу үшін Қазақ хандығының саяси жүйесін көбірек орталықтану жағына қарай өзгерту қажет екенін өте жақсы түсінді. Бұған жету үшін хан бірнеше бағытта әрекет жасады. Біріншіден, Абылай биліктің орталықтандырылуын нығайтуға ұмтылды. XVIII ғ. бірінші ширегінде әрбір ру бірлестігі іс жүзінде автономиялы болды және оларды өздерінің билері, рубасылары басқарды. Бұл жүйе жағдайында хан көп жағынан билердің еркіне тәуелді болды және оның жекелеген рулар деңгейінде шешім қабылдауға ықпал етуге үлкен мүмкіндіктері болмады. XVIII ғ. 20-30 жылдарында бұл жүйе өзгере бастады, сұлтандардың рөлі арта түсті. Абылай хан үш жүзді өзінің туыстары, балалары арқылы билей бастады. 1774 жылы Әділ сұлтан Ұлы жүздің бір бөлігінің билеушісі болып тағайындалды, Солтүстік – шығыс Жетісуды оның бір баласы Сүйік, Орталық Қазақстанды Қасым билік етті. Орта жүз бен Ұлы жүздің барлық жері хан балалары арасында бөлінді. Тек, Кіші жүзде және Орта жүздің батыс бөлігінде Қайып ұрпақтары, Орталық Қазақстанның кейбір аудандарында - Барақтың ұрпақтары, ал Қытаймен шекара өңіріне таяу жерлерде және Сырдарияда Әбілмәмбеттің ұрпақтары- сұлтандар билік етті. Орталық билікті күшейту үшін Абылай бірқатар жаңа өзгерістер енгізіп заңдастырды. Есім ханның «Ескі жолы», Қасым ханның «Қасқа жолы», Тәуке ханның «Жеті жарғы» заңдарындағы хан билігіне қойылған шектеулерді жойды. Ірі ұлыстарды билеуде хан өзіне жақын сұлтандарды тағайындауда, олардың қызметі және тұлға ретіндегі қасиеттеріне сүйенді. Дағдылы құқықтың дәстүрлі түсініктеріне қарамастан, Абылай хан қылмыскерлерді өлім жазасына кесуге үкім шығару құқығын өзі алды. Бұл міндет бұрын билер қазылығында ғана болатын. Сөйтіп, сот істерін шариғат ережелерін негізге алып жүргізетін билер сотына шек қойылды. Сонымен қатар Билер Кеңесі мен рубасы ақсақалдар съезінің құқықтары едәуір шектелді. Сарай маңына топтасқан батырларға сүйеніп, Абылай хан өзіне қарсы шыққандарды қатыгездікпен басып отырды. Абылай хан әскери істерді де қайта кұруға жан-тәнін жұмсады. Көшпелілердің Шыңғыс хан заманынан бері сүйекке сіңген соғыс машығын кеңінен қолданумен қатар, жаңа жағдайға байланысты әдіс-тәсілдер шығарып отырды. Жеке жауынгерлердің белсенділігін арттырумен қатар, бір-екі жылға емес ұзаққа созылуы мүмкін үлкен соғыстың стратегиялық жоспарын жасайды. Абылай хан қазақ елінің шаруашылық құрылымына өзгерістер енгізуге тырысты. Ертіс пен Еділ бойында, Көкшетау, Тарбағатай өңірлерінде егін шаруашылығының дамуына зор мән беріп, барынша қолдап отырды. 1761 жылы императрица Елизавета Петровнаға жолдаған хатында ағаштан үй тұрғызу үшін бірнеше ұстаны және 200-300 пұт астық жіберуді сұраған. 1772 жылы вице-канцлер М.Л.Воронцовтың жарлығымен Абылай ханға арналған Есіл өзеніне таяу Жаңғызтау деген жерде ағаштан үй салынды. Абылай хан қазақ халқының мәдениетін дамытуға белгілі көңіл бөлді. Оның төңірегіне аса белгілі жыраулар мен күйшілер, шешендер, қазақ даласына белгілі суырып салма ақындар топтасты. Олар: Тәттіқара ақын, Үмбетей, Бұхар жырау. Ханның кеңесшісі, әрі қазақ хандығы дербестігінің жыршысы Бұхар жырау ішкі және сыртқы саясатта мейлінше ықпал еткен адам болды. Алайда дағдылы құқықтың дәстүрлі болуы және басқарудың нақты тұтқаларындағы кемшілігі Абылай хандықтың саяси жүйесіне реформаны ақырына дейін жүргізуге мүмкіндік бермеді. Хан билігін бұрынғысынша билер мен сұлтандар едәуір дәрежеде шектеп отырды. Абылай ханның сыртқы саясаты. Абылайдың сыртқы саясаты да икемділігімен және ымырашылдығымен сипатталды. Оның Ресей мен Қытай сияқты күшті мемлекеттермен қатынастарының Орта Азия мемлекеттерімен қатынастарынан едәуір айырмашылығы болды. Отаршыл империялардың күш-қуатын өте жақсы ұғынған хан, бір жағынан Ресей бодандығын танудан бас тартпай, екінші жағынан өз иеліктерінде екі державаның да ықпалының күшеюіне жол бермей, олармен қатынастарда барынша икемділік көрсетуге тырысты. Бір жағынан, Абылай Қытайдың өкімет орындарын өзінің адалдығына үнемі иландырып отырды, екінші жағынан, ол мәселені «Ресей сарайына әлдеқайда ынталықпен..., ал Қытай ханымен хат жазуды бір нәрсе үшін, оған бағынышты қырғыз-қайсақтарға Қытайлардың реніш көрсетіп, қысым жасамауы үшін жалғастырып» отырған сияқты етіп көрсетті. Хан өз иеліктерін агрессияшыл көршілерінен осылайша қауіпсіздендіріп қана қоймай, жекелеген пайда келтіруге де тырысты. Мәселен, 1772 жылы ол Ресейден өзінің сыртқы және ішкі жауларына қарсы күресу үшін тағы да әскер сұрады. Шынына келгенде, Абылайдың адалдығына күмәнді Ресей де, Қытай да оған әскер бөлуден бас тартты. Ресейдің өкімет орындары Абылай ханды өзінің ықпал өрісінде ұстауға ұмтылды, сондықтан да 1777 жылы хан жазбаша өтініш жасаған жағдайда оның хан атағын тануға әзір екенін ресми түрде хабарлады. Мұндай дипломатиялық қадам өзінің сыртқы саяси аренадағы беделін нығайта түсетінін түсінген Абылай Петербургке өзінің баласы Тоғым бастаған елшілік жіберді. 1778 жылы ғана II Екатерина оны Орта жүздің ханы деп бекіту туралы грамотаға қол қойды, оның Кіші жүз бен Ұлы жүзге билігін танығысы келмеді. Бұған ызаланған Абылай Орынборда Троицкіде, тіпті Петропавлда да ант беруден бас тартты. 70-жылдардың аяғына қарай Абылай Ресеймен қандай да болмасын қатынастарының бәрін мүлдем үзді. Абылайдың оңтүстіктегі көршілерімен қатынастары басқаша болды. Оның күш салуы арқасында қайтадан қазақ аймағына айналған Жетісуда қырғыздармен қақтығыстары жалғаса берді және Абылай оларға қарсы ара–ұра жорықтар жасап тұрды. 1774 және 1779 жылдардағы жорықтар қырғыз руларының бір бөлігінің қазақ хандығына бағынуына жеткізді. Ташкентпен және Ходжентпен соғыста Сайрам, Шымкент, Созақ, Ташкент қазақтарға қайтарылды. Сонымен Абылай ханның XVIII ғ. 70- жылдарындағы сыртқы саяси қызметі қазақ мемлекетінің бірлігін уақытша қалпына келтіруге, оның халықаралық аренадағы жағдайының нығаюына жеткізді. Абылайға дейін де, одан кейін де бірде-бір қазақ ханының мұндай шексіз билігі болған емес. Бұл ең алдымен оның билігінің сөзсіз құдыреттілік сипатына байланысты еді. Көреген саясатшы және шебер дипломат Абылай өзіне ергендердің сүйіспеншілігіне және қарсыластарының құрметіне лайық бола білді.Оған ханның жеке қасиеттері де едәуір дережеде себепші болды. Абылай мұсылманша сауатты болды, оқып, жаза білді. Ол сирек кездесетін саясатшы, қолбасшы және дипломат болды. Дегенмен де, ол тарих көшін өзгерте де, көшпелі өркениеттің бұрынғы күш–қуатын қайтадан келтіре де алмады. Ол қайта түлеткен біртұтас Қазақ хандығы ханның өзі қанша өмір сүрсе, сонша өмір сүрді. 1781 жылы шамамен 70 жасында Абылай Ташкенттен Түркістанға келе жатқанда дүние салып, Қожа Ахмет Яссауи кесенесінде жерленді.
47 1822 және 1824 жылдардағы Сібір және Орынбор қырғыздары туралы ереже. Кіші жүз бен Орта жүздегі хандық биліктің жойылуы. 1822 жылғы «Сібір қырғыздары туралы жарғы»
1781 жылы Абылай қайтыс болғаннан кейін Орта жүзде оның үлкен ұлы сұлтан Уәли хан болып жарияланды. Уәли ханның қаталдығы оның қол астындағылардың наразылығын туғызды. 1795 жылы қазақтар патшаға оны тақтан алу жөнінде өтініш жасады. 1815 жылы Орта жүзде Уәлидің позициясын әлсіретуге тырысып, үкімет екінші ханды, Бөкейді тағайындады. 1817 жылы Бөкей хан және 1819 жылы Уәли хан қайтыс болғаннан кейін Орта жүзде хандар бекітілмеді. Патша әкімшілігі хан өкіметін таратып, «Сібір қырғыздары туралы жарғыға» сүйене отырып, басқарудың жаңа аппаратын құрды, бұл жарғыны 1822 жылы Ресейдің XIX ғ. белгілі либералдық пиғылдағы қайраткер, өз дәуірінің аса білімді тұлғаларының бірі граф М.М.Сперанский жасады. Бұл жұмысқа болашақ декабрист Солтүстік қоғамның мүшесі Г.С.Батеньков белсене қатысты. Оған М.М.Сперанский жергілікті статистика үшін материалдар әзірлеу мен жинауды тапсырған еді. Орта жүзде жаңа әкімшілік құрылым мен сайлау жүйесі енгізілді. «Жарғыда» денсаулық сақтау жөнінде кейбір шаралар бегіленді, атап айтқанда қырдағы бекіністер гарнизонына қызмет көрсету үшін ауруханалар салу, көшпелі халық арасында шешекке қарсы егу жұмысын жүргізу белгіленді. Қазақтарға балаларын жалпы негізде империяның оқу орындарына жіберуге құқық берілді. Жарғымен міндеткерлік пен салықтардың жаңа санаттары енгізілді. Реформа Қазақстанда сауда-экономикалық үрдістің өсуі үшін оң алғышарттар туғызды. Жарғының негізінде қазақтарға өз тауарларын еш шектеусіз еркін өткізуге мүмкіндік берді. 1822 жылы Сібір екі бөлімге: бас басқармасы Иркутскіде болатын Шығыс бөліміне (Сібірге) және орталығы Тобыл, ал 1839 жылдан бастап орталығы Омбы болған Батыс Сібірге бөлінді. Батыс Сібірге: Тобыл, Томск және Омбы облыстары кірді, ал Омбы облысына қазақ даласының Орта жүз қоныстанған жерлері мен Ұлы жүз қоныстанған жерлерінің бір бөлігі кірді. Ол жер «Сібір қырғыздарының облысы» деп аталды да, 1822 жылы оған арналып «Сібір қырғыздары туралы жарғы» талдап жасалынды. «Жарғы» бойынша «Сібір қырғыздарының облысы» сыртқы және ішкі округтерге бөлінді. Сыртқы округтерге Ертістің сыртында көшіп-қонып жүрген қазақтар кірді. Округтер болыстарға, болыстық ауылдарға бөлінді. Болысты бөлудің негізінен жер аумақтық (территориялық) емес, рулық принципі алынды. Сондықтан да болыс ру аттарымен мысалы Кенжеғали, Қаржас және т.б деп аталды. Жаңа заңды іске асыру барысында рушылдықтың іргесі сөгіліп, өзгерістерге ұшырады. Қазақтардың белгілі бір әкімшілік шеңберінен екінші бір әкімшіліктің жеріне ауысуы шектеліп, бұрыңғы көшіп қонудың рулық тәртібі бұзылды. Ауыл старшындары қазақтардан сайланды. Болыстыққа сұлтандар сайланып, бұл қызмет шын мәнісінде атадан балаға мұра болып қалдырылып отырды. Полиция мен сот өкіметі органдарын округтік приказ басқарды, ал оларға үш жылдық мерзіммен сайланатын аға сұлтандар билік жүргізді және патша әкімшілігі белгілеген орыс екі кеңесшісі болды. Сонымен қатар қазақ зиялылырынан сұлтандар мен билердің сайлауы арқылы қойылған екі атқарушы отырды. «Жарғы» билер сотын жалпы империялық сотпен біртіндеп алмастырып , олардың құқықтарын шектеудің негізін қалады. Сот әкімшіліктен бөлінбеді. Жергілікті өкімет органдарына полиция функциялары да берілді. Олар қылмыс істеді деп айыпталған адамдарды іздеп табу, тергеу және оларды ұстау міндеттерін атқарды. 1822 жылғы «Жарғы» бойынша барлық сот істері үш категорияға бөлінді: а) қылмысты істер; б) даулы істер; в) басқару үстінен берілетін шағымдар жөніндегі істер. Қылмысты істер империясы жалпы заңдары негізінде округтық приказдарда қаралды. Қылмысты істерден өзгеше даулы істерді ауылдар мен болыстарда жергілікті қолданылып жүрген әдет-ғұрыптардың негізінде билер соты талқылады.
Орта жүздің әкімшілік құрылымы:
ОКРУГ (15-20 болыс)
Басқарушысы- округтық приказ және аға сұлтан
БОЛЫС
(10-120 ауыл)
Басқарушысы - болыс сұлтаны
АУЫЛ
(50-70 шаңырақ)
Басқарушысы- ауыл старшыны
1822 жыл - Орта жүзде хандық билік жойылды.
Әкімшілік - саяси реформаның салдары:
- Қазақстанды басқаруды жеңілдетіп, өзара рулық қырқыстарға соққы берді.
- Өлкені шаруашылық жағынан игеруге қолайлы жағдай жасады.
- Ресми отаршыл саясатын кеңейтуге жол ашты.
- Хандық билікті жойды.
Қазақ мемлекеттілігінің жүйесімен күресудің келесі кезеңі Кіші жүзде хан билігінің жойылуына әкелетін Ресейлік басқарудың жаңа жүйесін енгізу әрекеттері болды.
Хандық билікті қолына сақтауға талпынғандардың бірі - Арынғазы (1785-1833 жж.). 1821 жылы ол Петербургке шақырылып, жолда ұсталып Калугаға айдалып, 1833 жылы қайтыс болды. 1822 жылы Орынбор генерал- губернаторы П.К.Эссен дайындаған жоба 1824 жылы Азия департаменті комиссиясының мәжілісінде бекітілді. Бұл жоба «Орынбор қазақтарын басқарудың Жарғысы» деп аталады. «Жарғыда» «Патша ағзам императордың нұсқауымен қырғыздар даласын басқарудың жаңа жобасы жасалынып, Кіші жүзде басқару Ішкі Орда ханы Жәңгірге жүктелсін және даланы үшке бөліп, әрбір бөлікті басқару үшін аға сұлтан тағайындалсын» ,- делінген. 1825 жылы Кіші жүз үшке бөлінді:
Кіші жүздің әкімшілік құрылымы:
БӨЛІКТЕР
(батыс, орта, шығыс)
Басқарушысы - Аға сұлтан
ДИСТАНЦИЯ (54)
Басқарушысы - ру шонжарлары
АУЫЛ
Басқарушысы - ауыл старшыны
Реформаның салдары:
- Орталықтан басқару нығайтылды.
- Табиғат байлықтарын кеңінен игеруге мүмкіндік алды.
1824 жыл Кіші жүздің соңғы ханы Шерғазы Орынборға қызметке шақырылып, Кіші жүздегі хандық билік жойылды. Кіші жүзді үшке бөліп (батыс, орта, шығыс), ішкі басқару жүйесінде хандықты жойғанымен, 1824 жылы басқару жүйесі жергілікті ұлт өкілдерінің қолында қалды. Сонымен, 1822 және 1824 жылдардағы әкімшілік-саяси реформалар патша үкіметінің отарлау саясатының нәтижесі болды.
Қазақ қоғамының ішкі күрделі даму жағдайларында, жоңғарлар мен Еділ қалмақтарының, башқұрттардың, Жайық және Сібір қазақтарының қоршауында шын мәнінде экономикалық оқшаулау, ұлы империяның тұрақты қысым көрсетуі жағдайында бола отырып, қазақ жүздерінің билеушілері Ресей империясы сияқты одақтас іздеуге мәжбүр болды. Кіші жүздің Ресей құрамына енуі туралы мәселені шешу кезінде Кіші жүз ханы Әбілқайыр бастаған хан партиясы елеулі роль атқарды. Ол қазақ хандықтары тап болған күрделі ішкі және халықаралық жағдайда қырдағы басқа топтарңа қарағанда дұрыс бағалап, бірінші кезекте Кіші жүзді Ресей құрамына қосқан жағдайда Ресейдің көмегімен ғана Жоңғария, сондай-ақ Цин империясы тарапынан төнген қауіп-қатерді жоюға және ішкі алауыздықтарды тоқтатуға болатынын басқалардан бұрынырақ түсіне білді. XVIII ғ. 20-жылдарына дейін сұлтан болып жүрген кезінде Әбілқайыр орыстың дипломатиялық топтарына едәуір белгілі болатын. «Ақылы жеткілікті және қулықтан да ада емес адам» - деп А.И.Тевкелев ол жөнінде пікір айтқан. Ол ең алдымен қазақ мемлекеттілігінің стратегиялық мүдделерін басшылыққа алып, екінші жағынан Ресей әкімшілігіне сүйене отырып, өзінің басқа бәсекелестерінен жоғары болуға, оларды саяси аренадан ығыстырып шығаруға ұмтылды, атақты Тәуке ханның заманында болғанындай, өзі билеген хандықтың жеке-дара басшысы болу мақсатымен, халыққа қасіретті зардабын тигізетін жоңғар басқыншылығына жол бермеу үшін күш пен мүмкіндікті біріктіруге тырысты. Осы міндеттерді іс жүзіне асыруға ұмтылған Әбілқайыр 1730 жылдың жазында Уфа наместнигі арқылы Петербургке елші жібереді.
48 1730 жылы 8 қыркүйекте Уфаға Әбілқайырдың Сейітқұл Қойдағұлов пен Құлымбет Қоштаев бастаған елшілігі келіп жетті. Олар әйел патша Анна Иоановнаға Кіші жүзді Ресей империясының құрамына қосу жөнінде өтініш жасады. «Біз Әбілқайыр хан,- деп көрсетілді жолдамада, маған карасты Орта жүз бен Кіші жүздің көптеген ...халқымен сіздің алдыңызға күлліміз бас иеміз. Сіздің қамқорлығыңызда болсақ дейміз». Әбілқайыр өз жолдамасында қазақтар мен башқұрттар арасында қалыптасқан тым шиеленіскен қарым–қатынасты баса айтты. Хан Кіші жүзді Ресей құрамына қосу бұл қарама қайшылықтарды жояды деп есептеді. 1731 жылғы 19 ақпанда императрица Анна Иоановна Әбілқайыр ханға және бүкіл қазақ халқына олардың Ресей қол астына ерікті түрде қабылданғандығы туралы грамотаға қол қойды. Оны қазақтарға жеткізу үшін 1731 жылдың 30 сәуірде Кіші жүзге А.И. Тевкелев бастаған елшілік жіберілді. Олармен бірге Петроградка жіберілген қазақ елшілері де оралды. Кіші жүз қазақтарының Ресей қол астына қабылдануында атақты Бөгенбай батыр елеулі рөл атқарды. 1731 жылғы 10 қазанда А.Тевкелевті қазақ ру басыларының жиналысына шақырды, онда Әбілқайыр, содан соң Бөгенбай батыр, Есет, оның тумасы Құдайназар мырза, ал олардан кейін тағы да 27 білікті қазақ феодалдары Кіші жүздің Ресейге өз еркімен қосылуы туралы юридикалық актіге қол қойды. Орта жүздің Ресей бодандығын қабылдау 1731 жылы 15 желтоқсанда А.Тевкелевпен келіссөз жүргізген Орта жүздің ханы Сәмеке Ресей империясының құрамына кіретінін білдіріп, ант беріп, «өзінің мөрін басты». Ресей патшасының Кіші жүзді қоластына алғанын естіп, Ұлы жүздің атынан Қодар би, Төле би, Сатан батыр, Бөлек батыр әйел патша Анна Иоановнаға хат жазып, Ұлы жүзді де өз қоластына қабылдау жөнінде өтініш жасады. Бұл хатты Петроградқа Қангелді батыр жеткізді. Мұның өзі Ресей құрамына енуге Ұлы жүз тарапынан жасалған алғашқы әрекет болды. 1734 жылы 10 тамызда Ресей патшасы Ұлы жүзді Ресей құрамына қабылдау жөніндегі құжатқа қол қойып, Ұлы жүз хандығына “Сіздерді қол астымызға Әбілқайырды алған шарттар бойынша аламыз”–деген қағаз жіберді. Алайда Ұлы жүздің Ресейге шалғайлығы, сондай-ақ, оның Жоңғариямен мейлінше күрделі әрі шиеленіскен қарым–қатынасы қазақ жерлерінің Ресей құрамына енуін іс жүзінде асыруға кедергі келтірді. Оның үстіне Ұлы жүздің Ресейге қосылуын белсене жақтаушылардың бірі - Жолбарыс хан 1740 жылдың 5 сәуірінде опасыздықпен өлтірілді. 1740 жылы Орынбор экспедициясынің бастығы генерал–лейтенант князь В.А.Урусов Орынборға елшілік тапсырмасымен келіп, 19 мамыр мен қыркүйек аралығында Нұралы, Ералы сұлтандармен, Жәнібек, Бөгенбай және Есет батырлар кейінірек Орта жүздің ханы Әбілмәмбет пен Абылай сұлтанмен келіссөздер жүргізді. Келіссөздердің барысында 22 тамызда Нүуралы, Ералы сұлтандармен Жәнібек батырға ере келген 106 ру басы Ресейге қарайтыны туралы ант берді, ал 28 тамызда 1740 жылы Орта жүздің ханы Әбілмәмбет пен Абылай сұлтан Ресейге қарайтыны жөніндегі шартқа қол қойды. Сөйтіп, 1740 жылғы тамыздың аяғында Кіші жүздің барлығы 399 өкілі Ресейге қарайтыны туралы шарттың міндеттемелерін қабылдады. Патша үкіметінің қазақ жүздеріндегі саясаты олардың қосылуы басталғаннан кейінгі алғашқы жылда әжептәуір икемді саясат болды. Жерді пайдалану саласындағы шектеу шараларымен, әскери барлаулар, ұлттар арасындағы қақтығыстар, қазақ феодалдарын бір-біріне қарсы қоюмен қатар келіссөздер де жүргізіліп, сауда қатынастары көтермеленіп отырды. Сонымен Кіші және Орта жүздерінің бір топ сұлтандары мен ру басыларының 1740 жылы ант беруі Ресейге Орта жүздің тек бір бөлігінің ғана қосылуын қамтамасыз етті. Ал солтүстік–шығыс және Орталық Қазақстанның негізгі аймақтары империя құрамына тек XIX ғ. 20-40 жылдыры ғана патша өкіметінің әскери-саяси акциялары салдарынан қосылды.
49 Кенесары Қасымұлы басқарған халық көтерілісі (1837-1870 жж.). Көтерілістің алғышарттары. Ұлт-азаттық қозғалыстың тарихында XIX ғ. ең ірі 1837-1847 жылдардағы көтеріліс ерекше орын алады. Өзінің сипаты жағынан Ресей саясатына әсер етуі, халықты қамтуы, ұзаққа созылуы және табандылығы жөнінен ол қазақ халқының бұрынғы және кейінгі көтерілістерден едәуір ерекшеленеді. XIX ғ. 20-30 жылдарында Қоқан бектері мен Хиуа хандары Қазақстанның оңтүстігіндегі қазақтарды билігінде ұстап, оларды алым-салықпен және тонаумен қинады. 1836 жылы Қоқан ханы оңтүстікке қоныс аударған Саржан Қасымұлын өлтірді. 1840 жылы әкесі Қасым, бауырлары қайтыс болды. Орта жүз жерінде 1822 жылғы жарғы бойынша бұрынғы дәстүрлі басқару түрі өзгеріп, жаңа округтар, приказдар құрыла бастады. Бұл қазақтардың мал шаруашылығына кері әсер етті.
Көтерілістің мақсаты:
1. Ресейдің отарлау саясатына шек қою.
2. Патша өкіметінің құрамына кірмеген өнірлердің дербестігін сақтау.
3. Қазақ жеріне бекіністер мен әскери шептердің салуын тоқтату.
4. Қазақтарды Қоқан бектері мен Хиуа хандығының езгісінен азат ету.
Көтерілістің қозғаушы күштері қарапайым қазақ шаруалары болды. Жалпы, көтеріліске үш жүздің қазақтары, сонымен қатар ақсүйектер, сұлтандар, үстем тап өкілдері де қатысты. Дерек бойынша, бұл көтеріліске 80-ге таяу старшын мен сұлтан қатысқан. Мысалы, Қанқожа, Шеген, Тани Тортайұлы, Күшік, Жанай Айшуақұлы сияқты сұлтандар көтерілісті қолдаған. Олардың мақсаты:
1. Көтерілісті пайдаланып, бұрынғы артықшылықтарын қайтарып алу.
2. Көшпелі феодалдық дербес мемлекеттің негізін салу. Көтеріліске әр түрлі ұлттардың өкілдері қатысып, (орыс, өзбек, қырғыз т.б.) көтерілісшілер саны 20 мыңға жетті. Көтерілісшілердің жеке әскери бөлімдерін басқарған қазақ батырлары: Ағыбай, Имак, Бұхарбай, Жоламан, Бұғыбай, Жеке, Бейсейіт, Сұраншы, Анғал батыр және т.б. Көтеріліске Кенесарының інілері Наурызбай, Әбілғазы, әпкесі Бопай қатысты.
Көтерілістің барысы. 1837-1847 жылдардағы көтеріліс бүкіл Қазақстан жерін қамтыды. Көтеріліске Абылай ханның немересі, Қасым сұлтанның баласы Кенесары (1802-1847 жж.) сұлтан басшылық жасайды. 1837 жылы қараша айында Кенесары Қызылжар (Петропавл) маңында Ақтау бекінісіндегі қазак отрядына шабуыл жасап, патша үкіметіне ашық қарсылық білдірді. Бұл көтерілістің басталуы болды. 1838 жылы 26 мамыр күні Кенесары бастаған көтерілісшілер Ақмола бекінісін шабуылмен басып алып, өртеп жіберді. Ақмолаға иелік еткен Карбышев пен сұлтан Қоңырқұлжа Құдаймендіұлы бекіністі тастап, қашып кетеді. 1838 жылдың жазы мен күзінде Орта жүз қазақтарының басым бөлігі Кенесарыны қолдайды. 1838 жылы күзде көтеріліс Кіші жүз өңіріне тарайды. Батыр Жоламан Тіленшіұлы көтеріліске қосылады. 1841 жылы тамыз айында Кенесары сарбаздары Ташкентке аттанып, бірақ жұқпалы аурудың таралуынан жорық тоқтатылды. Бұл жолы Кенесары қолы қоқандықтардың билігіндегі Созақ, Жаңақорған, Ақмешіт, Жүлек бекіністерін қоршауы және бірнеше бекіністерді алуы сарбаздарды рухтандырды. Қоқан ханы Кенесарыға одақ жасауды ұсынып, бірақ батыр оны қабылдамайды. Көтерілістің кеңеюінен сескенген патша үкіметі көтерілісті тезірек басуға тырысады. Орынбор губернаторы Обручев пен Батыс Сібір генерал-губернаторы Горчаков көтерілісті басуға әскер жібереді. 1842 жылы Кенесары қолына қарсы бағытталған Сотников басқарған жазалау отрядтары жіберілді. Сібір жазалау отрядтары бейбіт қазақ ауылдарын ойрандап, 14000-ға жуық малын алып, 100-ге жуық адамды өлтірді. 1843 жылы 27 маусымда старшын Лебедев басқарған, 300 адамнан тұратын казак отрядтары көтерілісшілерге қарсы аттанады. 1843 жылы тамызда көтерілісшілерге қарсы Жантөреұлы, Айшуақұлы, Бизанов, подполковник Гейнс басқарған 5000 адамнан құралған жазалаушы топ ұйымдастырылды. Омбы және Қарқаралы маңында жазалаушылырдың қосымша тобы жасақталды. Кенесарының басын кескенге 3 мың сом белгіленді. 1843 жылы 1 және 7 тамызда көтерілісшілер казактардың Орынбордағы тобымен шайқасып, казактар шегінді. 1843 жылы 17 тамызда полковник Бизановтың тобы ешқандай нәтижеге жетпей Ор бекінісіне оралды. 1844 жылы 21 шілдеде көтерілісшілер сұлтан Жантөреұлы басқарған отрядты женіп, 44 сұлтан қаза табады, сұлтанның аман қалған тобы Тобыл өзеніне қарай шегінеді. Кенесарыға қарсы күресте дәрменсіздігі үшін старшын Лебедев Орынборға шақырылып, сотқа берілді.
1844 жылғы Кенесарының жеңістері Орынбор әкімшілігін Кенесарымен келіссөз жүргізуді бастауға мәжбур етті. Кенесары патша үкіметімен тартысты келіссөз арқылы шешуге бұдан бұрында ойлаған болатын. 1838 жылғы желтоқсанда Батыс Сібір генерал-губернаторы князь Горчаковқа және I Николайға арналған хатты тапсыруға жіберген елшілігінде Кенесарының қойған алғашқы талаптары:
1. Қазақ жерлеріндегі округтік приказды жою.
2. Абылай хан кезіндегі қазақ жерінің дербестігін қалпына келтіру.
3. Салық жинауды тоқтату.
Бірақ Кенесарының елшілігінің бес өкілі тұтқынға алынып, жазаға тартылған болатын. Кенесарының қойған екінші талаптары әскери бекіністер салынбаған Актау, Есіл және Нұра–Жайық өзеніне дейінгі өңірді Ресей билігінен босату. 1845 жылы сәуір айында Кенесары ауылына орыс елшілері Долгов пен Герн келді. Бірақ бұлардың талабы қазақ жерінде отарлау саясатын одан әрі жүргізу болды.
Патша әкімшілігінің қойған талаптары: 1.Кенесарыға басқа елдермен дипломатиялық байланыс жасауына тыйым салу. 2. Көтеріліске қатысқан қазақ руларына үкімет межелеген жерлерде ғана көшіп-қонуға рұқсат ету.
3. Кенесарының Орынбор казактарының иелігін Ресей империясының бір бөлігі ретінде мойындаған жағдайда ғана көтерілісшілерге кешірім беру. Екі ай бойы Кенесары ауылында болған елшілер талаптарын орындата алмай Орынборға қайта оралды және келіссөздер тоқтатылды. 1845 жылы патша өкіметі қазақ жерін бекіністер салу арқылы отарлауды жалғастыра түсті (Ырғыз, Торғай өзендері бойында салынды).
Кенесарының хандық билігі. 1841 жылы тамызда Кенесары хандық билікті қалпына келтіріп, феодалдық мемлекет құрды. Жер ақсүйектердің меншігі болып саналды. Кенесары билер мен старшындарға, батырларға арқа сүйеді. Маңызды мәселелерді Хандық Қеңес шешіп отырды. Хан Кенесі - кеңесуші орган ғана болды, билікті ханның өзі ғана айтатын. Әбілқайыр хан тұсындағы оның еркін тежеп отыратын ақсақалдар кеңесіне қарағанда, бұл біршама ерекшелік еді. Кенесары хандығындағы бірқатар өзіндік ерекшеліктері: 1. Билер сотын жойып, хандық сот енгізілді, нәтижесінде жоғарғы сот билігін Кенесары өз қолына шоғырландырды.
2. Арнайы қаржы тобын құрды. Қаржы мекемесі алым-салық жинаумен және керуендерден баж салығын алумен айналысқан.
3. Салық жинайтын қызметкерлер тобын сайлады. Салық саясатындағы негізгі өзгеріс жекелеген феодалдар жинайтын алымды хан қазынасына түсетін бірыңғай салықпен ауыстыруға Кенесарының өзі талаптанды.
Кенесары мал шаруашылығымен айналысатын аудандардан «зекет», ал егіншілерден «ұшыр» салығын сақтап қалды. Сонымен бірге ол ауыл бойынша ерекше салық және әр түрлі дәстүрлі сый-сияпат ретінде сыйлықтар алып отырды.
4. Ірі феодалдардан алынған мал мен дүние мүлікті бөлу тобын кұрды.
5.Хандық Кеңестің қабылдаған шешімдерінің орындалуын қадағалап отыратып және Кенесарының үндеулерін таратуға жауап беретін басқару ісін сайлады.
6. Отырықшылықты дамытты.
7. Барымтаға шек қойды.
8. Дипломатиялық қызмет ұйымдастырды.
9. Әскери істе жасақтарды жүздіктерге, мыңдықтарға бөліп, қатаң әскери тәртіп орнатты. Опасыздарға өлім жазасын кесті. Оның әскерлерінің бір бөлігі тұрақты түрде әскери өнерге үйретілді.
10. Бұйрығын орындамағаны үшін Кенесары «шік» деп аталатын ерекше жаза қолданған (кінәлі адамның басына қылышпен не пышақпен кесіп белгі салған), ондай жаза алғандар Кенесары кешіргенше айыпты деп саналды, ешқандай іске қатыса алмады. Алайда, XIX ғ. бірінші жартысында қалыптасқан саяси-экономикалық жағдайда орталықтанған феодалдық мемлекетті басқару жүйесін құру мүмкін болмағандықтан, Кенесары хандығы ұзақ өмір сүре алмады
. Кенесарының ақырғы жорығы. Орынбор және Сібір шептері арқылы қысымға алынған Кенесары көтерілістің басты ошағы Торғай даласынан 1845 жылы Жетісуға ойысуға мәжбүр болды. Жағдайының қиындап кеткенін ескерген Кенесарының мақсаты Абылай ханның тікелей тұқымдары билеген Ұлы жүзге барып, патша өкіметіне және Қоқан ханына қарсы күресте қолдау табу еді. Екіншіден, хандығының құрамына Жетісуды қосу арқылы Абылай кезіндегі қазақ мемлекетінің иелігін қалпына келтіру де Кенесарының ойында болды. 1845 жылы қарашада Кенесары Созақ, Жаңа Жүлек, Қорған бекіністерін басып алып, Ташкент пен Түркістанға қарай бағыт алды. Бұл Қоқан билеушілерінің үрейін туғызды. Кенесарыға қарсы Бұхар мен Қоқан одағы құрылды. Оңтүстікке қоныс аударған Кенесарыны Ұлы жүздің халқы түгелдей қолдамады (Сүйік, Құнанбай Өскенбайұлы, Барақ Сұлтанбайұлы сияқты белгілі адамдар). Өзін қолдамаған ауылдарды Кенесары ойрандата бастады. Оның бұл әрекеті қарапайым халықтың наразылығын туғызып, көтерілістің жеңілуін тездетті. Көтерілісшілер қырғыз манаптарының иелектеріне жақындады. Ресей мен Қоқан бектерінің арасында екі жүзді саясат ұстаған қырғыз манаптары (феодалдары) Кенесарының Қоқан хандығына қарсы бірігіп күресу жөніндегі ұсынысын қабылдамады. 1847 жылы сәуір айында Кенесары 10 мың әскерімен қырғыз жеріне басып кірді. Көтерілістің бастапқы сипаты өзгеріп, әскерлердің қырғыз ауылдарын тонауы Кенесарыға қарсы өшпенділік туғызды. Қазақ сұлтаны Рустем мен Сыпатай би топтарының ұрыс қарсаңында Кенесарыдан бөлініп кетуі, қазақ жасағының жеңілісіне әсер етті. Кенесарының және оның соңынан ерген сарбаздардың тағдырын шешкен ақырғы қанды шайқас Кекілік-Сеңгір (Бішкектің маңы) тауының маңайындағы Майтөбе деген жерде болды. 1847 жылы Майтөбе түбіндегі шайқаста Кенесары 32 сұлтанмен бірге қаза тапты. Орыс үкіметі Кенесарыны жазалаушылардың еңбегін ұмытпады. Жантай Қарабеков патша өкіметінен алтын медаль, арнайы мақтау қағазына ие болды.
Жеңілу себептері:
1. көптеген қазақ феодалдары Кенесарыны қолдамады.
2. қазақ халқы арасында рулық алауыздықтар, руға жіктелу басым болды.
3. Ресей билеушілерінен жеңілдіктер алған ақсүйектердің бір бөлігінің орталықтанған феодалдық мемелекет құруға мүдделі болмауы.
4. көтерілісті қолдамаған ауылдарға Кенесары аса қатты жаза қолданды.
5. қазақтар қырғыздармен, қоқандықтармен болған шайқастарда Кенесарыны қолдамады.
6. Бұхар, Қоқан феодалдарымен соғысып, күшін сарқыған Кенесары қолы Ресейге қарсы тұра алмады.
Көтерілістің тарихи маңызы:
1. Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс - XIX ғ. барлық Қазақстан жерін қамтыған аса ірі отаршылдыққа қарсы бағытталған азаттық көтеріліс.
2. XIX ғ. бірінші жартысындағы Ресейдегі азаттық көтерілістердің құрамдас бөлігі.
3. Патша өкіметінің Қазақстанның оңтүстік өңірінің отарлауын біраз уақытқа кешеуілдете түсті.
4. Қазақ елінің ішкі қайшылықтарының Ресей саясатымен байланыстылығын көрсетті.
5. Патша өкіметінің Қазақстан жерінде отарлау саясатын жүргізіп отырғанын көрсетті.
6. Халықтың ұлттық сана-сезімінің өскендігін дәлелдеді. Кенесары – Абылай ханның ісін жалғастырушы тұлға. Оның ерлігіне арналып, «Кенесары – Наурызбай» дастаны жазылды (авторы Нысанбай). Кенесары қазақ халкының азаттығы үшін, отаршылдыққа қарсы күрескен ұлттық батыр.
53 Ұлы жүздің Ресейге қосылуы. Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы. Ұлы жүз Ресей қол астына Кіші жүз бен Орта жүзден кейін өтті. Себебі XIX ғ. 20 жылдары Ұлы жүздің бір бөлігі Орта және Кіші жүздердің Оңтүстіқ аймақтары Хиуа және Қоқан хандықтардың иелігінде болды. Бұл өңірдегі халықтарды Хиуа, Қоқан, Бұхар хандықтары қыспаққа алуды тоқтатқан жоқ. Хиуа, Қоқан, Бұхар хандықтары Каспий теңізі жағалауларынан Жетісуға дейінгі жерлерге шабуылдап отырды. Әсіресе Хиуа ханы Мұхаммед–Рахымның 1812, 1816, 1820 жылдардағы шабуылдары жойқын болды. 1820 жылы Хиуа ханы 2000-ға жуық қазақ ауылын аяусыз қырып жойды. 1821 жылы Орта Азия хандықтарына қарсы Тентектөре басқарған қазақ шаруаларының қозғалысы басталды. Көтерілісшілер саны 10 мыңнан асып, Түркістан, Шымкент, Әулиеата, Сайран өңірін қамтыды. Көтерілістің халықтық сипатынан шошынған феодалдар опасыздықпен Қоқан жағына шығып көтеріліс қатыгездікпен жаншылды. Оңтүстік Қазақстан, Жетісу өңіріндегі халықтардың Ресей мемлекетімен сауда экономикалық қатынастары барған сайын кеңейе түсті. Осындай себептердің бәрі Ұлы жүз халықтарының Ресей империясына қосылуын тездетті. 1817 жылы сұлтан Сүйік Абылайханұлы басқарған 66 мың адамнан тұратын жалайыр руы Ресей империясының құрамына қосылды 1825 жылы Ұлы жүз жерінде Ресей империясының Алатау, Қапал, Лепсі сияқты әскери бекіністері салынды. 1825 жылы 50 мың халқы бар үйсін болысы Ресей мемлекетінің құрамына қосылды. 1847 жылы Іле және Лепсі өзендері маңындағы қазақтар мен қырғыздар Ресей билігін мойындайды. 1848 жылы 10 қантарда Жетісудағы қазақтарды билеу үшін Ресей патшалығы бұл өңірге жаңа лауазымды (пристав) бекітеді. Приставтың резиденциясы Қапалда (1847 жылы салынды) болды. 1851 жылы 7 шілдеде подполковник Карбышев отряды Қоқан хандығының басты тірегі Таушүбек бекінісін қантөгіссіз басып алады. 1853 жылы – Ақмешіт қаласының Ресейдің қол астына қаратылуы орыс әскерлерінің Іле бойымен жылжуына жол ашты. Осы кезден бастап Ақмешіт бекінісі Перовск деп аталды. 1853 жылы 2 сәуірде Батыс Сібір генерал-губернаторы Гасфорттың тапсыруы бойынша Көксу және Іле аралығында Іле бекеті салынды. 1854 жылы көктемде пристав М.Д. Перемышельский отряды Верный бекінісінің негізін қалады. Сол жылы Верный бекінісіне 470 солдат қоныс тепті, ал 1855 осы бекініске Сібірден 500-ге жуық отбасы қоныстанды.1855 жылы Ұлы жүз приставы резиденциясы Қапалдан Верныйға ауыстырылды. 1856 жылы Верныйда Орталық Ресей губернияларынан, Воронежден келген қоныстаушылардың саны бұрынғыдан да арта түсті. 1857 жылы Верныйда су диірмені, 1858 жылы сыра заводы ашылды. XIX ғ. екінші жартысында Верный қаласында П.П.Семенов-Тянь-Шаньский, Н.М.Пржевальский, Ш.Уәлиханов сияқты ірі ғалымдар біраз уақыт тұрған. Верный бекінісінің салынуы XIX ғ. 50-жылдарында қазақ елінің оңтүстіқ аудандары мен қырғыз жерінің Ресейге қосылуын тездетті.
Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы. Патша өкіметі Оңтүстіқ Қазақстан өңірінен Қоқан хандығын ығыстырып, өз бақылауына алу үшін әскери қимылдарын көбірек ұйымдастыра бастады. 1859 жылы Ұлы жүзде тұрғызылған Қастек бекінісі Ресейдің тірегі саналып, Қоқан ханының шабуылдарына тосқауыл болды. Шу алқабынан полковник Циммерман тобы шабуылдап, 1860 жылы 26 тамызда Тоқмақты, 4 қырқүйекте Пішпекті алды. 1860 жылы 27 қазанда Ұзынағаш түбінде Алатау округінің билеушісі Г.А.Колпаковский басқарған орыс отряды қоқан әскерін жеңеді. Бұл шайқаста 400-ге жуық Қоқан сарбазы қаза табады, ал орыстар – 2 адамнан айрылды. 1863 жылы қоңырат 4 мыңға жуық, бестаңбалы руының 5 мыңға жуық шаңырағы Ресей билігін мойындайды. 1864 жылы қөктемде Қоқан хандығына қарсы жіберілген патшаның Черняев пен Веревкин басқарған әскері Шу алқабын, Мерке, Әулиеата, Түркістан бекіністерін алса, осы жылы 22 қыркүйекте Черняев тобы Шымкентті алады, ал Ташкентті шілде айында 1865 жылы үш күндік шайқастан кейін алды. 1866 жылы Бұхар хандығын орыс әскерлері жаулап, 1867 жылы хандық иеліктері Түркістан генерал-губернаторлығының құрамына кірді, ал 1868 жылы Қоқан хандығына тәуелді болған қазақ жерлері Ресей құрамына еніп, Түркістан генерал-губернаторлығына бағындырылды. 1873 жылы Хиуа хандығының орыс әскерінен жеңілуі Хиуа хандығы билігінен қазақтардың толық бөлініп шығуын тездетті. Сөйтіп, XIX ғ. 30 жылдарынан басталып, бір жарым ғасырға созылған қазақ елінің Ресей құрамына қосылу процесі – Ұлы жүздің Ресей империясының құрамына енуімен аяқталды. XIX ғ.60 жылдарында қазақ жері түгелдей Ресей отарына айналды. Бұл оқиғаның прогресті жағы:
1.саяси, қоғамдық қатынаста феодалдық–патриархалдық белгінің жойылуына жол ашты.
2. феодалдық–көшпелі шаруашылықтан капиталистік өндіріске көше бастады.
3. Қазақстан жалпыресейлік рынокқа тартылды.
4. патшалық билік қысымының күшеюі ұлттық сананың оянуына әсер етті.