Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
охрана шпор.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
513.02 Кб
Скачать

Физикалық зиянды өндірістік факторларды атаңыз

Жұмыс аймағындағы ауаның төмен және жоғары температурасы, ылғалдылығы және қозғалысы.

Инфрақызыл сәулелерінің жоғары деңгейі.

Ультракүлгін сәулелерінің жоғары деңгейі.

Лазер сәулелерінің жоғары деңгейі.

Иондаушы сәулелердің жоғары деңгейі.

Электромагниттік сәулелердің, электрлік және магниттік өрістердің кернеулігінің жоғары деңгейі.

Статикалық электрдің жоғары деңгейі.

Жұмыс аймағындағы ауаның жоғары шаңдануы (токсинді емес фиброгенді шаңдар).

Шудың, дірілдің, ультрадыбыстың және инфрадыбыстың жоғары деңгейі.

Жұмыс аймағының жеткіліксіз жарықтандырылуы немесе ұтымды емес жарықтандырылуы: табиғи жарықтың жоқтығы немесе жетіспеушілігі, жоғары жарқырауы, сәулелер ағымының жоғары пульсациясы.

Жоғары немесе төмен атмосфера қысымы.

Шаңның әсерінен пайда болатын кәсіби ауруды атаңыз Адам ағзасына тигізетін әсері бойынша барлық қауіпті заттар 4 топқа бөлінеді: төтенше қауіпті (сынап буы, қорғасын буы, фосген); жоғарғы қауіпті (қалайы буы, йод буы, бензол); орташа қауіпті (күкірт оксидтері, қышқылдар буы); қауіптігі аз (аммиак қосылыстары және көміртегі оксидтері).Жұмыс орындарындағы шаң дезинтеграция (бұзу) және кондексация (жұмыс аймағына жоғарғы температуралық процестерде пайда болған будың түзуі) процестерінің әсерінен тууы мүмкін. Шаңның әсері үш түрлі кәсіптік аурулардың тууына әкеп соғады: а) өкпе аурулары – пневмоканиоз; б) дерматит – тері аурулары; в) конъюктивит – көз қабықшасының зақымдануы.

Шаң ауруларын профилактикалау шаралары: а)шаңның пайда болуымен күрес;б) шаң сүзгіш құрылғылары; в) биологиялық профилактика (ультракүлгін шағылысу); г) жеке қорғаныс тәсілі (респиратор, арнайы киім, шаңға қарсы көзілдірік).

Шаң-тозаң, олардың адам ағзасына әсері Адам ағзасына тигізетін әсері бойынша барлық қауіпті заттар 4 топқа бөлінеді: төтенше қауіпті (сынап буы, қорғасын буы, фосген); жоғарғы қауіпті (қалайы буы, йод буы, бензол); орташа қауіпті (күкірт оксидтері, қышқылдар буы); қауіптігі аз (аммиак қосылыстары және көміртегі оксидтері).Жұмыс орындарындағы шаң дезинтеграция (бұзу) және кондексация (жұмыс аймағына жоғарғы температуралық процестерде пайда болған будың түзуі) процестерінің әсерінен тууы мүмкін.Шаңның әсері үш түрлі кәсіптік аурулардың тууына әкеп соғады: а) өкпе аурулары – пневмоканиоз; б) дерматит – тері аурулары; в) конъюктивит – көз қабықшасының зақымдануы.Шаң ауруларын профилактикалау шаралары: а)шаңның пайда болуымен күрес;б) шаң сүзгіш құрылғылары; в) биологиялық профилактика (ультракүлгін шағылысу); г) жеке қорғаныс тәсілі (респиратор, арнайы киім, шаңға қарсы көзілдірік).Өндірісте ең жоғарғы сатыда тұрған зиянды заттардың бір түрі – шаң болып табылады. Қарағанда көзге көрінбейтін, ал адам өміріне зияндылығы өте жоғары болғандықтан жұмысшыларды кәсіби ауру түріне шалдықтырары мүмкін.Себебі тыныс алу жолдарымен және де тері арқылы ішкі құрылыста вирустар, бактериялар басым болады. Ас қорыту жүйесіне бірнеше қабаттанып жиналады. Мұның барлығы адамды үлкен ауруға шалдықтырады.Өндірістік шаң 2 түрге бөлінеді – органикалық (улы) және бейорганикалық (усыз).улы шаң – адамның тыныс жолдарын жауып, үлкен ауру түріне шалдықтырады.усыз – теріні, көзді, құлақты тітіркендіреді (раздражает).

Шу мен дірілдің мөлшерлену параметрлерін көрсетіңіз Денсаулыққа қауіпсіз шуылдың деңгейі 80 дБ, осындай жағдайда адам 8 сағат жұмыс істей алады, яғни толық жұмыс уақытын өтейді. Діріл қатты денедегі механикалық тербелісті білдіреді. Үлкен амплитудасы бар (0,500,003 мм) төмен жиіліктегі (3-100 Гц) тербелістерді адам діріл немесе сілкіну ретінде қабылдайды. Дірілдің әсері болған кезде адам ағзасына орта жүйке жүйеснің талдауыштары – вестибулярлық, тері және басқа аппараттар маңызды роль ойнайды. Дірілдің ұзақ әсер етуі кәсіби дірілдейтін аурудың дамуына әкеледі. Діріл ауытқу жиілігімен және амплитудасымен, жылдамдықпен және үдемесімен сипатталынады. Әсіресе адам денесінің немесе жеке органдарының (адам денесі үшін 6…9 Гц, басы 6 Гц, асқазаны 8 Гц, басқа органдары үшін – 25 Гц шектерінде) тербелістер жиілігімен сәйкес келетін еріксіз жиілікті дірілдер зиян болады. Көру қабілетін бұзатын жиіліктік ауқым 60 және 90 Гц арасында жатады, ол көз қарашығының резонансына сәйкес келеді. 35…250 Гц жиіліктер ауқымы дірілдейтін аурудың дамуына ең шекті болып табылады.

Шу параметрлері қандай октавта белгіленеді Дыбыс қысымының деңгейі бірдей болған кезде түрлі жиіліктердің дыбыстық тербелістері адамның есіту органына әртүрлі әсер етеді. Жоғары жиіліктер дыбысының әсері ең жайлы болып табылады. Шуылдар жиілігі бойынша төмен жиілікті (400 Гц төмен жиіліктер ауқымындағы дыбыс қысымының максимумы) және жоғары жиілікті (1000 Гц жоғары) болып бөлінеді. Шуылдың жиіліктік сипаттамасын анықтау үшін дыбыс ауқымы жиілігі бойынша октавтік жиіліктер жолағы деп бөледі, мұнда шектік f жоғарғы жиілігі қосарланған f төменгі жиілігіне тең, яғни 

  f / f = 2.                                                         

      Октавтік жолақ ортагеометриялық жиілікпен сипатталынады  f = .                     Спектрінің сипаты бойынша шуылды бір октавадан астам енді үззіксіз спектрі бар кеңжолақты және анық дискреттік үні болатын үнді спектр деп бөледі. Уақыты бойынша шуыл тұрақты және тұрақсызға (уақыты ауысып тұратын, үздіксіз, импульстік) бөлінеді. Нормаландыруы 63, 125, 250, 500, 1000, 2000, 4000, 8000 Гц ортагеометриялық жиіліктері бар октавтық жиіліктер жолағында жүргізіледі. Жұмыс орындарында шуылдың жалпы деңгейі мен октавтік жиіліктер жолағындағы шуылдың деңгейін өлшеу үшін әртүрлі шуылөлшеуіш аппараттарын пайдаланады

Шудан қорғанудың негізгі әдістерін атап көрсетіңіз Шу – дегеніміз өндірістегі қызмет процесі кезіндегі әр түрлі құрал – жабдықтардың қосылма шыққан дыбыстары. Ол адамдардың жұмыс істеу қабілетін төмендететіні анық. Әр жабдықтың өзіне тән шум шығарылуы да ГОСТ стандарт бойынша бекітіледі. Ол қандай категориялы екені және дыбыстың көп ноталы ма әлде дара немесе таза дыбыс екені жабдықтың құжатында көрсетіледі. Өндірістегі шумның әсері адамдарғы есту органы арқылы қабылданады. Шум кезінде тіке есту қаблеті төмендейді де, тек қана адамның құлағында бірнеше қоспалы дыбыстар тұрады. Бұл дегеніміз – қан айналымды, жұмысқа деген қаблеттілікті азайтып, шаршатады. Осындай жағдайларда өндірісте бақытсыз жағдайлар тууы мүмкін. Сондықтан көп өндірістерде ауысымды (сменный) жұмыс бағыты қалыптасқан.Шум 2 түрге бөлінеді: Механикалық Аэродинамикалық.а) Механикалық дыбыс - дегеніміз үзіліссіз машиналар мен жабдықтардың қоспалы дыбысы.б) Аэродинамикалық – дегеніміз белгілі бір уақытта болатын және механикалық жабдықтарсыз жеңіл бір ноталы дыбыс. Мысалы желдеткіш, судың ағуы, т.б.Сондықтан ең үлкен дыбыс механикалық жабдықтарда болғандықтан олардың бір-бірімен жанасатын элементтерінің арасына және қырқаяқшаларының тістерін үнемі майлап, қатты материалдың түрін қосады.Құрал – жабдықтардың дыбысын азайту үшін сыртынан қорап кигізіледі. Қораптың түрлері өте көп: алынбалы – салынбалы, смотровые окна және қатты желдеткіш дыбыс арқылы сыртқа шығару. Жабдықтың қорап пен ара қашықтығы бекітілген нормаға сай болу керек. Қораптың ішкі қабаты 50 мм материалмен жабдықталады. Ол да жабдықтың дыбысын азайтуға күш қосады.

Шуды қандай физикалық шамалар сипаттайды Шуыл мен дірілден қорғану. Өндірістік процестерді автоматтандыру және механизмдеу құралдарының дамуы жабдықтарды пайдаланумен байланысты болады, олар жұмыс барысында механикалық тербелістерді жасайды, зияндылық әсері жиілігінен, қарқындылығынан және ортадан байланысты әртүрлі болады. Бұл тербелістер шуылға және дірілге бөлінеді. Естілетін жиіліктер ауқымында таратылатын тербелістерді адам дыбыс ретінде қабылдайды. Шуыл – қатты, сұйық және газ-тәрізді орталарда пайда болатын механикалық тербелістер кезіндегі әртүрлі жиіліктер мен қарқындылықты (күшті) дыбыстардың ретсіз тіркесуі. Ұзақ шуылдың әсері құлақтың есітуін және көздің көруін төмендетеді, қан қысымын көтереді, орта жүйке және жүрек-сауыт жүйелерін шаршатады, нәтижесінде жұмысшының жұмысында қателер саны көбейеді, еңбек өнімділігі төмендейді. Адамның есту органдары 16...20 000 Гц жиілікті дыбыс толқындарын қабылдайды.  20 Гц-тен төмен (инфрадыбыс) және 20 000Гц-тен жоғары (ультрадыбыс) тербелістер құлаққа әсер етпейді, бірақ толық ағзаға биологиялық әсерін тигізеді. Дыбыс қарқындылығының деңгейі мына формула бойынша анықталады

lg(I/I )    мұнда I – берілген нүктедегі дыбыс қарқындылығы, Вт/м ; I - 1000 Гц жиілік кезінде 10 Вт/м тең естілу табалдырығына сәйкес болатын дыбыс қарқындылығы.

Дыбыс қысымының деңгейі келесі формула бойынша анықталады.L = 20 lg (P / P )      мұнда P -  берілген нүктедегі дыбыс қысымы, Па;  P - 2 Па тең табалдырықтық дыбыс қысымы. 

Шуыл, діріл олардың адамға әсері Шуыл – қатты, сұйық және газ-тәрізді орталарда пайда болатын механикалық тербелістер кезіндегі әртүрлі жиіліктер мен қарқындылықты (күшті) дыбыстардың ретсіз тіркесуі. Ұзақ шуылдың әсері құлақтың есітуін және көздің көруін төмендетеді, қан қысымын көтереді, орта жүйке және жүрек-сауыт жүйелерін шаршатады, нәтижесінде жұмысшының жұмысында қателер саны көбейеді, еңбек өнімділігі төмендейді. Адамның есту органдары 16...20 000 Гц жиілікті дыбыс толқындарын қабылдайды.  20 Гц-тен төмен (инфрадыбыс) және 20 000Гц-тен жоғары (ультрадыбыс) тербелістер құлаққа әсер етпейді, бірақ толық ағзаға биологиялық әсерін тигізеді.Шу – дегеніміз өндірістегі қызмет процесі кезіндегі әр түрлі құрал – жабдықтардың қосылма шыққан дыбыстары. Ол адамдардың жұмыс істеу қабілетін төмендететіні анық. Әр жабдықтың өзіне тән шум шығарылуы да ГОСТ стандарт бойынша бекітіледі. Ол қандай категориялы екені және дыбыстың көп ноталы ма әлде дара немесе таза дыбыс екені жабдықтың құжатында көрсетіледі. Жұмыс орындарында шуылдың жалпы деңгейі мен октавтік жиіліктер жолағындағы шуылдың деңгейін өлшеу үшін әртүрлі шуылөлшеуіш аппараттарын пайдаланады. Денсаулыққа қауіпсіз шуылдың деңгейі 80 дБ, осындай жағдайда адам 8 сағат жұмыс істей алады, яғни толық жұмыс уақытын өтейді. Діріл қатты денедегі механикалық тербелісті білдіреді. Үлкен амплитудасы бар (0,500,003 мм) төмен жиіліктегі (3-100 Гц) тербелістерді адам діріл немесе сілкіну ретінде қабылдайды. Дірілдің әсері болған кезде адам ағзасына орта жүйке жүйеснің талдауыштары – вестибулярлық, тері және басқа аппараттар маңызды роль ойнайды.  Дірілдің ұзақ әсер етуі кәсіби дірілдейтін аурудың дамуына әкеледі.

Электр жабдықтарына қойылатын талаптар Өрт сөндіру немесе автоматты өрт дабылы автоматты қондырғылармен жабдықталған өндірістер үшін желдету жүйесінің электр қабылдағыштарды, ауа баптау мен ауалық жылыту (бір фазалы жарық жүйесіне қосылатын электр қабылдағыш жабдығынан басқа), түтінге қарсы қорғау жүйелерін автоматты түрде блоктау қарастырылады. Желдету жүйелерді жартылай немесе толық өшіру технологиялық талаптармен анықталады. Ауа параметрлерін бақылау және реттеу бергіштері қызмет ететін немесе бөлменің жұмыс істейтін жерлердің белгілі нүктелерінде орналасады, бұл жерлерде олар қыздырылған немесе аса салқындатылған беттер мен құйылмалы ауа ағысының әсерлерінен сақталуы қажет. Аспирациялық қондырғылар технологиялық жабдықтармен бұғатталады.

Электр жарақаттары және таңбалары Электр қауіпсіздігі дегеніміз – ол, электромагниттік өрістің, статикалық электрленудің, электрлік доға мен электр тоғының зиянды және қауіпті әсерінен адамдарды қорғауды қамтамасыз ететін ұйымдастырылған және техникалық жұмыстар мен шаралардың жүйесі.Егер адамның екі нүктесі арасында потенциалдар айырмасы болса, онда адам денесі арқылы электр тоғы жүреді. Адам бір уақытта жанасқан екі нүктелік тоқ тізбегі арасындағы кернеу -жанасу кернеуі деп аталады. Дене арқылы жүретін электр тоқ адамға жылулық, биологиялық және электролиттік әсер етеді.Тоқтың жылулық әсері электр энергиясының жылуға айналуында сезіледі және ол терінің, қан тамырларының қызуын тудырады.Тоқтың биологиялық әсері тоқтың бұлшық еттер арқылы жүруінде оның қысқаруын тудырады.Тоқтың электролиттік әсері қан құрамының өзгеруіне алып келеді.Электр тоғына түсіп қалғанда төмендегі зақымдалулар пайда болуы мүмкін:күйіп қалу, терінің металдануы, электр белгілері, электроофтальмия, электр соққысы, механикалық зақымдалулар.- Электр күйігі электр тоғының жылулық әсерінде пайда болады. Электр доғасының әсері нәтижесінде пайда болатын күйік өте қауіпті болып табылады, өйткені оның температурасы +3000-6000° С аралығында болады.- Терінің металдануы электр тоғының әсерінен металдың майда бөлікшелері теріге сіңуі нәтижесінде болады. Соның нәтижесінде терінің электр өтімділігі жоғарылайды, яғни оның кедергісі күрт төмендейді.Электр белгілері деп, тоқ жүретін бөліктермен тығыз байланыста болғанда, яғни оны қысып ұстағанда теріде сұр немесе ақшыл –сары түсті дақтың қалуын айтамыз.Электроофтальмия дегенде электр доғасының ультрафиолеттік сәулесі әсерінен көздің сыртқы қабатының зақымдалуын түсінеміз.Электр соққысы болғанда, адам организмі жалпы зақымданады , яғни нерв және жүрек тамырларының бұзылуы, бұлшық еттерінің тырысуы пайда болады.

Электр қәуіпсіздігі негіздері Электр қауіпсіздігі дегеніміз – ол, электромагниттік өрістің, статикалық электрленудің, электрлік доға мен электр тоғының зиянды және қауіпті әсерінен адамдарды қорғауды қамтамасыз ететін ұйымдастырылған және техникалық жұмыстар мен шаралардың жүйесі.Егер адамның екі нүктесі арасында потенциалдар айырмасы болса, онда адам денесі арқылы электр тоғы жүреді. Адам бір уақытта жанасқан екі нүктелік тоқ тізбегі арасындағы кернеу -жанасу кернеуі деп аталады.

Электр қәуіпсіздігіне байланысты өндіріс бөлмелерін классификациялау Жалпы электр қауіпсіздігіне байланысты өндіріс 3 топқа бөлінеді:электр қауіпсіздігі жоқ бөлмелер,қауіпсіздігі жоғары бөлмелер;қауіпсіздігі өте жоғары бөлмелер.Солардың ішінде:1- ші топқа жататын бөлмелер – 150С-тан 200С-қа дейін, едендері тоқ өткізбейтін, және тоқ өткізетін темір бұйымдары жоқ бөлмелер, бұған жататындар - әкімшілік бөлімшелері, жылы үйлер, тұрмыстық үйлер.2- ші топқа жататын бөлмелер – құрғақ, салқын, шаң тозаңы көп бөлмелер. Бұл бөлмелерге жататындар, бұған жататындар - насосты станциялар, танспортты станциялар, элект станциялары.3- ші топқа жататын бөлмелер – бөлмелерінің ішіш ылғалды, қабырғаларына, есік –терезелеріне шаң-тозаң көп тұратын бөлмелер. Бұған жататын бөлмелер – просеивательный отделение, бесторный хранение муки, бродильный, помещение пивзавода.Өндірістегі электр қауіпсізідігін болдырмау шаралары мыналар:изоляция;тоқ жүретін тетіктерді қоршау;тоқты жерге енгізу;токты нолге жалғау;тізбекті ажырату;Токты жерге енгізудің 2 түрі бар:жабдықты контурлы жерге енгізу;жерге енгізуді сыртқа ұйымдастыру (выносное заземление).

Электр қондырғыларындағы өртті сөндіруге қандай өрт сөндіргіштер қолданылады көмірқышқылдық қолдық және транспорттық өрт сөндіргіштер

Электр тізбегіне қосылып қалған адамның денесі арқылы өтетін тоқтың аса қәуіпті жодарын атаңыз Тоқтардың мәндеріне байланысты адам организміне әсер етуін былай бөлуге болады: сезінуші, жібермейтін және фибрилляциялық.Жібермейтін тоқтарда қолдың бұлшық еттерінің тырысуы болады, яғни адам өз еркімен қолын тоқ жүретін бөліктерден ала алмайды. Оның мәндері айнымалы тоқ үшін – 10-15 мА, ал тұрақты тоқ үшін – 50-80 мА. Тоқтың ары қарай өсуі жүрек қан тамырларының зақымдалуына алып келеді. Дем алуы қиындайды және тоқтайды, жүрек жұмысы өзгереді.Фибрилляциялық тоқ жүрек фибрилляциясын, яғни жүрек тамырларының әлсізденуін, түршігуін және тырысуын пайда етеді. Фибрилляция нәтижесінде жүректен бүркелетін қан қажетті өмір сүру органдарына бармайды және ең бірінші кезекте миды қанмен қамтамасыз ету бұзылады. Қан бармаған адам миы ары кетсе 5-8 минут өмір сүреді, сондықтанда бұл жағдайда зақымдалған адамға тез және өз уақытында алғашқы көмек көрсету керек. Фибрилляция тоғының мәндері –80 нен 5000 мА аралығында болады.

Электр тоғы адамға әсер ету шамасы бойынша қалай бөлінеді Табалдырықты (шекті), жібермейтінжәнефибрилляциялық. Адам айнымалы тоқтың (50 Гц) әсер етуін 0,5 тен 1,5 мА аралығында сезінеді, ал тұрақты тоқта – 5 тен 7 мА дейін. Бұл жағдайда, адамның саусақтары қалтырап, дірілдейді; тұрақты тоқта тері қыза бастайды. Бұл тоқтар бастапқы (пороговый) сезіну тоқтары деп аталады. Электр тоғының қауіпті жиілігінің Айнымалы тоғы, 50 Гц.

Электр тоғының өте қауіпті жиілігі мен түрін көрсетіңіз Көп жағдайларда тоқтың тегі мен мәні зақымдалу сипаттамасын анықтайды. Өндірістік жиіліктегі (50 Гц) кернеуі 500 В дейінгі айнымалы тоқтағы электр қондырғылары тұрақты тоққа қарағанда өте қауіпті. Бұл адам организмі клеткаларындағы күрделі биологиялық процесстерге байланысты болады. Тоқ жиілігі өскен сайын, зақымдалу қаупі азаяды. Мс: бір неше жүздеген кГц жиілікте электр соққысы сезілмейді.Адам айнымалы тоқтың (50 Гц) әсер етуін 0,5 тен 1,5 мА аралығында сезінеді, ал тұрақты тоқта – 5 тен 7 мА дейін. Бұл жағдайда, адамның саусақтары қалтырап, дірілдейді; тұрақты тоқта тері қыза бастайды. Бұл тоқтар бастапқы (пороговый) сезіну тоқтары деп аталады. Электр тоғының қауіпті жиілігінің Айнымалы тоғы, 50 Гц.

Электр тораптарының қайсысында қорғағыш жерге енгізулер қолданылады Электр қауіпсіздігінің шарттары бойынша электр қондырғылары Қағидаларда 1 кВ дейінгі электр қондырғылары және 1 кВ жоғары (кернеудің қолданыстағы мәні бойынша) электр қондырғылары болып бөлінеді; жерге тұйықтау – жерге тұйықтау қондырғысы бар электр қондырғысы немесе құрал-жабдықтар, қандай да бір желі нүктесінің мақсатты электрлік жалғанымы; қорғаныстық жерге тұйықтау – электр қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында орындалатын жерге тұйықтау; 1 кВ дейінгі кернеудегі электр қондырғыларды нөлдеу – электр қауіпсіздігі мақсатында атқарылатын тұрақты токтың желісіндегі көздің жерге тұйықталған нүктесімен бірфазалы ток көзінің тікелей жерге тұйықталған шықпасымен, үш фазалы ток желісіндегі тікелей жерге тұйықталған генератор немесе трансформатор бейтарабымен кернеу астында қалыпты емес электр қондырғылар бөліктерінің мақсатты жалғанымы;

Электрофильтрдің кемшілігі неде Электрофильтр өте тиімді шағ ұстағыш аппаратқа жатады.Электр энергиясын аз шығынмен шектік концентрациясы мен бөлшектердің дисперстілігін 99,9 пайыз дейінгі тиімділікпен тазалайды. Электрофильтр 500 С –терге дейін температурамен дымқыл және коррозияға белсенді газдық ортадағы шаңдарды тазалай аладды. Электрофильтрдің негізгі кемшілігі:-тазалау кезінде негізгі парамертлерге сезімталдық-үлкенгабариттер мен жоғары металл сиымдылық-қызмет көрсету мнен монтаждау деңгейіне қойылатын жоғары талаптар; Электрофильтрлеуді қолдануға бірнеше шектеулер бар.Ол өте жоғарғы электр кедеогісі бар шаңдарды шөктіруде қолданылмайды. Электрофильтрлер қиын әрі қымбат құрылғылар,олар тазалаудың бастапқы қатарына орналастырылады және басқада шаңұстағыш қондырғылармен ауаны жіңішке тазалаумен қамтамасыз етеді.