
- •3.Қазақстан территориясындағы алғашқы қауымдық құрылыс:
- •2. Қазақстан қола дәуірінде. Алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырай бастауы:
- •9. Қаңлы мемлекті
- •12. Түрік қағанаты
- •17Қарахан мемлекеті
- •15. Қазақстанда Илам дінінің таралуы.
- •19. Найман, Керей және Жалайыр мемлекеттік бірлестіктері.
- •21. Қазақстан территориясындағы орта қалалар мен елді мекендер (VI-XII ғ.Ғ.)
- •27. Моңғолдардың Қазақстанды жаулап алуы. Ұлыстардың құрылуы.
- •28 Алтын Орда
- •33 Қазақ халқының қалыптасуы, «қазақ» атауының шығу тарихы.
- •36. Қасым хан
- •37.Хақназар (Ақназар) хан саясаты.
- •45.Бөкей ордасы. Жәңгірхан (1823-1845жж.)
- •44. Сырым Датұлы басқарған Кіші жүз қазақтарының көтерілісі (1783–1797 жж.)
- •46. 1836-1837 Жылдардағы Бөкей хандығындағы халық-азаттық көтеріліс
- •56.XIX ғ. Екінші жартысындағы Қазақстан мәдениеті
- •54. XIX ғ. 60ж. Аяғы 70жылдардың басындағы Маңғыстау және Орал, Торғай жерлеріндегі қазақтардың бас көтеруі.
- •51. 1867-1868 Жылдардағы патша үкіметінің Қазақстандағы әкімшілік реформалары.
- •55. 1886–1891 Жж. Қазақстандағы патша өкіметінің реформалары және оның сипаты.
- •65.Қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі.
- •66.Қазақстан 1917 жылғы Ақпан революциясы кезінде
- •69. Облыстық азақ съездері (1917ж. Сәуір - мамар)
- •86. Қазақстанның Ұлы Отан соғысының кейінгі мәдениетімен ғылымының дамуы (1946-1965).
- •90. Желтоқсан Көтерілісі
- •88.Қазіргі кездегі қазақстандағы саяси партиялар мен қоғамдыққ қозғалыстар.
- •58. Абай Құнанбаев – ақын ағартушы.
- •100. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясындағы қазақстан тарихының зерттелу барысы.
- •26. Махмұт Қашқари.
- •101. Назарбаевтың «Нұр Отан» халық демократиялық партиясының «Жас Отан» жастар қанатының 1 съезінде сөйлеген көзі.
- •103 Қазақстанның халықаралық аренадағы рөлі: еқыұ-ға және Ислам конфедерациясына төрағалығы
- •50 Хіх ғасырдың екінші жартысы хх ғасыр басындағы Қазақстанның саяси-экономикалық және әлеуметтік жағдайы.
- •76 Қазақстандағы жэс.
- •81 Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру – Қазақстан шаруаларының трагедиясы.
90. Желтоқсан Көтерілісі
Қазақ КСР КП ОК-нің бірінші хатшысы болып істеген Г.Колбин тағайындалды. Орталық мұндай өктемдігі қазақ халқының тарапынан заңды наразылық туғызды. 1986 жылы 17 желтоқсанда Алматыда қазақ жастарының жаппай толқуы басталды. Желтоқсан көтерілісінің сылтауы Г.Колбиннің республика басшысы болып тағайындалуы еді. Ал желтоқсан көтерілісінің басты себептері – Мәскеудегі орталық биліктің ұлт саясатындағы әділетсіз ұстанымы мен Кеңес үкіметінің ұлттық мәдениет пен халықтың салт-дәстүрлеріне қысым жасап, ашық түрдегі орыстандыру саясатының жүргізілуі болды. Қайта құру жариялаған демократиялық ұсынымдары арасындағы қарама-қайшылықтар, яғни сөзі мен ісіндегі сәйкессіздік те халықтың ашу-ызасын туғызған еді. Жастардың наразылығы бейбіт әрі саяси сипатта болды. Бірақ партия басшылығы саяси наразылықты өкімет билігіне төнген қатер деп бағалады. Кеңес әскері халыққа қарсы ойындар, саперлік күректер, арнайы үйретілген иттер, су шашатын машиналар сияқты қару қолданды. Мыңдлаған қазақ жастары желтоқсанның құрбандары болды. 17-19 желтоқсанда алаңға 60 мыңдай адам шыққан. 8 мыңнан астам адамды ұстап қаланың сыртына апарып тастаған. 103 азаматқа айып тағылып, 1,5-15 жылға дейін бас бостандығынан айырылса, 2 азамат – Қ.Рысқұлбеков пен М.Әбдіқұлов ату жазасына келісті. 52 адам партиядан және 787 адам комсомол қатарынан шығарылып, жоғары оқу орындарының 12 ректоры қызметінен шығарылды. Ішкі Істер министрлігінен 1200 адам, денсаулық сақтау және Көлік министрлігінен 309 адам жұмыстан шығарылды. 1987 шілде де КОКП орталық комитетінің «қазақ интернационалдық және патриоттық тәрбие берудегі жұмыстары туралы» қаулы қабылданып, мұнда Желтоқсан көтерілісі «қазақ ұлтшылдығының көрінісі» деп бағалады. 1989 жылы маусым-мамыр айларында КСРО халық депутаттарының І съезінде қоғам қайраткері М.Шаханов СОКП басшылығынан «желтоқсан көтерілісіне» әділ баға беруді талап етті. Оны қолдаған А.Сахаров болды. Талаптың нәтижесінде желтоқсан оқиғаларына байланысты түпкілікті баға беру жөнінде комиссия құрылып, төрағасы М.Шаханов болды. Желтоқсан көтерілісінің саяси және тарихи маңызы өте зор болды. 1-ден, желтоқсан көтерілісі Кеңес одағындағы демократиялық өзгерістерге жол ашып, 2-ден қазақ халқының ұлттық рухы мен саяси санасының өрлеуіне алғышарт жасады; 3-ден әлемдік қауымдастыққа өркениетті қазақ деген халықтың бар екенін паш етті, 4-ден тоталитоарлық жүйенің ыдырау процесін жеделдетті,5-ден қазақ халқының тәуелсіздігіне ашылған жол болды.
88.Қазіргі кездегі қазақстандағы саяси партиялар мен қоғамдыққ қозғалыстар.
1999 жылғы республикада барлығы 14 саяси партия мен қоғамдық қозғалыс туралы жұмыс жүргізген. 2000 жылы республикадағы ресми тіркелген партиялар саны 15-ке жетті. 1999 жылы Қазақстанда демократиялық үрдістердің даму кезеңі болды. Осы жылы Парламент төменгі палат асына сайлау пропорционалды жүйесімен сайлауға бөлінді. Республиканың жалпы Парламент мәжілісіндегі 77 орынның 10 орны пропорционалды жүйемен сайлауға бөлінді. Саяси партиялар алғаш рет депутат мандаты үшін тікелей күресуге мүмкіндік алды. Партиялар тізім бойынша 84 кандидат тіркелді. Сайлауға 9 партия Халық конгресі Қазақстан өрлеу партиясы, Республикалық партия, Демократиялық «Азамат» партиясы, Аграрлық , Азаматтық және ұлттық «Алаш» партиялары қатысты. Сайлауда жеңіп шыққан партия 1999 жылы ақпанда құрылған. Алматыда өткен құрылтай съезінде президенттікке үміткер ретінде Н.Ә.Назарбаевты қолдау негізінде 30,89% дауыс жинап, мәжілісте 4 депутаттық орынға ие болған «Отан» партиясы еді. Қазіргі күнге дейін өзіне жүктелген міндеттерін орындап жатыр.
57. Ыбырай Алтынсарин – ағартушы-педагог, қазақтың ағартушы –педагог әрі қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсарин (1841 жылы Қостанай облысы Қостанай ауданында дүниеге келіп, 1889 жылы қайтыс болған) белсенді қызмет атқарды. Әкесінен ерте айырылған ол өзінің атасы, белгілі би, орынбор шекаралы комиссиясының әскери старшыны Балқоженің қолында тәрбиеленді.
Содан кейін шекара комиссиясы жанында қазақ мектебінде оқиды. Ыбырай Алтынсарин Қазақстандағы тұңғыш бастауыш және кәсіптік білім беруге арналған мектептер ашқан қайраткер. Оның белсенді қызмет нәтижесінде өлкеде қазақ қыздарына арналған қолөнер, ауыл шаруашылық училищелері иашылды. 1879 жылы ол торғай облысы мектептерінің инспекторы болып тағайындалды.
Қажырлы ағартушылық қызметінің барысында педагогика, этнография, ауыз әдебиеті саласында мынадай оқу құралдарын жазды: «қырғыз хрестоматиясы», «Қырғыздарға орыс тілін оүйретудің бастапқы жетекшісі», сонымен қатар қазақ халқының эпостық жырлары «Қобыланды батыр», «Жәнібек батырдан» үзінділер, тарихи материалдар – «Қыпшақ Сейітқұл», «Байұлы» және т.б. өркениетке жеткізуге болатынын жақсы түсінді. Оның кейбір еңбектерінде адамгершілікке баулу, қайырымдылық пен бауырмалдық, сабырлық пен шыдамдылық, секілді қасиеттерге тәрбиелеу, тапқырлықпен шешендікке блаулуды мақсат еткен.