Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тарих гос.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
879.1 Кб
Скачать

55. 1886–1891 Жж. Қазақстандағы патша өкіметінің реформалары және оның сипаты.

1886 жыл­дың 2-ма­усы­мын­дағы Түркістан өлкесін басқару ту­ралы ере­же. III Алек­сандр пат­ша­ның Түркістан өлкесін басқару ту­ралы 1886 жылғы 2 ма­усым­да қол қойған Жар­лығы кең-бай­тақ өлкені басқару­дың бүкіл құры­лымы­на ре­фор­ма жа­са­уды бас­тап берді. Жаңа ере­жеге сәй­кес Түркістан ге­нерал-гу­бер­на­тор­лығына үш об­лыс: Сыр­да­рия, Ферғана, Са­марқанд кіргізілді. Кейінірек­те, 1897 жы­лы, Жетісу об­лы­сы да жаңа ге­нерал-гу­бер­на­тор­лықтың құра­мына берілді. Об­лыстар­дың билігі әске­ри гу­бер­на­тор­ларға берілді. Ха­лық са­ны 800 230 адам, жер көлемі 353 430 шар­шы шақырым бо­латын, көршілес Жетісу об­лы­сы 6 уез­ден: Вер­ный, Қапал, Лепсі, Пішпек, Прже­валь­ский және Жар­кент уез­дерінен тұрды.1886 жылғы Ере­женің негізгі өзегі бүкіл жер қорын мем­ле­кеттің меншігіне бе­ру бол­ды, ол қазақтар­дың эко­номи­калық әл-ауқаты­ның негізгі ны­саны – мал ша­ру­ашы­лығына ора­сан нұқсан келтірді. Жерді мем­ле­кеттік меншік деп жа­ри­ялап, жергілікті ха­лықты жерін бей­мерзім жалға бе­рушілер деп қараған үкімет, соңғыла­рына «мал жаюға, то­пырақ және тас, бал­шық жи­науға» құқық бе­ре оты­рып (253-бап), но­мад­тардан құнар­лы алап­тардың алып қойылу­ын тез­детті, ол XX ғасыр­дың ба­сын­да сто­лыпиндік аг­рарлық ре­фор­ма­лар­дың жүргізілуімен аяқтал­ды. 1886 жылғы Ере­женің отар­шылдық бағыты са­лық жүйесінен де өз көрінісін тап­ты. Ол 1867 жылғы Уақыт­ша ере­женің бап­та­рын қай­та­лады; әр түрлі міндет­керліктердің көлемін көбей­тті. Мы­салы, шаңырақ алы­мы 4 сомға дейін көбейтілді. Сот құры­лымын­дағы өзгерістер Ере­жеде көрсетілген жаңалықтар­дың іске асы­рылу­ын заң тәртібімен қам­та­масыз ету­ге тиіс бол­ды және ол ры­нок­тық қаты­нас­тарға тар­тылған әле­уметтік жіктердің мүдде­лерін қорғауды көздеді. Негізгі үш сот инс­тан­ци­ясы – бітістіруші судья, об­лыстық сот және үкіметтік Се­нат отар­шылдық тәртіптер енді ғана ор­ныға бас­таған жағдай­лар­да қоғам­ның тіршілігін құқықтық жағынан қам­та­масыз етуді рет­те­ген бұрынғы заң ере­желерін жоққа шығар­ды.1891 жыл­дың 25 на­уры­зын­дағы Да­лалық об­лыстар­ды басқару ту­ралы ере­же. Өңде­уші өнеркәсіптің ұлғаюы, кен өндіретін өнеркәсіптің бірша­ма тез да­муы, жаңа темір жол желілерінің са­лынуы, ур­ба­низа­ция үрдісі, жұмыс­шы та­бының қалып­та­суы – осы­ның бәрі жи­нақтап алған­да әле­уметтік-эко­номи­калық фак­торлар­дың бүкіл жүйесінің өзге­руіне әкеп соғып, Қазақстан­ды отар­лық шет ай­маққа ай­нал­дырды, барған сайын нығайып ке­ле жатқан ры­нок­тық кәсіпкерлікті заң арқылы қам­та­масыз етті.Ерек­ше Ко­митеттің пікірі бойын­ша, «бірінші алғашқы ере­женің» бар­лық өзгерістері «оның уақыт­ша си­патын жоюға» және оны жүзе­ге асы­ру ба­рысын­да «іс жүзінде кез­дестірілген» ала­уыз­дық ата­улы­ны неғұрлым «дәл ре­дак­ци­ялау» арқылы жоюға, сон­дай-ақ «им­пе­ри­яның басқа бөлімдеріне неғұрлым қолай­лы ке­луі мүмкін негіздер­де» басқару және сот жүйесін да­мытуға, то­лықты­руға тиіс бол­ды. Ұсы­нылып отырған «Ере­же» ка­пита­лизмнің «кеңейе» да­му­ына бай­ла­ныс­ты өзгерістерді ес­ке­ру негізінде Қазақстан­дағы Ре­сей әске­ри-әкімшілік өкіметін ор­нықты­ру үрдісін аяқтауға тиіс бол­ды. Со­нымен, 1891 жыл­дың 25 на­уры­зын­дағы пат­ша жар­лығын Қазақстан­ның әр түрлі тілде сөй­лейтін халқының өмірін қай­та құруға ны­сана­лы түрде жа­салған әре­кет деп қарау ке­рек. Жаңа ре­фор­ма­ны қабыл­дау уақыты им­пе­рия халқының са­яси бел­сенділігінің жан­да­ну­ымен, азат­тық қозғалы­сының өрістеуімен ерек­ше­ленді. Об­лыстар­ды басқару жүйесі тәртіпке келтірілді: пат­ша­ның қала­уы бойын­ша ар­на­улы «пат­ша жар­лығымен» тағайын­да­латын және бо­саты­латын, да­лалық ге­нерал-гу­бер­на­торы­на бағына­тын Ақмо­ла, Се­мей және Жетісу об­лыста­рының Бас басқар­ма­лары құрыл­ды. Ге­нерал-гу­бер­на­тор қай­тыс болған не­месе қыз­метінен бо­сатылған, яки ауырған жағдай­лар­да, егер бұл орай­да оның міндетін атқару­ды им­пе­ратор басқа адамға тап­сырма­са, оның міндет­терін жергілікті әске­ри гу­бер­на­тор­лықтың қыз­мет бойын­ша дәре­жесі үлкені уақыт­ша атқар­ды.1891 жылғы ере­жеде да­лалық об­лыстар­дағы сот құры­лысы­на еле­улі то­лықты­рулар мен нақты­ла­улар жа­сал­ды. Ең ал­ды­мен он­да «Уақыт­ша ере­женің» көшпелілерді де, оты­рықшы­лар­ды да Ре­сейдің ішкі гу­бер­ни­яла­рының се­лолық тұрғын­да­рына теңестіру ту­ралы ба­бы нығай­тыл­ды.Үкіметтің бұрынғы сот жүйесін қат­ты өзгер­туіне се­беп болған негізгі міндет ис­лам ша­риғатын уағыз­да­ушы би­лерді және құқықтық жүйені ығыс­ты­рып шығару, олар он­даған ғасыр­лар бойы пай­да­ланып кел­ген жеңілдіктерді жою бол­ды. Жаңа ере­же би­лер со­тын жойып, ха­лық со­ты де­ген жал­пы ата­умен құқықтық құры­лыс­тың жаңа құры­лымын енгізді.1891 жылғы Ере­женің 119-ба­бын­да ел ме­кен­дейтін де, ме­кен­де­мейтін де бүкіл жер қоры­ның мем­ле­кеттік меншік деп жа­ри­яла­нуы заңдас­ты­рыл­ды, ал жазғы жай­ла­улар дағды бойын­ша көшпелілердің пай­да­лану­ын­да қал­ды­рыл­ды; кен кәсіпшілігіне ар­налған қысқы қыс­та­улар­дағы жер­лер жалға берілді. Жал­пы алған­да 1886–1891 жыл­дардағы Ере­же XIX ғасыр­дың аяғын­дағы Қазақстан­ның әле­уметтік-эко­номи­калық да­му жағда­ят­та­рын көрсе­те оты­рып, XIX ғасыр­дың 20-жыл­да­рының өзінде-ақ бас­талған жаңалықтар­дың жалғасы және аяқта­ушы ке­зеңі бол­ды.