
- •Әр бір жазымды тіркеу аяқталғаннан кейін жарақаттанушыға н-1 акті неше күннен кейін беріледі
- •«Еңбек қорғау” курсы қандай бөлімдерден тұрады
- •3.04.02 Жылғы «Қауіпті өндірістік объектілердегі, өндірістік қауіпсіздік туралы.
- •Еңбекті қорғау инспекторының міндеті:
- •Жылуға қойлатын талаптар
- •3 К е с т е – Зиянды заттардың қауіптілік кластары көрсеткіштерін нормалау
- •Иондаушы сәулеленулердің қандай түрлерін білесіңіз
- •Кәсіпорын алаңы «желдің розасын» ескергенде тұрғындардың пунктеріне қарағанда қалай орналастырылуы керек
- •Өртті қарсы шаралар
- •Кәсіпорындары мен оның бөлімшелерінде қауіпсіз және салауатты еңбек жағдайын қамтамасыз етуге кім жауапты
- •Қорғаныстың ажырату құрылғысының элементін көрсетіңіз
- •Нөлдендіру әдісінің жұмыс принципі
- •Өндірістегі оқыс оқиғалардың түрлерін тіркеу және талдау
- •Өндірістегі жазымдарды арнайы тергеп-тексеру ерекшеліктері:
- •Өндірістің зиянды факторлары және желдеткіштерге қойылатын талаптар
- •Өндірістің қауіпті және зиянды факторларының жіктегіші қайда келтірілген Қауіпті және зиянды өндірістік факторларының жіктелуі
- •Өндіріс ғимараттарына қойылатын санитарлық гигиеналық талаптар
- •Физикалық зиянды өндірістік факторларды атаңыз
Өндіріс ғимараттарына қойылатын санитарлық гигиеналық талаптар
Өндірістік ғимараттар стандарт бойынша қойылған талаптарға сай болу керек.
Ол өндірісте қанша адамның жұмыс істеу санына байланысты өндірістік нормалар бекітіледі, және де, ер адамдар қанша әйелдер саны қанша соған байланысты күнделікті тұрмысқа қажетті – себезгі, гардероб, дәретхана, демалыс бөлмелері, асхана т.б.бөлімшелер тұрғызылады.
Құрылыс бөлімшелерінің көлемі 15 м3-тан көп болмау керек. Әр жұмысшыға 4,5 м2 бөлмелердің биіктігі 4,8 – ден өте биік болмау керек, қоймалардың биіктігі 3 м-ден кем болмау керек. Еденмен негізгі салмақ көтергіш элементтердің арақашықтығы 2,1 м. Еденмен инженерлік жүйелердің арақашықтығы (газопроводные) 1,9 м кем болмау керек. Сонымен қатар бөлме ішіндегі қысым ылғалдылығының, ауаның тазалығы, гигиеналық талаптарға сай болу керек.
Санитарлық-тұрмыстық бөлмелердің қажетті құрамы қалай анықталады Өндірістік гигиена және санитария
Еңбек гигиенасы — қызметкерлердің денсаулығын сақтау, өндірістік орта мен еңбек процесінің қолайсыз әсерінің алдын алу жөніндегі санитарлық - эпидемиологиялық шаралар мен құралдар кешені. Атап айтқанда, еңбек гигиенасы еңбек процесстерінің және өндіріс ортасының адам ағзасына әсер етуін түсінеміз.
Еңбек гигиенасы санитарлық – гигиеналық, ұйымдық және емдік профилактикалық шаралар, кәсіпкерлік аурулардың алдын алуына және еңбек шарттарының денсаулығын жақсартуға жіберуді қамтамасыз етеді. Өндірістік санитария — зиянды өндірістік факторлардың қызметкерлерге әсерін болғызбайтын немесе азайтатын санитарлық - гигиеналық, ұйымдастыру іс - шаралары мен техникалық құралдар жүйесі.Өндірісте еңбек қауіпсіздік шараларын санитарлық қолайлығын талаптарға сай қамтамасыз етуді, кәсіпорынның аумақтары сияқты, сондай ақ олардың өндірістік және тұрмыстық бөлмелерін еңбекке қолайлы етіп жасап шығару. Санитарлық - гигиеналық талаптардың қанағаттандырылмағаны тек қана кәсіптік ауруларға ғана шалдыра қана қоймай, сонымен қатар өндірістегі жарақаттанудың бірден бір себебі болуы да мүмкін. Цехтарда жоғары температураның болуы бірден барлық жұмысшылардың жағдайларын нашарлата бастайды, бас айналу және ұйқышылдық пайда болады. Ал төменгі температурада жұмысшыларға сырт киіммен жұмыс істеуге тура келеді, ол қозғалысты ауырлатады.Төмен (жаман) жарықтандыру кезінде жұмыс жасау көзге тез арада зақым келуін және ауыр жарақатқа әкеліп соғу мүмкіндіктерін туғызады.Цехтардағы ауа ортасының шаңмен және газдармен ластануы, сонымен қатар шуыл адам ағзасына өте зиянды. Санитарлық - гигиеналық талаптың жобалануы үшін, сондай - ақ кәсіпорындарды санитарлық - эпидемиологиялық талаптарға сәйкестендіріліп ескеріледі «СЭТ өндірістік объектілерді жобалау» (ҚР ДСМ №334, 08.07.05ж. бұйрығында). Құрылғыға гигиеналық талаптардың және өндірістік кәсіпорындардың өзіне келесі кезеңдерді қосады: құрылыс алаңын талдау; кәсіпорынды аумақтық сәулелендіру; өндіріс және қосалқы ғимараттардың орналасуы; канализация және сумен жабдықтау; отын жүйелерінің құрылысы, желдету және жарықтандыру, қосалқы бөлмелермен жабдықтау.Бұл барлық талаптар өнеркәсіпті жобалау кезінде және кәсіпорындардың қолданылуы кезінде міндетті болып келеді. Кәсіпорын аумағы. Жаңа кәсіпорындар салынатын аймақтарда табиғи жарықпен және желдетумен тиісті қамтамасыз ету қажет.
Сәтсіз оқиғалардың ауырлығы қалай анықталады Сәтсіз жағдайлар – бұл жұмысшығаөндірістегі қауіпті фактор әсер етуіне байланысты болған жағдай. Олар: өндірістік және өндірістік емес деп бөлінеді. Егер бір смена уақытында бақытсыздық жағдайлар болса, өткір аурулар , ал ұзақ уақыт нәтижесінде болса, созылмалы деп атайды.Сәтсіз жағдайлардың негізгі себептері:1. машина, механизмдер, қондырғы, құрал-жабдықтар бөлуге, сақтауға арналған қосымша жабдықтардың конструкциясында жетіспеушіліктің болуынан;2. дұрыс жөнделмегендігінен;3. үй, жұмыс орындары және олардың элементтерінің техникалық күйінің жеткіліксіздігінен;4. технологиялық процестің жетілдірілмеуінен;5. технологиялық процестің бұзылуынан, қажетті техникалық құжаттың болмауынан;6. жол қозғалысы ережелерінің бұзылуынан;7. ұйымдастыру жұмысы қанағаттанарлық болса да, жұмыс орнының, территория, өту жолы, демалу орындары дұрыс ұстамауынан;8. техникалық қауіпсіз ережелерін администрация бұзса;9. жеке қорғаныс құралдарының жоқтығынан, не дұрыс қолданбауынан, не істемегендігінен;10. инструктаж кезіндегі кемшіліктер болуынан;11. жұмысшы мамандығына сәйкес болмаған жағдайда.
Сәтсіз оқиғалардың себептері қалай жіктеледі Сәтсіз жағдайлар – бұл жұмысшығаөндірістегі қауіпті фактор әсер етуіне байланысты болған жағдай. Олар: өндірістік және өндірістік емес деп бөлінеді. Егер бір смена уақытында бақытсыздық жағдайлар болса, өткір аурулар , ал ұзақ уақыт нәтижесінде болса, созылмалы деп атайды.Сәтсіз жағдайлардың негізгі себептері:1. машина, механизмдер, қондырғы, құрал-жабдықтар бөлуге, сақтауға арналған қосымша жабдықтардың конструкциясында жетіспеушіліктің болуынан;2. дұрыс жөнделмегендігінен;3. үй, жұмыс орындары және олардың элементтерінің,техникалық,күйінің,жеткіліксіздігінен;4. технологиялық процестің жетілдірілмеуінен;5. технологиялық процестің бұзылуынан, қажетті техникалық құжаттың болмауынан;6. жол қозғалысы ережелерінің бұзылуынан;7. ұйымдастыру жұмысы қанағаттанарлық болса да, жұмыс орнының, территория, өту жолы, демалу орындары дұрыс ұстамауынан;8. техникалық қауіпсіз ережелерін администрация бұзса;9. жеке қорғаныс құралдарының жоқтығынан, не дұрыс қолданбауынан,не,істемегендігінен;10. инструктаж кезіндегі кемшіліктер болуынан;11. жұмысшы мамандығына сәйкес болмаған жағдайда.
Су құбырлары және сумен жабдықтау Өндіріс орындары суды тұрмыс қажеттілігіне, өндіріс қажеттілігіне және өртті сөндіру үшін қолданылады. Суды қойманың су жүйелерінен, скважиналардан және құдықтардан алады.Техникалық талаптарға және жер жағдайларына байланысты сумен қамтамасыз ету системасына төмендегі ғимараттар кіреді:
су айдағыштыр;
су башнялары;
резервуерлер.
Канализация
Өндіріс канализациясы дегеніміз – ағын суларды жинау үшін, оларды тазалап ағызу үшін қолданылатын ғимараттар кешені.Ағын сулар 2 топқа бөлінеді:тұрмыс қажеттілігінен шығатын ағын сулар; өндіріс қажеттілігінен шығатын ағын сулар.Жалпы өндірістегі канализация 2 түрге бөлінеді – ішкі және сыртқы канализация болып.Ішкі канализацияға жататындар: тұрмысқа қажеттілігінен шығатын ағын сулар, ток қоспасы, қоспа, ішке қарай ағатын ағын сулар.Сыртқы канализацияға жататындар: көшедегі ағын сулар және айдағыш станиядан шығатын ағын сулар.
Табиғи жарықталу коэффициенті қалай анықталады Табиғи жарықтандыру терезе (бүйірлік жарықталу), жарық шамдары (жоғарғы) арқылы немесе құрамды (терезе және шам арқылы бір уақытта) іске асырылады. Табиғи жарықтандыруды нормалау табиғи жарықтандыру коэффициенті (ТЖК) арқылы іске асырылады, ол мына формула бойынша анықталады
КЕО = Барлық ТМД өңірі табиғи жарықтандыру коэффициенті (ТЖК) шамасынан байланысты бес сәулелік поясы болады. Үшінші поястың ТЖК базалық болып қабылданады, ал ТЖК қалған поястары мына формула бойынша есептелінеді
КЕО
=
КЕО
mc
Табиғи жарықтану жүйелерін атаңыз Табиғи жарықтандыру терезе (бүйірлік жарықталу), жарық шамдары (жоғарғы) арқылы немесе құрамды (терезе және шам арқылы бір уақытта) іске асырылады. Табиғи жарықтандыруды нормалау табиғи жарықтандыру коэффициенті (ТЖК) арқылы іске асырылады, ол мына формула бойынша анықталады
КЕО =
мұнда Ев – бөлменің ішіндегі нүктелердің жарықталуы, лк; Ен – аспанның шашыраған жарығымен көлденең бетінің біруақыттық сыртқы жарықталуы (тура күн сәулелерін ескермегенде), лк.Барлық ТМД өңірі табиғи жарықтандыру коэффициенті (ТЖК) шамасынан байланысты бес сәулелік поясы болады. Үшінші поястың ТЖК базалық болып қабылданады, ал ТЖК қалған поястары мына формула бойынша есептелі КЕО = КЕО mc
мұнда m және c – жарықты және күн климатына сәйкес коэффициенттері.Табиғи жарықталуы ретінде бірқалыптылығымен бағаланады, сонымен бірқалыпсыздығы бүйірлік және табиғи жарықталуы бар бөлмелерде 3:1 (максималды ТЖК-ның минималды ТЖК-ға қатынасы) кем болмау керек.
Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар Табиғи сипаттағы ТЖ – дүлей зілзала (жер сілкінісі, сел, көшкін, су тасқыны және басқалар), табиғи өрт, індеттер мен малдың жұқпалы аурулары, ауылшаруашылық өсімдіктерінің және ормандардың кеселдері мен зиянкестері арқылы зақымдануын туғызатын ТЖ-лар. Техногендік сипаттағы ТЖ - өнеркәсіп, көлік авариялары және басқа да авариялар, өрт (жарылыс), күшті әсер ететін улы, радиоактивті және биологиялық жағынан қауіпті заттарды тарататын (тарату қаупі бар) авария, үйлер мен ғимараттардың кенеттен қирауы, бөгендердің бұзылуы, тіршілікті қамтамасыз ететін электр-энергетика және коммуникация жүйелеріндегі, тазарту құрылыстарындағы авария туғызған ТЖ.
Техника қәуіпсіздігі негіздері Мекемелерде еңбекті қорғаудың ең маңызды түрінің бірі – бояу түстері. Бояулардың түрлері санаулы ғана болу керек. Ескертпе түрлер қай кезде болса да, анық көрінуі тиіс. 12.4,026-76 стандарты бойынша қызыл, сары, жасыл және көк бояуларын таңдайды.Өндірістердегі бөлмелерді ақшыл-көк түспен бояйды. Шаң – тозаң көп болатын өндірістік бөлмелерді күлгін түсті бояумен. Ал ауыр жұмыс түрлеріне контраст бояулар көп болу керек. Себебі кез келген уақытта бір көз қараспен тез анықтау үшін. Төтенше жағдайларды болдырмау үшін жасыл түспен бояйды. Мысалы техникалық машиналарының рычагтарын, қырқаяқтарын т.б. сол сияқты.
Тиімді табиғи жарықтануы үшін, өндірістік ғимараттар өзінің ұзын осьімен әлем жарығының бағытына қарай қалай орналастырылады Өндірістік жарықтандыру, талаптары және есептеудің тәсілдері. Жалпы айтқанда адам ақпаратты көзі арқылы 80-90% алады. Алған ақпараттың сапасы әсіресе жарықталуынан байланысты - жеткіліксіз жарықталу болған кезде тек көзі ғана шаршамай, ағзасы толығымен шаршайды. Қалыпсыз жарықталуда нашар жарықтандырылған қауіпті аумақтар, жарық көздерінен және олардың сәулелерінен зақымданулар пайда болады, олардың айқын көлеңкелері жұмысшылардың көруін нашарлатады да бағдарын толығымен жояды, еңбек өнімділігі төмендейді де өнімнің брактары көбейеді. Өндірістік кәсіпорындарды жарықтандыру табиғи, жасанды және аралас болуы мүмкін.Табиғи жарықталуы ретінде бірқалыптылығымен бағаланады, сонымен бірқалыпсыздығы бүйірлік және табиғи жарықталуы бар бөлмелерде 3:1 (максималды ТЖК-ның минималды ТЖК-ға қатынасы) кем болмау керек. Жасанды жарықтандыру тәуліктің түнгі уақытында жеткіліксіз жарықталуы болған кезде пайдаланылады және олар қызметтік тағайыны бойынша жұмыстық, кезекші, апаттық, эвакуациялық және күзетшілікке бөлінеді. Жұмыстық жарықтандыру адамның қалыпты жұмыс істеуі үшін қажетті жағдайларды жасайды. Апаттық жарықтандыру жұмыстық жарық сөнген кезде іске қосылады. Апаттық жарықталудың шамдары жеке көзден қосылады және жұмыстық жарықтан 5% кем жарықты қамтамасыз етеді, бірақ бөлменің жұмыстық бетінде 2 лк кем емес және кәсіпорынның территориясында 1лк жарықты қамтамасыз етеді. Эвакуациялық жарықтандыру қауіп пайда болған кезде бөлмелерден халықты шығару үшін іске қосылады. Ол 50 адамнан астам жұмыс істейтін бөлмелерде, сондай-ақ қоғамдық ғимараттарда және, егер бір уақытта 100-ден астам адам жұмыс істейтін өндірістік кәсіпорындарда орнатылады. Бөлмелердің жарықталуы 0,5 лк, сыртында – 0,2 лк болу керек. Күзетшілік жарықтандыру күзетілетін өңірлер шекараларының бойында қарастырылады және 0,5 лк жарықты қамтамасыз ету керек.
Тоқпен зақымдану дәрежесіне әсер ететін факторлар Электр қауіпсіздігі дегеніміз – ол, электромагниттік өрістің, статикалық электрленудің, электрлік доға мен электр тоғының зиянды және қауіпті әсерінен адамдарды қорғауды қамтамасыз ететін ұйымдастырылған және техникалық жұмыстар мен шаралардың жүйесі.Егер адамның екі нүктесі арасында потенциалдар айырмасы болса, онда адам денесі арқылы электр тоғы жүреді. Адам бір уақытта жанасқан екі нүктелік тоқ тізбегі арасындағы кернеу -жанасу кернеуі деп аталады. Дене арқылы жүретін электр тоқ адамға жылулық, биологиялық және электролиттік әсер етеді.Электр тоғына түсіп қалғанда төмендегі зақымдалулар пайда болуы мүмкін:күйіп қалу, терінің металдануы, электр белгілері, электроофтальмия, электр соққысы, механикалық зақымдалулар.- Электр күйігі электр тоғының жылулық әсерінде пайда болады. Электр доғасының әсері нәтижесінде пайда болатын күйік өте қауіпті болып табылады, өйткені оның температурасы +3000-6000° С аралығында болады.- Терінің металдануы электр тоғының әсерінен металдың майда бөлікшелері теріге сіңуі нәтижесінде болады. Соның нәтижесінде терінің электр өтімділігі жоғарылайды, яғни оның кедергісі күрт төмендейді.Көп жағдайларда тоқтың тегі мен мәні зақымдалу сипаттамасын анықтайды. Өндірістік жиіліктегі (50 Гц) кернеуі 500 В дейінгі айнымалы тоқтағы электр қондырғылары тұрақты тоққа қарағанда өте қауіпті. Бұл адам организмі клеткаларындағы күрделі биологиялық процесстерге байланысты болады. Тоқ жиілігі өскен сайын, зақымдалу қаупі азаяды. Мс: бір неше жүздеген кГц жиілікте электр соққысы сезілмейді.Тоқтардың мәндеріне байланысты адам организміне әсер етуін былай бөлуге болады: сезінуші, жібермейтін және фибрилляциялық. Адам айнымалы тоқтың (50 Гц) әсер етуін 0,5 тен 1,5 мА аралығында сезінеді, ал тұрақты тоқта – 5 тен 7 мА дейін. Бұл жағдайда, адамның саусақтары қалтырап, дірілдейді; тұрақты тоқта тері қыза бастайды. Бұл тоқтар бастапқы (пороговый) сезіну тоқтары деп аталады.
Уақытша су ағынының әсерінен топырақтың бұзылуы Топырақтың беткі ұнтақталған құнарлы қабатының жел күшімен немесе су ағынының шаюы салдарынан құнарының азаюы. Топырақтың су эрозиясының бір түрі ирригац. эрозия, ол адам қолдан суаратын жерлерде болады. Суармалы жерлерде судың өз ағысымен ағуы үшін оның бір бағытта еңісі бар жер бедері таңдалынып алынады. Сол бағытқа қарай майда суару арықшалары жүргізіледі, бірақ еңіс жерлерге қарай суды мөлшерлеп қана жіберу қажет. Олай болмаған жағдайларда, әсіресе, еңісі тіктеу суарылмалы беткейлерде топырақтың ирригац. эрозиясы өріс алады. Эрозияның бұл түрі тек суармалы алқаптарда ғана емес, сол суармалы алқаптарға су әкелетін арықтар мен канал бойларында, өзен жағалауларында (жағалаулар су әрекетінен бұзылып, шайылады) да кездеседі. Көктемгі нөсер жаңбырлар жауғанда немесе қар еріп, оның суы өзендерге қосылғанда, су деңгейі көп көтеріліп, жағалау беткейлерін жуып-шайып, тіпті кей жағдайларда арналарын бұзып, жаңа арнамен ағатын болады.