Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тарих гос.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
879.1 Кб
Скачать

65.Қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-азат­тық көтерілісі.

Қазақ жас­та­рын май­дан­дағы тыл жұмы­сына алу жөніндегі пат­ша­ның 1916 жылғы 25 ма­усым­дағы жар­лығы ха­лықтың шы­дамын та­уысып, олар­дың отар­лау езгісі мен ор­та ғасыр­лық қанауға қар­сы көтерілуіне се­беп бол­ды. Қазақтар­дың ту­уы ту­ралы куәлігінің жоғын пай­да­ланып, бо­лыс­тық басқар­ма­лар мен ауыл стар­шында­ры жас­та­рының асқан­дығына қара­мас­тан ке­дей жігіттерді май­данға жұмысқа алы­натын «қара тізімге қос­ты», ал фе­одал­дар ба­лала­рының жа­сын өз бетінше үлкейтіп, не­месе кішірейтіп көрсетіп, әскер­ге жібер­ме­удің ама­лын жа­сап бақты.Май­дан жұмы­сына қазақ жас­та­рын алу ту­ралы жар­лық қазақ халқының зор на­разы­лығын ту­дыр­ды.Қазақстан­дағы бұл қозғалыс көпшілік аудан­дарда ұлт-азат­тық си­пат­та бо­лып, пат­ша өкіметіне, отар­шылдыққа, им­пе­ри­алистік соғысқа және жергілікті жер­лерде пат­ша өкіметіне сүйеніш бо­лып отырған фе­одал-бай­ларға қар­сы бағыт­талды. Бұл қозғалыс­ты еңбекші ха­лықтың өкілдері басқар­ды. Торғай да­ласын­да қазақ жас­та­рын Әліби Жан­гелдин мен Аман­гелді Има­нов, Орал об­лы­сы мен Бөкей ор­да­сын­да Сейітқали Мен­де­шев, Ақтөбе да­ласын­да – Әділбек Майкөтов, Жетісу­да – Тоқаш Бо­кин, Бек­бо­лат Әше­ке­ев, Ұзақ Са­урықов, Тұрар Рысқұлов т. б. басқар­ды.1916 жылғы шілде, та­мыз ай­ла­рын­да көтеріліс бүкіл қазақ да­ласын қам­ты­ды. Оны ба­су үшін пат­ша өкіметі жа­зала­ушы от­рядтар жіберді. Оның құра­мына жақсы қару­ланған әскер бөлімдері, ка­зак-орыс шоғыр­ла­ры кірді.Көтерілісті ба­су үшін пат­ша үкіметі өзінің ескі «бөліп ал да би­лей бер» де­ген так­ти­касын да кеңінен қол­данды. 1916 жылғы 23 та­мыз­да Түркістан ге­нерал-гу­бер­на­торы Ку­ропат­киннің жар­лығымен май­дан жұмыс­та­рына шақыры­лудан қана­ушы тап­тардың бірқатар өкілдері бо­сатыл­ды.1916 жылғы қазақ халқы көтерілісінің бас­ты аудан­да­рының бірі – Жетісу еді. Мұнда ол 1916 жылғы шілденің алғашқы күндерінде Жар­кент – та­ран­шы бо­лысы­ның Го­родс­кое се­лосын­дағы тыл жұмыс­та­рына жіберілетін жігіттердің тізімдерін жа­сауға қар­сы­лық көрсе­туімен бас­талды.Жетісу­дағы көтеріліс бас­шы­лары­ның және қазақтың де­мок­ра­ти­яшыл зи­ялы­лары­ның бірі – Тоқаш Бо­кин. Ол ха­лықтар ара­сын­дағы үгіт жұмы­сына бас­шы­лық етті, соғыс­тың ха­лыққа қар­сы си­патын түсіндірді, үстем фе­одал-бай­лар то­бының сатқын­дық рөлін әшке­релеп, пат­ша жар­лығын орын­да­мауға шақыр­ды. 1916 жылғы та­мыз­дың бас кезінде ре­волю­ци­ялық қыз­меті үшін ол қамауға алын­ды. Түрме­де Тоқаш Бо­кин Ақпан төңкерісінің жеңісіне дейін отыр­ды.Жа­зала­ушы­лар­мен соңғы ұрыс 1916 жылғы қыркүйектің аяғын­да Қапал уезіндегі Бы­жы өзенінің маңын­да жүрді. Көтерілісшілердің жа­сақта­ры жеңіліске ұшы­рап, қалған­да­ры тауға кетті. Жетісу­дағы көтеріліс 1916 жылғы қазан­да ба­сып-жан­шылды.Көтерілістің ең бір күшті болған ор­та­лығы Торғай об­лы­сы еді. Мұнда көтеріліс ең бұқара­лық, ең ұзаққа со­зылған, ең та­бан­ды және ұйым­дасқан көтеріліс бол­ды. Көтеріліс Торғай, Ырғыз, Ақтөбе және Қос­та­най уез­дерін қам­ты­ды.Торғай уезінің қып­шақ ру­ының қазақта­ры өздерінің ха­ны (әмірі) етіп Ни­яз бидің не­мересі Әбдіғапар Жан­бо­сынов­ты сай­ла­ды. Ал оның әскерінің бас сар­дарбегі (әскер қол­басшы­сы) бо­лып Аман­гелді Има­нов тағайын­далды. Арғын ру­ының бо­лыс­та­рын Ос­пан Шо­лақов басқар­ды.Аман­гелді Има­нов 1873 жы­лы Торғай уезінің Қай­да­уыл бо­лысын­дағы ауыл­дардың бірінде, ке­дей ша­ру­аның семьясын­да туған. Әкесінен ер­те айырылған Аман­гелді бай­лар­дың есігінде жүріп, ба­ла күнінен-ақ жоқшы­лық пен мұқтаж­дық көрді. Аман­гелді Има­нов­тың ұйым­дасты­рушы­лық қабілеті ха­лық көтерілісінің алғашқы күндерінен бас­тап-ақ айқын көрінді. Көтерілісшілердің шта­бы (ор­та­лығы) Торғай да­ласы­ның қиыр түкпірінде, Бат­паққара маңын­да ор­на­лас­ты. Ол от­рядта­рын 10, 50, 100 және 1000 адам­нан құралған топ­тарға бөлді. Олар­дың ба­сына он­ба­сы, елу­басы, жүзба­сы, мыңба­сы тағайын­далды.1916 жылғы қазанға қарай Торғай және Ырғыз уез­дерінде 20-ға тар­та көтерілісшілер от­ря­ды құрыл­ды. 23 қазан­да Аман­гелді Има­нов бас­таған 15 мың көтерілісшілер Торғай қала­сын қор­шап ал­ды. Бірақ олар қала­ны ала ал­май, қор­шау бірне­ше күнге со­зыл­ды. Аман­гелді бас­таған көтерілісті ба­су үшін пат­ша үкіметі ге­нерал А. Д. Лав­рентьев басқарған 10 мың әскер жіберді. Лав­рентьев әскер­лерінің ке­ле жатқанын естіп, көтерілісшілер Торғай­ды қор­ша­уды қойып, оған қар­сы ат­танды. Жа­зала­ушы­лар көп шығынға ұшы­рап, көтерілісшілер қата­рын әрең бұзып өтіп, 16 қара­шада Торғай қала­сына келіп кірді.Қара­шаның екінші жар­ты­сын­да көтерілісшілердің негізгі то­бы Торғай­дан 150 шақырым жер­ге қашықтап шегініп, Бат­паққара­ның төңірегіне жи­нал­ды. Мұнда соғыс қимыл­да­рына бас­шы­лық ететін кеңес құрыл­ды. Аман­гелді Има­нов­тың бас­шы­лығымен осы жер­де жа­зала­ушы­ларға қар­сы көтерілісшілердің пар­ти­зан­дық күрес әдістерін кеңінен пай­да­лан­ды.Бірақ қыс­тың ер­те түсуі көтерілісшілердің қимы­лын қиын­датты. Көтерілісшілер өздерін азық-түлікпен қам­та­масыз етіп, алыс жер­лерге жертөле­лер сал­ды, киіз үй­лер тікті. Сөйтіп, 1917 жыл­дың ба­сынан бас­тап, А. Има­нов күресті әрі қарай жалғас­ты­руды көздеді.Пат­ша жа­зала­ушы­лары мен Аман­гелді Има­нов­тың көтерілісшілері ара­сын­дағы соғыс қимыл­да­ры 1917 жылғы Ақпан бур­жу­азиялық-де­мок­ра­ти­ялық ре­волю­ци­ясы­нан кейін де жалғаса берді.Торғай об­лы­сын­да Аман­гелді Има­нов­пен бірге көтеріліске бас­шы­лық етіп, оның дүни­ета­нымын қалып­тасты­руға зор ықпал жа­саған боль­ше­вик Әліби Жан­келдин еді. Ол 1884 жы­лы Торғай уезінің Қай­да­уыл бо­лысын­да ке­дей семьясын­да туған. 1902 жы­лы орыс-қазақ мек­тебін бітірген­нен кейін, ол Қазан се­мина­ри­ясы­на оқуға түсті. 1905 жы­лы Қазақ сту­дент­терінің ре­волю­ци­ялық қозғалы­сына қатысқаны үшін, се­мина­ри­ядан шығарыл­ды. 1906 жы­лы ре­волю­ци­ялық қыз­меті үшін, оны осы­ның ал­дында ғана оқуға түскен Мәскеу се­мина­ри­ясы­нан шығар­ды. 1915 жы­лы боль­ше­вик­тердің Пет­роград ұйымы оны пар­тия мүшелігіне қабыл­да­ды.Көтерілістің бірыңғай бас­шы­лығы және ұйым­дасты­рушы ор­та­лығы бол­ма­са да, Қазақстан­да бо­лып жатқан оқиғалар басқа ай­мақтарға ықпал жа­сап, өза­ра бай­ла­ныс­ты бо­лып отыр­ды. Көпте­ген аудан­дарда көтеріліс ан­ти­фе­одал­дық си­пат ал­ды. 1916 жылғы көтеріліс қазақ еңбекші бұқара­сының тап­тық са­на-сезімін арт­ты­руда зор рөл атқар­ды. Көтеріліс пат­ша­ның ма­лай­ла­ры ретінде фе­одал­дық ру­лық жоғары топ­тың шын сиқын қазақ ша­ру­ала­рына айқын көрсетіп, ауыл­дағы тап күресін жаңа са­тыға көтерді.Көтерілістің негізгі қозғаушы күші ұлттық ша­ру­алар­дың қалың топ­та­ры, сон­дай-ақ жаңадан ту­ын­дап ке­ле жатқан жұмыс­шы та­бының өкілдері, қолөнершілері еді. Оған қазақ халқының өзге топ­та­рының, со­нымен бірге де­мок­ра­ти­ялық ин­те­леген­ци­яның өкілдері де қатыс­ты. Жал­пы алған­да, Қазақстан­дағы 1916 жылғы ұлт-азат­тық көтеріліс қазақтар­мен қатар ұйғыр­лар, өзбек­тер, дұнған­дар және кейбір өзге ха­лықтар­дың өкілдері қатысқан тұтас бір ұлттық си­патқа ие бол­ды.Қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-азат­тық қозғалы­сы — Ре­сей им­пе­ри­ализмі дағда­рысы­ның бір көрінісі еді. Бұл қозғалыс Ре­сей­дегі азат­тық күресінің жал­пы тасқыны­на ұлас­ты. Ол им­пе­ри­ядағы са­яси және әле­уметтік дағда­рыс­тың одан әрі асқына түсуіне се­бепші бол­ды, әске­ри-фе­одал­дық және әске­ри отар­шылдық басқару жүйесінің іргесін шайқалт­ты.