Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тарих гос.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
879.1 Кб
Скачать

1 Қазақстан тарихы пәнінің мақсаты мен міндеттері Қазақстан тарихы - Қазақстан Республикасының территориясында өмір сүрген, қазірде өмір сүріп жатқан қазақ және басқа да халықтардың ескерткіші, әрі мелекетіміз үшін өте құнды тарихи деректер болып саналары сөзсіз. Қазақстан тарихы бүкіл адамзат тарихының толық бір бөлімі, өйткені ол дүниежүзі тарихы, Еуразия тарихы, көшпенділер өркениеті, түркі халықтары, Орталық Азия елдері тарихымен ұштасып жатады. Қазақстан тарихы – Қазақстан территориясында ежелгі уақыттан бүгінгі күнге дейін болған тарихи оқиғаларды, құбылыстарды, фактілерді, процестерді, тарихи заңдар мен заңдылықтарды аша отырып, тұтас қарастыратын ғылым саласы. Кеңестік дәуірде Қазақстан тарихы жалпы тарихтың құрамдас бөлігі ретінде оқытылып келді.

Қазақстан Республикасы егемендік пен тәуелсіздікке ие болғаннан бері «Қазақстан тарихы» пәнінің маңызы арта түсіп, ол дербес пән ретінде оқытыла бастады. Өткен тарихты білмеу - тамырсыздық, ал өткеннен сабақ алып болашаққа бағдар жасау адамзат дамуының заңды құбылысы. «Қазақстан тарихы» оқу пәнінің негізгі мақсаты – Қазақстан тарихының ертедегі дәуірінен бастап, бүгінге дейін негізгі кезеңдері туралы оның этногенезі, Қазақ халқы мемлекеттілігінің орнығуы мен дамуының үздіксіздігі, сабақтастығы туралы обьективті тұрғыда тарихи білім беру.

Қазақстан тарихы пәнінің мақсаты – қазақ халқының ежелгі кезеңнен қазіргі кезеңге дейінгі тарихи дамуынан мағлұмат беру. Пәннің негізгі міндеттері: жас ұрпақты халықтың тарихи даму жолымен сусындату, ұлттық сана мен бірлікті қалыптастыру, сонымен қатар оларды азаматтанушылық пен патриотизмге, отансүйгіштікке, адамгершілікке тәрбиелеу. Қазақстан тарихына қазіргі тұрғыдан қарау дегеніміз, оны дүниежүзілік тарихпен, Евразиялық контингент тарихымен, көшпелілер өркениетімен, түркі халықтарының тарихымен және Орталық Азия елдері тарихымен бірлікте қарастыру деген сөз. Бірте-бірте оның маңыздылығы мен көп функционалды рөлі де арта түсуде. Оның функцияларының ең бастысы, ол мемлекеттік маңызы бар оқу пәніне айналып отыр, мұның өзі оның Қазақстан қоғамын дамытудың маңызды міндеттерін жүзеге асырудағы рөлінің арта түскендігінен деп айта аламыз. Ел тәуелсіздігімен қатар кеңестік кезеңде тиым салынған Отан тарихының ақтаңдақ беттері ашылып, жаңа,шынайы бағыттағы зерттеулермен толыға бастады. Тарих негізінен тарихи деректерге сүйенеді. Тарихи деректер негізінен бірнеше топтарға бөлінеді. Олардың ішінде заттай және жазбаша деректерді атап айтуға болады. Заттай деректерге археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде табылған заттарды жатқызамыз. Оған Андронов мәдениетінің ескерткіштері, Беғазы – Дәндібай мәдениетінің ескерткіштері, 1969 жылы Есік қаласының маңынан табылған «Алтын адам» ескерткіші және т.б. заттай бұйымдар,ал жазбаша деректерге: қолжазбалар, жылнамалар, шежірелер және т.б. жатқызуға болады. Мысалы: Қ.Жалайырдың «Жылнамалар жинағы», Мұхамед – Хайдар Дулатидың «Тарихи Рашиди» еңбегі және т.б.

3.Қазақстан территориясындағы алғашқы қауымдық құрылыс:

Адамзаттың пайда болуы мен қалыптасуы тас дәуірінен бастау алады. Тас дәуірі б.з.д 2,5млн жылдай бұрын басталып, б.з.д III мың жылдықта аяқталды. Яғни 2млн жылдан астам кезеңді қамтиды. Тас дәуірі: Палеолит (ежелгі), мезолит (орта), неолит (жаңа) болып үш кезеңге бөлінеді. I.Палеолит: 1.Ерте палеолит б.з.д 2млн 140мың жылдықтар. Атауы: Австралопитек. Табылған жері:Олдувай шатқалы, килиманджаро мен Виктория аралығы (шығыс африка). Жас мөлшері: 1млн 750мың. Атауы: «Епті адам». Питекантроп табылған жері: Ява аралы. Жас мөлшері: 1млн. Атауы: «Тік жүретін адам». Синантроп табылған жері: Қытай. Жас мөлшері: 1млн. Атауы: «Тік жүретін адам». Бұл кезде қауымдық тобыр: алғашқы адам, алғашқы еңбек құралдары, аңшылық,терімшілік. 2.Орта палеолит б.з.д 140-40мың жылдықтар. Неандерталдық табылған жері: Германия. Жас мөлшері: б.з.д 140мың жылдық. Атауы: «Саналы адам». 3. Кейінгі палеолит б.з.д 40-12мың жылдықтар. Атауы: Кроманьондық. Табылған жері:Франция. Жас мөлшері: б.з.д 40 мың жылдық. Атауы: «дене бітімі қазіргі адамға сәйкес». II. Мезолит б.з.д 12-5мыңжылдықтар. III. Неолит б.з.д 5-3 мыңжылдықтар. Бұл кезде рулық қауым: туыстық қатынас, ортақ тұтыну, ортақ меншік болды. Тас ғасыры аяқталып металл ғасыры басталды. Адамның қалыптасуы мен дамуын кезеңдерге бөлу адамдардың еңбек құралдарын жасау үшін тас, мыс, қола, темір сияқты табиғи материалдардыигеру негізге алынды.Адамның қалыптасуы мен дамуының өте ерте кезеңін әрқилы атауы болады. Мәселен, алғашқы қауымдық құрылыс. Себебі, алғашқы құрылыс кезінде адам толық мәніндегі саналы адам ретінде қалыптасты. Оның мәдениеті пайда болды,еңбектің қарапайым құралдарын пайдалана отырып аңшылықпен, терімшілікпен айналысты. Оларды игергеннен кейін адамдар егін өсіріп, аңдарды қолға үйрете бастады. Қауымдық болатын себебі: адамдардың ұйымы қарапайым болды. Қауымда топтар мен таптар, мемлекет жоқ болды.Адамзат тарихының алғашқы кезеңі туралы тұжырымдарын өздерінің қауымдық қоғамын, табиғи қалпын кейінгі кезеңге дейін сақтап қалған үндіс тайпаларының бірі – ирокездердің арасында тұрып, олармен қоян-қолтық араласа жүріп «Ежелгі қоғам» кітабын (1934) жазған американдық тарихшы – этнограф Льюс Генри Морган жасағанын атауға болады. Оның тұжырымдамасы бойынша, адамзат тарихы, жабайылық, тағылық, өркенметтік даму кезеңдерінен жүріп өткен. Ол бүкіл тас ғасырын жабайылықтың төменгі, орта және жоғарғы сатылары, тағылықтың төменгі және орта сатылары, ал қола, мыс және ерте темір дәуірі – бұл тағылықтың жоғары сатысы деп бөледі.

2. Қазақстан қола дәуірінде. Алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырай бастауы:

Б.з.д II мыңжылдықта Еуразия даласында қола ойлап табылды. Қазақстан аумағында мекендеген тайпалардың архологиялық ескерткіштер оңтүстік Сібірдің Ачинск қаласының Андронов селосының жанынан табылуына байланысты Андронов мәдениеті деп аталды. Андронов мәдениетінің белгісі ретінде мәйітті бүгілген күйінде бір жақ жанымен, тақта тастардан құралған «сандық тасқа» жатқызылатын өзіндік жерлеу салты қалыптасты. Кейде мәйітті өрлеп жіберген. Тағы бір ерекшелігі қолмен жасалған ыдыс-аяқтар. Мұның алдыңды дөңгелек түпті ыдыстардан айырмашылығы жайпақ түпті болып, ою-өрнектері тарақ тісті немесе тегіс салынған геометриялық өрнекпен жасалынған. Андронов мәдениеті 3-ке бөлінеді: Ерте – б.з.д XVIII – XVI ғасырлар, орта қола – б.з.д XV-XVII ғасырлар, соңғы қола – б.з.д XII-VIII ғасырлар аралығын қамтиды.Орталық Қазақстанда Андронов мәдениетінің 30–дан астам мекені, 150-ден аса моласы табылды. Мұның ерте кезеңі – Нұра өзені алқабынан табылғандықтан «Нұра кезең» деп аталған. Орта кезең – Атасу өзені алқабындағы молалар тобы бойынша атасулық деп аталады. Соңғы кезеңі – Қарағандыға жақын Дәндібай ауылынан және солтүстік Балхаш тұсындағы Беғазы сайынан табылғандықтан Беғазы – Дәндібай кезеңі деп аталды. Қола дәуіріндегі Қазақстан аумағында болған Арқайым, кент және басқа да қоныстарды алғашқы қалалардың үлгісі ретінде алуға болады. Андроновшылар өзен жағалаулары бойынша қоныстанып, отырықшылық өмір сүрген, қоныстары терең орлармен және шарбақты жалдармен қоршалған. Андроновшылар шаруашылығының басым түрі малшылық, ал негізгі тамағы ет пен сүт өнімдері болды. Еңбек құралдары мен қару – жарақтарды дайындаудың шикізаты мыс пен қалайының қорытпасы қола, кейде сүрме, мырыш, қорғасын болды. Қола өзінің беріктілігімен, төменгі температурада балқытылуымен, әлемнің алтын кен түсімен ерекшеленеді. Қыртысты кен қабаттарына ене отырып, кенді қарапайым «Қайламен омыру» арқылы өңдеген. Сондай-ақ отпен уату әдісі де қолданылған. Қола дәуірінде қолөнер, тоқымашылық дамыды. Қолмен жасалатын қыш ыдыстар таспалық техникамен жасалып, қалыпқа салынып пішінделген, ыдыстар жылтыратылып, өрнектелді және күйдірілді. Қару – жарақ дайындау ісі де жақсы дамыды. Жебелердің доғал және жапырақ тәріздес болып келетін ұштары, найза, балта ұштары қоладан жасалды, қола қанжарлар кең таралды. Қоғамдық өмірді ұйымдастыруда елеулі өзгерістер болды. Аналық ру аталық румен ауысты. Алғашқы қауымдық қатынастар біртіндеп ыдырап, мүлік теңсіздігі күшей бастады. Андроновшылар аспанға, күнге, қасиетті отқа табынған, о дүниелік өмірге сенген, оларды ата-бабалар рухына табыну болған. Ас беру, құрбандық шалу дәстүрлі қалыптасып, басты құрбандыққы жылқы шалынған. Тыйым салу әдет-ғұрпы мен діни наным-сенімдері де айтарлықтай дамыды.

4 Көшпелі қоғамның пайда болуы. Көшпелілік бірден пайда болмаған. Оның пайда болуының, дамуының өзіндік заңдылықтары, себептері бар. Малшылықтың алғашқы түрі — үй маңында мал өсіру болды. Ал "Көшпелі мал шаруашылығы қалай пайда болды?" деген мәселеде әр түрлі пікір бар. Кейбір ғалымдар: "Отырықшы малшылық біртіндеп дамып, мал басы өседі. Мал басы өскен сайын жайылымды кеңіту, жайылым ауыстырып отыру қажеттілігі туады. Бұрынғы отырықшы малшылар біртіндеп жайылым ауыстырып, жылжып көшуге мәжбүр болады. Сөйтіп, көшпелілік қалыптасты", — дейді. Ал енді бір зерттеушілер бұл жағдайды қола дәуірінің соңындағы климат жағдайының өзгеруімен — Еуразия даласындағы қатты құрғақшылықтың басталуымен түсіндіреді. Көшпелі қоғам тарихын зерттеуші ғалымдар басқа да көптеген себептер бар дейді. Олар: мал басының өсуі, ерте темір дәуірінің басында бақташының атқа мінуі, біртіндеп жылқыны мініске үйретіп, алдымен, сүйек ауыздықты, содан соң қола, кейініректе темір ауыздықты, одан үзеңгіні, ертоқымды пайдалануы көшпелі мал шаруашылығының дамуына, ғасырлар бойғы мал бағудың тәжірибесінің қалыптасуына негіз болды. Көшпелілік тек шаруашылықты жүргізудің түрі ғана емес, бұл тұрмыс-тіршіліктің де түрі. Көшпеліліктің шығуы, көпшілік жағдайда, географиялық ортаның тікелей әсерімен байланысты. Сондықтан да көшпелілік белгілі бір нақты тарихи кеңістіктерде ғана таралды. Көшпеліліктің пайда болуы — белгілі бір климаттық жағдайлар, экологиялық ұяның (ниша) шектеулі мүмкіндіктері, табиғи ресурстардың сол өлкеде өмір сүруші этностың алдына қоятын табиғи талаптарына байланысты. Көшпелілік белгілі бір геофизикалық, табиғи-климаттық аймақтарда қалыптасады. Әдетте, бұл — далалы, жартылай шөлейт, шөл және құрғақ далалар, тау бөктері, тау аймақтары.Көшпелілер туралы түсінік алдымен отырықшы халықтар арасында қалыптасты. Б.з.д. V ғасырда өмір сүрген тарихшы Геродот көшпелі скиф тайпаларының тұрмысын мадақтап жазды. Көшпелілердің табиғат аясындағы өмірін басқа да антик тарихшылар, философтар, орта ғасырлар ойшылдары сипаттады. Оларға табиғаттың төл баласы сияқты көшпелілер өмірі таза, қулық-сұмдықтан, отырықшы-қалалық өркениеттің жаман қасиеттерінен ада болып көрінді. Қазақ халқы мал шаруашылығының жағдайына және табиғат жағдайына байланысты қыста қыстауға, көктемде көктеуге, жазда жайлауға, күзде күздеуге көшіп жүрген. Көшудің белгілі бір бағыттары да болған.

5 Сақтар. Қазақстандағы өмір сүрген тайпалардың ішінде аты жақсы сақталған тайпалардың бірі - сақтар. Археологиялық зерттеулерге және жазба деректерге қарағанда б.з.б. VII-IV ғғ. сақ тайпалары Орта Азия және Қазақстан жерін мекендеген. Парсы жазба деректері бойынша, Орта Азия мен Қазақстан территориясында мекендейтін көшпелі тайпаларды жалпы атпен сақтар деп атаса, ал гректің атақты тарихшысы Герадот (б.з.б. V ғ.) сақтарды «азиялық скифтер» деп атаған. Сонымен қатар Герадот өзінің «Тарих» деп аталатын еңбегінде б.з.б. I мыңжылдықта Орта Азия және Қазақстан жерінде «Сақ» деп аталатын бірнеше тайпалардың қуатты жауынгер одақтары болғанын айтады. Ол одақтар: массагеттер, даилер, каспийлер, исседондар, сарматтар, алаңдар, аримаспылар т.б. Герадоттың айтуынша: «Сақтар-скиф тайпалары, бастарына тік тұратын, төбесі шошақ тығыз киізден істелінген бөрік және шалбар киген. Олар садақ, қысқа семсер және айбалтамен қаруланған. Тамаша атқыш жауынгерлер болған». Парсы жазбаларында сақтарды (1 Дарийдің «Бехистун жазбасы», Сузінің, Ксеркстің «Дәвтер туралы жазба»). «Құдіретті еркектер», Иран жазбаларында («Авеста») «Жүйрік атты турлар» деп атаған. Сақтарда негізінен, әскери қоғам болды. Сақ тайпалары үш топқа бөлінген.

1) Шошақ бөрікті сақтар (Тиграхауда) Тянь-Шань тауын, Жетісу жерін, Сырдарияның орта ағысын мекендеген. 2) Теңіздің арғы жағындағы сақтар (парадарайя) Қара теңіздің солтүстігінен, Арал маңын яғни Сырдария мен Амудария өзендерінің төменгі ағысын мекендеген.

3) Хаома сусынын дайындайтын сақтар (хаомоварга) Мұрхаб анғарын мекендеген.

Қоғамдық құрлысы Сақтар, негізінен мал шаруашылығымен айналысты. Мал шаруашылығының үш түрі болды: 1) Көшпелі мал шаруашылығы. Батыс және Орталық Қазақстанда өріс алды. Сақтардың ұйымдық сипаты және әлеуметтік құрылымы. Сақ тайпалары одақтарының басында көсемдер тұрды, оны патша деп атады. Патшаларды тайпа көсемдерінің кеңесі сайлады. Тайпа көсемдерін оның барлық мүшелері сайлайтын болған. Тайпа ішіндегі аса маңызды ішкі және сыртқы істер халық (вече) жиналысында талқыланып отырды. Оған әйелдер де қатысқан. Қоғамның осындай саяси ұйымын Ф. Энгельс әскери демократия деп атады. Себебі ол кезде соғыстың мәні зор еді. Соғыс тайпа үшін жайылымдық жер мен мал тартып алудың және өздерін сыртқы жаудан қорғап отырудың құралы болды. Көсемдер әскер басы болды әрі билік жүргізді. Олар тайпаны қару-жарақпен, азық-түлікпен қамтамасыз етті. Ол өз тайпасы атынан бітім немесе келісім жасады. Патшалар (көсемдер) рулар мен тайпаларға жайылымдарды, көшіп қонатын жерлерді бөліп берді; ол жерлерді пайдалану тәртібін белгіледі. Жер үшін таластарды шешіп, рулар мен тайпалар арасында қарулы қақтығыстар болмауын қадағалады. Сақ тайпаларында көпке дейін матриархаттық ел билеу тәртібі сақталып, әйелдер ерекше жағдайда болған. Патшалар жауынгелер тобынан шықты.

Сақтар б.з.б. 519-518 жылдары парсылармен соғысып, I Дарийдің әскеріне қарсы ерлікпен шайқасады. Сақтар парсылармен бірге Грекия, Египет жеріндегі соғысқа қатысады. Сақтың әйел патшасы Томирис парсы патшасы Кирдің әскерін жеңген (б.з.б. 530 ж.). Сақ қоғамының адамдары үш әлеуметтік топқа бөлінді. Олардың әрқайсына бір түс тән болды.:

1) жауынгерлер (қызыл)

2) абыздар (ақ)

3) басқа қауым адамдары (сары, көк)

Сақтардың өнері мен сауда. Сақтарда қолөнер мен сауда дами бастады. Шеберлер ер-тұрман, әшекей, найза, семсер акинақ, қанжар, жебенің ұштарын т.б. жасаған. Қолөнер жақсы дамыды. Мыс, алтын, күміс, қорғасын т.б. металдарды көп пайдаланған. Сонымен бірге теріден, ағаштан, қыштан ыдыстар жасаған. Сақтар Алтай, Сібір, Шығыс және Европа халықтарымен тығыз байланыс жасап тұрды. Сауда Жібек жолы және б.з.б. I мыңжылдықтағы «Дала жолы» арқылы дамыды. Сақ өнерінде аңдық стиль болды. Олар аңдар мен әр түрлі аңыздардағы жануар бейнесіндегі құбыжықтарды бейнелейтін. Аңдық стиль б.з.б. VII ғасырда Алдыңғы Азияда дүниеге келді. Арыстан бейнесіндегі «өмір ағашы» сақтарда ең көп тараған. Сақтар әр түрлі жануарлар бейнесіндегі құдайға, табиғат күштері күнге, желге, әр түрлі құбылыстарға табынды. Мысалы, күн күркіреу құдайы қабан бейнесінде бейнеленген. Олардың түсінігінше, әлем үш бөліктен құралған:

1) жер астындағы әлем

2) орта жер әлемі

3) аспан әлемі

Сақтардың археологиялық ескерткіштері. Шырықрабат– апасияқтардың («су жағасын мекендеген сақтар») астанасы. Бұл қала қазіргі Қызылқұм шөлінде орналасқан. Сақтардың археологиялық ескерткіштерінің бірі – Бабыш Молда қаласы. 1969 жылы Алматы облысы Есік қаласынан табылған Есік қорғаны – б.з.б. VIII-III ғасырлардағы сақ моласы. Бұл молада бай жас сақ жауынгері жерленген, оның барлық киімі алтынмен қапталып киіндірілген. Сондықтан ол «Алтын адам» деп аталған. Онымен бірге қару– жарақ, басқа да шаруашылық құралдар көмілген. Ежелгі грек тарихшысы Герадот сақтар жайлы көп тарихи деректер қалдырған.

7 .Сарматтар— көне дәуірде Қазақстанның батыс өлкелерін, Оңт. Орал алқаптарын мекендеген, үлкен тобы Еділден батысқа қарай өтіп, Солт. Қара т. өңірлерін жайлаған тайпалардың шартты атауы. “Сарматтар”, “Сарматия” сияқты атаулар антик дәуірінің жазба деректерінен келген және көптеген тайпалар мен олардың одақтарына таңылатын жалпылама ұғым болып табылады. Грек деректерінде С. б.з.б. 4 ғ-дан, яғни олардың Бат. Қазақстан мен Оңт. Орал өлкелерінен батысқа қарай жылжуы басталған кезден бастап кездеседі. Осы кезде, яғни б.з.б. 339 ж. Қара т. скифтерінің атақты патшасы Атей өліп, бұдан соң Скифияда үлкен саяси-экон. дағдарыс қалыптасады. Ғыл. тұжырымдамалар скифтер мемлекетіндегі осы қиындықты пайдаланған С-дың шығыстан жылжыған түрлі топтары үнемі соғыса отырып скифтерді түпкілікті талқандағанын көрсетеді. Б.з.б. 2 ғ-ға қарай Қара т. скифтерінің патшалығы аумағында С. билігі орнайды. Соғыс өнерін жете меңгерген С. Риммен әскери қақтығыстар жасап отырды. Император Август тұсында жасалған Рим әлемінің картасындағы 24 облыстың 9-ыншысы “Сарматия” деп аталған. Страбонның “Географиясында” (б.з.б. 65 ж. — 25 ж.) языг, роксолан, аорс, сирак сияқты сармат тайпаларының аты беріледі. Қазіргі ғалымдар алдыңғы екеуін еур., ал кейінгі екеуін азиялық Сарматияға жатқызады. С-дың бұдан кейінгі тарихы да қымғуыт соғыстар мен жорықтарға толы. Б.з.б. 1 ғ-дың соңына қарай әуелі Дон маңында, кейінірек Қара т. өлкелерінде “алан” тайпалық одағы қалыптасып, көп ұзамай С-дың басқа да топтарын өзіне қосып алады. Еуропадағы сармат-аландардың патшалығы бұдан соң германдық готтардың, түркі тілдес ғұндардың араласуымен тікелей байланыста дамыды. 4 ғ-дың соңында ғұндар аландарды талқандап, өздеріне қосып алғаны белгілі. С-дың тарихын, оларға қатысты түрлі оқиғаларды сараптауда көне грек, рим деректері басшылыққа алынса, мұны қосымша нақтылауда, әсіресе тайпалардың мәдени-шаруашылық мінездемесін жасауда қазіргі заманның археол. деректері аса зор рөл атқарады. С-дың иран тілдес топтарға жататындығы жайлы пікір Еуропа мен Ресей ғылымында 19 ғ-дың соңына қарай қалыптасты. Қазіргі ғалымдардың үлкен бір бөлігі осы ойды қолдаса, енді бір тобы оларды байырғы түркілермен байланыстырады. «Сармат» этнонимі ежелгі деректерде б.з.д. 3 ғасырдан бастап қолданылып келеді. Осы кезден бастап сарматтардың Скифияны жаулауы басталды Бұл сарматтар Аралдың оңтүстігіндегі тайпалармен туыс болған. Сондай-ақ олардың савроматтармен этникалық туыстығы да күмән тудырмайды. Сарматтардың бір тайпасы — роксоландар б.з. 1-ғ. Мидияның шекарасына жетіп, Риммен соғысқан. Сарматтар өздері басып алған елдің саяси өміріне мықтап араласқан. Мыс. Б.з.д. 2 ғ. соңында Понтия патшасы Митридаттың қолбасшысы Диафантпен болған соғыста роксоландар скифтерге қосылды. Б.з.д. 1 ғ. Митридат Римге қарсы күрескенде сарматтар оның жағында болған. Б.з.д. 49-ж. римдіктер мен сарматтар бірлесіп, Боспор патшасының одақтастары сирактарды (сармат тайпасы) жеңеді.Б.з.б. 4 ғ. басында савроматтар Доннан Ембіге дейінгі территорияны алып жатты. Осы кезде олардың екі мәдениеті қалыптасты. Олар: Батыс Болғар-Дон мәдениеті, және Шығыс-Орал мәдениеті. Сармат тайпалары (ерте -Прохоров мәдениеті) өлген адамның қабырын балшықпен сылап не таптап, өлген адамды басын түскейге қаратып, шалқасынан жатқызып қоятын болған.Екінші кезеңде (орта - Суслов мәдениеті) б.з.д. 2-ғ. соңынан б.з. 1-ғ. басына дейін қабыр құрылысының түрлері өзгермейді. Бірақ іші көмкермелі молалар саны кемиді. Жасанды үңгірлер жоғалады. Әктастан жасалып, обалар астындағы қабырға қойылатын антропоморфты — адам бейнелі мүсіндер табыну бұйымдарына жатады. Үстірттегі Бәйіт табыну кешені белгілі. Ол обалар мен скульптура сынықтарынан тұратын үш топ ескерткіш. Мұндағы мүсіндер әктастан қашалып жасалған. Олардың кескін-келбеттері, қару-жарақтары ойылып жасалынған.Кейінгі сарматтар Орал, Еділ, Дон өңірін, Орал сыртындағы даладан Буг өзеніне дейінгі аралыққа тараған. Бұл б.з. 2-4 ғғ.Өлген адамдары іші көмкерілетін тар қабырларға жерленген. 3-5 ғғ. «полихромдық өнер» дамыды. Тек алтын қолданылды. Полихромдық өнерге әшекейлевдің түрлі техникасы тән. Жиі кездесетіндері түрлі-түсті тастармен безендіру (инкрустация), зерлев, оқа жүргізу, жалату т.б. Бұл өнер Моңғолиядан, Орта Азиядан ғұндардың келуімен байланысты Бұл әшекейлер Ертістің жоғары жағынан (Шілікті), Орталық (Жыланды), Батыс Қазақстан (Бесоба) қорғандарынан табылды

8.Ғұндар. Біздің заманымыздан бұрын I мың жылдықтың екінші жартысынан бастап Еуразияның этникалық – саяси тарихында Орталық Азияның көшпелі тайпаларының рөлі күшейе түсті. Осы өңірде, Байкалдан Оңтүстікке қарай созылып жатқан далалық және шөлейт аудандарда мал шаруашылығымен шұғылданған, этникалық жағынан әр түрлі тайпалар өмір сүрді. Солардың басты тобы ғұндар болды. Қазақстанның Онтүстік және Жетісу жерлерінде ғұндар б.з.б. II - I ғ.ғ. келе бастаған. Ғұндар жайлы тарихи деректерді Қытай тілінің мамандары Н.Я. Бичурин мен Н.Кюнердің еңбектерінен білеміз. Олардың тарихын жазуға еңбек еткен ғалымдар А.Н. Бернштам, Л.И. Гумилев, Н.И. Конрад болды. Қазақ ғалымдарының ішінде соңғы кезде К.М. Байпаков айналысып жүр. Б.з.б. IV-III ғасырларда Қытайдың солтүстік шекарасында тұрған тайпалар топтасып, тайпалық екі бірлестік құрды. Олардың біріншісі Сюнну (Хунну немесе ғұндар); екіншісі дунху бірлестіктері деп аталды. Сюннулар (ғұндар) өз заманындағы көршілес елдердің тарихына ықпал жасады. Ғұндардың этникалық шығу тегі, тілі осы күнге дейін дәлелденбей отыр. Зерттеушілердің көпшілігі оларды түріктердің арғы тегі деп есептейді. Сонымен Қытай жылнамалары мен археологиялық зерттеулерге қарағанда, б.з.б IV-III ғасырларда Қытайдың Солтүстігінде Байкалдан Ордосқа дейінгі аралықты мекендеген күшті ғұн тайпаларының бірлестігі құрылды. Олар өздерімен көрші жатқан халықтарын басып алумен қатар Қытай жеріне де дүркін-дүркін шабуылдар жасап тұрған. Бұл жағдай Қытай патшасының наразылығын туғызып отырды. Сөйтіп, ғұндар мен Қытай өкіметінің арасында бір-біріне алма-кезек жасалған ұрыс–талас, соғыс олардың ұрпақтарының арасында 300 жылдан астам уақытқа созылған. Жылнамалар бойынша, ғүн тайпаларының бірігіп саяси күшейген кезі б.з.б. 209 жылы Мөде ханның билік жүргізген мезгілі. Оның жасаған әскери реформалары ғұндарды қуатты мемлекетке айналдырған. Олар өздерінің оңтүстігіндегі дунхуларды талқандап, быт-шытын шығарды. Олардың аман қалғандары Монғолия, Маньчжурияға дейін қашып бас сауғалауға мәжбүр болады. Ғұндар мұнымен де қанағаттанып қоймай б.з.б. 203-202 жылдары Саян-Алтай таулары және жоғарғы Енисей жеріне дейін шабуыл жасап, Қытайдың Хань әулетінің негізін салушы (б.з.б. 202 ж.) Лю-банды б.з.б. 200 жылы жеңіп, оларды өздеріне бағынышты етеді. Қытай императоры ғұндардың Шаньюіне (ханына) қыз беріп, алым-салық төлеп тұрған. Сөйтіп, Байкал көлінен Тибет тауына дейін Шығыс Түркістанның Хуанхэ өзенінің орта ағысына дейінгі аралықты алып жатқан ұлан байтақ жерде «Ғұн державасы» пайда болды.

Ғұндардың саяси, қоғамдық құрылысы. Мемлекеттің басында ұлы Сенгир (Шаньюй) тұрды. Оның билігі дара және мұрагерлік болды. Әдетте ол тағын үлкен ұлына немесе інісіне өсиет етіп қалдырған. Шаньюй барлық ғұндарға тиесілі жерлер және бүкіл мемлекет территориясына билік жүргізуге құқылы әрі ол территорияны сақтауға, қорғауға міндетті болды. Оның соғыс жариялауға, бітім жасауға, армияны басқаруға құқысы болды. Жоғарғы сот билігі де Шаньюйдің қолында шоғырланды. Ғұн мемлекетінде Шаньюйден кейінгі екінші орында оның балалары және жақын туыстары тұрды және Шаньюйге түменбасы, жүзбасы, онбасылар бағынышты болды. Ғұндар 24 рудан құралды. Әр руды ақсақалдар басқарды. Ақсақалдар мемлекет ісін талқылау үшін бір жылда 3 рет құрылтай өткізіп отырды. Ғұндарда жақсы ұйымдастырылған әскер болған. Мұның негізі тез жүретін атты әскер болды. Атты әскердің қаруы садақ пен жебе болды. Олар садақтарының сыртын сүйекпен қаптаған. Жебелердің екі түрі болған. Әсіресе, ұшқыр, ауыр ұңғырлы сауыт бұзар жебені темірден жасаған. Ұзын семсерлері ат үстінде жүріп соғысуға ыңғайлы болды. Ондай семсерлер Қазақстанда Ақтөбе, Шаушықұм, Жамантоғай қорымдарынан табылған. Ғұн қоғамында патриархаттық – рулық қатынастары жақсы дамыды. Сыма Цянь (б.з.б. 135-67 жж.) «Тарихи жазбаларда» ғұндардың Левират ғұрпы туралы былай дейді: «Әкесі мен ағалары өлсе тұқым құрымасын деп олардың әйелін өздеріне алады, сондықтан ғұндарда қан араласу болса да, тұқым құрымайды».

11.Қыпшақ мемлекеті (XI ғ басы-1219 ж.). «Қыпшақ» атауы ең бірінші рет 760 жылы ежелгі түріктің руникалық ескерткіштерінде аталады. Мұсылман деректерінде қыпшақтар тұңғыш рет араб географы Ибн Хордабектің (IX ғ.) жылнамалық жинағында ұшырасады. Сырдария бойындағы Оғыздар мемлекетін, Орта азиядағы Хорезм шахтар және Қарахандар әулетімен соғысқа және соқтығыстарға әкеліп жеткізген. XI ғ. бірінші жартысында буырқанған дауылды оқиғалар қыпшақтар мемлекетін құрудың обьективті себебіне айналды. XI ғасырдың басында Кимек қағанаты құлағаннан кейін Ертістен Еділге дейінгі кең аумақ қыпшақтардың қолына өтті. Осылайша, Қыпшақ хандығы (XI ғ.-1219 ж.) пайда болды. XI-XII ғғ. Орталық Азия мен Шығыс Европадағы түркі тілдес халықтардың ішіндегі саны жағынан ең көбі қыпшақтар болды. Ордасы Сығанақ қаласы. Қыпшақ мемлекеті өзінің саяси жағынан күшейіп тарих сахнасында елеулі көтерілген кез XI ғасырдың ортасы. Қыпшақ хандарының билігі әкесінен баласына мұраға қалып отырған. Хандар шығатын әулеттік ру-ел бөрілі деп аталынған. Махмұд Қашқаридің айтуына қарағанда, XI-XIII ғғ басындағы қыпшақ хандары әулетінің алғашқы атасы Абар хан болған екен (Табар). Орда деп аталатын хан ордасында ханның мал-мүлкі мен армиясын басқарған ханның басқару апараты орналасты. Әскери-әкімшілік жағынан Қыпшақ хандығы көне түрік дәстүрлерін сақтап, екі қанатқа бөлінген. Оң қанаты Ордасымен Жайық өзені бойында, Сарайшық қаласының орнында, сол қанат-ордасымен Сығанақ қаласында тұрған. Оң қанат екіншісінен күштірек болған. Әскери ұйымдар мен әскери-әкімшілік басқару жүйесіне айрықша маңыз берілген, өйткені олардан көшпелі тұрмыс ерекшелігі толық көрінген және олар көшпелі өмірге мейлінше сай, мейлінше қолайлы болған. Билеуші ақсүйек топтарының (хандар, тархандар, басқақтар, югурлар, бектер мен байлар) қатал иерархиялық жүйесі айқын көрініп отырған, бұған қоса рулар мен тайпалардың өзі де әлеуметтік маңызына қарай бөлінген. Орталық Азиянын көшпелі мемлекеттерінде рулар мен тайпаладың қатаң иерархиясы қоғамдық және тайпалардың қатаң негізгі принципі болды. XI ортасында қыпшақтар батысқа қарай жылжып Еділден өтіп Днепрге дейін жетіп, шығыста Алтай мен Ертістен батыста Еділ мен Оңтүстік Оралға дейін, Оңтүстікте Балхаш көлінен солтүстікте Оңтүстік – Батыс Сібірдің орманды алқаптарына дейінгі жерді алып жатты. ХІ ғасырда Қыпшақ мемлекеті құрылып, осы ғасырдың орта шеніне таман күшейе бастайды. Қыпшақтардың батысқа қарай көшкен тобы орыс жерлеріне қоныстанады. Бұлар половецтер деп аталады.

XІ-ХІІ ғ. қыпшақ тайпалары Орталық Азия мен Шығыс Еуропадағы саны жағынан, жерінің көлемі жағынан ең үлкен тайпа болды. Қыпшақ қауымдастығы өз құрамына түркі тілдес кимек, куман, ежелгі башқұр, оғыз тайпаларымен бірге, иран тілді этникалық қауымның түріктендірілген топтарын да қабылдайды.

Шыңғыс ханның Отырарды ойрандауынан кейін, қыпшақтар тарихтағы өз орнын жоғалтады. Монғол шапқыншылығынан кейін, қыпшақтардың кейбір тармақтары Венгрияға, Византияға қоныстанады. Енді бір тобы Сирия мен Египетке құл ретінде сатылады. 1250 жылы Бейбарыстың басшылығымен Мысырдағы қыпшақтар хандық билікті қолына алады. Мысырдағы қыпшақтар хандық билікті атадан балаға мұрагерлік жолмен беріп отырған.