- •3.Қазақстан территориясындағы алғашқы қауымдық құрылыс:
- •2. Қазақстан қола дәуірінде. Алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырай бастауы:
- •9. Қаңлы мемлекті
- •12. Түрік қағанаты
- •17Қарахан мемлекеті
- •15. Қазақстанда Илам дінінің таралуы.
- •19. Найман, Керей және Жалайыр мемлекеттік бірлестіктері.
- •21. Қазақстан территориясындағы орта қалалар мен елді мекендер (VI-XII ғ.Ғ.)
- •27. Моңғолдардың Қазақстанды жаулап алуы. Ұлыстардың құрылуы.
- •28 Алтын Орда
- •33 Қазақ халқының қалыптасуы, «қазақ» атауының шығу тарихы.
- •36. Қасым хан
- •37.Хақназар (Ақназар) хан саясаты.
- •45.Бөкей ордасы. Жәңгірхан (1823-1845жж.)
- •44. Сырым Датұлы басқарған Кіші жүз қазақтарының көтерілісі (1783–1797 жж.)
- •46. 1836-1837 Жылдардағы Бөкей хандығындағы халық-азаттық көтеріліс
- •56.XIX ғ. Екінші жартысындағы Қазақстан мәдениеті
- •54. XIX ғ. 60ж. Аяғы 70жылдардың басындағы Маңғыстау және Орал, Торғай жерлеріндегі қазақтардың бас көтеруі.
- •51. 1867-1868 Жылдардағы патша үкіметінің Қазақстандағы әкімшілік реформалары.
- •55. 1886–1891 Жж. Қазақстандағы патша өкіметінің реформалары және оның сипаты.
- •65.Қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі.
- •66.Қазақстан 1917 жылғы Ақпан революциясы кезінде
- •69. Облыстық азақ съездері (1917ж. Сәуір - мамар)
- •86. Қазақстанның Ұлы Отан соғысының кейінгі мәдениетімен ғылымының дамуы (1946-1965).
- •90. Желтоқсан Көтерілісі
- •88.Қазіргі кездегі қазақстандағы саяси партиялар мен қоғамдыққ қозғалыстар.
- •58. Абай Құнанбаев – ақын ағартушы.
- •100. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясындағы қазақстан тарихының зерттелу барысы.
- •26. Махмұт Қашқари.
- •101. Назарбаевтың «Нұр Отан» халық демократиялық партиясының «Жас Отан» жастар қанатының 1 съезінде сөйлеген көзі.
- •103 Қазақстанның халықаралық аренадағы рөлі: еқыұ-ға және Ислам конфедерациясына төрағалығы
- •50 Хіх ғасырдың екінші жартысы хх ғасыр басындағы Қазақстанның саяси-экономикалық және әлеуметтік жағдайы.
- •76 Қазақстандағы жэс.
- •81 Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру – Қазақстан шаруаларының трагедиясы.
86. Қазақстанның Ұлы Отан соғысының кейінгі мәдениетімен ғылымының дамуы (1946-1965).
Ұлы Отан соғысы аяқталғанан кейін еліміздің экономикалық жағдайы өте қиын болды. Жау қолында болған қалалар мен селолардың тек қирандылары ғана жатты. Кеңес одағының байлығының үштен бірі жойылып кетті. Соғыста 30млн – ға жуық адам қаза таты. Осынауы қиындыққа қарамастан қысқа мерзім ішінде халық шаруашылығын қалпына келтіру керек болды.
Қазақстан ел экономикасын бейбіт өмірге қайта бейімдеу шаралары өндіру, цемент, қара және түсті метал өндірісі жабдықтарын шығару, көмір және тау кен кәсіпорындарының дамыту жақсы жолға қойылды. Кеңес одағының әскери – өнеркәсіптік кешенінің ірі ошағына айналды. 1954 – 1958 жылдары қазақстан бойынша Өскемен, Ақтөбе, Шымкент, құрылып іске кірісті. Жеңіл өнеркісіп саласында 65 кәсіпорын ел игілігі үшін жұмыс істеді. Байланыс саласында Мойынты – Шу, Жамбыл – шолақтау теміржолдары салынды. 1958ж Қазақстан аумағында барлық жолдар жеоісін бір жүйеге келтірген. «Қазақстан темір жолы» құрылды. Алматы қаласында автоматты телефон ситанциясы іске қосылды. 1960ж Қазақстан электр қуатын 1945 жылмен салыстырғанда 10,5 есеге көп өндірді. Соғыстан кейінгі кезеңде білім, ғылым және әдебиеттің дамуына бірқатар жетістіктерге қол жеткізілді. 1946ж Қазақ КСР Ғылым Академиясы ашылды. Оның ұйымдастырушысы әрі тұғыш предиденті Қ.Сәтпаев болды. 1950 жылдың соңында Қазақ КСР – ның Ғылым Академиясы жүйесіне 19 ғылыми – зерттеу институты жұмыс істиеді. 1947ж М.Әуезов «Абай жолы» эпопеясының екінші кітабын жазып бітірді, ал 1949ж КСРО Мемлекеттік сыйлығы берілді. Қазақ әдебиетінде бұл жылдары С.Мұқановтың «Сырдария», Ғ.Мұстафиннің «Милионер» т.б. құнды еңбектер жарық көрді. Соғыстан кейінгі жылдарда, бір өкініштісі, зиялы қауымға қарсы сталиндік қуғын – сүргін саясатының жаңа толқыны басталды. 1947ж Е.Бекмаханов «ХІХ ғасырдың 20 – 40 ж – дағы Қазақстан» атты іргелі ғылыми монографиясын дайындады. Алайда еліміздің идеологиясы саласын басқарып отырған адамдар Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт азаттық көтеріліске қатысты ғылымның көзқарасы ұлтшыл әрі саяси зиянды деп бағалады. 1952ж Е.Б. 25 жылға сотталып, тек Сталин өлгеннен кейін ғана, 1954ж көктемде аяқталды. Саяси айып тағылып, ғалымдар қатарында А.Жұбанов, Қ.Жұмалиев, Б.Сүлейменов, К.Мұхамедханов т.б. қудаланды. Қ.Сәтбаев пен М.Әуезов саяси қысымның нәтижесінде еріксіз Қазақстаннан Мәскеуге кетуге мәжбүр болды. 1949ж – дың 29 тамызда Қазақ жері үшін ең қасыретті күндердің бірі Семей полигонында ядролық бомбаға алғашқы сынақ жасалды. Семей полиганынды 1964 жылға дейін ашық атмосферада атом бомбасына 113 сынақ өткізілді. 1964 жылдан бастап жер асты сынақтар өткізіле бастады.
85. Қазақстанда 1954 – 1964ж.ж. Тың және тыңайған жерлерді игеру және оның әлеуметтік зардаптары.
1954 жылы 23 ақпан мен 2 наурыз аралығында Компартия ОК пленумы болып, онда «Елде астық өндіруді ұлғайту мен тың және тыңайған жерлерді игеру» жөнінде қаулы қабылданды. Бұл КСРО – да нан тапшылығын жою үшін жасалды. Астық мәселесін шешудің теориялық тұрғыдан екі бағыты болды. 1. Интенсивтік бағыт экономиканы реттеудің нарықтық қатынасына көшу. 2. Экстенсивтік бағыт – астық өнімін жаңа жерлерді жырту, тың жерлерді игеру арқылы арттыру жолы азық – түлік мәселесін шешуге Кеңес үкіметі осы екінші жолды талдады. Кеңес одағы бойынша 1954ж 13,4 млн гектар және тыңайған жерлер жыртылды. Оның 6,5 млн гектары, яғни 50% - ы Қазақстанда. Осылайша жаппай тың және тыңайған жерлерді игеру қозғ,алысы басталды. Тек 1954 – 1955ж бір жыл ішінде Қазақстан өлкесінде жаңа 337 совхоз құрылды. Олар Ақмола, көкшетау, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында құрылды. 1954 – 1955ж Бүкіл Кеңес одағы бойынша 18 млн га, яғни 66,6 % жер жыртылды. Тың игерудің негізгі қорытындысы. – ол сол уақыттан осы кезге дейін Қазақстан халқын нанмен қамтамасыз ету мәселесінің шешілуі. Сонымен бірге Қазақстан сырт елдерге экспортқа астық шығаратын елге айналды. Тың және тыңайған жерлерді игерудің зардаптары да болды. 1960ж- ға қарай Қазақстанның тың өлкелерінде 9 млн га жел эрозиясына ұшырады. 1954 – 1962ж- дар аралығында тың игері үшін Қазақстанға КСРО – ның тек еуропалық бөлігінен 2 млн адам әкелінді. Республикада қазақ халқының 30 % - ға төмендеп, ұлттық тіл, салт дәстүр мен халықтың әлеуметтік институттарының жойылып кету қаупі туды. 1962 ж Н.Хрушевтің бастамасымен солтүстік облыстар тың өлкесіне біріктіріліп, Ақмола қаласы Целиноград деп өзгертілді. Егіншілік мәселелерінен басқаь мал шаруашылығын нығайту жолдары қарастырылды. Елуінші жылдың соңында Қазақстанда 26,4 млн – нан қарастырылды. Елуінші жылдың соңында Қазақстанда 36,4 млн – нан астам мал басы болды. Сонымен «Хрушев» он жылдығы 1953.
89. М.Горбочевтің «Қайта құру» саясаты және оның Қазақстан үшін әсері. 1985 жылы наурызда КОКП ОК Бас хатшысы қызметіне М.Горбачев (1985 - 1991) сайланды. 1985 жылы сәуірде өткізілген КОКП ОК Пленумында М.Горбачев әлеуметтік – экономикалық жүйе мен қоғамдық өмірге реформалау – қайта құрулар жүрігізлген мәлімдеді. Қайта құру мемлеуеттің қоғамдық – саяси институттарының бүкіл жүйесін демократияландыру және халықтың өзін – өзі басқаруын теңдету деп түсіндірді. Қайта құру саясатының негізгі бағыттары – қоғам өмірін демократияландыру және жариялылықты дамыту, әлеуметтік – экономикалық дамуы жеделдету болды. Сонымен бірге 1985ж сәуір Пленумында әлеуметтік – экономикалық дамуы жетелдету туралы қаулы қабылданды. Оның мақсаты – өндірісті басқару әдістерін өзгертіп, ғылыми – техникалық жетістіктерді енгізу арқылы халық шаруашылығында дамыту. Іс жүзінде ол өндіріс орындарын шаруашылық есепке көшіру және жеке меншік түрін дамыта отырып, нарықтық экономикаға бетбұрыс жасау еді. Бұл саясатты іске асыру бағытында бүкіл елде кооперативтік қозғалыс басталды. Мемлекет жетекшілері эконоиканы басқаруда әліде директивалық әдістерге сүйенеді. Бұл шамалар экономиканы дағдарыстан шығара алмады. Күнделікті тұтынатын тауарлар тапшылығы ауырлау түсті азық – түлік түрлері азайып кетті. Қоғамның саяси жүйесін жаңартпайынша экономиканы басқару жаңа әдістері нәтиже бермеәтіндігі дәлелденді. Қоғамдық саяси және әлеуметтік өмірдегі қайшылықтар күшейе берді. Мемлкеттік жоспарлау барысында республикалар мүддесі екінші кезекке ысырылды. Өйткені қазба байлықтан түскен табыстар республикаларға аз мөлшерде ғана беріліп, жергілікті халық оның иелігін көре алмады. Тұтыну тауарларының 60% - ы шеттен тасмалдандың ғылым мен мәдениет білім салаларын қаржыландыру бюджеттік қалдық ұстанымы сақталып қалды. Рухани салада да терең қайшылықтар орын алды. Мәдениет халықтық дәстүрінен ұлттық келбетінен айырыла бастады. Нәтижесінде 19541986 жылдары 600 – ден астам қазақ тілі мектептері жабылды. Маңызды шешімдері Мәскеуде қабылданды. Орталықтың шешімдерінен келіспеу оған сын айту «ұлтшылдық» ретінде бағаланды. 1986 жылы ақпан – наурызда қазақстан компартиясының XVI съезі болып, әлеуметтік – экономикалық дағдарыстың жекеленген кемшіліктерін сынаумен шектелді.
