Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тарих гос.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
879.1 Кб
Скачать

26. Махмұт Қашқари.

Махмұт Қашқари ХІ ғасырда 1030 – 1090 жылдар аралығында өмір сүрген. 1072 – 1074 жж жазылған «Диуани – Лұғат ат Түрік» (түркі тілдерінің сөздігі) атты еңбегі тілтану ғылымына үлкен үлес қосты, бұл шығарма түркі тілдес халықтардың тұмыс тіршілігі, әдеп – ғұрып, тіл туралы тарихи дерек. Түркі тілдес халықтардың энциклопедиясы атанды. Бұл еңбектің мазмұны түрік халықтарының тілі, мекен – жайлары, тарихы, этнографиясы, ауыз әдебиеті жөніндегі эниклопедия. Бұл еңбек ғалым А.Егеубайдың аударуымен 1997 – 1998 жылдары қазақ тілінде жарық көрді.

25. Қожа Ахмет Яссауи. ХІІғ 1103 – 1167жж аралығында өмір сүрген. Сайрамда дүниеге келіп, Яссыда өмір сүрген. Ұстазы Арыстан баб содан тәлім алып, ислам дінін уағыздаушы сопы болған. «Диуани Хикмет» (даналық кәтабы) шығармасы тарихи этнографиялық әлеуметтік тілдік дерек. Бұл шығарма мазмұны: жамандық, қатыгездік, сараңдық, дүниеқұмарлыққа қарсы шығады. Шындықтың жолы құдай жолы деп, құдайға құлшылық етуге уағыздайды. Ғұламаның бұдан басқа «Мират ул - Кулуп» көңіл айнасы және «пақырнама» деген еңбектері бар.

24. Ортағасырлық – Қазақстанның ғұлама ойшылы Жүсіп Баласағұн. (Құтты Білік дастаны). Жүсіп Баласұғын 1015ж немесе 1016 жылы Баласағұн қаласында туып өскен. Ол текті отбасында тәрбиеленіп, жақсы білім алған. Оның Қарахан мемлекетінде лауазымды қызмет атқарғаны да тарихта аян. Оның қаламында 1069 – 1070 ж жазылған «Құтты Білік» дастаны туған. Бұл еңбекте адамның қоғам мен табиғаттағы орны мен рөлі, өмір мәнінің дүниетанымдық мәселелері. Философиялық тұрғыда талданған саяси трактат. Сондай – ақ аталмыш еңбек түріктердің ана тілінде жазылған эниклопедиялық шығармасы болып табылады. Шығарма мазмұны: билеушінің де халықтың да аман есен бақытты болуының қайнар көзі – білім. Мемлекетті сауатты адамдар басқару керек. Ж.Б. Дастанының алғы сөзінде «егер араб пен тәжік тілдерінде мұндай кітаптар көп болса, ал біздің тілімізде бірінші рет даналық бір жерге жинақталған» деп әрі ол «түркі тілінде жазылғандығын атап көрсетеді». «Қ.Б.» терең философиялық мәңдегі, этикалық, моральдық трактат. Онда автордың пікірі бойынша әділетті қоғамның нормалары басқарушымен бағыныштылар арасындағы өзара қарым – қатынасы жүйесі әртүрлі топтағы адамдардың мінез – құлық ережелері баяндалған. «Бақытты» да «әділетті» билеушінің басшылыққа алатын негізгі қағидасы - бұл әділетті өмірдің даналығы мен бақытын біріктіре отырып, заңды сақтау екеніне ерекше назар аудартады.

87. Д.Қонаевтың кеңестік Қазақстан тарихындағы орны. Республикамыздың 1960 – 62 жылдары және 1964 – 1968 жылдар аралығында ұзақ уақыт басқарып, еліміздің өсіп – өркендеуіне зор үлесін қосқан Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев (1912 – 1993жж) болды. Ол КОКП округінің саяси биросының мүшесі әрі үш мәрте социалистік еңбек ері атағын алды. Д.А.Қонаевтың қайраткерлігімен адамгершілік қасиеттері де халыққа мәлім еді. Сондықтан да елімізде Д.А. Қонаевтың жеке басына табынудың өзіндік белгілері қалыптасты. Сонымен бірге мемлекет қайраткер ретінде Қонаевта әміршіл әкімшіл жүйенің перзенті еді. Сол себепті саяси тағдырын кремель шешті. 16 желтоқсанда Қазақстан компартиясы орталық комитетінің бес пленумы шақырылды. Пленумда ұйымдастыру мәселесі қаралып, ол не бәрі 18 минутқа созылды. Пленумның қаулысы бойынша КОКП ОК өкілі Разумовскийдің ұсынысы мен қазақ КСР КП ОК-ның бірінші хатшысы Қонаев қызметінен алынды. Қазақ КСР КП ОК-ның бірінші хатшысы болып Ульяновск облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы болып істеген Г.Колбин тағайындалды.

97. Ел басы Н.Ә.Назарбевтың «Қазақстан 2030» стратегиялық бағдарламасының жүзеге асыру барысы. 1997ж ел басы Қазақстан халқына Қазақстан 2030 барлық қазақстандықтардың өркендеуі, қауіпсіздігі және әл – аухатының артыуы деген жолдауын арнады. Бұл бағдарламада еліміздің саяси әлеуметтік эконмикалық дамуының жақын арадағы және стратегиялық ұзақ мерзімдегі даму жолдары көрсетілген. Ондағы Републиканың қазіргі жағдайы нақтылы сарапталып, ұзақ мерзімді басым бағыттар, ұлттық қауіпсіздік сақтау, ішкі саяси тұрақтылық және қоғамның бірігуі, шетел инвестициясының жоғары деңгейінде негшізделген нарықтық экономикалық өсуі, Қазақстан азаматтарының денсаулығы білім және халықтың әл аухаты, эергетикалық ресурстарды, инфроқұрылымдарды әсіресе көлік және байланысты дамыту негізгі қызметтермен шектелетін кәсіби мемлекет құру белгіленді.