Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тарих гос.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
879.1 Кб
Скачать

56.XIX ғ. Екінші жар­ты­сын­дағы Қазақстан мәде­ни­еті

XIX ғ. 60-жыл­да­ры Қазақстан­да бас­та­уыш мек­тептердің ашы­луы Ы. Ал­тынса­риннің есімімен тығыз бай­ла­ныс­ты. 1867–1868 жыл­дардағы ре­фор­ма­лар­дан кейін мұндай мек­тептер Қазақ өлкесінің көпте­ген ай­мақта­рын­да жұмыс істей бас­та­ды. 1868–1869 жыл­дарды Орал об­лы­сын­да 24 орыс-қазақ мек­тебі, 2 екі сы­нып­тық, 6 се­лолық 1 сы­нып­тық, 14 жоғары сы­нып­тық мек­теп және 2 же­кеше учи­лище бол­ды. 1877 жылға қарай Орал ка­зак әскерінің 47 мек­тебінің бе­сеуі қыз­дар мек­тебі еді. Об­лыста 70-жыл­дардың ба­сынан бас­тап мек­теп ісі едәуір жан­да­на түсті. Ер ба­лалар және қыз­дар гим­на­зи­яла­ры мен про­гим­на­зи­яла­ры, мұғалімдер да­яр­лай­тын се­мина­рия, ер ба­лалар оқитын уездік при­ход учи­лище­лері, ок­ругтік әске­ри учи­лище, ста­ница­лық және басқа да оқу орын­да­ры ашыл­ды. 1883 жы­лы қазақ ба­лала­рын оқытуға ар­налған ер ба­лалар ин­терна­ты об­лыс ор­та­лығы Се­мей­де, уездік қала­лар Пав­ло­дар­да, Өске­мен мен Зай­сан­да жұмыс істеді, ал қазақ қыз­да­рын оқытуға ар­налған ин­тернат­тар Се­мей мен Пав­ло­дар­да ғана бол­ды. Сыр­да­рия об­лы­сын­дағы орыс­тарға ар­налған алғашқы мек­тептер 1860 жы­лы Райым (Қаза­лы) бекінісінде және Пе­ровскіде (Қызы­лор­да) ашыл­ды. Жетісу об­лы­сының аумағын­да алғашқы мек­тептер 1868 жыл­дан бас­тап ашы­ла бас­та­ды. Вер­ный және Қапал бекіністерінде при­ход мек­тептері құрыл­ды. Об­лыстың қалған уез­дерінде 12 ста­ница­лық және по­сел­келік бас­та­уыш мек­теп болған еді.XIX ғ. Екінші жар­ты­сын­да бо­лыс­тар мен ауыл­дардағы қазақ ба­лала­ры әдет­те мұсыл­ман мек­тептері мен мед­ре­селер­де оқыды. Пат­ша үкіметі Қазақ да­ласын­да мұсыл­ман мек­тептерінің ашы­лу­ына жол бер­меу үшін ша­ралар қол­данды. Ол жергілікті отар­лық ор­гандар мен оқу бас­тықта­рына мұсыл­ман мек­тептерін қатаң бақылау жөнінде нұсқаулар мен ере­желер жіберді. Қан­дай да бол­ма­сын шек­те­улер­ге қара­мас­тан жер-жер­де, әсіре­се Қазақстан­ның ис­лам дінінің ықпа­лы күшті болған оңтүстік об­лыста­рын­да мұсыл­ман мек­тептері ашы­ла берді. Қазақ ба­лала­ры жаз­дыгүні киіз үй­лер­де, ал қыс­тыгүні жертөле­лер­де оқыты­латын. Бұл ке­зеңнің оқу құра­лы «Ша­ри­ат-ул-иман» не­месе «Иман-шарт» бол­ды. Құран оқумен бірге, та­тар және араб тілдеріндегі кітап­тар бойын­ша ис­ламның негізгі қағида­лары мен бас­ты ғұрып­тық ере­желер оқытыл­ды. Мек­тептер­де көбіне­се 8–17 жасқа дейінгі ба­лалар білім ал­ды. Мед­ре­селер­де мек­тепте білім алған және өз білімін те­реңде­туге тілек білдірген адам­дар оқыды. Мед­ре­сеге түскен­дер «та­либ-улам» (білімге ұмты­лушы­лар) не­месе шәкірттер деп атал­ды. Олар Ор­та Азияға және Еділ та­тар­ла­рына жал­пы белгілі оқулықтар мен оқу құрал­да­ры бойын­ша араб фи­лоло­ги­ясын және мұсыл­ман діні құқығын, сон­дай-ақ діни фи­лосо­фияға қатыс­ты басқа да бірқатар пәндерді оқыды. Мед­ре­селердің «мұғалімдеріне» ке­летін бол­сақ, олар негізінен алған­да дін жо­лын ұста­нушы­лар­дың ұсы­нысы бойын­ша тиісті үкіметтік ор­гандар бекітіп, тағайын­даған мол­да­лар бол­ды. Бұл мол­да­лар мешіттер­де діни қыз­мет атқара жүріп, мед­ре­селер­дегі істерді басқар­ды және шәкірттерді оқыту­мен ай­на­лыс­ты.XIX ғасыр Қазақстан­ның мәде­ни өміріндегі ағар­ту­шылық ғасыр деп ата­лады. Білім мен мәде­ни­еттің да­му­ына ал­дыңғы қатар­лы орыс зи­ялы­лары үлкен ықпал жа­сады. 1847–1857 жыл­дарда ук­ра­ин ақыны Т. Г. Шев­ченко Қазақстан­да ай­да­уда бол­ды. Қазақстан Орыс ге­ог­ра­фи­ялық қоғамы бөлімше­лерінің зерт­теу обьектісіне ай­нал­ды, мұнда мәде­ни-ағар­ту ме­кеме­лері мен ста­тис­ти­калық ко­митет­тер жұмыс істеді; өлке­тану мұра­жай­ла­ры ашы­лып, ер­те­дегі ес­керткіштер, ха­лықтың ауыз­ша шығар­ма­шылығы және құқықтық заңдар, со­ның ішінде қазақтар­дың дағды­лы құқығы зер­де­ленді; орыс-қазақ мек­тептері мен кітап­ха­налар ашыл­ды. Қазақтар өз ба­лала­рына білім бе­руге ұмты­лыс жа­сап, ба­лала­рын ка­дет кор­пуста­ры бар Ом­бы мен Орын­борға жібе­ру үшін мүмкіндік іздестірді. Білім алуға де­ген жап­пай ұмты­лыс пен ықылас жағдайын­да Шоқан Уәли­ханов, Абай Құнан­ба­ев, Ыбы­рай Ал­тынса­рин бас­таған қазақ ағар­ту­шыла­рының то­бы қалып­тасты.