Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дин тур зан.экзамен.ответы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
731.14 Кб
Скачать

№13 Емтихан бИлети

  1. ҚР дін мәселелері жөніндегі нормативтік‑құқықтық актілердің бұлақкөздері

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы

2. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі

3.Президентінің Конституциялық заң күші бар Жарлықтары; ҚР Президентінің заң күші бар жарлықтары; Қазақстан Республикасы Президентінің өзге де нормативтік құқықтық Жарлықтары;

4.ҚР Парламенті мен оның палаталарының нормативтік қаулылары;

5.ҚР Үкіметінің нормативтік қаулылары;

6.ҚР Конституциялық Кеңесінің, Жоғарғы Сотының және ҚР Орталық Сайлау комиссиясының нормативтік қаулылары;

7.Қазақстан Республикасының министрлері мен өзге де орталық мемлекеттік органдар басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары;

  1. Орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулылары;

  2. Орталық мемлекеттік органдар ведомстволары басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары;

  3. Мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдері, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары, әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдері.

Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталары, Үкіметі, Жоғарғы Соты, Бас прокуратурасы және ЕҚЫҰ/ДАҚБ-ның дін мен діни сенім бостандығы жөніндегі сарапшыларының консультативтік комитеті ұсынған құжаттарды, сондай-ақ конституциялық іс жүргізудің өзге де материалдарын зерделеп,Конститутциялық кеңес шешім шығарады.

Жаңа сессияның басында Үкімет Мәжіліске бүгінде Парламент мақұлдап, Президент қол қойып, күшіне енген «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» және «Қазақстан Рес­пуб­ликасының кейбiр заңна­ма­лық актiлерiне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселе­ле­рі бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» заңдардың жобаларын ұсынған еді. «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заң жоба­сының мақсаты – Қазақстан Республикасының діни  бірлестіктер туралы заңнамасын діни бірлестіктер қызметінің негізгі бағыттарын құқықтық реттеу, сондай-ақ әр түрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, кем­шіліктер мен тартысты жәйт­терді жою жолымен жетілдіру.

  1. Дінаралық диалог: қазақстандық үлгі

Қазақстандағы дін саласындағы мемлекеттік саясат келесі қағидаттарға сүйенеді:

  1. - мемлекет пен оның институттарының зайырлы, конфессиялық бейтарап сипаты;

  2. - адам мен азаматтың дінге көзқарасына, діни немесе зайырлы бірлестіктерге қатыстылығына қарамастан олардың құқықтары мен бостандықтары тең;

  3. - діни бірлестіктердің заң алдындағы теңдігі;

  4. - халықтың түрлі топтарының этномәдени дәстүрлеріне, менталитет ерекшеліктеріне деген құрмет;

  5. - ар-ождан мен дін бостандығы саласында тек конституциялық құрылым негіздерін, адам мен азаматтардың денсаулығын, құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қажет ететін жағдайлардан өзге шектеулер қойылмайды;

  6. - мемлекеттік билік пен басқарудың барлық деңгейлерінде ар-ождан мен дін бостандығы саласындағы саясатты ашық жүргізу.

  1. Діни құлдыраудың қоғам өміріне тигізер әсері

Әрбір қоғам немесе кез келген халық өз мүшелерінің бәріне дерлік басқа қоғамдар бере алмайтын кейбір ерекше тәжірибені ерекше мәдени үлгілерді үйретіп бойларына сіңіреді. Осыдан келіп ұлттық діл ұлттық мәдениет деген ұғымдар пайда болады. Осылар ғана бұл қоғамның басым көпшілігіне тән ерекшіліктер мен тұлғаның сипатты сыртқы пішінін қалыптастырады.

Егер дін болмаса мұндай сенім де болмас еді, мұндай сенім болмаса өзіңді өзің тәрбиелеудің де еш қажеті болмас еді, ал егер өзіңді өзің тәрбиелемесең адамға да қоғамға да пайдаңды тигізетін ізгі ниетті, адал адам болу мүмкін емес. Міне, осындай көзқарасты ұстанып, ой-сезімдерімен де, іс-әрекеттерімен де жақсылыққа құлшынатын саналы да сапалы адамдарды тәрбиелеп шығаруы діннің аса маңызды қырларының бірі болып табылады

Атақты философ Һенри Бергсон (Henry Bergson, 1859-1941): “Өткен тарихта және заманымызда ғылымды, пәнді яки фәлсәфәні білмейтұғын инсан қоғамдарын кездестіруге болады. Бірақ, дінсіз ешбір қоғам болмайды” деген. Тағы бір батыстық философ Уильямс Жеймс (Williams James, 1842-1910) болса: “Біздің ойымызша адам баласы ең соңғы күнге дейін құлшылығын жалғастырмақ” деген. Егер дін құлдырауға айналса онда қоғамдық қатынастар да ыдырай бастайды деген сөз. Адам мен әлем арасындағы адам мен Алла арасындағы байланыс бұзылыды. Қоғамдағы рухани бірліктің шырқы бұзылады.

№14 ЕМТИХАН БИЛЕТІ

  1. Ресей еліндегі Дін туралы Заңның ерекшелігі

Егер 1997 жылға дейін Ресейдің діндер саласындағы заңнамасы жалпы діни жаңаруды қолдаса, енді жаңа заңда діндерді «дәстүрлі» және «дәстүрлі емес» деп жіктеп, бірқатар діни ағымдарға заңдастыруға тосқауыл қоюға негіздер жасалынды. Осылай мемлекеттік діни саясат саласында жаңа стандарт өмірге келді. Заңда христиандық, Ислам, буддизм, иудаизм Ресей халықтарының бөлінбес тарихи мұрасы ретінде құрметтелінеді деп мойындайды. Бірте-бірте мұны барлық ТМД елдері қабылдады.

Соңғы халық санағы бойынша, елдегі мұсылмандар Ресей халқының 10 пайызын құрап отыр. Ал, заңды және заңсыз мигранттар мен еңбек мигранттарын қосып есептегенде бұл көрсеткіш 14 пайызға жетіп қалады екен.

  1. Қазақстандағы төзімділік ұғымы

Діндер аралық қатынастар саласындағы біздің еліміздегі салиқалы мемлекеттік саясаттың негізі – ол, бірінші - ырықтандырылған, (либералдық), заңнамалар, екінші - барлық діни нанымдарға төзімділікпен қарау, өзара төзімділік, және үшінші - діни пікірлердің, діни көзқарастың алуандығы (плюрализм) болып отыр.  Міне, осы үш шарттар, тұтастай алғанда, Қазақстандағы дінге сенушілердің құқығын, дін ұстану бостандығы принципін, рухани бірлікті нығайтуды іске асыру үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етеді.  Қазақстанда ар-ождан бостандығы саласындағы осындай мемлекеттік саясаттың негізгі үш принциптерін атап айтуға болады, олар: бейтараптық принципі, өзара төзімділік (толеранттылық) принципі және тепе-теңдік (паритеттік) принципі.  Бізде діни бірлестіктердің ішкі діни істеріне араласпау, қандай да бір болмасын діни ұстанымдарды бір-бірімен сәйкестендірмеу, тең мүмкіндік мәселелерін қамтитын мемлекеттің дүниетанымында бейтараптылық (нейтралитеттік) принципіне басты орын беріледі.  Өзара төзімділік, шыдамдылық, принципі дегеніміз басқалардың діни сеніміне қаншалықты төзімділікпен қарау ғана емес, сонымен бірге соншалықты деңгейде құрметпен де қарау, бөтен діндідерді шеттетпеу дегенді білдіреді.  Бұл принцип беріден алғанда, адамдардың және дінге сенушілер мен атеистердің бір-біріне деген қарым-қатынастарына, ал, әріден алсақ, біртұтас мемлекеттік тәртіп шеңберіндегі барлық діндер мен әртүрлі зайырлы ұйымдардың бейбіт қатар өмір сүруіне де қатысты.  Тепе-теңдік принципі, Дін туралы Заңда, егер басқа діндердің де құқығы бірдей болатын болса, мемлекеттің қандай да бір болмасын діни бірлестікке бөле-жара ықылас білдіре алмайтындығы атап көрсетілген. Елімізде барлық діни бірлестіктер заң алдында бірдей. 

  1. Діни ұйым атауына анықтама

Діни үйымдар. Діни үйымдар - діни ғүрыптардың орталықта-ры, белгілі бір дінді үстаушылардың бірлестігі.

Діни үйымдардың көлемі әр түрлі болып келеді: діни кішкентай секта, қауымнан діннің миллиондаған бір діни үйымдарына дейін құры-лады. Діни қауымдар діни және дінсіз іс-әрекеттер жасайды. Дінсіз іс-әрекеттерге әр түрлі үйымдық, басқарушылық (діни кеңес, тексеру ко-миссиясы, білім беру бөлімдері, жоғары оқу орындары, баспаханалық үйымдар). Дінсіз іс-әрекеттер діни қауымдардың басын құрастырады. Діни қауымдық үйымдардың үш түрі бар: 1) шіркеу - діни үйымның аты, дін адамдарының кэсіби қызметі, орталыктандырылған дербес ин­ститут. Шіркеу деп гибадат ету үшін, яғни храмды атайды; 2) секталар үйымы - ірі діни үйымдардан бөлініп шыққан оппозиция ретіндегі ба-ғыт. Секталық қозғалыс қогамның белгілі бір таптары мен топтарының элеуметтік қарсылыгы іспетті; 3) деноминациялық (лат.-атын өзгерту) -секталық үйым мен шіркеу арасындағы қауымдық үжым. Ол үжымның барлық мүшелері Құдайдың тандап алған адамдары және олар барлығы жүмаққа баратындыгы. Олардың айырмашылыгы азаматтық қоғамның оміріне белсенді қатысуы, бизнеспен айналысуы және олар шіркеудің қауымдық деңгейге өсуіне тырысуы. Діни үйымдардың негізгі атқара-і ын функциясы екеу үйымдастырушылық (қай жерден шіркеу ашу, шір-кеу басына кімді жіберу т. б.), екіншіден, діни үгіт-насихаттық, модерни-заторлық рөлдері. Себебі, діни көзқарасты өзгертіп отыру, қогамға бейімдеп отыру керек, ол болса, үлкен жүмыс