
- •Қаржы құқығы (дәріс) Тақырып 1. Мемлекеттік қаржы қызметі Жоспар
- •Тақырып 2. Қаржы құқығының ұғымы, пәні және жүйесі Жоспар
- •Тақырып 3. Ақша жүйесінің құқықтық негіздері.
- •Тақырып 4. Қаржылық бақылаудың құқықтық негіздері Жоспар:
- •Тақырып 5. Бюджет жүйесі және құрылымы Жоспар
- •1. Бюджетті жоспарлау негіздері
- •2. Бюджетті әзірлеу негіздері
- •3. Бюджеттің жобасын қарау және бекіту процесінің негіздері
- •4. Төтенше мемлекеттік бюджетті әзірлеу, енгізу немесе оның қолданысын тоқтату негіздері
- •Тақырып 7. Қаржы-құқықтық категориясы ретіндегі салық
- •Тақырып 8. Мемлекеттік несиенің құқықтық негіздері. Жоспар
- •Тақырып 9,10. Банк қызметі және сақтандырудың ұйымдасқан құқықтық негіздері. Жоспар
Тақырып 2. Қаржы құқығының ұғымы, пәні және жүйесі Жоспар
Қаржы құқығының пәні
Қаржы құқығының ұғымы.
Қаржы құқықтық жүйесі.
Қаржы құқығының көздері
Қаржы құқық саласында құқықтық реттеудің әдістері.
Қаржы – құқықтық нормалардың ұғымы, белгілері, түрлері және құрылымы. Қаржылық құқықтық қатынастардың ұғымы, белгілері және түрлері.
Қаржы құқығы - бұл мемлекеттік ақша қорларын құру, қалыптастыру және пайдалану процесінде пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтін заңды нормалардың жиынтығы. Қаржылық құқық қаржы жүйесінің құрылымын орнықтырады. Қаржылық құқығының пәні болып ақша қорларын құру, қалыптастыру және пайдаланудағы мемлекеттің қызметі процесінде пайда болатын қоғамдық қатынастар табылады. Өз мазмұны бойынша бұл қатынастар түрліше болып келеді. Қаржы құқығының пәні болатын қоғамдық қатынастарды келесідей топтарға бөлуге болады:
а) Қазақстан Республикасының субъектілері, атқарушы органдары арасында;
б) қаржы және салық органдары арасында;
в) мемлекеттік қаржылық несиелік органдар арасында;
г) мемлекеттік және жергілікті ұйымдар арасында.
2. ҚР-ң құқық жүйесінің бір саласы ретінде қаржы құқығын реттеудің өз пәні болады. Олар өзінің мазмұны, мақсаттылығымен ерекшеленеді. Қаржы құқығының пәні оны құқықтық реттеудің ерекшеліктерін көздейді, яғни әдістерін, қаржылық қатынастардың қатысушыларының жүріс- тұрысына заңды әсер ету құралдарын.Қаржылық құқықтық реттеудің негізгі әдісі- императивті, біреулердің өзгелерге билік көрсетуде көрінеді. Мұндай әдіс құқықтың өзге салаларына да тән, мысалы, әкімшілік құқыққа. Өз мазмұны бойынша бұл жазбалар мемлекеттік қазынаға төлем төлеу тәртібін жатқызады. Қаржы құқығының негізгі әдісінің ерекшеліктері мемлекттік органдардың шеңберінде көрінеді. Мемлекеттік органдардың арасындағы компетенция күшінде бұл жазбалардың үлкен бөлігі мемлекетттің қаржылық несиелік органдарымен жүзеге асырылады.
3. Қаржылық құқық, құқық саласы бола отырып, көптеген қаржылық құқықтық нормалардан тұрады. Осы біртұтас жүйесінің ішінде қаржылық құқық нормалар түрлі институттарға топтастырылады. Қаржылық құқықығының жүйесі- бұл қаржылық құқық қатынастардың объективті шартталған жүйесі. Қаржылық құқығының жүйесі екіге бөлінеді: жалпы және ерекше.
Жалпы бөлімге мемлекеттің қаржы қызметінің құқықтық нысандары мен әдістерін бекітетін қаржы құқығының нормалары жатады. Жалпы бөлімнің нормалары ерекше бөлімде нақтыланады. Ерекше бөлім бірнеше бөлімдерден тұрады. Осы бөлімдердің әрқайсысы қаржылық құқықтық нормалардың жиынтығын көрсетеді. Ерекше бөлімге топтастырылған нормалар келесідей саладағы қатынастарды реттейді.
а) бюджет жүйесінің;
б) мемлекттік қаржылардың;
в) мемлекетттік және жергілікті пайдалардың;
г) мемлекттік және жергілікті несиенің;
д) банктік несиелердің;
е) валюталық реттеудің.
Қаржы құқығының жүйесінде ҚР қаржы жүйесі объективті экономикалық категория ретінде көрініс табады. Қаржылардың біртұтастығы жалпы бөлімде көрініс тапты.
4. Қаржы құқығының қайнар көздері- бұл мемлекттік атқарушы билІк органдарының құқықтық актілері.Қаржы құқығынң басты қайнар көзі- ҚР Конституциясы онда мемлекеттің қаржы қызметін құқықтық ұйымдастыру негіздері бекітілген. Қаржы құқғының қайнар көздері құқықтық белгілері бойынша бірдей емес.Олардың арасында атқарушы билік органдарының,заңшығарушы органдарының актілері, министрліктердің қаулылары болады. Сонымен қатар қаржылық қатынастарды реттейтін ҚР Президенттің жарлықтары да жатады.